Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2010 в 05:23, автореферат

Описание

Ақпараттық технологиялар дамуының белсенділігінің артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын өнімдерді, интеллектуалды міндеттерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Жаңа технологиялардың оқыту процесіне енгізілуін студенттің шығармашылық, интеллектуалды дамуын арттыру деп түсінеміз. Толық жетілген жасанды интеллект құру адамзат алдына қоғамның барлық бағыттарында жаңа мүмкіндіктер береді. Жасанды интеллект – мақсаты қолданушыға компьютер көмегімен өз мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін аппараттық–бағдарламалық құрал жасау болып табылатын информатиканың бір саласы болғандықтан, жасанды интеллектуалды жүйелер құрудан және оларды игеруде сапалы білім беру бүгінгі талап. Даярлау – қандай да бір сала бойынша қажет білім беру, оқыту болса, ал жетілдіру – білімді, шеберлікті арттыру, артық жасау. Сонда бұл екі процесс барлық жаңашылдықтарды оқу процесінде ескеру керек екендігін меңзейді.

Работа состоит из  1 файл

информ.doc

— 302.00 Кб (Скачать документ)

   - үшінші кезеңде (2007-2009ж.ж.) алынған эксперимент нәтижелері талданды және статистикалық өңделді. Алынған нәтижелер салыстырылды және жалпылама қорытындылар, ұсыныстар жасалды, диссертациялық зерттеу материалдары рәсімделді.   

   Зерттеудің  базасы: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Балқаш гуманитарлық- техникалық институты» акционерлік қоғамы. 

   Зерттеудің  ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

  • жоғары оқу орындарында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлаудың негіздері анықталды;
  • интеллектуалды жүйелер бойынша студенттерді даярлауды жетілдірудің моделі жасалды және компоненттері, критерийлері мен көрсеткіштері айқындалды;
  • интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесі жасалды және жүзеге асырылды;
  • студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің оқу-әдістемелік негіздері жасалды;
  • студенттерді интелектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесінің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу арқылы негізделді.

   Зерттеудің  практикалық мәнділігі: жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында:

  • «Эксперттік жүйелер», «Логикалық бағдарламалау» арнайы курстары;   
  • «Интеллектуалды жүйелер» оқу құралы;
  • «Жасанды интеллект және интеллектуалды жүйелер негіздері» электронды оқу құралы;
  • «Информатика негіздері» электронды оқу құралы;
  • интеллектуалды жүйелер, жасанды интеллект бойынша теориялық материалдар берілген Интернет-сайт (www.ai.nxt.kz/lectures адресі бойынша);
  • «Ai–интеллектуалды жүйелер» Интернет-форумы (www.ai.nxt.kz адресінде) ұсынылды.

   Зерттеудің  жоғарыда аталған нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде интеллектуалды жүйелер, эксперттік жүйелер  бойынша пәндерді оқытуда пайдалануға  болады.

   Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі  мен негізділігі теориялық және әдіснамалық қағидалармен, зерттеу тақырыбына сәйкес әдістерді қолданумен, педагогикалық эксперимент бағдарламаларының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен, ұсынылған әдістеменің тиімділігімен, жоғары оқу орны оқу-тәрбие процесіне енгізілуімен қамтамасыз етілді.

    Қорғауға  ұсынылатын қағидалар:

  1. жоғары оқу орындарында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлаудың негіздері;
  2. жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделі, оның компоненттері, критерийлері және көрсеткіштері;
  3. интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру моделін жүзеге асыратын педагогикалық жүйе;
  4. студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің оқу-әдістемелік негіздері;
  5. студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижелері.

      Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: Зерттеудің негізгі қағидалары «Қарағанды университетінің хабаршысы»  (2006, 2008жж.); «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті хабаршысы» (2009 ж.), «Ұлт тағылымы» (2008 ж.), «Қазіргі заманғы маңызды мәселелер» (2008 ж.), «Білім әлемінде» (2007 ж.) ғылыми журналдарында, халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда: Павлодар (2006, 2007 жж.); Тараз (2007 ж.); Астана (2007 ж.); Талдықорған (2007 ж.); Ақтөбе (2007 ж.); Алматы (2008 ж.), Қарағанды (2008 ж.); Өскемен (2008 ж.); Перемышль (2008 ж.); Прага (2008,2009 жж.); София (2008 ж.); Екатеринбург (2009ж .)) баяндалып 26 еңбекте көрініс тапты. Сонымен қатар Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Балқаш гуманитарлық-техникалық институты» акционерлік қоғамы жұмыс тәжірибесіне енгізілді.        

   Диссертация құрылымы: диссертация нормативтік сілтемелер, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, екі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. 

   Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеудің жетекші идеясы, зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге енгізу жолдары баяндалды.    

   «Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің ғылыми-педагогикалық негіздері» атты бірінші тарауда жоғары оқу орнында интеллектуалды жүйелерге оқытудың теориялық негіздері, жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлаудың жағдайы, студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделі сипатталды.

   «Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер  бойынша даярлауды  жетілдірудің тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының мазмұны» атты екінші тарауда студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру педагогикалық жүйесінің мазмұны, студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің оқу-әдістемелік негіздері, студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің эксперимент нәтижелері келтірілді.

   Қорытындыда зерттеу пәні бойынша диссертацияның теориялық және эксперименттік жұмыстарының нәтижелеріне тұжырымдар мен ұсыныстар жасалады, зерттеу тақырыбын одан әрі дамытар мүмкіншіліктері зерделенді.

   Қосымшада зерттеу тақырыбына байланысты студенттер арасында жүргізілген сауалнамалар, тест және практикалық тапсырмалар, зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәліктері, педагогикалық жүйенің жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізу туралы анықтамалары тіркелді.    

   Негізгі бөлім 

   Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялармен информатиканың көкейкесті бағыттарының бірі - компьютерлік технологиялардың интеллектуалдануы  болып отыр. Шығыс  философиясы тұжырымдағандай  адам өмірі тек  бүгіннен ертеңге  қадам жасамай, кей мағынада алғанда ол ертеңнен бүгінге де қарай қарау болады екен. Бүгінде ғылымның дамуы осы тұжырымның орындылығын біртіндеп нақтылап келеді. Біздің зерттеу пәнімізге байланысты адамның ойлау қабілетін модельдейтін және соған байланысты есептерді шешетін жасанды құралды табу идеясы ерте заманнан ғалымдарды ойландырған мәселе. Ол туралы алғаш рет Р.Луллий ХІV ғасырда түсініктердің жалпы классификациясы негізінде есептерді шешетін машина құрастыруды ойлаған. Орта ғасырлық жазулардың өзінде-ақ сөйлеуге, тіпті қозғалуға қабілетті аутоматтар туралы қиял туындылар кездеседі. Орта ғасырда және одан кейінгі біршама уақытта табиғатты сезіне алатын гомункулдар (кішкене жасанды адам) туралы айтылған. Өндiрiстiң салаларын механикаландыру, аутоматтандыру, кибернетикалық құбылыстарды, компьютерлер мен роботтарды қолдану еңбек мазмұнындағы функционалдық өзгерiстердi туғызды, яғни қол еңбегi азайып, оның орнына ой еңбегiнiң үлесi көбейдi, ал техниканың соңғы буындары ой еңбегiнiң бөлiктерiн де өзi атқаруда. Бiрақ бұдан «өндiрiсте адам еңбегi мүлдем жойылады» - деген ұғым тумауы керек, алайда ғылыми-техникалық даму барысында еңбек функциясының өзi түрленiп отырады. Осылайша қоғам дамуы тудырған талаптарға сай үзіліссіз дамып келе жатқан интеллектуалды техникаларды меңгеру әрине жоғары оқу орындарында мамандар даярлаумен тығыз байланысты. Кәсiби даярлығы жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары жағдайында еңбек етуге қабiлеттi етіп даярланған мамандар қашанда сұранысқа ие болады. Осы орайда жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелерді оқытудың мәселелері туындайды.

   050602 «Информатика» мамандығы  бойынша Қазақстан  Республикасы мемлекеттік  жалпыға міндетті  білім беру стандартындағы  мамандықтың сипаттамасында  «деректер базаларын  басқару жүйесін,  сұрыптау жүйелерін  және жасанды интеллект жүйелерін жобалау және дайындау» кәсіптік қызметтің жұмыстары ретінде көрсетілген және бітірушілердің білімділік дәрежесіне қойылатын талаптар ретінде «әртүрлі компьютерлік жүйелерде жұмыс істеу тәжірибесі болу керек, алгоритмдік тілдерді қолдана білу, жуық әдістерді және қолданбалы есептерді шығару үшін стандартты программалық қамсыздандыру, қолданбалы программалар пакеттерін және деректер базаларын, машиналық графика құралдарын, эксперттік жүйелер және білім базаларын қолдану» деп жазылған. Ал 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы кәсіптік қызмет бағыттары қатарында «эксперттік жүйелерді жасау, іске қосу және пайдалану» деп берілген. 

   Кәсiби даярлығы жоғары, еңбек нарығының қатаң талаптары жағдайында еңбек етуге қабiлеттi даярланған мамандар қашанда сұранысқа ие болады. Осы орайда жоғары оқу орындарында интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру мәселелері туындайды. Кейінгі кезде жиі айтылып жүрген жасанды интеллект адам миымен бәсекелесетін, не одан да асып түсетін ойлауыш машинамен байланыстырылады. «Интеллект» ұғымына әр ғылым саласында анықтама берілген. Педагог өзіндік пікір білдірсе, математик үшін бұл ұғымның ашылу қыры мүлдем басқа болуы мүмкін, психолог адам психологиясы тұрғысынан алып қарастыруға құқылы. Қалай дегенмен де, біз бұл ұғымға педагогикалық тұрғыдан берілген анықтамаға тоқталамыз. Интеллект - әр жеке адамның ақыл ой болмысының тұрақты көрінісін бейнелейтін, яғни сол жеке адамның ми қызметінің үнемі жоғары дәрежеде болып, не нәрсені шешуде ақылдық асқан шеберлікпен үстемдік етуі.

   Тарихи  даму жолы бар жасанды  интеллект бөлімдері  бүгінде бірнеше  бағыттарға бөлінеді: теоремаларды дәлелдеу, бұл бөлім математикалық  аумақтармен шектеседі; роботтық техниканың проблемаларын шешу; ойындар моделі, шахматқа көп көңіл бөлінеді; образдарды тану, көру немесе есту қасиеттеріне, медициналық диагностикаға, ауа райын болжауға, т.б. байланысты; табиғи тілді қолдану, сұрақ-жауап жүйесіне және аутоматтандырылған аударма жүйесіне көңіл бөлінеді; эксперттік жүйелер, эксперт-адамның біліміне және компьютердің құрылымына сүйенген жүйе; білімнің инженериясы, білімді көрсете білу, оны қолданушыға түсінікті жеткізе білу және оны кеңейту аумағы.

   Интеллектуалды жүйелер және оның бағыттарының бірі эксперттік жүйелердің жоғары оқу орындарында пән ретінде оқытылуы - мақсаты қалыптасқан күрделі есептерді аутоматтандыру саласында мамандар даярлау болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдар ортасында есептерді шығару үшін білімді көрсетудің әртүрлі әдістерін қолданатын алғашқы қолданбалы интеллектуалды жүйелер - эксперттік жүйелер шыға бастады. Алғашқы эксперттік жүйелердің бірі Станфорд университетінде құрылған, спектралдық анализ негізінде химиялық қоспалардың формулаларын туындатуға арналған DENDRAL болды. Қазіргі уақытта эксперттік жүйелер құру және жүзеге асыру өз алдына сала болып отыр. Интеллектуалды жүйелер ол мәліметтер мен білімнің негізінде мақсатты талдай алатын, әрекет жайлы шешім шығара алатын, мақсатқа қол жеткізу үшін тиімді әдістер таба алатын, адам немесе автономмен біріге жұмыс атқаратын ақпараттық процессордың техникалық құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығымен бірігуі.

   Біздің  зерттеу жұмысымызда  жоғары оқу орнында  интеллектуалды жүйелер  бойынша даярлауды белгілі бір оқыту жүйесінің мазмұны мен әдістеріне негіздеп енгізу мақсаты қойылды. Ең алдымен мамандықтардың оқу жұмыс бағдарламаларына сараптама жасалды. Жоғары оқу орындарындағы 050111-Информатика мамандығы үшін «Жасанды интеллектінің негіздері» пәні 90 сағ., «Эксперттік жүйелер және деректер базасы» пәні 135 сағ., 050703–Ақпараттық жүйелер мамандығы үшін «Интеллектуалдық жүйелер», «Логикалық бағдарламалау» пәндері 135 сағ., 050602-Информатика мамандығы үшін «Эксперттік жүйелер және мәліметтер қорын басқару жүйелері» пәні 225 сағ., «Жасанды интеллект жүйелері» пәні 90 сағ. арналған. Осы мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартының міндетті компоненті құрамындағы пәндер мазмұнын ескере отыра және оқытылып келген арнайы курстардың тақырыптарына талдау жасай келе, қамтылған тақырыптардың қазіргі өмірде, ақпараттық салада кең қолданылып келе жатқан эксперттік жүйелер тақырыбын қайта қарау қажет болды. Аталған мамандықтар арасында 050703-Ақпараттық жүйелер мамандығының Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша міндетті компонеттер құрамына жасанды интеллект, интеллектуалды жүйелерге қатысты пәндер енбейтіндігін ескере отыра арнайы курс мазмұны құрылды. Десек те, бұл мамандық ақпараттық технологиялар бағытындағы түлектер дайындауда үлкен сұранысқа ие болатын мамандықтардың бірі екенін ескерсек, интеллектуалды жүйелерге қатысты пәндер тек таңдау компоненті болып шектелмеуі керек деп есептейміз. Мамандықтардың оқу жоспарларын талдау олардың бүгінде кең қолданысқа ие болып, ертеңіне үлкен сенім арттыратын интеллектуалды жүйелер бойынша студенттерге берілетін тақырыптар жеткіліксіз екендігін байқатады. Сондықтан да жоғары оқу орындарында осы салада мамандар даярлауды әлі де жетілдіру қажеттігі туады.

Информация о работе Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның