Қытай деректері бойынша
“теле көшпелілері атпен жақсы
жүретін, садақтан дәл ататын мергендер...
Теленің әдет-ғұрпы түріктермен
бірдей. Бірақ, оалрда ересек еркектер
үйоенген бетте, үйлену тойынан кейін
әйелінің ата-анасының үйінде қалып
қояды. Алғашқы бала туғанша күтеді
және бала емшектен шықпайынша ешқайда
кетпейді. Осыдан соң ғана жас отбасы
өз үйлеріне қайтып келеді. Өлгендерді
олар топырақпен көмеді. Міне, барлық
айырмашылық осы ғана”.
В. Радлов гаогюйлердің V ғасыр
соңындағы 12 мынадай руларын санап
береді: “1) Ауфуло (=Арбалык?), 2) Гу-лу
(= Койлык?), 3) И-чжань, 4) Дилянь (= Теленгут?),
5) Ку-хэ (= Кок?), 6) Да-бо (= Туба), 7) А-лунь
(= Алын?), 8) Моюнь (= Mojyн), 9) Сы-фынь ( Шибин),
10) Фуфуло, 11) Ки-юань, 12) Юшунай”.
Барлығы оларда ол кезде
жүз мың киіз үй бар болатын. Дәл
осы кезде олардың көсемі Фуфуло
Афуджило (= Абушка немесе Ак-Башлык) жужандармен
бірге қытайлықтарға шабуыл жасаудан
бас тартып, батысқа кетті және
өзінің дербестігін мәлімдеді.
“Гао-гюй” деп жазады Г.Е.Грумм-Гржимайло
өзін дили, телэ, чилэ деп атаған халықтың
кейінгі қытайша жапсырма есімі;
“Бэй-шыда” былай айтылған: “алғаш
гаогюйлер дилилер аталды, ал солтүстікте
олар гаогюй динлиндері делінді”, яғни
биік дөңгелекті арбаларды қолданған
динлиндер делінді. “Телэ” Паркердің
айтуынша “динлин” сөзінің жай
ғана өзгеріске түскен түрі. Телэ атауы
қытайда өте ұзақ уақыт сақталған
тәрізді. “Си-ся-шу-ши” және “Юань-ши”
былай дейді: “Әскерлерін алға жылжытқан
моңғолдық Сюань-фу-ши Ван Чжи
құмдардан өтті және Хэсиға келіп
са-ли, те-лэ және чи-минь тайпаларына
соққы берді”. Бұл хабар, Шыңғыс
хан дәуіріне жатады ”.
ІІ ТАРАУ.
“Жағал аттылар тайпасы
туралы ежелгі мәліметтер IV ғасырға
жатады – деп жазған еді Л.Потапов.
– Бұл кезде олар ежелгі Иншан
таулы жоталарының солтүстік
жақпарларында және оның оңтүстігінде,
Ордоста мекендеген еді. Бұл тайпа
кезінде сяньби және жужан бірлестіктері
құрамына енді және Ордос шөлінің
солтүстік бөлігіне қоныстанған
хунндардыі кейбір топтарынан өздерінің
арғы тегін бастайды. Ежелгі түркі
кезеңінде, нақтырақ айтсақ, VII ғасырда
жағал атты ала аттылар енді солтүстік
Алтайда Байкалдан батысқа қарайғы
жерлерді мекендеді. Мұнда олар қырғыздардың
ата-мекенімен шектесіп, олармен
жиі-жиі қақтығыстарға барды. Біраз
кейініректе олар ұйғырлар қағанатына
бағынды, одан соң Томскіден солтүстіктегі
Обь аңғарына жылжыды. XYII ғасырда
олар мұнда Жағалдар ордасы деп аталып,
Сібір орыс жылнамаларында осылай жазылды
және Нарым ауданында мекендеді.
Сонымен бірге жағал атты ала
аттылардың бір бөлігі қыпшақ-половецтері,
кейінірек қазақтардың Кіші ордасы,
ал кейбір бөліктері көшпелі өзбектердің
және сібір татарларының құрамдарына
кіргенде Мангу және Балаурнан деп
атады”.
Ежелгі алакчин тайцпасының
қазақ тайпаларының және әсіресе, Кіші
жүз тайпаларының, оның ішінде шын
ара Жетіру тайпаларының құрылуына
белсене қатысқанына біз сенімдіміз.
Осы орайда Н. Аристовтың Калча Қадыр
туралы қазатар аңызын өзінің белгілі
еңбегінде атап көрсетркені еске
түседі. Бұл аңыздар алакчиндердің
қазақ халқын және әсіресе, алшындарды
қалыптастыруда маңызды рөл атқарғанын
байқай аламыз. Т. Акеров алач (калач) –
хазладжи және олашивичи (орыс деректерінде)
сөздері араларындағы сәйкестіктерді
іздестіреді. Мұндай салыстырулар біздің
ойымызша, негізсіз емес. Енді Н. Аристовтың
еңбегіндегі аңыздың нұқсқасын
келтірейік. «Үлкен орданың аңызы
бойынша, Сарыүйсіннің Қалша деген
баласы болыпты. Илья Казанцевтың қырғыз
– қазақтарының Қалша Қадырдан тарайтындығы
туралы келтірген аңызы Сарыүйсіндерге
тікелей қатысты екенін көреміз:
Қалша Қадырбелгісіз бір басқыншының
қырғыз даласы арқылы өткен әскерінің
қолбасшыларының бірі екен. Шөлден
және аштықтан қаталаған ол әскерден
қалып қойыпты және өлім аузында
жатыпты. Бірақ оны аспаннан қалықтап
түскен аққаз (қаз-ақ) құтқарып алыпты.
Ол өте мейірімді екен және қалша
Қадырмен жанасыпты; олардың ұрпақтары
қазақ деп атала бастапты. Қалшаның
есімінен басқа ертегіде ешнәрсеге
назар аударылмайды».
Онан әрі алтайлықтардың
ата-бабаларының теле тайпасынан шығу
тегі туралы концепцияны негіздей келе,
Л. Потапов мынаны атап көрсетеді: «алтайлықтар
қыпшақ топтары тілінде сөйлеген.
Бұдан байқалатыны дамудың белгілі
бір кезеңінде оңтүстік алталықтардың
түркі тілдес тайпаларының қыпшақ тайпалары
мен байланыста болғандығы. Сонымен қатар,
алтайлықтардың негізін ұйғыр тайпалары
қалаған болатын». Н. Баскаков бұл жағдайды
былайша түсіндіреді: «қызіргі оңтүстік
алтайлықтардың тілі ежелгі ұйғырлардың
(телетайпасы) негізінде жасалған, ал қыпшақтанған
олардың белгілері оңтүстік алтайлықтардың,
олардың ата-бабаларының ұзақ уақыт қыпшақтарымен
араласуын нәтижесінде пайда болған. Жазбаша
деректер шындығында да оңтүстік алтайлықтардың
ата-бабаларының 6-8 ғасырларды және кейінірек
қыпшақ – тюкюлермен осындай қатынаста
боланын көрсетіп береді». Алтай тайпаларының
этникалық құрамындағы әртүрлі элементтердің
араласуы анық нәрсе. Рулардың және тайпалардың
шығуын және тарихын зерттей келе мынадай
шынайы ақыл- ойға тоқталамыз: «Көшпелі
тайпалар, әсіресе олардың ірілері өмірдің
шырғалаң тұстарында, соғыстар және жеңілістер
кезңдерінде іс-түссіз мүлде құрып кетпрейдіғ
олар ыдырап кетіп, онан соң қайта пайда
болады, тағы да топтасып ескі немесе жаңа
атаулармен шығып отырады.». Дәл осы айтылғандардың
барлығын алтайлықтармен көпшілігінің
ортақ тарихы бар қазақ тайпаларының шығу
тегіне де жатқызуға болады.
Алтайлықтар арасында телестердің,
телеңгіттердің және телеуттердің ру-
тайпалық топтарының өмір сүруі олардың
этникалық жақындықтарын дәлелдейді.
Олардың ішінде Л.Потапов көрсеткендей
ең саны көбі телеуттер болатын. Ол
XVII ғасырға дейін телеңгіттер
мен телеуттердің бір этникалық
құрылымды құраулары мүмкін екендігін
теріске шығармайды. Сонымен қатар
телестер және телеңгіттер бұрын
тегінде әртүрлі тайпалар болған.
Телеуттердің және телеңгіттердің біртұтастығы
туралы В.Радлов былай деп жазған
еді: “Тілі жағынан алтайлықтарға
телеуттер жақын. Бір кездері, шамамен
Ойрат патшалығының құлдырау дәуірі
тұсында айтарлықтай көп түркі
тайпасы Ертістен Солтүстік Алтайға
қоныстанған. Телеуттер өздерін
өздері телеңгет немесе қара қалмақ деп
атайды... Мұндайда қазақ-қырғыздардың
бекініс сұлтандарын тэлэнгют деп
атайтыны назар аудартады”. Телес
тайпасына келер болсақ, Л.Потапов
атап көрсеткендей XII ғасырдағы “Құпия
жылнамада” телестер телеңгіттермен
бірге аталған. Алайда, “теле” тамыры
екеуінде де сақталған. Бәлкім, Алтайда
көшіп жүрген, батысқа Жетісуға қоныс
аударған, осында Үйсін бірлестігіне
кірген және Арал мен Каспий теңіздеріне
дейін барған теле тайпасының құрамында
қазақ Телеулерінің тарихи ата-бабалары
да болған болар.
Телеуттердің телелер
ұрпағы болып табылатынын Л.М.Гумилев
те жазған еді. Ол телелерді мал шаруашылығымен
айналысатын, саяси жағынан әлсіз
ұйымдасқан тайпа ретінде сипаттайды.
“Телелердің ортақ ұйымдары болған емес;
оның 12 руының әрқайсысын ру басылары,
ақсақалдар басқарды, мұндайда “туысқандар
өзара келісімде өмір сүрді”. Сонымен
қатар Л.Гумилев батыс телелерін телеуттер,
ал шығыс телелерін телестер деп атауды
ұсынады. Телес, телеут, телеңгіт терминдері
туралы мәселені өрбіте келе Л.Гумилев
мынадай көзқарастарды келтіреді: “Батыс
шығыстанушылары Томсен, Хирт және Шаванн
толистерді (яғни телестерді) қытайша
айтылатын телелермен бір қояды, ал Бартольд,
Мелиоранский, Аристов және Грумм-Гржимайло
толистерді “теледен бөлек” түпкілікті
түрік тайпалары деп санайды... Аристов
этнонимиканы зерттеу негізінде телелердің
ұрпағы телестер емес, телеуттер болып
табылатынын анықтады. Ал Грумм-Гржимайло
тарихи материалдардың негізінде дәл
осындай қорытындыға келді”.
Бұл мәселеге байланысты Г.Е.Грумм-Гржимайло
былай деп жазған еді: “Менің өзім
толестер қытай жылнамаларында то-ли
немесе ту-ли деп жазылатын байырғы
түркі тайпалары деген көзқарасты
ұстанамын. Олардың көшу жолдары 630
жылы шығыс Халхада боған еді”.
VII ғасырдың ортасына дейін
телестер Алтайда өмір сүрді.
Ал XVIII ғасырда осында батыс
Моңғолиядан маньчжурлардан
қашып келген телеңгіттердің
келуіне байланысты олармен араласып
кетті. VII-IX ғасырлар бойы тюркюттар
Алтайда бір жағынан алтайлықтармен,
екінші жағынан Л.Гумилев айтқандай
“қазақтардың ата-бабалары далалық
тайпалармен” күресте болды.
Телестер далалық шаруашылығымен
айналысатын халық еді. Жаңа
жағдайда таулы мекенде “жауынгер
көшпелі малшылар еркіндік сүйгіш,
отырықшы малшыларға айналды.
Қысқартып айтқанда тюркюттар
телестерге айналды ”. Телестердің
тәуелсіздігі оларды моңғолдардың
басып алуымен жойылды. Телестер
енді Жошы хан бағындырған
тайпалар қатарында айтылатын
болды.VII ғасырдағы телеңгіттер бұлар
доланьгэлер, телес конфедерациясына
кірген еді. Л.Гумилев былай
деп жазады: “Телеңгіт” термині
“толос” терминінен ауқымды
өйткені олардың құрамына өздерін
толос атамайтын халықтар топтары
кіреді”. Телестерге келер болсақ,
В.Вербийкий Алтайдағы телес және
мундус тайпаларының шығу тегі
туралы бір аңызды айтады. Бұл
бойынша: “Соғыстан кейін бір
жерде жалғыз қыз ғана тірі
қалыпты. Ол қатты жаңбырдан
кейін мұзды және екі бидай
дәнін бірге жатқан жерінен
тауып алады. Оларды қолына
алып жеп қояды. Осыдан екіқабат
болған қыз отырған жерінен
шығып, адамдар қауымдастығын
тауып алады және сонда егіз
екі ұл туады. Оларды мундус деп атайды. Онан соң елге шығып
тағы да ұл туады. Бұл үш ағайындылар есейе
келе өзара бөлісті бастады. Бөліс кезінде
бір түйе (тео) және бір қой (куға) артық
болып қалды. Сонда кіші інісі былай дейді:
“Мен түйені бақтым ғой, неге маған бір
түйені артық бермеске?”. Әкесі былай
деп жауап берді: “Сен артық түйені (тео)
алғың келеді ғой, олай болса сен және
сенің ұрпақтарың Теолес деп аталсын”. Егіздердің сыңары
былай деді: “Мен қой бақтым ғой, маған
бір қойды неге артық бермеске?”. Және
ол ызаланып, қойды мүйізінен ұстап алды
да, оларды қайырды (куча муузин кодоро тартхан). Әкесі оны былай деп
атады: “Коткор - Мундус”. Егіздердің екіншісі әкесіне
былай деді: “Сен маған нені ұсынсаң да,
мен соған разы боламын”. Әкесі оған былай
деді: “Сен Чулум-Мундус (нағыз шынайы Муңдус)”.
Телеу тайпасының этногенез
мәселелерін түсіндіруде сеяньто
тайпасының маңыздылығы әңгіме етуге
тұрарлық. Теле тайпалар конфедерациясында
жетекші болғандардың бірі сеяньто
тайпасы туралы, оның Түрік қағанатында
атқарған рөліне байланысты әңгіме болған
еді. Дерек бұл туралы мынадай дәлел келтіреді:
“Янь-то тайпасының жылқылары тунлостарға
ұқсас. Олар жалы қара ақ аттар және шұбар
жылқылар түқымдарынан шыққан”.
Телес тайпасының барлық жылқылары бір
тұқымнан (гулигань, тун-ло, пу-гу, а-де
және т.б.) шыққан деуге болады. “Обозрение
Танской династии” сеяньто тайпасының
шығуы туралы мәліметтер келтіреді. “Олардың
өздерінің айтуларынша олар се (сир) руынан
шыққан. Ертеректе олар (сирлар) янь-то
тайпасына шабуыл жасап, оларды жойып
жіберіп, халқын бағыңдырмақ болды. Сондықтан
да олардың аталуы се-яньто”. Тағы да бір
куәлік бар: “Се-янь-то те-лэнің (толестің)
оқшауланған тайпасы... Бұрынырақта, Янь
Муюнцзюнның тұсында сюнну шаньюйы Хэцытоу
35 мың адамнан тұратын өзінің тайпасын
сеяньтоға алып келді. Бәлкім, бұлар солардың
ұрпақтары болар. Се (сир) тайпасымен аралас
тұрады. Сондықтан да се-янь-то деп аталады....
Екеуі де (яғни се және янь-то тайпалары)
ту-цюэлерге бағынады, бірақ тайпа ішінде
шығыста Юй-ду-цзюнь тауларынан бері бытыраңқы
мекендеген олар, Ши-Би қағанға бағынады,
ол батыста Тянь-Ханьнан Шэ-ху (ябгу) тауына
дейін өмір сүреді. Онан әрі дерек “сеянь-то
... сюннулардың (ғундардың) оқшауланған
бөлігі, яғни телес тайпасы болып табылады”,
- деп көрсетеді. Бұдан басқа тағы да мынадай
дерек бар: Біздің заманыммызға дейінгі
ІІІ-ІІ ғасырларда гунн шаньюйы Модэ синь-ли
тайпасының бірқатарын бағындырды. Олар
сирлер тәрізді. Осыған байланысты қытай
деректері олардың алғаш гундардан, кейінірек
телестерден шыққандығын айтады. Янь-тоға
келер болсақ, олардың жоғарыда көрсетілгендей
гунн билеушісі Хэцытоуға бағынулары
біздің заманымыздың ІҮ ғасырларына келеді.
Түрік қағанаты дәуірінде екі тайпа да
түріктерге бағынышты болды. Янь-тоны
тарду тайпасы ретінде көрсететін бірқатар
зерттеушілер бар (Ф.Хирт, Е.Шаванн, Томсен,
Грумм-Гржимайло).
Шәкәрім , қазақтар мен қалмақтардың
туыстығын да атап көрсетеді. Шыңғыс
ханның билігі кезеңінде Моңғолияда
қалған түрік тайпаларын осылай атаған.
Сөзбе-сөз аударғанда “қалмақ” “қалып
қалғандар” дегенді білдіреді. Шыңғыс
ханның тұсында қалмақтар моңғол
әскерлерінің батыс бөлігінде “ойрат”
- яғни ойрат қалмақтары деп аталды.
Қалмақ рулары арасында да телес руы
бар. Дәл осы ру қара қалмақтарда
да кездеседі, олар оны телеуттер
деп атайды. Шәкәрім сонымен қатар
телеут атауының бастауы ежелгі түрік
тайпасы теледен басталатынын айтады.
Қалмақтар оларды толенкуттар деп
атайды. Онан әрі Шәкәрім “телеуттердің”
қалмақтардан шыққанын жазады.
Алачиндардың телеуттерді
қалыптастыруға қатысуын анықтай келе,
алшындардың динлиндермен байланысын
еске түсіруге болады. “Егер динлиндер
дегеніміз - бұл теле болса, деп жазады
сібір халықтарының этногенезін
зерттеуші әйгілі Д.Савинов, онда олардың
аясында ежелгі түрік дәуірінің
ұйғыр, сеяньто және т.б. ірі халықтарының
онан әрі қалыптасуы өзара байланыста
көрсетілуі тиіс...”.
“Жағал халық” динлиндердің
ұрпақтары Енисейде мекендеді. Қытайлықтар
Динлиндердің екі иеліктерін атап көрсетеді:
олардың бірі Кангюлерден (кангылардан)
солтүстікте, екіншілері ұйгырлардан
солтүстікте, яғни Енисей аңғарында
болды. Кіші Орданың аға рулары батыс
динлиндерінің қоспаларынан шықты
ма екен? деп жазады Н.Аристов. Н.Аристовты
мақұлдаған қьшшақтардың шығу тегін
зерттеуші қазақстандық С.М.Ақынжанов
былай деп жазады: "... батыс
динлиндері субстрат болатын, олармен
араласқан түркі тілдес телес
тайпаларының бөліктері сеяньто, онан
соң қыпшақтар және одан әрі половцылар
деп аталатын тарихқа белгілі
күрделі этникалық түрді берді”.
XIII ғасырдағы қытай деректерінде
“қыпшақтардың көк көзді, сары
түсті шаштары болғандығы айтылады.
Олардың өндерінің ақшыл болуы
динлиндермен және финдермен
қан араластыруларының нәтижесі
деп ойлау керек”.
Ерте ортағасырлар кезеңі
көшпелі тайпалардың өз мекендерін
ауыстыруда үнемі қозғалыс үстінде
болғандығымен сипатталады. Осы тұрғыда
қазіргі Қазақстанның батыс шекараларына
дейін жетіп, қазақ этногенезі процесіне
белсенді араласқан хунн тайпалары болғандығы
күмөн тудырмайды Бұл көшпелі тайпалардың
орын ауыстыруы құрамында бір кездерде
мықты тайпалар конфедерациясы болған
жаңа мемлекеттердің құрылуымен қатар
жүрді. Динлиндер мен хунндарға байланысты
Теле конфедерациясы Түрік қағанатына
тәуелді болған, ол құлағаннан кейін қазіргі
Қазақстанның батыс шекараларында әртүрлі
этникалық элементтермен араласқан және
тұрақты қозғалыстың нөтижесінде пайда
болған мықты құрылымдардың бірі болды.
Кейбір тайпалар өздерінің бұрынғы маңызын
жоғалтып, тарих сахнасынан кетті және
олардың атаулары сол кезден бастап жазба
деректерде де өше бастады. Шын мәнінде Теле тайпасының қалдықтары
қазақтың Жетіру тайпалық бірлестігіндегі
Телеу руының атауында өзіндік бейнесін
қалдыруы мүмкін.
Р.Кузеев біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықта солтүстік хунндармен, өз кезегінде Орталық Азия, Моңғолия және Алтайдағы моңғол тілдес сяньби тайпаларының араласьш кеткенін жазады. Нәтижесінде ежелгі түркі қағанаты өмір сүрген кезеңде олар түркіленіп, қазіргі Қазақстан мен Башқүртстанның аумағында орналасқан теле (гаогюй) тайпаларына айналды.