Теле тайпалық одағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 19:04, реферат

Описание

Теле тайпалар одағы. Бұл тайпа негізінен, б.з.д ІІІ ғ. Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 жылы телелер тоба ханына бой ұсынып, теріскейге , Жоңғарияға көшіп барады . Кейіннен Батыс Моңғолияны түгел қаптап , сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді.

Содержание

I ТАРАУ
Теле тайпалық одағының қалыптасуы мәселелері


1.1 Теле этнонимі, пайда болуы, мәні
1.2 Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және саяси және этникалық
құрылымы

ІІ ТАРАУ.
Теле одағы этникалық паралельдер мен жалғастықтар


ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Теле тайпалық одағы.docx

— 66.89 Кб (Скачать документ)

Түрік қағанатының құлауына байланысты ҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап ұйғыр хандығының дәуірі басталады. Теле конфедерациясы тарихына байланысты бұл мемлекет жөнінде мыналарды айтуға болады. Кейбір зерттеушілер ұйғырларды ҮІІ ғасырдың соңында Ханьхай аймағын жайлаған болашақ тоғыз-оғыздар (Томсен) деп біледі. В.Радлов ұйғырларды оғыздармен байланыстырған жоқ.

В.Бартольд оғыздарды түркі тайпалары  деп санайды. Тардуштар мен толёстер В.Бартольдтың айтуынша түріктердің бұтақтары. Сонымен қатар В.Бартольд, В.Мелиоранский, Н.Аристов теле және толёс тайпалары бөлек деп санайды. Осыған байланысты Г.Е.Грумм-Гржимайло теле тайпасының тонгра, байырқу, хунь, сы-цзе (сукит), си-цзе (can), эдиз, ұйғыр руларын оғыздар құрамына жатқызатын Маркварттың төмендегі сөзін келтіреді. “Олар тоғыз рудан немесе тоғыз-оғыздардан (токуз-огузы) тұратын саяси орталық құрайды”. Бұл бірлестіктің маңызы өте үлкен болды. Өйткені, ол түріктер саяси сахнаға шығардан көп бұрын пайда болды. Маркварттың пікірінще, 546 жылы түріктер телені, яғни ұйғырларды бағындырғаннан кейін ғана саяси маңызға ие болды. Мұнан әрі Маркварт оғыздарға Батыс түріктерінің 10 руларын жатқызады.

Алтай халықтарының белгілі зерттеушісі Л.П.Потапов алтайлықтардың шығу тегі туралы өзінің жұмысында Теле тарихына арналған үлкен очерк жазған. Ол телелерді этногенетикалық жағынан телеуттермен, телеңгітгермен және телестермен салыстырып көрсетеді. Осы үш қазақ (және башқұрт) бірлестіктерінде Телеу телеуттерге жақын түұр. Бұл атауда - Т жалғауы Телеу сөзінің көпшілік мағынасын береді.

Г.Грумм-Гржимайло Н.Аристовтың мынадай  сөздерін келтіреді: “Ұйғыр атауын 606 жылдар маңайында теленің пу-гу, тун-ло, ба-е-гу және вэй-гэ, немесе у-ху атты төрт тайпасының одағы қабылдады. Олардың ішінде ең бастысы угуз болды. Бұл одақ көп өмір сүрген жоқ. Бірақ оғыздардың князьдік атауы үстем болғандықтан, оларға жақын тұрған оғыздардың бір бөлігі бұрынғы ру юань-гэ ұйғыр атын өзінде сақтап қалды. Ұйғырдар ҮІІ ғасырдьщ үшінші ширегіне дейін телэ тайпаларының және огуздардың басқа руларынан ерекше үстем бола қойған жоқ және Селенгада өмір сүре берді. 682 жылы тоғыз руды, сондай-ақ, олардың құрамындагы ұйғырларды тонауды бастап, Түрік хандығын қалпына келтірді. Осы кезеңнен бастап оғыздар жөне ұйғырлар тағы да түріктерге бағынышты болды. Онан әрі Г.Грумм-Гржимайло жазғандай: “ бұдан көретініміз Н.Аристов қытайша у-ху аталатын телес тайпаларының бірін оғыздар деп санайды, ал бұл тайпаның бір бөлігі оның ойынша, ұйғырлар болып табылады”.

Г.Е.Грумм-Гржимайло оғыздар түріктер емес деген ойды қатты ұстанады. Мұндайда ол Рашид-ад-Динге сүйенеді және оғыздарға ұйғырларды, қарлұқтарды,бәлкім, қаңлыларды, каладжилерді және агачерилерді (орман адамдарын) байланыстыру қажет  деп ойлайды”. Сонымен бірге Г.Е.Грумм- Гржимайло ұйгырлар топтарын телеге жатқызу күдік туғызады дегенді  айтады. Оның ойынша, қытайлықтар кейбір ірі тайпалардың аттарын оларға туыстас көршілеріне ауыстыра салатын. Ұйғырлар деп атап көрсетеді Г.Е.Грумм-Гржимайло, тіптен Ү ғасырда-ақ Византия деректерінен мәлім еді. Осылайша зерттеуші тоғыз-оғыздар  тайпаларын теле конфедерациясымен  байланыстыра қоймайды. Мұнан мынадай  заңды сауал туындайды: Егер ұйғыр  атауы теледен ертеректе шыққан болса, неліктен теле аты ұйғырға  көшті? неге керісінше болмады?

В.Радлов, В.Бартольд және Маркварт басқа  көзқарасты ұстанады. Олар оғыздарды түрік халықтары деп санады. Бірақ мұндайда В.Радлов ұйгырларды оғыздармен біріктірмейді. Г.Е.Грумм-Гржимайло екі зерттеушінің де негіздеулерінің Орхон жазуларын дұрыс аудармаудан туындайтынын атап көрсетеді. Онда мынадай жолдар бар: “О, сен де жүгірші, Оғыз түріктері халқы”. Айтылғандардың нәтижесінде Г.Е.Грумм-Гржимайло мынадай қорытындыларға келді: Оғыз атауы ұйғырларды ғана қамтымайды, сонымен бірге оларға туыстас, бірақ тоғыз-оғыздар одағына кірмейтін тайпалар да ұйғыр атанды. Онан әрі Г.Е.Грумм-Гржимайло осы тоғыз-оғыздардың телес тайпалары емес, ұйғыр тайпаларының өздерінің тогыз руы болып табылатынын айтады. Қысқаша айтқанда, бұл былайша естіледі:

Телестердің арғы тағдыры сірә, IX ғасырдан кейін тоғыз-оғыз тайпаларымен байланысты болған тәрізді. Олар кейбір теле тайпаларымен бірге Дешті-Қыпшаққа жетіп, Батыс  Қазақстан аймағын мекендеді. Осы  жерде қарақалпақтар құрамындағы  теле тайпасының элементтерінің шығуын ішінара түсіндіріп жүрген белгілі  зерттеуші К.Шаниязовтың пікірін  келтіре кетелік. Ол қазақтың Телеу  тайпасының қарақалпақтардағы телелермен байланыстылығын анықтай түскен еді.

Л.П.Потапов Н.А.Баскаковтың пікірін  мақұлдай келе былай деп жазады: “Токус атауы ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ. теленің  кейбір тайпаларының бірлестігінде  белгілі болған тоғыз-оғыз атауымен еріксіз үндеседі”.

“Тегінде К.Шаниязов атап көрсеткендей, теле (тоғыз-оғыз) конфедерациясының  кейбір топтары Дешті-Қыпшаққа қоныстанып және қыпшақтар құрамына, сондай-ақ “тогус” немесе “тогуз” этникалық атауларымен басқа тайпалық одақтарға кірсе керек. Тоғыздардың жекелеген топтары қыпшақтармен және басқа да өзбек тайпаларымен әртүрлі кезеңде Мәуереннахрдың және Хорезмнің мәдени аймақтарында көшіп-қонып жүрген тәрізді. Ал, Дешті-Қыпшақта қалған тоғыз-қыпшақтар тобы Орта жүз құрамында ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларға дейін өмір сүре берсе керек. Осы кезеңде жаңадан пайда болған саяси оқиғалар арнасында Оңтүстік қазақ далаларындағы тайпалардың кезекті бөлшектенуі басталды. Олардың үлкен топтары қыпшақтармен Зарафшанның аңғарына, ал кейбірі Шығыс Түркістанға еніп, Қашқарияға да қоныстанды. Олардың шағын бөліктері Бұхар оазисі аймағына қоныстанып, қарақалпақтар топтары құрамына кірді”.

Кейбір авторлардың пікірінше, оғыздардан Телеу, маңғыт, барлас, телеңгіт және т.б. рулар элементтерін табуға болады. Мұңдайда Шәкөрім Құдайбердіұлының Оғыз ханнан басталатын шежірелік мәліметіне сүйене отырып, Телеу- керейлі тайпаларының өзара туыстас ата-бабаларын табуға болатын тәрізді. Сондай-ақ оларды ежелгі дулу конфедерациясымен байланыстыруға да болатындай. Телеу - керейлі құрамындағы  Касо, Болат, Сақал атаулары ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. аталған шежірелердегі ата-бабалар есімдерін еске түсіреді.

Осылайша Теледен Сақал, өз кезегінде  одан Қаңлы келіп шығады. Бұлай  десек, Қаңлы теленің бұтағы екенін көреміз.

Егер Телені дулу конфедерациясымен  байланыстырсақ, онда әрине басқа  да қазақ руларымен әр түрлі салыстырулар жасауға болар еді. Мысалы үшін Албандарды және Рамадандарды айтуға болады.

С.Байдәулетов Н.Мыңжанға сүйеніп, Қарлұқ қағанаты кезеңін талдап және Птолемейдің “географиясына” сілтеме  жасап, түркі тілдес қарлұқтарды  теле тайпасының бірі деп атап көрсетеді. “Жұнғоның Суй патшалығы дәуірінде (581-618 ж.ж.) жылнама жазбаларында қарлықтар  өзінің белгілі тайпасы болаттың атымен “боло” деп атаған. Олар бұл  кезде Алтай тауын мекен еткен”. Зерттеуші С.Байдәулетов жоғарыда айтылғандардан төмендегідей қорытындыға  келеді: “Осы жерде айта кетеріміз, Касо тайпасы да болат тайпасымен бірге болған және бөрі де теле атанған  бірлестіктер. Бұл рулар күні бүгінге  дейін Коса, Полат-Сақал болып  Телеу руының Керейлі аталығының ішінде, яғни қарлықтар дегеніміз  ертедегі теле Керейлі, т.б. қарт қазақ  тайпалары”.

Шамамен 714-715 ж.ж. Шығыс, сондай-ақ Батыс  Түрік қағанаттары әлсіреген  соң, қарлұқтар тәуелсіз болып шыға келді. 745 жылы қарлұқтар тоғыз-оғыздармен, басмылдармен бірге Шығыс Түрік  қағанатын құлатты. 766 жылы Түргеш қағанаты құлағаннан кейін батыста Сырдарияға дейін созылып жатқан Жоңғар Алатауы  аймағында Қарлұқ қағанаты құрылды. ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Ферғана олардың ықпалы тарайтын аймаққа кірді.

Теляу, телеу, тёёлёс (дёёлёс) этникалық қауымдастықтарының ежелгі телелерден шыққандығы туралы С.М.Абрамзон жазды. Қырғыз дёёлёс тайпалары, олардың Ыстықкөл жағасындағы кейбір топтардың құрамында болып, өздерінің тайпаластарынан әртүрлі себептерге байланысты қалып қалғандары туралы жазды. Дёёлёс (тёёлёс) тайпаларының таңбасы айтаңба (ай) - таға деп аталды. Туысқан халықтардың этникалық байланыстарын қазақ, қырғыз және ежелгі түркі тайпаларының таңбаларымен салыстыра отырып көруге болады. С.Абрамзонның көрсетуінше “ежелгі пу-гу (теле) тайпаларының дөңгелек тәрізді таңбасы қырғыздардың адигин, мунгуш, кушчу тармақтарының таңбасы ретінде белгілі”. Жоғарыда көрсетілгендей башқұрт телеулерінде кең тараған таңба дөңгелек болды. Тёёлёс (дёёлёс) қырғыздарының таңбалары сызылуы жағынан ежелгі хуй-ге (үйғыр), чэ-ли (черик) жөне хун (қүн) тайпаларының таңбаларына жақын болды1. Зерттеушілер тёёлёс тайпасының ежелгі ұйғыр, яғни гаогюй тайпаларымен бірге пайда болғандығы туралы қорытындыға келеді. Дәлел ретінде X ғасырдағы қырғыздар және тоғыз-оғыздардың көршілес конфедерациялық тайпалар ретінде құрамына ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда теленің, соның ішінде ұйғырлардың кіргендігі туралы айтылатын “Худуд-ал-аламда” келтіріледі.

С.Абрамзон қырғыздардың теле конфедерациясымен байланысын көрсеткен. Ол былай деп жазды: “Қырғыздардың ата-бабаларының теле конфедерациясына жақындығы ең алдымен қырғыз тёёлёс (дёёлёс) этнонимі оңтүстік алтай “телес” этнонимі сияқты түркі көптік жалғауындағы теле грамматикалық түрін куәландырады. Теле тайпаларынан құралған Оңтүстік алтайлықтардың атауының қатарында телеуттер де бар”. Автор теле тайпаларының пу-гу, байси, хойху, аба тәрізді қырғыз тайпаларымен белгілі бір байланыстарын көрсетеді. Қарақалпақ халқының құрамында ежелден Арал теңізінің жағалауын мекендеп, егіншілік жөне балық аулаумен айналысқан муйтен тайпасы бар. Бүл тайпа “қарақалпақтардың мұра болып қалдырылған ұлттық салт-дәстүрін, эпосын, материалдық мөдениетін анағұрлым берік сақтаған” тайпа ретінде саналады. Ежелгі аңыз бойынша Ақ-шолпан (Муйтен тайпасының ұраны) атты патшайым (немесе құл әйел) екі ұлды - муйтендерді төрбиелеген. Олардың есімдері Барша және Байлар болған. Баршаның ұлдарының арасьнда Самат атты біреуі аталады, ал Байлардың арасында Тели көрсетіледі. Олардан Муйтен руының атауы шыққан. Тели руының екі тармағы - Тілеуберді жөне Аллаберді бар.

Т.А.Жданко теле жөне самат руларын 536 жылы Түркі қағанатының құрамына кірген теле тайпасымен байланыста көрсетеді. Қарақалпақтар этнографиясына арнаған өзінің зерттеуінде Т.А.Жданко “ежелгі тели тайпаларының қалдықтары кейіннен муйтен қарақалпақ тайпасын құраған" этникалық элементтердің арасына кірген болуы мүмкін” деп жазды. Ары қарай автор: мұндай құбылысты біз Кіші

жүздегі қазақтардан да көреміз, мұнда Телеу руы өзіне ұқсас муйтен рулық этнонимі самат тармағының ішінде өмір сүрген”, деп көрсетеді.

        Керейт тайпасын  Телемен байланыстыра келе С.Байдәулетов  Керейттер ҮІІІ ғасырға дейін  телелер құрамында болды дегенді  айтады. Қарлұқтар әрі көшпелілермен, әрі отырықшы халықтармен көршілес мемлекетін құрды. Бұл Ұлы Жібек Жолының қалыптасу кезеңі еді. 940 жылы қарлұқтардың орнына қарахандар келді.

“Осы ретте қарлық тайпаларының құрамында оғыздар да бар еді  деген ғалымдарымыздың пікіріне сүйенсек, әрине, оғыз атанған көптеген Телеу - түрік тайпаларының бір екендігін  байқар едік. Немесе қарлық тайпаларынан тарқайтын оғыз шежіресін тарай  қарасақ, қазіргі Әжі Ахмет, Керейл, Барлас, Төре, Төленгіт, Маңғыт, Ноғай, Қоса, Болат, Ноғайлы т.б. рулардың түбі бір Телеу тайпалары мен Жеті рулар екендігін түсіне қоямыз”.

Қарлұқ мемлекетінің құрамынан  қараханидтер мемлекеті өсіп шықты. ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Сыр мен Шудың арасын мекендеген Жетіру құрамында бұрын  басқаша аталған Маңғыт тайпасы  да болды деген пікір бар. Мұны айтып отырған С.Байдәулетов төмендегідей тұжырымға келеді: “Өз атамыз Еділден  ары қарата бабаларымызды санайтын болсақ, Маңғыт атанып жүрген үлкен  бабамыз Әжі Ахметтің бабаларының  өмір сүрген кезі сол VIII-IX ғасырларға барып  тірелер еді. Әжі (қажы) Ахмет (Ахмет  ол Яссауи атамыздыың бабасы Боғрахан (Бурахан) атанған оның бабалары Кір  Шаш Әзіз (шамасы Білге қүл Қадыр) 840 жылы Испиджаб қаласында өзін ұлы  қаған деп жариялаған. Бұлардан Ұлы  хандар Қараханиттер әулеті тарқайды”.

Бұл болжамдар әлі ғылыми дәлелдеулерді қажет етеді. Біздің бұларды келтіріп отырғанымыз, оқырманның ойларына қозғау салу.

ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Талас  аңғарын мекендеген қарлұқтарға  және т.б. халықтарға қимақ-қышпақ тайпалар одағының ықпалы туралы Тараз тарихын  зерттеген әйгілі Т.Н.Сенигова жазған еді.

Әрине, осы болжамдардың бәрінің  негізі бір: ҮІІ ғасырдан кейін ыдыраған Теле конфедерациясы басқа ірі мемлекеттік  құрылымдарды құруға қатыса келе, өзінің ізін жоғалтты. Шындығында да, жоғарыда біздер атап көрсеткен болат, ұйғыр, эдис, сеяньто, туба тәрізді телес  рулары енді қарлұқ, қарахан, ұйғыр, дулу тайпалық құрылымдарында кездесетін болды. Алайда оларды құрамында тоғыз-оғыздар, қараханидтер (құрамдарында ұйғырлар, қарлұқтар, ягмалар атап көрсетілетін), қыпшақтар, қарақытайлар тайпалары  болған Арал және Каспий теңізі жағалауларына  дейін жетіп, Батыс Қазақстан  аймағын мекендеген ежелгі теле тайпаларының қалдықтарымен және өзі де солардан құралған ХҮ ғасырдағы қазақтың Телеу  руымен бірге қарастыруға болмайды.

 

Пугу атты Телес тайпасының тукюэлерге бағынышты болғандығын атап көрсеткен В.Каховский оларды бұлғарлар ретінде сипаттайды. “Орта Азияда өздеріне туыстас түріктік шығу тегі бар тайпалармен, ежелгі алтайлықтармен” чуваштардың көрші өмір сүргендігін көрсеткен бұл автор оларды “қазақтардың, қарақалпақтардың түркі тілдес ата-бабаларына” жақындатады. В.Каховскийдің көрсетуінше чуваштардың қазақтармен жақындығына ежелгі болгарлар құрамына Түрік қағанатында үлкен рөл атқарған.

 

Қыпшақ тайпаларының конфедерациясы қытай, құлан қыпшақ, торы қыпшақ, қызыл  қыпшақ деп аталатын 4 үлкен топқа  бөлінді. Олардың соңғылары ерте ортағасырларда Орта Азия аймақтарын мекендеді.

92 баулы қыпшақ тайпаларының  ішінде қазақтар да, әрине, Алшындар  мен Жетіру да бар түркі  тілдес көптеген халықтардың  этногенезін қалыптастыруға атсалысқандары  белгілі.

“Маджму ат-таварих” атты 92 баулы  өзбек рулары тізімінде тилау (телеу) руы 71 ретпен көрсетілген. Т.И. Султанов Мирза Бази Диванның “Маджма ал-аркам” дерегіне сүйене отырып, мынаны дәлелдейді: “Телеу (тилау) руының ақсақалдары  орын бөліскенде тақтың оң жағына орналасатын  еді”. Әр түрлі рулардың орны тегінде  рулар тізімінде көрсетілген  тәртіппен белгіленсе керек.

Теле тайпасының мұнан арғы тарихы қараханидтер мемлекетінің тарихымен  байланыста болды. “Қараханилар мемлекетінің құрамына кірген бізге мәлім тайпалар: үйсіндер, қаңлылар, дулулар, телі, қырғыз, қыпшақ ... балт жөне басқалар”.

  1. Д.Позднеевтің Телеу туралы мәліметіне келелік. Ол былай деп жазады: “Телестер (тегерек) бұрын Гао Гюй (гаогюй) деп аталған гаогюйлердің ата-бабалары чилэ (чили) тайпасы болды. Кейініректе олар тилэ деп атала бастады. Тилэ сюннулардың (хуннулардың, гуннулардың) ұрпақтары болып табылады”. Д.Позднеев былай деп атап көрсетеді: Вэй династиясы кезінде гаогюйлердің басты руы юань-хэ, ал суй династиясында - вэй-хэ тайпалары болды.

Информация о работе Теле тайпалық одағы