Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 12:45, реферат

Описание

Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез-келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді.
Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс » пассив шотында жүргізіледі.Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты кәсіпорын шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен алған кіріс» және т.б көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

  Қорыта  келгенде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізігі мақсаты пайда алу болып табылады. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықытық жолға көшуіне байланысты жаңа кэсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына байланысты сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстары мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт  бойынша көрсетіледі:

  • Операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субьектінің негізгі қызметін сипаттайтын);
  • Инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің  құрамы мен мөлшеріндегі өгзірістерді тудыратын);
  • Қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).

Бағыттардың әрқайсысы  бойынша ақша түсімдерінің нақтылы  түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде  олардың шығып қалуы мен көбеюін  немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың  құрамы, олардың көздері және белгілі  бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.

Қызметтің қаржылық нәтижесінің  есебінде баланстық пайданы немесе залалды есептеуге мүмкіндік  беретін, есеп беру кварталы және жылдық есеп беру бойынша өспелі айналымдағы  табыстың және шығарылған шығыстардың барлық алынған көлемі қатысады. Жыл аяғына барлық алынған көлемі қатысады. Жыл аяғына қарай табыс жиі бөлінеді, ал залал әртүрлі көздер есебінен өтеледі.

Табыстарды  бөлу құрылтайшылық  құжаттармен сәйкес жүргізіледі. Салық  салғанға дейін құрылған нормалар аумығында табыстан резервтік капиталды толтыруға болады. «Кіріс» және «Шығыс» шоттары жылдық есеп беруде барлық акционерлер жылдық есеп беру жиналысында бекітілгеннен кейін жабылады.

Табысты бөлудің негізге  алынатын қағидаттардың бірі - ол біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді алғашқы кезекке  орындау. Екіншіден, меншікті ұлғаймалы  өндірістің қажеттіліктерін тиісті қаражаттармен қамтамасыз ету; үшшшіден, кәсіпорынның резервтерін қалыптастыруға бағыттау; кәсіпкерлік тәуекел едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.

Табыстың сан қырлы  мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып  отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке  ие болған салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.

Бүгінгі шаруашылық жүргізуші  субьектісінде табыстар мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. Қосымша құн мен пайда категорияларының экономикалық мазмұны іс жүзінде бара-бар. Табыс категориясының қосымша құн категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұсмалатын табыстарды өзіне қамтуында.

Жалпы алғанда, табыстар күн көрінісінде алынған игіліктерде  және оған жұмсалған кажетті шығындардың айырмасы ретінде анықталады.

Жалпы табыс кәсіпорын  иелерінің табысы және жалдама қызметкерлердің  табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен  жалпы пайда қалады.

Тауар айналысы сферасының салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) өнім өткізуден түскен түсім-ақша категориясының орнына тауар айналымы категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу-сату жолымен ақшалай табастарды тауарларға айырбастаумен байланысты болатын экономикалық қатынастар құрайды. Шетелдік практикада түсім-ақша атауының орнына көбінесе жалпы табыс атауы пайдаланылады. Алайда, бұл осы атаудың өте кең баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған қүнды немесе шаруашылық жүргізуші субьктісінің таза өнімін білдіреді.

Саудада жоспарлау мен  есеп жүргізудің практикасында  жалпы  табыс деп сауда үстемелерінің (жеңілдіктерінің) сомасын, қоғамдық тамақтанудан түскен сауда үстемелері мен қымбаттаудың сомасын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж.

2 «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж.

3 Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.

4 Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж. 

5 Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.

6 В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.

7 Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.

8 Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.

9 Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006

10 В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы,             2002 ж.

11 О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003. 153-183бет.

12 Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

13 Китбаева К.Ә. «Бухгалтерлік есеп негіздері», Қарағанды қ. 2002 ж.

14.  Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н. Бухгалтерлік есеп теориясы Алматы: - Ұлағат, 1999 ж.

16 Абленов Д.О. «Аудит негіздері» - Алматы: Экономика 2004 ж.

17 Міржақыпов Қ. «Бухгалтерлік есеп» Қарағанды қ. 2008 ж.

     18 Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының Заңы; 28.02.07. №234 бұйрық.

     20 №2 Ұлттық  қаржылық есеп стандарты

     21 № 18 «Түсім» халықаралық қаржылық есеп стандарты

22 Қ.Қ. Ілиясов «Қаржы» Жоғары оқу орындарына арналған Алматы, 2005ж.

23 В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И. Шмидт, "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебі" "Қазақстан орталық аудит" тәуелсіз компаниясы, Алматы, 2003ж

24 Қ.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г.Жумагалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы "Экономика", 2001ж 

25 Мұхамбетова С.М. «Ұлттық шоттар жүйесі»Алматы: Экономика, 2007 ж

26 ХҚЕС бойынша  шоттар жоспары Алматы: БИКО, 2006 ж

27 Кеулімжаев  Қ.К., Құдайбергенов Н.А.«Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері»Алматы: Экономика, 2006 ж

28 Вазарова  В.Л.«Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп»Экономика, 2005 ж

29 Әбдіманапов Ә.«Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері»Алматы, 2006 ж

30 Баймұханова С.Б.«Бухгалтерлік есеп»Издат маркет, 2005 ж

 

 


Информация о работе Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі