Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 12:45, реферат
Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез-келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді.
Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс » пассив шотында жүргізіледі.Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты кәсіпорын шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен алған кіріс» және т.б көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.
2.1 Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі .
Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез-келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді.
Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс » пассив шотында жүргізіледі.Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты кәсіпорын шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен алған кіріс» және т.б көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.
Есепті кезең соңында 6010 кредиті бойынша алынған кірістер сомасы 5410 «есепті жылдың пайдасы (залал) » шотына көшіріледі. осы шоттың ақпараты 2 «кірістер мен шығыстар туралы есеп » үлгісін толтыру үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында есептеу әдісін енгізгенге дейін ұйымдардың басым көпшілігі кірісті анықтау кезінде кассалық әдісті қолданып келді. Жұмыстарды орындаушылар мен қызмте көрсетушілердің есебіне ақша қаражаттарының келіп түскен кезі, өткізу кезін есепке алу үшән белгі беру болып саналады.
Сатушы – ұйымның сатып алушығы меншікпен байланысты маңызды тәуекелдер мен сыйақыларды беру кезін бағалау мәміледегі талаптарды зерттеуді талап етеді. көпшілік жағдайларда, меншікпен байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды беру меншіктің заңды құқықтарын берумен немесе иелік ету құқығын сатып алушыға берумен сәйкес келеді.
3 – кесте. 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс» шотындағы шоттар корреспонденциясы төмендегі кесетде келтірілген:
№ |
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет |
Кредит | ||
1 |
Шот –фактуралар, тауар-көлік құжаты негізінде дайын өнім /тауар/ тиеліп жөнелтілді: - шарттағы бағалар бойынша - ҚҚС сомасына |
1210 1280 1210 1280 |
6010 3130 |
2 |
Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін шарттар қойылды: -ҚҚС сомасына |
1210 1280 1210 1280 |
6010 3130 |
3 |
Ұсынылған сомалар үшін төлем банктегі шоттарға келіп түсті. |
1040 |
1210 1280 |
4 |
Ағымдағы кезеңге жатқызылған, өткен кезеңде алынған кірістер |
3520 |
6010 |
5 |
Есепті кезең соңында 6010 шоты 5410 шотының ұлғаюына жабылады. |
6010 |
5410 |
6010 шотындағы аналитикалық есеп жыл басынан өсіп отырған жиынмен, бір айда алған кірістердің түрлері бойынша ведомостарда жүргізіледі.
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдарының өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектісі әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыратыны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамның сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.
Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтыралатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) және тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады[23,51-52].
Негізгі құралдарғы толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріліді. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорыннның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді. Кәсіпорындағы бұрын салынған үйлер мен ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға жалғастырылып салынған немесе олардың бастапқы құнын өсіретін қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша қосылады. Негізгі құралдарды кіріске алғанда ұйымның бухгалтериясында мынадай бухгалтерлік жазулар жазылады:
Үкімет оргнадарының субсидиялары шоты деп аталатын шоттардың тиістілері.
Егер кәсіпорынға
келіп түскен,яғни кіріске
алынған негізі құралдар бұрын
пайдалынып және оларға тозу
сомасы есептелген болса,
Дебет: негізгі құралдар шоты;
Кредит: негізгі құралдар тозуы шоты.
№ |
Операциялар мазмұны |
Дебиттелетін шот |
Кредиттелетін шот |
1 |
Ұйымның салынып жатқан құрылысы кіріске алынды |
121-126 121-126 |
641-643 641-643 |
2 |
Негізгі құралдар қатарына өткізілген жас малдарды есепке алу |
121-126 121-126 |
671 671 |
3 |
Көп жылдық өсімдіктерді кіріске алу |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
4 |
Уақытша салынған құрылысты кіріске алу |
121-126 121-126 |
727 131-134 |
5 |
Үлес қосушылардан жарғылық қорды толтыру мақсатымен кіріс етілген негізгі құралдарға:
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
6 |
Жеке немесе заңды тұлғалардан сатылып алынған негізгі құралдарғы:
|
121-126 121-126 |
641-643 641-643 |
7 |
Тәуелді, еншілес және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардан кіріске алынған негізгі құралдар:
|
121-126
121-126 |
671
671 |
8 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан келіп түскен, әзірге ақшасы төленбеген негізгі құралдар:
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
9 |
Басқа да атқарушы органдардан субсидия ретінде келіп түскен негізгі құралдарды кіріске алу:
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
10 |
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (ақысыз, қайтарусыз) алынған негізгі құралдарды кіріске алу:
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
11 |
Тексеру немесе түгендеу кезінде артық шыққан немесе бұрын есепке алынбаған негізгі құралдарды кіріске алғанда:
|
121-126 121-126 |
727 131-134 |
12 |
Ұйымның өзінде өндіріліп, кіріске алынатын негізгі құралдар:
|
121-126 121-126 |
8010 8030 |
Есеп №1. Негізгі құралдар №30 орта мектебіне «компьютер» түрінде 10 данасы, әрқайсысының бағасы 120 000 теңге, демеушілік көмек ретінде алынды. Оларды былайша кіріске алады:
Дебет 2411-2417 Кредит 6280 Σ 1 200 000 теңге
Егер табыс ету құжаттарында тозу сомасы көрсетілсе, онда
А) баланстық құнына Дебет 2411-2417 Кредит 6280 Σ 400000
Б) тозу сомасына Дебет 2411-2417 кредит 2421-2429 Σ 800000
Есеп №2. Егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан демеуқаржы (субсидия) түрінде алынса.
Дебет 2411-2417 Кредит 6230 Σ 1 000 000 теңге
Табыс етілген НҚ пайдалануда болып, құжаттарында тозу құны көрсетілсе, онда:
А) баланстық құнына Дебет 2411-2417 Кредит 6230 Σ 600000
Б) тозу сомасына Дебет 2411-2417 кредит 2421-2429 Σ 400000
Тауар-айырбас операциясы нәтижесінде НҚ келіп түсу (тауар беріліп, орнына НҚ алынған).
Босатылған тауарлардың сатып алу құнына
Дебет 7010 Кредит 1330 Σ 1 200 000 теңге
ҚҚС-сыз босатылған тауарларлардың келісім құнына (салық салу шот-фактурасына сәйкес)
Дебет 1210 Кредит 6010 Σ 1 500 000 теңге
3. ҚҚС сомасына (салық шот-фактурасы бойынша)
Дебет 1210 Кредит 3130 Σ 300 000 теңге
4. алынған НҚ баланстық құнына (егер құжаттарда тозу сомасы көрсетілсе) Дебет 2412 Кредит 3310 Σ 1 500 000 теңге
5. Тозу сомасына (қабылдау-өткізу құжаттары бойынша)
Дебет 2413 Кредит 2423 Σ 200 000 теңге
6. ҚҚС сомасына (әріптетен алынған салық шоты бойынша)
Дебет 1420 Кредит 3310 Σ 300 000 теңге
7. ҚҚС есепке алу Дебет 3130 Кредит 1420 Σ 300 000 теңге
1210- 1 800 000 (1500000+300000)
8. Жыл соңында:
А) шығындар жиынтық табысты кемітеді
Дебет 5410 Кредит 7010 Σ 1 200 000 теңге
Б) кірістер жиынтық табысты арттырады
Дебет 6010 Кредит 5410 Σ 1 500 000 теңге
Аталған операциядан алынатын табыс (571-шоттың кредиттік сальдосы) Σ 300000
Жыл қорытындысы бойынша 6-бөлімнің шоттарында көрсетілген кірістер жиынтық табыстың өсуі: Дебет 6230,6280 кредит 5410
Негізгі құралдарды түгендеу кезінде анықталған артықшылықтары (келіп түскен кезде кіріске алынбағандары) мынадай бухгалтерлік жазбамен кірістеледі: Дебет 2411-2417 кредит 6280
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру қаржылық есеп берудің маңызды формасы болып саналады. Ол ұйымның барлық кірісінің сомасын өз қызметін ұстап тұру үшін жұмсаған шығыстарының барлық сомасымен салыстырудан тұрады, Сонымен бірге оның баланстан өзгешелігі уақыт аралығындағы капиталдың қозғалысын, есепті кезендегі ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Сондықтанда ұйым балансымен салыстырғанда бұл есеп беру талдаушы (аналитик) үшін неғұрлым маңызды және көбірек ақпарат беруші болып саналады. Ол ұйым табыс әкеле ме, әлде зиян шеге ме дегенді анықтау үшін кірістер мен шығыстар туралы толық деректердің көмегімен белгілі бір есепті кезендегі ұйым қызметінің нәтижелерін бағалауды қамтамасыз етеді.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп – бұл есепті кезеңдегі ұйым қызметінің табыстылығын өлшейтін есеп. Іскерлік және инвестициялық шеңберлерде ол ұйымдардың рентабелдігін, инвестициялық құндылықтарын, несие қабілеттілігін анықтау үшін пайдаланылады. Ол инвесторларға және кредиторларға, соның көмегімен олар алдағы ақша ағындарының көлемін болжауы мүмкін ақпарат береді.
Бұл есеп қаржылық есептілікті пайдаланушыларға болашақтағы ақша қаражатының қозғалысын бірнеше әртүрлі тәсілдерімен болжауға мүмкіндік береді.
Кірістер мен шығыстар, кірістер мен шығыстар туралы Есепте, өнімдерді өткізу мен қызметтер көрсетуден түскен кірістер мен шығыстарды, қаржыландырудан және өзге де қызметтен алған кірістер мен шығыстарды анықтауға болатындай етіп топтастырылады. Бұл ретте таза кіріс (залал) тұжырымдамасы, кез келген кірістер мен шығыстардың әдеттегі қызметке жататындығына сендіруге негізделген, өйткені олар, істі белгілі бір саяси, экономикалық және географиялық жағдайларда жүргізуші ұйым кездескен тәуекелдерді көрсетеді[26,71-72].
Әдеттегі қызметтен біржақты түрде ерекшеленетін оқиғалар мен мәмілелер төтенше жағдайлар болып есептеледі. Төтенше жағдайлар белгілерінің бірі – негізінен, олардың сирек, қайталанбас сипаты болып саналады. Бірақ та, барлық сирек болатын оқиғаны төтенше жағдайларға жатқызу міндетті емес. Мысалы, еншілес серіктестікті сату көпшілік ұйымдар үшін жиі оқиға болып саналмайды, бірақ та ол әдеттегі қызмет оқиғасы ретінде қарастырылады. Төтенше жағдайлардың неғұрлым кең таралған мысалдары – жер сілкіну, меншікті экспропорциялау және т.б.
Сонымен бірге, төтенше жағдайларға тіпті табиғи және саяси катастрофаларды жатқызу, ұйымдар үшін әдеттегі қызмет болып саналатынына-саналмайтынына қатысты болады. Мысалы, сейсмикалық қауіпті ауданға орналасқан ұйымдар үшін жер сілкінуінен болған залалдар, әдеттегі қызметтен болған нәтижелерге жатқызылуы тиіс, өйткені осындай шығындардың болу тәуекелі – аталған географиялық аймақта бизнес жүргізудің әдеттегі тәуекелі (қауіп-қатері) болып саналады.
Әдеттегі қызмет шеңберінде кейбір кірістер мен шығыстарды оқшау түрде ашып көрсету талап етіледі. Бұған деген қажеттілік, өзінің сипаты немесе мөлшері бойынша, олар туралы мәлімет есепті кезеңдегі ұйым қызметінің нәтижелерін түсіндіру үшін маңызды болған кезде туындайды. Мысал үшін, негізгі қызметтен алған (дайын өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді өткізу) кіріс (залал) пен негізгі емес қызметтен алған (негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді өткізуден бағамдағы айырмашылықтан және т.б.) алған кіріс (залал) бөлек табыс етіледі.
Информация о работе Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі