Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2010 в 05:23, автореферат
Ақпараттық технологиялар дамуының белсенділігінің артуы мен олардың қоғам салаларына тереңінен енуі дайын өнімдерді, интеллектуалды міндеттерді жеңілдетудің сапалы дамуын талап етеді. Жаңа технологиялардың оқыту процесіне енгізілуін студенттің шығармашылық, интеллектуалды дамуын арттыру деп түсінеміз. Толық жетілген жасанды интеллект құру адамзат алдына қоғамның барлық бағыттарында жаңа мүмкіндіктер береді. Жасанды интеллект – мақсаты қолданушыға компьютер көмегімен өз мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін аппараттық–бағдарламалық құрал жасау болып табылатын информатиканың бір саласы болғандықтан, жасанды интеллектуалды жүйелер құрудан және оларды игеруде сапалы білім беру бүгінгі талап. Даярлау – қандай да бір сала бойынша қажет білім беру, оқыту болса, ал жетілдіру – білімді, шеберлікті арттыру, артық жасау. Сонда бұл екі процесс барлық жаңашылдықтарды оқу процесінде ескеру керек екендігін меңзейді.
Эксперттік жүйелер жасанды интеллектінің бір бағыты болып табылатындықтан, 050602-Информатика мамандығында «Эксперттік жүйелер және мәліметтер қорын басқаратын жүйелер» пәнінің «Жасанды интеллект жүйелері» пәнінен бұрын оқытылуы да студенттерге теориялық материалдарды игеруде біршама қиындықтар туғызады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартында «Жасанды интеллект жүйелері» пәнінің мазмұнында Жасанды интеллектіге қатысты ұғымдармен қатар Эксперттік жүйелердің архитектурасы, оларды құру технологиялары берілуі тиіс. Сонда «Эксперттік жүйелер және мәліметтер қорын басқаратын жүйелер» пәнінде берілетін кейбір материалдардың «Жасанды интеллект жүйелері» пәнінде қайталанатындығына көз жеткіземіз. Біз құрастырған «Эксперттік жүйелер» арнайы курсының лабораториялық сабақтар жоспары лекция сабақтарының мазмұнына негізделді.
Біз
зерттеу жұмысымызда
теориялық материалдарды,
интеллектуалды жүйелердің
қоғамдағы маңыздылығын,
интеллектуалды жүйелердің
жоғары оқу орындарында
оқытылу жағдайын, өткізілген
форум нәтижелерін ескере
отыра, студенттерді
интеллектуалды жүйелер
бойынша жоғары оқу
орнында даярлаудың
моделін құрдық (сурет 1).
Модель зерттеу жұмысымыздың
аясындағы бағыттар
бойынша жоғары оқу
орнындағы оқу процесін,
болашақ мамандардың
даярлығын жетілдіруге
бағытталды. Модель
міндеттері нормативтік
құжаттарға сүйене отыра,
жоғары оқу орнындағы
интеллектуалды жүйелерге
оқыту жағдайын анықтау
және сол бағыт бойынша
даярлықтың мәні мен
орнын ашу болса, мазмұнының
элементтері модельді
жүзеге асыратын педагогикалық
жүйе арқылы ашылады.
Оқытудың дәстүрлі және
дәстүрлі емес әдістері
болып лекция, практикалық,
лабораториялық сабақтар,
студенттің өзіндік
жұмысы, оқытушының
жетекшілігімен орындалатын
студенттердің өзіндік
жұмыстары және Интернет
беттеріне арнайы орналастырылған
тапсырмалар таңдалды.
Оқыту құралдары ретінде
арнайы курстар, практикалық
тапсырмалар, тест тапсырмалар,
интеллектуалды жүйелерге
бағдарламалау орталары,
бағдарламалау тілдері,
«Ai–интеллектуалды
жүйелер» Интернет форумы
алынды. Формалары болып
табылатын аудиориядан
тыс жұмыстар студентерге
аудиториялық сабақтарда
алған білімдерін толықтыруға,
қосымша материалдармен
танысуға мүмкіндік
береді. Осы орайда жасалған www.ai.nxt.kz/lectures
адресіндегі теориялық
материалдарды аудиториядан
тыс жұмыс ретінде меңгеру
студенттерге тапсырылды.
Өзіндік жұмыс ретінде
студенттерге «Жасанды
интеллект және интеллектуалды
жүйелер негіздері»
электронды оқу құралында
берілген практикалық
тапсырмаларды, тест
тапсырмаларды орындау
тапсырылды. Жоғары
оқу орындарында студенттерді
интеллектуалды жүйелер
бойынша даярлауды жетілдіру
әрқашан назарда ұсталынуы
тиіс.
Сурет
1 - Студенттерді интеллектуалды жүйелер
бойынша даярлауды жетілдіру моделі
Осы
мақсатқа қол жеткізу
үшін бірқатар жоғары
оқу орындарында
интеллектуалды жүйелерді
оқытудың теориялық
негіздеріне талдау
жасап, оқытылу жағдайын
анықтадық. Еліміздегі
өзге де жоғары оқу орындарындағы
оқу процесіндегі жағдайларды
анықтау мақсатында
«Ai-интеллектуалды
жүйелер» тақырыбында
Интернет-форум ұйымдастырылды (http:www.ai.nxt.kz
адресінде). Студенттерді
интеллектуалды жүйелер
бойынша даярлауды жетілдіру
моделін жасап, интеллектуалды
жүйелер бойынша студенттер
даярлығын жетілдірудің
компоненттерін, критерийлерін,
көрсеткіштерін анықтадық (кесте 1).
Кесте
1 - Интеллектуалды жүйелер бойынша студенттерді
даярлауды жетілдірудің компоненттері,
критерийлері және көрсеткіштері
Компо
ненттер |
Критерийлер | Көрсеткіштер | ||
Жоғары деңгей | Орта деңгей | Төменгі деңгей | ||
Мотивациялық |
Интеллектуалды жүйелердің негіздерін білуге құштарлығы |
|
|
|
Интеллектуалды жүйелерді қолдануға қызығушылық танытуы |
|
|
| |
Мазмұндық | Жасанды интеллект бойынша білімдері |
|
|
-
жасанды интеллектінің
қолданылу бағыттары
мен салалары бойынша
бөлінуінің негіздерін
анықтауды түсінуі;
|
Эксперттік жүйелер бойынша білімдері |
|
|
| |
Логикалық бағдарламалау бойынша білімдері |
|
|
-
логикалық тұжырымдау
және логикалық
бағдарламалау теориясын
түсінеді;
| |
Процессуалдық | Эксперттік жүйелерді құру дағдылары |
|
|
|
Интеллектуалды жүйелермен жұмыс істеу дағдылары |
|
|
|
Компоненттер,
критерийлер мен көрсеткіштер анықталғаннан
кейін студенттердің бастапқы білім
деңгейін анықтау мақсатында айқындаушы
эксперимент жұмыстары
Кесте
2 - Студенттердің интелектуалды
жүйелер бойынша даярлығының
бастапқы деңгейі (айқындаушы эксперимент),
%
Студенттердің интелектуалды жүйелер бойынша даярлығының компоненттері | Жоғары деңгей | Орта деңгей | Төмен деңгей | |||
Эксперимент тобы | Бақылау
тобы |
Эксперимент тобы | Бақылау
тобы |
Эксперимент тобы | Бақылау тобы | |
Мотивациялық | 15,7 | 16,8 | 40,8 | 40,7 | 43,5 | 42,5 |
Мазмұндық | 16,7 | 12,4 | 36,1 | 37,2 | 47,2 | 50,4 |
Процессуалдық | 0,9 | 0,9 | 20,4 | 21,2 | 78,7 | 77,9 |
Орташа мәні | 11,1 | 10,1 | 32,4 | 33 | 56,5 | 56,9 |
Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің моделі жасалғаннан кейін, мақсат пен міндеттер негізінде сол модельді жүзеге асыратын педагогикалық жүйе құрастырылды (сурет 2). Педагогикалық жүйенің мазмұндық компоненті Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша міндетті компонеттер мен таңдау бойынша компоненттерді қамтиды. Мазмұндық компонентті толық жүзеге асыру элементтері «Ai–интеллектуалды жүйелер» Интернет форумы, «Жасанды интеллект және интеллектуалды жүйелер негіздері» электронды оқу құралы, «Информатика негіздері» электронды оқу құралы, www.ai.nxt.kz/lectures адресінде теориялық материалдардан тұратын сайт болатын технологиялық компонент қажеттілігін туғызады. Осы элементтер бір-бірімен байланыста бола отыра, қойылған мақсат бойынша нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Сурет 2 - Студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдірудің педагогикалық жүйесі
Таңдау
бойынша компонент болып
Кесте
3 - «Эксперттік жүйелер» арнайы курсының
лекциялық сабақтар, тақырып аты,
сағат көлемi (барлығы 45 сағат)
Лекция тақырыптарының аты және қысқа мазмұны. | Сағат
көлемi |
1 | 2 |
Жасанды интеллект әлемі: философиялық және әдіснамалық негіздері. Жасанды интеллект және философия. Ғаламдық теорияны логикалық тұжырымдау. Аксиомалық әдіс және формальды теория. Ойлауды формалдау және формальды жүйелер. | 4 |
2. Электрлі контактілі жүйелер және Буль алгебрасы. Логикалық айнымалыларға қолданылатын логикалық амалдар. Логика алгебрасы. Мысалдар. | 3 |
3. Экспертті
жүйелер құруда ықтималдықтар
әдісін қолдану. Ықтималдықтар
теориясының негізгі |
4 |
4. «Эксперттік жүйе» программасының сипаттамасы. Жүйенің сұраныстарына жауаптар. Сенімділік коэффициентінің мәнін таңдауды нақтылау. Куәліктің шындық жағдайының ықтималдығын енгізу. Консультация нәтижелері. Консультация хаттамасы. Куәліктерді өшіру. Жоғары бағалауды баптау. | 3 |
5. Предикаттарды
есептеу және бірінші реттік
теориялар. Қатынас және |
4 |
6. Жасанды интеллект. Басқару жүйелеріндегі логикалық – лингвистикалық модельдер. Жасанды интеллектінің қазіргі жағдайы. Жасанды интеллект және қорытынды іздеу теориясы. | 4 |
7. Жасанды
интеллект дамуының |
4 |
8. Эксперттік
жүйелер. Эксперттік жүйелерді
қолдану аймақтары. Эксперттік
жүйелерді құру, жұмыс істеуінің
жалпы принциптері. |
4 |
9. Эксперттік
жүйелер: құрылымы мен |
3 |
10. Эксперттік жүйелердің классификациясы. Шешілетін есеп бойынша классификация. Эксперттік жүйені жобалау ерекшелiктерi. Эксперттік жүйе құру құралдары. Білімді көрсету. Білім инженериясы. | 2 |
11. Білімді
көрсету. Негізгі ұғымдар. |
4 |
3 – кестенің жалғасы | |
1 | 2 |
12. Бiлiмдi
ұйымдастыру. Бiлiмдi ұйымдастыру
мәселесінің кейбiр |
2 |
13. Эксперттік жүйе құру технологиясы. Сәйкес мәселені таңдау. Есептің деңгейі. Прототиптік жүйе құру: протиптік жүйе түсінігі, эксперттік жүйе кезеңдерін ұйымдастыру. Жүйені бағалау | 4 |
Барлығы | 45 |
050703
«Ақпараттық жүйелер» мамандығының оқу
жұмыс бағдарламасында интеллектуалды
жүйелер бойынша пәндер тек таңдау бойынша
компонент болып табылады. Бізге дейін
оқытылып келген «Логикалық бағдарламалау»
арнайы курсының мазмұны тек логикалық
бағдарламалауға арналған, ал жасанды
интеллект және интеллектуалды жүйелер
бойынша мағлұматтар, экспертті жүйелер
орталары да қамтылмаған. Сондық біз құрған
арнайы курс мазмұны аталған бағыттар
бойынша негізгі түсініктер беруден басталды
(кесте 4).
Кесте
4 - «Логикалық бағдарламалау» арнайы курсының
лекциялық сабақтар, тақырып аты, сағат
көлемi (барлығы 30 сағат)
Лекция тақырыптарының аты және қысқа мазмұны. | Сағат
көлемi |
1 | 2 |
Жасанды интеллект жүйесінде логикалық бағдарламалауды қолдану. Жасанды интеллект міндеттері. Жасанды интеллект есептерін шешудің қазіргі жолдары. | 2 |
Логикалық бағдарламалау. Логикалық бағдарламалаудың мәселелері. Жасанды интеллект есептерін шешудегі логиканың рөлі. Логикалық бағдарламалаудың негізгі элементтері. Бірінші ретті предикаттар логикасы. Унификация принципі. Логиканы бағдарламалау тілі ретінде қолдану. | 3 |
Логикалық бағдарламалаудың негізгі түсініктері: Логикалық айнымалылар. Арифметика. Логикалық бағдарлама мәні. Логикалық бағдарламаның есептеу моделі. | 2 |
Тілдің
негізгі элементтері. Термдер: түрлері,тұрақтылар, |
3 |
Пролог және математикалық логика. Пролог бағдарламаларды есептеудің операциялық моделі. Қайтару мехнизмін қолддану бағдарламалары. | 2 |
Рекурсивті бағдарламалар. Рекурсивті бағдарламалар құрылымы. Құрылым және ағаш. Тізімдер. Тізімдермен жұмыс. | 4 |
Енгізу және шығару. Термдерді енгізу және шығару (read. предикаттары). | 3 |
Предикаттар. Түйіндер қосу және алу. Құрылыммен жұмыс. Операторлар. Файлдарды өңдеу. | 3 |
«Эксперттік
жүйе» программасының сипаттамасы.
Жүйенің сұраныстарына |
4 |
4 – кестенің жалғасы | |
1 | 2 |
Қосымша мүмкіндіктер. Екінші ретті бағдарламалау. Графикалық және интерфейстік мүмкіндіктері. Логикалық бағдарламалаудың даму перспективалары. | 4 |
Барлығы | 30 |