Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 12:45, реферат

Описание

Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез-келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді.
Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс » пассив шотында жүргізіледі.Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты кәсіпорын шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен алған кіріс» және т.б көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның есеп беру мазмұны ҚЕХС және бухгалтерлік есептің  стандарттарымен белгіленеді. Қазақстан  Республикасында жылдық қаржылық есеп беру кәсіпорындарға мына формалар бойынша  ұсынылады:

  • бухгалтерлік баланс;
  • кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;
  • ақша қозғалысының есептілігі;
  • меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептілік;
  • кәсіпорынның есеп саясаты туралы ақпарат.

Оған шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметінің қорытынды  қаржылық нәтижелеріне есепті кезеңде  әсер ететін негізгі факторлардың өзгерісін ашатын түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Заңнамасының 5 тарау 20-бабына сәйкес 1-қаңтар 2008 жылдан бастап Қаржылық Есеп Берудің  Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС) енгізілді.

Қаржылық Есеп Берудің  №2 Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС №2) – «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124 Заңына сәйкес айқындалатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, жария мүдде ұйымына, мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының секьюритизация туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарына және арнайы қаржы компанияларына бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және қаржылық есептілікті жасайды[25,41-42].

Осы стандарт бойынша:

1) актив – болашақ  экономикалық пайда алуды күтіп отырған өткен оқиғалардың нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын ресурс;

2) ақша қаражаты – кассадағы ақша қаражаты мен талап етіп алғанға дейінгі депозиттер;

3) ақша қаражатының қозғалысы – ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ағылып келуі және қайтуы;

4) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп – субъектінің ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ақша қаражатының қозғалысы операциялық, инвестициялық қызметтер мен қаржыландыру қызметінен бөлек көрінетін кезеңдегі өзгерісі туралы ақпарат бар қаржылық есеп;

5) негізгі құралдар  – тауарларды шығаруда немесе  қызметтерді көрсетуде немесе  беруде пайдалануға, басқа адамдарға  жалға беруге арналған немесе  әкімшілік мақсаттарға арналатын  және т.б.

Қаржылық Есеп Берудің  №2 Ұлттық Стандартының (ҚЕБҰС №2) өз есептеу қағидаттары бар. Субъект есептеу қағидатын пайдалана отырып, ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржылық есептерді жасайды. Есептеу қағидаты пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсе активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар (қаржылық есептердің элементтері) ретінде танылады [1,4-12].

Қаржылық есеп берудің  маңызды элементі – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемелері болып табылады. Есеп беру формаларының тиісті бөлімдерінде баптар бойынша оларды анық ашып көрсету шаруашылық көрсетуші субъектілер қызметінің қаржылық кешендік және операциондық аудиттерінде аса маңызды орын алады.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп беруі пайдаланушыларға ашық жарияланады. Жылдық қаржылық есеп берудің анық сенімділігін тәуелсіз аудитор растайды.

Жүргізу толықтығына  қарай аудит кешенді, функционалды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады. Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және каржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі накты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

Тауарлы-материалдық  корларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілерді сатып алу, өндіріс  және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

  1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
  2. Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
  3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
  4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
  5. Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
  6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.
  7. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
  8. Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Арнайы әдибиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші  субъектілердің тауарлық-материалдық  қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудиті бағдарламасы ұсынылады. Шаруашылық жургізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі – субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады. Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Тексеру материалдарында  ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы  мен өткізілуін дәлелдейтін, соның  ішінде, материалдық кұндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері, автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық кұжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар-жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Өндірілген өнімге мәнді  талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда  болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет.

Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азаю резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

  1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды рәсімдеу дұрыстығы.
  2. Өнімді тиеуге арналған кұжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.
  3. Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы.
  4. Банкке тиелген өнім үшін төлем-талап тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.
  5. Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.
  6. Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.
  7. Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.
  8. Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының, «Алынатын шоттар» және «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс» шоттары бойынша сәйкестігі [2,15-21].

Транзиттік экономика  жағдайында фукционалды аудиттің өте  өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы  және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған. Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақытылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

Ақшалай ағымның төлем  мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау  мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі процент есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды) және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабыдау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс-тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару, кұнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақшалай және кассалық-банктік  операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық  және басқа нормативті актілерімен  жеткілікті түрде катаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарт-тардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблема-лық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін карастырған жөн.

               

6 – кесте. Ақша төлем мен ақша қозғалысы циклінің функционалды аудитінің бағдарламасы

 

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері

1. Ақшалай операцияларды  атқаратын (кассир, бухгалтер және  т.б.) қызметкерлер кұрамын білу.

Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтілі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.

2. Ақша алу, сақтау  және колдану үшін әдістемелік,  нормативті және материалдық  базамен қамтамасыз етуді тексеру.

Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының бар-жоқтығы.

3. Операцияларды кұжаттық  рәсімдеу мен ақша басқару  жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру.

Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай  қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.

4. Ақша козғалысы жөніндегі опера-цияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру.

Төлем тапсырмалары мен  талаптары, журнал-ордер-лер, тізімдемелер (ведомостер) сенімхаттар, вексель-дер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.

5. Кассаны түгендеу  мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және катаң  есептегі бланкілерді тексеру.

6. Ақшаның сақталуы  мен мақсатты пайдала-нылуын тексеру.

7. Касса-банк операцияларын  аткару мен есеп сақтау шарттарын айкындау үшін тексеру, байқау және тестілеу.

8. Банк операцияларын,  құжаттардың түгелдігі мен анықтығын  тексеру.

9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру.

Кәсіпорын басшысының тұрақты  жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген акша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер I, 1 тізімдеме (ведомость) Бас кітабы.

10. Инкассо қолданудағы,  есеп айырысудың аккредитивтік  және чектік түрлерінің, кұрылымдық  бөлімшенің ағымдагы басқа шоттарын  ашудың дұрыстығы мен зандылығын  тексеру

 Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртек-тері, 1-3 журнал-ордерлері; 1,2,3 журнал-ордерле-ріне тізімдемелер. Қолданыстағы заңнамаларға нор-мативті-анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі.

11. Жол-жөнекей акша  сомасының шынайылығы, өнімді және  басқа іс-әрекетті, жұмысты және  көрсетілген қызметті өткізуден  түскен түсімнің түгелдігін тексеру

3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1 тізімдеме, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүк құжаттар, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар.

12. Ақша қозғалысының  синтетикалық және аналитикалық  есебін жүргізу дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журнал-ордерлердін тізілімдемелері, касса кітабы және ақша қозгалысы туралы басқа кұжаттар

14. Қысқа мерзімді инвестициялар  бойынша операциялардың дұрыстығын  тексеру

Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәмілелер

Информация о работе Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі