Теле тайпалық одағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2012 в 19:04, реферат

Описание

Теле тайпалар одағы. Бұл тайпа негізінен, б.з.д ІІІ ғ. Ордостың батыс жағындағы даланы мекендеген. 338 жылы телелер тоба ханына бой ұсынып, теріскейге , Жоңғарияға көшіп барады . Кейіннен Батыс Моңғолияны түгел қаптап , сонау Селенгаға дейін жайылып кетеді.

Содержание

I ТАРАУ
Теле тайпалық одағының қалыптасуы мәселелері


1.1 Теле этнонимі, пайда болуы, мәні
1.2 Теле немесе Гаогүй одағының құрылуы және саяси және этникалық
құрылымы

ІІ ТАРАУ.
Теле одағы этникалық паралельдер мен жалғастықтар


ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

Теле тайпалық одағы.docx

— 66.89 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда аталған орыс зерттеушісі динлиндерге мінездеме  бере келе, олардың қоғамдық құрылысының  мынадай белгілерін көрсетті: динлиндер  билеушілері сайланатын ақсақалдар болған қауымда өмір сүрді. Динлиндердің шаруашылық қызметінің негізгі түрі олардың өміріне сәйкес келетін  аң және балық аулау болды.

1.2 Қытайлықтар шамамен V ғасыр соңындағы және VI  ғасыр басындағы төмендегідей 12 гаогюй руларын атап көрсетеді: лифули, тулу, ичжань, далянь, кухэ, дабо, алунь, моюнь, сыфынь, фуфуло, киюань және ишуцэй. Бұлардың ішінен тулуды – дулу, дабо – туба, урянхайлықтар және даляндарды Алтайда бұған дейін аман қалған телеңгет руындағы кейінгі доланьгэлерді тануға болар еді. 487 жылы фуфулолар ұрпақтарының басшысы жужандардан қол үзіп, гаогюйлықтармен бірге жүз мың киіз үйді алып батысқа кетті. Олар тегінде Тарбағатай мен Тянь-Шаньнның арасындағы Юебандардың жеріне қоныстанса керек. Сондықтан да гаогюйліктер түрік-тукюлер билеп алғанша табанды соғыстар жүргізді”. Мұнда біздің жоғарыда аталған далянь руына көңіл аудару жөн болар. Ол қазақ тайпасы Телеудің этногенез процесінде шешуші рөл атқарған тәрізді.

Жалпы теле (оларды кейде  телэ деп те атайды) тайпалары туралы төменде берілген мағлұматтардан көруге болады.

IV ғасырдың аяғына таман  теле тайпаларының арасындағы  юаньхэ тайпаларының бастауымен  болған  толқулар басталады. Осыған  қарап IV ғасырдың аяғына дейін  телелер Гоби шөлінен оңтүстікке  қарай мекендеген  деген ой  туады.

Келесі бір назар аударарлық мәліметке келер болсақ. Н.Бичурин  ойынша телелердің бір бөлігі Селенга  өзенінің солтүстігіне кетуі болып  табылады. V ғасырдың басына қарай телелер  Жоңғарияны қамтыды.

Г.Е.Грумм-Гржимайло айтуы  бойынша негізінен Монан аймағынан  болған гаогюйліктердің бірінші  болмауы мүмкін. Дегиннен оқығанымыз бойынша Хуннулар солтүстік Қытайдан қуылған соң, олардың үлкен бөлігі солтүстікке көшіп кетті, ал қалғаны, яғни тилэ немесе телэ аталғандары  батыста Каспийге дейінгі жазық  даланы алып жатты.

Г.Е.Грумм-Гржимайло В.Радловтың  мынадай қорытындыға келгенін айтады: орыс даласының оңтүстігіне басып  кірген хуннулардың едәуір бөлігін  біздің заманымыздан бастап “ұйғыр”  атауын алған шығыс түрік тайпалары  құрады – дейді. Осылайша ол “византиялықтардың да ұйғырларды хуннулардың бір бөлігі есептейді – деп болжалайды. Ұйғырлардың (гаогюйлер, телэлер) солтүстікке қоныс  аударуы қытайлықтардың ху-се тайпасын телелердің құрамына дұрыс қосқан жағдайда ғана ерте кезге жатқызылуы тиіс.

Теле руларының Хунн державасының ыдырау кезінде батысқа лақтырылған  көшпелілердің арасында болуы олардың  кіндік қаны тамған жердің ежелгі кезден көшпелі мемлекеттер мен Қытай  империясының арасындағы дау-дамайға  айналғандығын айқындайды. Қалай  болғанда да пармурумдар (фуфуло) батысқа  қоныс аударған ең алғашқы гаогюйліктер емес екендігімен келісуіміз керек.

Г.Е.Грумм-Гржимайлоның көрсетуі бойынша 546 жылы Түрік қағанатының  билеушісі Бумын қаған телелерге  шабуыл жасап, олардың жерлерін қосып  алады.

603 жылы телелердің бір  тайпалары қағанаттан бөлініп  кетті деген мәләметтер бар.  Және ол аба тайпасы болуы  мүмкін. Яғни Түрік қағанатына  бағынышты телэ тайпалары арасындағылардың  көтерілуі туралы айтып отырмыз.  Г.Е.Грумм-Гржимайло айтуы бойынша  “Чжансунь Шэнь өмірбаянында”  10 теле тайпасының арасынан Да-тоу  билігіне қарсы көтерілген: сы-цзе,  фу-ли, хунь, си-са, а-ба, бу-гу секілді  тайпа аттары аталады. Олардың  ішінен Суй-шу дерегіне сүйенер  болсақ, сы-цзе, фу-ли, хунь және  бу-гу тайпалары Ду-ло-хэ (Толы) өзенінен  солтүстікте өмір сүрген. Ал мына  аталғандар ішінен хунь басқаларына  қарағанда оңтүстікте болған.

Си-са атауын Э.Шаванн ху-сэ деп атауға болатындығын ұсынған. Аталмыш  тайпа “Суй-шу” жазба дерегі бойынша Толы өзенінен солтүстікте  өмір сүрген делінеді. Ал а-ба тайпасының мекен еткен жері белгісіз.

Қытай династиясы тарихынан  Селенга өзеніндегі тайпалармен  қоса батыста өмір сүрген тайпалар 602-603 жылдары билікке қарсы көтеріледі. Алайда осыдан кейін телелердің бір  бөлігі тағы да қытай үстемдігіне  бой ұсынды делінеді.

606 жылы телелік киби (циби) тайпасының басшысы Мохэ Гелэн  Түрік қағаны Чу-лоға күшті  соққы береді. Чу-ло хан телеліктерді  басу мақсатында олардың 200-ге  жуық басшысын қулықпен жинап  алып, басын алады. Телелер оларға  қарсы бірігіп, түрік үстемдігін  биліктен тайдырады. Осылайша  Шығыс Түркістанды VII ғасырда  қайта жаулап алады.

618 жылы сеянь-то және  киби секілді теле тайпаларын  Батыс Түрік қағанаты бағындырады.

Теле тайпалары туралы келесі бір мәләметтер 627 жылдары  кездеседі. Онда телэ конфедерациясының  орналасқан территориялары жайлы айтылады.

Суй-шу жазба дерегінде  Тянь-Шаньді мекен еткен 10-нан астам  теле тайпалары туралы кездеседі. Бұған  “Тан-шу” жазба дерегі киби және янь-мань (янь-ли) тайпаларын қосады. Янб-мань тайпасына келер болсақ, бұл тайпаның өзін басқаратын князьі болған және ол әскери округ болып табылады. Ғалым  Э.Шаванн бұл тайпа Алакөл және Балқаш өзендері арасын мекендейтінін анықтап  берді.

Қытай жазба деректерде көшпелі  тайпалардың орналасуының шартты түрде  көрсетуін олардың үнемі көшіп-қонып  жүргендігімен түсіндіреді. Әйтсе  де осы деректерге сүйеніп, теле тайпаларының қоныстануын көрсетсек.

Киби тайпасы. Бүгінгі  күнде бұл атау Мраста қоныстанған  қара татарлар арасында сақталған. Суй  династиясы кезінде бұл тайпа  шығыс Тянь-Шаньда орналасқан. Батыс  Түріктері 648 жылы қытай ханшасын өз қағанына сұрағанда, қытайлықтар оның орнына Шығыс Түркістанды сұраған  еді. Алайда түріктер олардың сұрағанын  қанағаттандырмайды. Сонда қытай  императоры оларға қарсы киби тайпасынан шыққан Хэлиді жүз мыңдық түрік және теле тайпаларынан құралған әскерді  жібереді. Бұл жорықтан соң Шығыс  Түркістан бағындырылады делінеді. Киби тайпасының қытайдың қызметінде болғандықтан және VII оларды Батыс түріктерге қарсы жорықтарға байланысты олар деректемелерде кездеседі, алайда IX ғасырдың ортасынан  киби тайпасы туралы мәліметтердің  кездесуі тоқтатылады.

Се-янь-то тайпасы. Суй әулеті кезінде деректемелер бойынша Гоби Алтайда орналасқандығы айтылады. 629 жылы олардың көсемі И-нан Өтукенге көшіп кеткен, ал кейіннен олар шығысқа  қарай Толы өзені орналасқан аймаққа  көшкен. 645-646 жылдары қытай-ұйғыр  қуғындау саясатымен сеяньто тайпасы  қуғындалды. Аман қалған бөлігі Ордоста  қоныстанды. Ал қалған бөлігі басқа  жергілікті теле тайпаларымен ассимиляцияға  ұшырап, құрып кетті.

До-лань-гэ тайпасы. Н.Аристов, В.Радлов бұл тайпаны теленгіттермен, сонымен қатар гаогюйлік далянь тайпасымен байланыстырады. Г.Е.Грумм-Гржимайло  оларды Орхон өзенінен батысқа қарай  Хангайға орналастырады. Ал қытай жазба  дерегі  Тан-шу бойынша доланьгэ тайпасының сеяньто тайпасынан шығысқа  қарай орналасты деп жазады.

Ху-сэ (сиса) тайпасы. Суй  әулеті кезінде Селенга бассейнінде  көшіп қонып жүрген делінеді.

Тун-ло тайпасы. Тан-шу бойынша  бұл тайпа Доланьгэ тайпасынан шығысқа  қарай, сеяньто тайпасынан солтүстікке  қарай орналасты. Дәл осы дерек  бойынша Тун-ло тайпасының теле тайпаларының ішіндегі Өтукеннен шығысқа қарай  қоныстандығы ерекше атап көрсетеді. Тун-ло тайпасының Орхон және Селенга арасында мекен еткен деген  мәліметті  “Суй-шу” жазба дерегі дәлелдей түседі. Бұл жазба деректе тун-ло тайпасы Толы өзенінен солтүстікте  орналасқан делінеді.

Пу-гу  (Н.Аристов, Шлегель  бугу деп атайды) тайпасы. Басқа теле тайпаларына қарағанда солтүстікке  және тун-ло тайпасымен көршілес орналасқан. Бұл оларды Орхон және Селенга  өзенінің төменгі ағысы арасында қоныс тепкен. Дәл осы жерде  Си-цзи (хи-ге) тайпасы өмір сүрген болатын. Тан-шу жазба дерегінде бұл тайпа  тун-ло тайпасынан солтүстікке қарай, және пу-гудан  батысқа қарай созылған. Себебі төменде көретініміздей шығысқа қарай дәл осы жазба дерек бойынша ба-е-гу тайпасы болған. VII  ғасырда (630-680 жылдар арасы) Хэсиге көшеді.

Сы-цзе (сы-ге) тайпасы. Бұл  тайпа бұрынғы сеяньто тайпасы  жерінде көшіп-қонып жүрген делінеді. Тан-шуда сы-цзе және си-цзе тайпаларының әскері қосылғанда 20 мыңға жететін. Осыған қарап, олардың орналасқан жерлері  бір, яғни жоғарғы Селенга бассейнінде  орналасқан деген ой туады. Осы жерлерде кезінде сеяньто тайпасы орналасқан, әйтсе де бұл жерлерге олар V ғасырдың басына дейін келіп қойған. Себебі олар Муюн Цзюнмен (346-380 жылдар арасында) бағындырылып, Гобий шөліне, Ұлы  қақпаға жақын маңға ығыстырылады. Олар сол жерде өздерін тоба әскері талқандағанға дейін өмір сүреді.Бұл  сеяньто тайпасы туралы өте ертеде айтылған мәлімет. Ол сеяньтодағы 2 тайпа  бірлестігінің Тан-шу бойынша Монанда, яғни Гоби шөлінің оңтүстігінде пайда  болуы тиіс.

Ба-е-гу ( байырқу, Орхон жазбаларында мұны Хирт, Томсен өзіне сеніп айтқан) тайпасы. Бұл тайпаның территориясы өте үлкен болған және Гентэйден  шығыста Мохэ территориясына, яғни Сунгар бассейніндегі өзенге дейін  созылған. Тан-шуда айтылғандай олар шаңғыда бұғыларды аулаутын. Сол  себепті де олардың солтүстікте  шекарасы таулы тайгаға дейін  жетуі мүмкін деген ой туады.

Гулигань тайпасы. Орхон  жазбаларында Курыкан. Олар Байкал өзенінен батысқа қарай жерді қамтыған. Юань ши дерегіне сүйенер болсақ, олардың  тілі қырғыз тілінен ерекшеленген, және бұдан байқайтынымыз олар телелік  халықтар тобына кірмеген.

Бай-си тайпасы. Бай-си тайпасы  байырқулардан оңтүстікте, солтүстік  Халхеде көшіп-қонып жүрген. Батыста  шекарасы тун-ло, пу-гу тайпаларымен шектесетін болғандықтан, олар Толы және Керулен  өзенінің жоғарғы ағысымен қиылысатын деуге болады. Сеяньто Толыға дейін  жылжығаннан кейін, олар шығыста  юэ-чжи өзені аймағына көшсе керек. Ол өзен шекарада қидан иеліктерінен бөліп тұратын. Юэ-си (юэ-чжи болуы  мүмкін) аймағы Уан-ту-фу мен Мукден арасында жатқан болатын. Деректерде бұл  тайпа соңғы рет 660 жылдары кездеседі.

Юань-хэ ( вэй-хэ, хойхэ, у-ху, у-гэ, ұйғырлар) Тарих ғылымында бұл  тайпа Жао-ло-шуй өзенінен батыста, Тоба Гуй 391 жылы күшті соққы берген Лу-хунь-хай аймағында кездеседі. 403 жылы солтүстікке қарай, яғни Халхада, Орхон және Толы өзені аралығына  көшіп келеді. 629 жылы ұйғырлар ( юань-хэ) басқа теле тайпаларымен бірге сеяньто князьі Инан мемлекетінің құрамына кірді. Шығысқа қарай жылжығаннан кейін олар Өтекеннен Толыға дейінгі аймақты қамтыған болса, ұйғырлар солтүстік Селенга өзеніне ығысып кетуі ықтимал. Кейінірек олар Хэсиге көшіп барып, Гань-Чжоу мен Лян-чжоу аралығына қоныстанған басқа теле тайпаларының құрамында болды.

Хунь тайпасы. Суй әулеті кезінде Хунь тайпасы Толы өзенінің солтүстігінде қоныстанған болатын, ал кейіннен Хангай тауының оңтүстік етегіне көшіп кеткен болуы керек. Тан-шуда бұл тайпа басқа теле тайпаларына қарағанда оңтүстікте болған делінеді. Кейінірек олар Хэсиге, Лань-чжоу округіне қоныстанады. Осыдан кейін бұл округ Гаолан округі атауын қабылдайды. Бұл жерде олар өз көзқарасын қытай көзқарасымен біріктіріп, бірнеше рет оларға тибеттіктермен соғыста көмектесті.

А-дэ тайпасы ( Орхон жазбаларында эдиздер). Олардың орналасқан жері белгісіз. Алайда 647 жылы олардың жер атауының Ги-тянь-чжоу болып өзгеруіне қарағанда, Тан әулетінің бас кезінде  олар Ала-шань тауларында өмір сүрді  деген ой туады. Қытай елшісі Ван-янь-дэ 982 жылы Бэй-шань арқылы Ұйғырияны өтіп бара жатып, Хэсиде осы тайпаның Эцзин-голдан қонысын кездестіруі мүмкін деп  жазады.

Теле тайпаларының ішіндегі тағы біреуі ду-бо Радлов, Аристов, Хирт туба деген) тайпасы. Ол хагястықтардан шығысқа қарай Енисей мен Косогол  өзені арасында өмір сүрген. Дәл  осы Тан-шу жазба дерегінде ду-бо және сонымен қатар ми-ли-гэ (меркіттер) мен э-чжи ( Косоголда қоныстанған) тайпалары тегі жағынан телелік  емес, олар түрітер делінеді.

Осылайша, Г.Е.Грумм-Гржимайло  теле тайпасы өзінің барлық тарихында  өзінің мекендейтін жерлерін үздіксіз ауыстырып отырған деп көрсетеді. VII ғасырдың ортасында олар  қысқаша  айтар болсақ, төмендегіше қоныстанды.

“Хангай тауларында батыстағы  Цзабхан өзені мен шығыстағы  Орхонның бастаулары аралығында доланьгэ-телеңгіттер  өмір сүрді; Селенга өзенінен жоғарыда сыге-изгили; Селенга мен Орхонның төменгі  – пугу-бугу; Толой мен  Орхоның аралығындағы далаларда  – ұйғырлар; Керуленнен солтүстікке  қарай Хэнтеем мен Хинганың аралығында – байегу-байырқу; Селенга өзенінің аралығында пугулардан батысқа қарай  – сыге; байырқулардан оңтүстікке қарай – байсы; Забайкальеде –  гулигань-курыкандар; Алашан тауларында аде-эдиздер, Ордостан батысқа қарайғы  далаларда хундар және кибилер мекендеді”.

Телес тайпаларын Орталық  және Шығыс Азияда орыс зерттеушісі  Д.Позднеев төмендегі тәртіппен (тайпалар мен рулардың аттары қытайша берілген) орналастырған.

Толы өзенінен солтүстікке  қарай төмендегідей телес тайпалары  өмір сүреді: Пугу (Бугу), Тунь-ло, Вэй-хэ, Бай-гу (Байегу), Фу-ло (фуфуло), Сы-цзинь, Мэнь-чэнь, Ту-жу-хэ, Сы-цзы, Хунь, Хуси және тағы басқалары.

Хами мен Қарашар қалаларынан  солтүстікке қарай: Ци-би, Ло-чжи, И-чжи, Су-по, На-хэ, У-ху, Бчжи-юй, Ни-ху және тағы басқалары.

Алтайдан оңтүстік-батысқа: Сеь-янь-то, Чжи-лэ, Эр-ши-пань, Да-ци (Юань-ци) және басқалары.

Соғды хандығынан солтүстікте: Хэ-чжи-хэ (Хэ-чжи), Цзнь-бо (Хэ-цзнь), Ху-би (Бо-ху), Цянь-цюй (Ду-юй-цзюй), Хай-хэ, Би-си (Бэй-си), Хэ-янь-су (А-цзю-су), Бань-вэй, Кэ-да.

И-хай көлінен шығыста  және батыста: Су-лу-цзнь, Сань-со-янь, Мн-цу, Лунь-ху және тағы басқалар.

Фу-линнен шығысқа қарай: Сы-цюй, А-лань, Бэй-чань, Цзю-ли-фу, Вэнь-Кунь.

Бэй-хэйден (Байкал көлінен  оңтүстікке қарай) оңтүстікке қарай: Ду-бо.

Жоғарыда айтылғандардан Телелер қоныстанған аймақ өте  кең, шығыста Үлкен Хинганнан  батыста Каспий теңізіне дейінгі  жерді қамтып жатыр деген ой туындайды.

Гаогюйліктерді ұйғырлар деп санаған В.Радлов олар туралы төмендегідей мәліметтер береді: “Гао-гю Чи-дидің ежелгі руының тұқымдары: алғаш  олар өздерін Ди-ли деп атады, онан соң солтүстікке қоныстанғаннан кейін ғана Дин-лин есімін қабылдады. Олардың тілі де хундардың тіліндей, аздаған ғана ерекшеліктері бар”. Гао-гюлердің қоғамдық құрылысы туралы мәліметтер де қызық: “Оларда біртұтас мемлекеттік билеуші жоқ, әрбір  руды ерекше бастықтар билейді. Олар дөрекі және жабайы. Руластар өзара  келісімде өмір сүреді және көшу кездерінде бірін-бірі қолдайды. Шайқаста олар қатарға  түрмайды, жауларына қарсы жүйесіз  тобыр түрінде ұмтылады. Олар бірінде  алға ұмтылса, бірде шегінеді. Тізбектеле шайқасу қолдарынан келмейді. Үйленгенде тойға сыйлық ретінде өгіздерді  немесе жылқыларды бергенді ұнатады. Шешім  қабылданған бетте неке қиылады. Күйеудің туыстары қалыңдықтың ата-аналарына өздеріне ұнаған жылқыларды табыннан таңдап алуға мүмкіндік береді. Олар болса оны бірден ерттеп мініп кетеді. Жылқы иелері табыннан алыстау тұрып аттарды қол соғып үркітуге тырысады. Әркім өзінің жылқыларын ұстап алғанда, мереке де бітеді. Оларда нан жоқ және шарап жасамайды. Күйеу мен қалыңдық некесін қидырған күні қымыз және ұсақ туралы ет (қырғыздарда “беш-бармақ”) беріледі. Қожайын қонақтарды әрқашанда өзі сыйлайды. Мұндайда отыратын орынды таңдау жоқ. Олар киіз үйдің алдында, шөптің үстінде топталып қана отырады және күні бойы жейді және ішеді”.

Информация о работе Теле тайпалық одағы