Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 12:45, реферат
Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез-келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді.
Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс » пассив шотында жүргізіледі.Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты кәсіпорын шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен алған кіріс» және т.б көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе, қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет[3,127-132].
7- кесте . Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жаңарту жолдары
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жаңарту жолдары | |||
өнеркәсіп үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу | |||
басқаруды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жетілдіру | |||
экстенсивті (жұмыс уақытының қорын пайдалануға) | |||
интенсивтіге (уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне) |
Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беру керек.
3.2 Кәсіпорнның ақашалай кірістерін талдау
Кәсіпорынның бүгінгі Қазақстандағы жағдайларда өміршеңдігі болуы үшін, нарықтағы әрбір қадамды есепке алу қажет, кадрларды және кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновациялар енгізу керек.
Тәуекелділікті ойлы жасау керек және ең күрделі жағдайдың оптималды шешімін таба білу қажет. Сондықтан да фирманың кәсіпкерлік менеджері мен оның барлық командасының жұмысы маңызды 3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау
Кәсіпорынды барлық уақытта әр түрлі көздерден келіп түсетін капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша - қаражаттары, сондай-ақ фирма қарекеттері негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер. Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет. Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы . Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады. Кіріс алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады. Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді[29,81-83].
Отандық және шетел әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады . Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі – ақша қаражаттарының таза қолданысы, ал пассив – таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді. Германиядағы ғалымдардың түсіндірмесінде бұл термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп қолданылады. Олардың айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады. Ресейде «ақша ағымдары» түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша № 4 «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі. Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда – кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады. Ақша қаражаттарының кірістен айырмашылығы : түсім – берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады. Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару – қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт. Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізгі бағыты – кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:
Осы көрсеткіштердің
шекті көлемі және жыл
Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде, эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді
Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі – коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.
Мұндай саясат нәтижесі болып:
банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
кәсіпорынның жыл бойы несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін баланстың актив пен пассив құрылымын қалыптастыру[27,20-25].
Ақша ағымдары дегеніміз – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі . Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.
Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.
Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:
Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.
Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:
баланс өтімділігін реттеу;
Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылықтұрақтылығын және оныңөз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді жәнеоларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылықтұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М.Радионова мен М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдасьтыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т.б. жатады.
Информация о работе Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі