Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 19:04, реферат
Теле тайпалар одағы. Бұл тайпа негізінен, б.з.д ІІІ ғ. Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 жылы телелер тоба ханына бой ұсынып, теріскейге , Жоңғарияға көшіп барады . Кейіннен Батыс Моңғолияны түгел қаптап , сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді.
I ТАРАУ
Теле тайпалық одағының қалыптасуы мәселелері
1.1 Теле этнонимі, пайда болуы, мәні
1.2 Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және саяси және этникалық
құрылымы
ІІ ТАРАУ.
Теле одағы этникалық паралельдер мен жалғастықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘЛ-ФАРАБИ
АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
Тарих, археология және этнология факультеті
Ғылыми жетекшісі: Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I ТАРАУ
Теле тайпалық одағының қалыптасуы мәселелері
1.1 Теле этнонимі, пайда болуы, мәні
1.2 Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және саяси және этникалық
құрылымы
ІІ ТАРАУ.
Теле одағы
этникалық паралельдер мен
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Теле тайпалар одағы. Бұл тайпа негізінен, б.з.д ІІІ ғ. Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 жылы телелер тоба ханына бой ұсынып, теріскейге , Жоңғарияға көшіп барады . Кейіннен Батыс Моңғолияны түгел қаптап , сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді.
Телелер мал шаруашылығымен айналысатын. Олар мал бағып, ешкімге ештеңе төлемей еркін жүргісі келетін халық болып табылады.
Бытыраңқы ел болғандықтан, олар жужандарға бас көтере алмай ,амалсыздан оларға алым салық төлеуге көнігеді.Осы жужандар мен салыстыра кетсек. Олар қатарласа өмір сүрген тайпалар еді. Бірақ ортақ ұқсас белгісі болмаған,яғни екеуі көршілес тайпалар бола тұра біріне бірі мүлде ұқсамаған. Жужандар – этникалық тамыры бірыңғай емес, этникалық пайда болу тарихы басқа тайпаларға қарағанда өзіндік бір өзгешелігі бар жалқау халық, әскери күштің көмегімен ғана көршілердің есебінен күн көрушілер қатарына жатады. Ал телелер болса барлығы керісінше, нашар тайпалардың әлсіз бірлестігі. Бірақ барша күш-жігерімен өздерінің тәуелсіздігі жолында көп күрес жүргізген және де бірталай табыстарға жеткен.Олар хұндар империясынан ерте шығып, қарапайым ақсақалдық қауым мен көшпелілік тұрмвсында өмір сүреді.Телелер 12 тайпадан тұрған, әр руды басқаратын ру басы ақсақалдары болған және ағайын туысқандар ынтымақтасып тұрған.
Телелер үлкен доңғалақты арбаларымен сайын далада көшіп қонып жүрген, өздері ұйымшылдық атаулыны мойындайтын және еркіндікті жақсы көретін жауынгер халық болған. Олардың меншікті аты ''теле''. Ол осы уақытқа дейін Алтайда ''телеуіт'' деген атпен белгілі болып келеді. Якуттар, төлеңгіттер мен ұйғырлар, және басқалары со телелердің ұрпақтары. Олардың көбі біздің заманға дейін сақталмаған.
Тақырыптың өзектілігі. Теле тайпалары негізінен басқа да теле тйпалары және жергілікті басқа да тайпалармен араласуы нәтижесінде қазіргі кезде қазақ ру-тайпаларына енген. Сол себепті де бұл тақырып Қазақстан тарихындағы маңызды тақырып болып табылады.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты. Осы жұмысты жазуда алдыма қойған ең басты мақсатым ол тақырыпты мейлінше толық меңгеру және сонымен қатар осындай ғылыми жұмыстармен шұғылдануды үйрену болып табылады.
Міндеттер. Теле тайпалық одағының қалыптасуы мен тайпаның саяси және этникалық құрылымын, теле тайпасының қазақ ру-тайпаларымен және басқа да тайпалармен байланысын білу, тайпаның құрылуының маңызын білу
Тақырыптың деректік базасына шолу. Тақырыптың деректік базасына келер болсақ. Негізінен телелер қытай, түріктер бодандығында болғандықтан, олар туралы қытай, түрік жазба деректерінен көруге болады. Суй-шу, Тан-шу, Орхон-Енисей жазбалары, Юань-ши, Бэй-ши, Си-ся-шу-ши секілді қытай жазба деректері осы тақырыпқа байланысты негізгі деректер болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа қалам тартқан кісілер көп болды.Оларға Г.Грумм-Гржимайло, Н.А.Аристов, Н.Баскаков, В.В.Радлов, И.Казанцев, Т.М.Султанов, Н.Бичурин, С.М.Ақынжанов, Р.Кузеев, Й.Маркварт, К.Шаниязов, С.М.Абрамзон, Т.А.Жданко, С.Байдәулетов, Т.Н.Сенигова, В.Каховский, А.И.Левшин, В.М.Вербицкий, М.Тынышпаев, Томсен, Хирт, Шаванн, П.М.Мелиоранский Н.М.Гродеков, Л.Мейер, В.В.Востров, С.С.Муканов, Х.Арғымбаев, М.Тевкелев, Н.Кюнер, С.Клящторный, Л.П.Потапов, Н.Зеланда, Д.Позднеев, И.А.Сердобов, Т.А.Акеров жатады. Әсіресе Г.Грумм-Гржимайло,Н.А.Аристов, В.В.Радлов, Н.Я.Бичурин секілді кісілердің осы тақырыпқа байланысты көп еңбек еткендердің қатарына жатады. Олардың жазып қалдырып кеткен еңбектері Теле тайпалық одағын зерттеудегі ең негізгі еңбектер болып табылады.
Баяндаманың құрылымы. Баяндама Кіріспеден, І-ІІ тараулардан, Қорытындыдан, Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауды “Теле тайпалық одағының қалыптасуының мәселелеріне ” арнадым. Бұл тарауда “теле” cөзінің алғаш пайда болуы, мағынасы, Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және этникалық құрылымы жайында сөз қозғадым.
Екінші тарауды “Теле
одағы және этникалық параллельдер
мен жалғастықтар” деп алдым.
Тарауда Теле одағының этникалық
параллельін зерттей отырып,
І ТАРАУ.
1.1 Теле этнонимін түсіндіру Л.П.Потаповтвың алтай халықтарының этникалық құрамын зерттеуге арналған жұмысында келтіріледі.Ол: “Теле термині қытай жылнамаларында Орталық Азия көшпелілерінің өзара атаулары ретінде пайда болды, әрине, сондықтан да бұл қытайша емес. Бұған дәлел – Теле этнонимінің түркі тілдес көшпелілерде он бес ғасырдай сақталып келгенін атап көрсететін Рашид-ад-диннің “Жылнамалар жинағы” еңбегінде Теле этнонимінің кездесуі дер едік... ”- дейді
Қазақстанның батысындағы кейбір елді-мекендер мен көлдерде теле этнониміне апаратын географиялық атаулар да сақталған. Мысалы, П.Рычков мынаны көрсетеді: “Сырдарияға жақын жерде, бастауынан бес күндік жолға созылатын аралдары аса көп және көптеген қамыс-қорыстарынан тұратын Телекөл деген көл бар. Оны салт атты адам екі күнде айналып өте алады, яғни 170 шақырымдай ұзындығы бар. Оның суы тұзды; балықтар көп, Сексеуіл аталатын ормандар да аз емес”.
Алтай халықтарының телеут, теле этнонимдерімен байланысы туралы мәселені айтқанда, тубалардағы сеока Чиғаттың телестерден шыққаны туралы болжамды айта кету қызықты болар. Л.Потапов Чиғат атауы ҮІІІ ғасырда аталатын, Орталық Тувада Енисей бойында өмір сүрген Чик тайпасынан шыққан деп санайды. Бұл тайпа Чулышманнан шыққан телестерден тарайды. Чиктармен қатар Туваның батыс бөлігінде аз тайпасы қатар орналасты. Телеуттерде олардың сеоктарында аз этнонимі кейбір терт-ас, дьети-ас тәрізді тайпалар атауларында сақталып қалды. Мұның өзі теле-оғыздарына да тән болатын. Г.Н.Потаниннің айтуынша Джети-ас - бұл телестердің нағыз атауы. Осылайша ас тайпасының телемен этногенетикалық байланысы күдік тудырмайтынын көреміз.
Халықтардың шығу тегінен
маңызды тарихи мәліметтерді және олардың
тарихи сатыларының белгілі бір
кезеңдерін анықтауды деректердегі
осы халықтармен аттас
Динлиндер. Кейбір белгілі
зерттеушілердің айтуынша Кіші жүз
тайпаларын қалыптастыруда маңызды
рөл атқарған динлин тайпасына келер
болсақ. Бұл тайпа туралы негізгі
мәліметтерді Н.Бичуриннен, Н.Аристовтан,
Г.Грумм-Гржимайлодан алуға болады.
Динлиндердің біздің заманымыздың IV ғасырында
Гобий шөлінен солтүстікке
Телелердің динлиндермен
байланысы туралы Тува халқының қалыптасуын
зерттеген ғалымдар атап көрсеткен
еді. Жоғарыда атап көрсетілгендей , Туваның
территориясы ертеректегі орта ғасырларда
теле тайпасы мекендеген аймақ еді.
Мұнда мынаны да ескерген жөн, динлиндер
VII дейін тегінде, ортақ шаруашылықпен,
яғни көшпелі мал шаруашылығымен
және аң аулаумен айналысатын біріккен,
бірақ өзара тілдері бөлек
тайпалар одағы болса керек. Саян-Алтай
таулы қыраттарындағы ғалымдардың
қазба жұмыстарының нәтижесінде
алынған археологиялық
“Динлиндер деп жазады Н.Сердобов, біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап қытай жазба деректерінде теле терминімен атала бастады. IV-V ғ.ғ. олар гаогюйлықтар… деп атала тұрса да, теле терминінің бірқатар ғалымдар, оның ішінде ірі синологтар динлин атауына баратынын атап көрсетеді”.
Біздің заманымыздың IV ғасырының
соңында Алтайды динлиндермен және
түріктермен араласқан ұйғырлар
тайпасы жайлап алды. Мұнда да терминдер
ауысып, ұйғырларды дили, чи-ди, ал кейінірек
телэ деп атау орын алды. Мынаны
тағы да атап айтқан жөн, телэ – бұл
Үлкен Хинганнан Каспий Теңізіне
дейінгі орасан зор аймақты жайлаған
түркі тілдес малшы тайпалар бірлестігі
болды. Тилэ хундардың этникалық
мұрагерлері болғандықтан, ғылыми әдебиетте
кейбір түркі халықтардың шығу тегін
телестердің тайпалық бірлестігінің
әртүрлі тармақтарымен
Динлиндердіің түрі ұзын бойлы, ақ шашты, көк көзді, түрі кавказдықтар бейнелі болып көрінетін. Динлиндер, Г.Е.Грумм-Гржимайлоның пікірі бойынша Орталық Азияның автохтонды халқынан еді, өйткені, археологиялық ескерткіштер олардың мұнда неолит дәуірінен бастап өмір сүргендерін дәлелдейді.
Әртүрлі оқылуларда теле, дили,
чилэ және гаогюй аталатындар туралы
Н.Аристов төмендегідей түсініктемелер
береді: “Алтайда Төле өзенінің болуы
(орыстар төменде аталатын Телес
руының атын берген Телес көлінен
ағып шығатын Биидің бірінші оң жақ
тармағы) Теле атауының гаогюйліктердің
өздерінің есімі екендігін, ал дили
және чилэ дегендер қытайлықтардың оны
бұрмалаулары болып табылатындығын
көрсететін тәрізді. Хундардың уақытысында
гаогюйлер Солтүстік Моңғолияны
мекендеуге мәжбүр болды және онда
сяньбийлердің, сондай-ақ, онан соң
жужандардың қол астында