Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:41, реферат

Описание

Шпенглер Освальд (29.05. 1880, Бланкенбург – 08.05.1936, Мюнхен) – немістің идеалист-философы, мәдениет теоретигі, тарихшы, публицист. 1908 – 1911 жылдар аралығында Гамбургтегі гимназияда математика мен тарихтан сабақ берді. 1911 жылдан өмірінің соңына дейін ерікті әдебиетші ретінде Мюнхенде тұрды. Шпенглердің тарих философиясына байланысты негізгі шығармасы – “Еуропаның құлдырауы” (1 – 2-т., 1918 – 22) Германия 1-дүниежүзлік соғыста жеңіліс тапқаннан кейін көп кешікпей жарыққа шықты және зор табысқа жетті.

Работа состоит из  1 файл

Шпенглер Еуропанын куйреуи.docx

— 81.06 Кб (Скачать документ)

Жалпы, биік өркениет көкжиегін - әрқайсысының кереге-бесігі берік, уықтары оқтай  түзу, шаңырағы биік төл мәдениеттердің алаңы ретінде қарастыратын О.Шпенглер: “...Вместо безрадостной картины линеарной  всемирной истории... я вижу настоящий спектакль множества мощных культур, с первозданной силой расцветающих из лона материнского ландшафта, ... чеканящих каждая на своем материале – человечестве —  собственную форму и имеющих каждая собственную идею, собственные страсти, собственную жизнь, волнения, чувствования, собственную смерть. ...У каждой культуры свои новые возможности выражения, которые появляются, созревают, увядают и никогда не повторяются. ...Я вижу во всемирной истории картину вечного образования и преобразования, чудесного становления и прехождения...”, деп пікір түйеді (Освальд Шпенглер., Закат Европы., М., 1993, 151-б.). Ал, мәдени мегаполистердің тұрғындарын – “жаңа көшпенді, паразит, дәстүр-салт атаулыдан жұрдай, фактінің құлы, дінсіз, салтсыз, берері шамалы білімдар, дүмше” деп суреттейді (Сонда, 165-б.). Онымен қоймай, барша өркениеттік ырыс- игіліктерді бойына жиған сол мегаполистерден тыс жерде дүниеге келген мәдениеттің бәрін провинция ретінде құлдырау қаупі күтіп тұрғандығын ескертеді. Ал ірі қалаларда шоғырланған мәдениет сапасының күрт құлдырап, асылдың сынығындай мәңгілік жауһарларға емес, қарасан тобырдың ғана көңілінен шығатын жаппай қарабайыр, тек күнделікті сұранысқа бейімделетіндігін айтады.

О.Шпенглердің адамзат тарихының  даму барысы жөніндегі негізгі байламдары тағы да бір іргелі тарихшы, мәдениеттанушы, ағылшын А.Дж.Тойнбидің өркениет ағысы жөніндегі пікірлерімен үндес, сабақтас болып келеді.

Осы орайда, О.Шпенглердің өркениет дамуын белгілі биологиялық және физиологиялық кезеңдермен (көктем, жаз, күз, қыс; сәбилік, жастық шақ, кәрілік) сабақтастырып, ұлт мәдениетінің дүниеге келу, көк өскіндей жайқала даму сатыларын бастан өткеріп, жантәсілім берерінің алдында өркениетке ұласатыны жөніндегі пікірінің адамзат тарихының бұралаңсыз, тек түзу даңғылмен үнемі алға басып отыратындығы жөніндегі эволюциялық пікірмен үйлеспейтіндігін айта кету керек. 

Бұл жерде ескеретін екі жәйт бар. Біріншіден, адамзат қоғамының  даму эволюциясы жөніндегі дәстүрлі тағандап алға жылжу, немесе, әлеуметтік прогресс идеясы мен М.Вебер, Э.Дюркхайм еңбектерінде дәйектелген толассыз жаңғыру, модернизация идеяларының ортақ белгісі – олар адамзат өркениетін ұқсас, біртектес заңдылықтармен дамитын игіліктер жиыны ретінде қарастырады. Ал Шпенглер, Тойнбилер жер бетінде дүниеге келген әр мәдениеттің тал жапырақтарының түсіндей қайталанбас реңкіне, төл қасиетіне, ең бастысы, өзіндік “өмір жолына”, “тағдырына” баса назар аударады. Екіншіден, ұлт мәдениеттерінің “есейіп, еңкейген шағында өркениетке ұласу үрдісін” жариялағанда, О.Шпенглер оларды дүниеден баз кештіріп, мүлдем жойып жіберуден аулақ, қайта олардың өз дамуының шарықтау шегіне жеткенде бірте-бірте ұсақтап, қарабайырланып, “өмірлік қажыр-қайратының өсіп-өркендеу мұраттары емес, автоматтандырылған, қан-сөлсіз – құдіретсіз, ағымдағы  сұраныстардың жетегінде кететіндігін” толғайды: “...Современная эпоха – эпоха цивилизации, а не культуры... Мы цивилизованные люди, а не люди готики и рококо; нам приходится считаться с суровыми и холодными фактами закатывающейся жизни (сонда, 174-175-бб.). ....Культура рождается в тот миг, когда из прадушевного состояния вечно-младенческого человечества пробуждается и отслаивается великая душа... Культура умирает, когда эта душа осуществила уже полную сумму своих возможностей в виде народов, языков, вероучений, искусств, государств, наук...”(264-б.).  Бажайлап қарап отырсақ,  Шпенглердің мәдениет атаулының өркениетке ауысар тұсына берген бағасының бүгінгі жаһандану заманының алға тартып отырған талап-мүдделерінен пәлендей айырмашылығы жоқ екендігін байқауға болады. Бірақ, бұл алдағы әңгіменің талшығы.

Шпенглер әр мәдениеттің өсіп-өркендеп, өзіндік салт құруына 1000 жыл кеседі де, ал оның өркениетке ұласқан ақырғы кезеңіне 200-300 жыл береді. Ол сонымен  қатар, сан салалы адамзат өркениетін негізгі 8 ұлы мәдениет үлгісіне бөледі: египет (мысыр), антикалық, үнді, вавилон (бабыл), қытай, араб, батыс, мексика.

·  «Человек и техника» (нем. Der Mensch und die Technik, 1931),

·  «Годы решений» (нем. Jahre der Entscheidungen, 1933)


Информация о работе Освальд Шпенглер «Еуропаның күйреуі"