Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, реферат

Описание

Шпенглер Освальд (29.05. 1880, Бланкенбург – 08.05.1936, Мюнхен) – немістің идеалист-философы, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. 1908 – 1911 жылдар аралығында Гамбургтегі гимназияда математика мен тарихтан сабақ берді. 1911 жылдан өмірінің соңына дейін ерікті әдебиетші ретінде Мюнхенде тұрды. Шпенглердің тарих философиясына байланысты негізгі шығармасы – “Еуропаның құлдырауы” (1 – 2-т., 1918 – 22) Германия 1-дүниежүзлік соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті.

Работа состоит из  1 файл

Шпенглер Еуропанын куйреуи.docx

— 81.06 Кб (Скачать документ)

Антикалық космологизм антикалық  адамның «табиғи тұсы» туралы түсінікті қамтиды. Өзінің соңғы  жұмыстарының бірінде антикалық  мәдениет типі жөнінде қалам қозғай келе, Лосев А.Ф. аталмыш мәдениеттің  мәңгі тірі әрі жанданып отыратын табиғатқа деген ұмтылысын аса  басып баяндайды. Осы контекст шеңберінде Лосев дара, ерікті әрі ақылды тұлғаның болуын да есепке алады (Античность как тип культуры. М., 1988. 1, 21, 23 және т.с.).

Шпенглерге жүгінсек, антикалықтың мәдени парадигмасын аңғаруға болады. Сөз антикалық дүние таным  жйында болып отыр. Мұндағы табиғит  – адам – құдай қатынасында  антикалық адам табиғат пен адамға басымдылық береді. Міне осыдан Шығыс  пен Батыс арасындағы айырмашылық  бастауын алады, батыстық мәдени парадигманың мағызды сатысы байқалады: адам өз тағдырын құдаймен байланыстырудан бас тарта  бастайды және нақты мен міндетті нарселер арасын ажыратады. Жаңа заман  ағымына сай батыс адамы өзіндік  жалғыздығының шекарасымен тұйықталып қалған, өзінің өркениеттік кеңістігі  мен рухани бірбеткейлігі шеңберінде ғана өмір сүреді. Фаусттық адам болса, ең маңызды нарседен айырылды, ол –  өмірмен біртұтастық. Мәңгілік пен  құдіреттіліктің ізіне түсемін  деп ол өзіндік рухани кедейленуге  бас ұрды. Дегенмен аталмыш мәселенің  екінші бір тұсын ескерсек, мұндай көзқараста Еуропа өзінің көптеген дәуірлер мен рухани бетбұрыстар (Ренессанс, Реформация, Ағартушылық кезең, ғылыми революция) бастау алған рухани негіздерін жоғалтады.

 

                                                       Музыка және пластика

Шпенглер концепциясы  екі жақты сипатталады. Концепция  идеясын өте қысқа пайымдауға болады: адамзаттың ортақ тарихы жоқ, бірнеше тарихи-мәдени типтер бар. Олардың  әрқайсысы өзіндік даму циклына  ие және өзінің өмір сүруін жаны бар  тірі организм секілді тоқтатты. Бұл  тұрғыдан концепция қарапайым келеді. Шпенглер бойынша барлығы сегіз  мәдениет барланды: египеттік, үнді, вавилондық, қытай, "аполлондық" (грек-римдік), "дуалы" ("магический") (араб-византиялық), майя халықтарының мәдениеті. Бұлардың барлығыда, сонымен қатар өзінің соңғы шешуші кезеңін бастан кешіру үстіндегі "фаусттық" (батыс еуропалық) та аяқталды. Аталмыш мәдениеттер тұйықталған. Өз дамуында олар жеке адамның өмірі сипатталатын сатыларды қамтыды, атап айтқанда дүниеге келу, пісіп жетілу, ер жету, гүлдену, солу, өлімге душар болу. Әр мәдениеттің өшу кезеңі оның өркениеті болып табылады, және "фаусттық", яғни батыс еуропалық осы сатыда тұр.

Ал Шпенглер теориясының  келесі бір тұсы – оның күрделілігі. Себебі концепция дедукциялық әдіспен  емес, философтың "мәдени-логикалық  прафеномендерді" (немесе автордың өзі атағандай алғашқы феномендер) тұжырымдау негізінде құрылған. Мәдениеттің  ішкі формасын игеру үшін Шпенглер білімнің ғылыми білімге ұқсамайтын арнайы түрін керек етеді. Яғни, "физиогномикалық  такт", "көдің артистік батылдығы" жайында айтылады.

«Еуропаның өшуі» кітабының  атақтылығы бірқатар себептерге байланысты орын алды. Солардың бірі – шпенглерлік  баяндаудың керемет әдеби қасиеттері. Еңбекке баға бере Томас Манн "Освальд  Шпенглер ілімі туралы" мақаласында  былай деп жазған болатын: "біздің романтиктеріміз бастап, Ницшенің философиялық лирикасы дем берген сыни және ақындық  салалардың үндесуі жүзеге асты". Жоғары баға аталмыш кітаптың басты  концепциясын қолдамайтын тұлғамен берілгендігін ескере кеткен жөн.

«Еуропаның өшуі» кітабы – бұл негізінен тарихи – мәдени типтердің бастамаларын образдарға немесе түсініктерге рәсімдей және айқындай деген басты таұырыпты қозғаған еңбек. Туындының төртінші бөлімі "Музыка және пластика" деп аталады және ол эстетика мәселелеріне арналған. Шпенглер түйіндеген музыкалық стильдер мен  бағыттар сипаттамалары өте қызық, дәл әрі нәзік келеді. Аталмыш  бөлімнің кейбір тезистеріне тоқталып өтейік.

 

 

 

І. Бейнелеу өнері

 

Өнерді стационарлық техникалық принциптерге бөлу мүмкін еместігі. Музыка – бейнелеу өнері. Барлық антикалық  өнерлердің дөңгелек пластикадағы тенденциясы (650 - 350 жж.). эвклидтік геометриямен байланыс. Фреск сұңғат өнері алғаш  баспалдық ретінде. 1500-1800 жж. Аралығы  аспаптық музыканың сәйкес дамуы. Контрпунк  және анализ: музыканың сұңғат өнері  мен архитектураны жеңуі. Рококо.

Ренессанс сипаты антиготикалық (антимузыкалық) қозғалыс ретінде.

 

ІІ. Жлаңаш денені суреттеу мен портрет

 

Әрбір мәдениетте үлкен өнер топтары болады. Фаусттықта аспаптық музыка, аполлондықта түйін ретінде  алынған жалаңаш денені пластикалық  суреттеу. Бір уақытта даму; бірдей ұзақтық. Импрессионизм түінігі: қылқаламмен  бояу физиогномикасы. Қытай өнеріне  параллельдер: парк, музыка.

Батыс сұңғат өнерінің аяқталуы.

Фаусттық музыканың тоқтауы, Тристан Байрейт және Пергам: антикалық  мүсін өнерінің соңы. Органикалық  дамуды жалғастырудың мүмкінсіздігі.

 

Бірінші кезекте сөздің мәні біздің түсінігімізде бағдарлама деп  танылатыр музыка жөнінде көрінуі  мүмкін және ойға бірден дыбыстық музыка мысалдары келеді: И.Кунаудың бағдарламалық  сонатасы "Давид және Голиаф күресі", Я. Дусиктің "Франция ханымының  азап шегуі", Шуманның "Карнавалы", Мусоргскийдің "Көрме картиналары", Н.А. Римский-Корсаковтың "Араның ұшуы" және басқа да көптеген туындылар. Дегенмен Шпенглерде сөз өзге нарсе жайында. Философ блай дейді: "Жоғары болмыс адамдарының дүниені сезінуі  өзінің символикалық көрінісін негізінен  бейнелеу өнерлерінен табады, олардың  саны шектеусіз. Олардың қатарына музыка да кіреді".

Шпенглердің музыка – бұл  бейнелеу өнері тезисі 20-жылдардың  көптеген эстетиктеріне өте сенімді, көндіргіш әсер қалдырды. Десе де, теоретик-систематиктер  контраргумент шығарып, Шпенглер бұл  жағдайда өнер стилі түсінігі (барокко, классицизм жән т.с.с.) мен түр  түсінігін (кеңістіктік – сұңғат өнері, уақыттық - музыка) араластырып  жібергенін айтады. Мұнда Шпенглердің  келесі бір басты идеяларына келіп  тірелеміз. Ол – өнер морфологиясының  концепциясы.

Батыс музыкасы жайында сыр  шерте келе Шпенглер математикамен  параллель жүргізеді. Оның тезистерінің бірі "Контрапункт және анализ" деп аталады. Ол бойынша автор  сөзі келесідей тұжырымдалады: "Сүрлеу өнері сараптамалық геометрияға  толықтай параллель келеді. Координаталар  ұлы нидерландылық Генрих Зеландский (шамамен 1330 - 1370) сүрлей стилін үлкен  өнер ретінде негіздеген тұста Николай  Оресммен, епископ Лизьёмен (1323 - 1382) енген болатын. Сол кезден бастап тоналдылық кеңістігінің тілі сурет  кеңістігімен көршілес қарқынды дамуды бастан кешіруде. Орландо Лассо (1532 - 1594) тұлғасында ол өз мүмкіндіктерінің шарықтау шегіне жетті. Ол қатаң өлең айту, кантаталар формасында (месса, пассив, мотеттер) өзінің фаусттық жан дүниесін бейнелеу қасиетін иеленіп келеді".

Бұл жерде Шпенглер "соната" және "кантата" сөздерін тырнақшаға алып қолданады. Және кездейсоқтық емес. XVI – XVII ғасырдың басында соната деп  барлық аспапта ойналатын музыканы атады (итальяндық sonore - дыбысталу), ал "кантата" болса (итальян тілінде canrtare – ән айту), вокалды музыка деп  танылды. Шпенглер бас жүлдені аспаптық музыкаға береді. Оның пайымдауынша, шектік квартет пен оған туыстас композициялық  формаларда аталмыш музыка түрінің  терең әрі ұлы сәттері шоғырланған. Дегенмен Шпенглер жіберген елеулі қателікті  қозғамай кетуге болмайды. Себебі "сонатаның " "кантатаны" жеңуін дәлелдеу қажеттігі туындайды. Автор опера  секілді күшті фаусттық өнер жайында  еш нәрсе жазбайды.

Жүйелілікке құмар болған көптеен теоретиктер жетекшілікті вокалды музыкаға беретін. Фаусттық мәдениеттегі музыка өзінің аяқталу  кезеңіне жетті деп есептейді  Шпенглер. Ол сұңғат өнерін жалғастырған музыка фаусттық жан дүниесінің барлық жасырын тұстарын аша алғанын  тұжырымдайды философ. "Шамамен 1670 жылдары  Лейбниц пен Ньютон дифференциалды өрнектерді ашқан кезде, майлы сұңғат өнері өзінің шарықтау шегіне жетті. Соңғы ұлы шеберлер дүниеден өтті: Веласкес 1660 ж., Пуссен 1665 ж., Гальс 1666 ж., Рембрант 1669 ж., Вермеер 1675 ж., Рейсдаль мен Лоррен 1682 ж. Атақты ізбасарлардың  кедей қатарын атап өту жеткілікті: Ватто, Хогарт, Тьеполо, және біз қазіргі  кезде осы өнердің соңын, батуын көріп отырмыз. 1685 жылы Бах, Гендель  дүниеге келді, және олармен қатар  Стамиц, Кунау, Корелли, Тартини және Скарлаттидің екеуі де өсті. Осы  тұстан бастап музыка, соның ішіде  вокалдық емес, аспаптық музыка көп  жағдайда фаусттық өнерге жатады".

Жуықтап алғанда Шпенглер хронологиясына жүгінсек, 1800 жылдан кейін 200 жыл қткен соң фаусттық тарихи-мәдени типтің өркениеттік кезеңі. Аяқталып болған мәдениеттер өркениеттің  үш сатысынан өтсе, фаусттық бүгінде  оның біріншісінде ғана. Оны Шпенглер "Модернизм". Музыка, сәулет және сұңғат өнерлерін қолданбалы өнерге айналдыру" деп белгілейді. Антикалық  үшін бұл кезең эллинизм дәуірі (б.з.д. 300-100 жж.): қатаң пластиканың аяқталуы (Лисипп), пергамдық өнер (театр), идеалистік портрет. Еуропалық мәдениет үшін ХІХ  – ХХ ғасырлар: музыканың өшуі (Берлиоз, Лист, Вагнер).

Шпенглер еңбегін ғасырымыздың басында жазған болатын. Өзінің тарихи-мәдени типтерді салыстыру әдісіне жүгіне келе ол еуропалық өркениеттің келешегіне болжамдар жасады. Содан бері әлемді дүр сілкіндірген, түбегейлі өзгерткен  екі дүниежүзілік соғыс орын алды, және бүгінгі таңда шамамен жетпіс жылдай уақыт өткен соң біз  философтың айтқандарын белгілі  бір көлемде бағалай аламыз. Шпенглер өркениеттің екінші және үшінші сатыларын келесідей баяндайды. Ол тек қана эстетика мәселелеріне ғана негізделеді. Екінші саты: "Форма сезінудің аяқталуы. Мән-мағынасыз, бос, әуреленген орнаментика. Ескі әрі жат мотивтерге еліктеу". Үшінші саты: "Нәтиже. Варварлық массалық сипат. Молдылыққа ұмтылу. Техниканың дөрекіленуі. Жат формалар мен өнерлердің басымдылығы".

 

 

 

ЖАН КӨРІНІСІ ЖӘНЕ ӨМІРЛІК СЕЗІМ

І. ЖАН  ФОРМАСЫ ЖАЙЫНДА

Қазіргі заманғы психологтардың біреуі де ерік, өкініш, қорқыныш (үрей), қызғаныштық, көңіл-күй, көркем интуиция феномендеріне дұрыс анализ (сарпатама) немесе анықтама бере алмады. Және бұл  әлбетте орынды, себебі тек оптикалық  кеңістіктік бірліктерді ғана айқындап, түсініктерді ғана ажыратуға болады. Логикалық әдістер – бұл кеңістіктік  заттар болып табылады.

«Жан» сөзі жоғары саналы адам бойында оның ішкі болмысын сезінуді тудырады. Барлық мәдениеттер тілінде  ол ғаламшар, жаһан еместердің баршасын қамтитын атау ретінде таныс. Ал күнделікті қолданыста ақыл-парасат таразысына салатын болсақ, «жан» қарама-қарсы  мағыналық сипат алады. Жан көрінісі әдетте сәйкес тілдің рухына тәуелді  нәрсе болса керек. Батыстық, яғни фаусттық мәдени тілдердің барлығы  үшін «ерік, жігер» - көлем түсінігі тән.

Алғашқы қауымдық тілдер негізінде  абстрактілі ойлауға мүмкіндік  жоқ. Әрбір мәдениеттің бастауында өзіндік лингвистикалық материалдың  іштей өзгеруі жүзеге асады. Бұл  арқылы мәдени дамудың жоғары символдық  міндеттеріне қабілеттілік туындайды. Осылайша романдық стильмен салалас  франктер дәуірінің германдық үстеулерінен неміс тілі мен бұрынғы рим  провинцияларының француз, итальян, испан  тілдері - "lingua rustica" құралады. Соншалықты түрлі шығу жолдарына қарамастан, аталмыш тілдер ортақ ұқсас метафизикалық  мәнге ие.

Сонымен, менің пайымдауымша, психология жан дүниесінің мәнін  ашуға дәрменсіз – мұнда әрбір  адам өзінің немесе өзгелердің жан  қозғалыстарын «елестетуге» тырысатын  жағдайдағы психологияның түрімен  айналысатынын атап кеткен жөн. Осы  ойға келетін айталық жанды дене жалғыз рухани туралы объективті толғанысқа берілу қабілетіне ие ер жеткен мәдени тұлға сыртқы әлемді қабылдайтын  образдың бейнеленуі болып табылады. Көріп отырғанымыздай алғашқы адам немесе кішкентай бала ешқандай дүниеге  ие емес, оларда космос емес, небары сезімдік әсерлердің ретсіз идеялық массасы, хаос қана. Сол себепті де олар өздерінің немесе өзгенің нақты жан көрінісін қамти алмайды, түсініксіз әрі көмескі көрініс элементтерін ғана иеленеді.

«Ішкі» әлем сыртқы әлемнің  қайсыбір функциясы, эмпирикалық жан  өз келбеті/кескіні бойынша alter ego, эмпирикалық  табиғат рефлексі. Сол себептен де ішкі сезім туралы, ішкі көз не көру қабілеті жайында жиі айтылады. Ішкі өмірдің оянуы, әрбір мәдени тұлғаның өмірінде балалық кезең мен жастық шақты бөліп тұратын күтпеген әрі шешуші құпиялылық жөнінде жиі  қалам тартылады. Осылайша бұл өзіндік  жан құбылысының толық мәні ашылады. Күңгірт, аласапыран сана тұңғиығынан  сол бір мистикалық әрекет арқылы жан мен әлем болмыстың екі  образды полюса ретінде ажыратылады. Олар өзара қарама-қайшы, сонымен  қатар өзара үйлесімді.

Аталмыш кітапта жоғары саналы адамның пайда болуы туралы баяндалғандардың барлығынан үлкен көлемде кеңейген әрі байыған психология шығады. Осы  заманда барлық психологтардың сөз  қозғап, жазып жүрген нарселері бүгінгі  таңдағы батыстық жан сатысына жатады. Бұл жерде автор тек өз ғылымын  емес, адамның игерңлуін толық  мүмкін болатын мәнде қолданып отыр.

Шынайы алғанда ортақ  біртұтас адамзаттық жан образы жоқ. Бұл жоғарыда келтірілгендей, әлемдік  тарихи жылжу барысында біртұтас әрдайым даму үстіндегі математиканың  болмауы секілді. Қанша ірі мәдениеттер  болса, біз сонша математика, логикалар, физикалардың орын алғанын байқаймыз. Олардың әрқайсысы, яғни әрбір сан  көрінісі, ойлау көрінісі, табиғат  көрінісі жеке бір мәдениеттің өрнектелуі, әлпеті. Бұл өз кезегінде сол мәдениеттегі болмыс, тәртіп, ұзақтық пен дамуды айқындайды. Жан көрінісі де осыған ұқсас. Табиғатқа қатысты секілді, жалғыз жан элементі ретінде оны  біз тәжірибеде ғана көреміз.

Кез келген ғылыми психология, соның қатарында өркениеттің  ең жоғары деңгейіне жататыны да, алғашқы  адам секілді, бірақ ақылдырақ, айқынырақ  әрі мәндірек. Әрбір психолог, осы  жерде мәдени адардардың әрбіреуі неліктен психолог болуды өте қажет ететіні  түсінікті бола бастайды, «жанды»  алғашқы адам секілді дуалайды, оны  «табуға» айналдырады. Бірақ ол қарапайым  емес, рухани формалар көмегімен, жол-жора (рәсім) немесе тұмарлар арқылы емес, елестету және түсініктемелер беру арқылы жүзеге асырады. Бұдан жанды зерттеудегі  жаңа жағдай, жаңа бағыт туындайды. Жоғары саналы адамға қол жетімді  екі әлемге қайта ораламыз – табиғат  және тарих. Морфологиялық тұрғыдан қарастырсақ оларға жүйелілілк пен  физиогномика арасындағы қарама-қайшылық тән. Көне жүйелі психология жан көрінісін  табиғаттың бір бөлігі деп қарастырды, мәңгі заңдармен қатып қалған, уақытқа қатыссыз өмір сүретін нәрсе  ретінде таныды, сол арқылы ол өзіндік  топографияға айналды.

Информация о работе Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"