Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 12:45, реферат

Описание

Өнімдер сату және орындалған жұмыстардан және көрсетілген қызметтерден түскен түсім кез-келген ұйым қаражаты айналымының аяқталған бөлігін білдіреді.
Негізгі қызметтен алған кірістер есебі 6010 «Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алған кіріс » пассив шотында жүргізіледі.Оған аналитикалық шоттар ашылуы мүмкін, оның атауы қызмет салалары бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады және нақты кәсіпорын шоттарының бекітілген жұмыс жоспарында бекиді. есепті кезең ішінде 6010 шотының кредитіне, тиісті шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды өткізуден алған кіріс», «Жүктермен жолаушылар тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен алған кіріс» және т.б көздерінен алынған кіріс сомалары тиісті шоттарда жинақталады.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру.doc

— 264.50 Кб (Скачать документ)

Кірістер мен шығыстар туралы Есепке мына баптар кіруі тиіс:

1) өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алған кіріс. Осы бап бойынша, дайын өнімдерді өткізуден алған кіріс.

2) өткізілген өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны. Өткізілген өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) өзіндік құнына, өнімдер (тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету) өндірумен тікелей байланысты, олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесі элементтерге: материалдық шығындарға, еңбекақы төлеу шығындарына, сақтандыру жарналарына, негізгі құралдардың тозуына, өзге де шығындарға топтастырылатын нақты шығындар кіреді;

3) жалпы пайда. Жалпы  пайда өнімдерді (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден  алған қаржылық нәтижені білдіреді  және өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді) өткізуден алған кіріс пен өткізілген өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады;

4) қаржыландыру шығыстары.  Оған әкімшілік шығыстары, өткізу  шығыстары, пайыздар төлеу шығыстары  жатады. Қаржыландыру шығыстары – бұл өнімдердің (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығыстар;

5) қаржыландырудан алған  кіріс ұзақ мерзімді активтерді  беру, биржада айналым жасайтын  бағалы қағаздарды қайта бағалау және т.б. осындай кірістердің мысалы болып саналады;

6) әдеттегі қызметтен  салық салғанға дейін алған  пайда (залал). Аталған көрсеткіштер  әдеттегі қызметтен салық салғанға  дейін алған сальдоланған қаржылық  нәтижені (кіріс, залал) көрсетеді.

7) Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар. Осы бап бойынша, салық заңнамасымен айқындалатын табыс салығының сомасы көрсетіледі;

8) Барлық пайда (залал). Аталған көрсеткіш, заңды тұлға  есепті кезеңде алған сальдоланған  нәтижені (таза кірісті) (залалды)  көрсетеді.

Кірістер мен шығыстар туралы Есептің үлгісі (формасы) мынадай түрде (нақты мәліметтер) көрінеді.

Ұйым қызметінің әртүрлі  өзіндік ерекшеліктерінің әсері, операциялар  мен оқиғалар тұрақтылығы, тәуекелі және алдын ала болжап білуге болатындығы  бойынша ерекшеленеді, ал қызмет нәтижелерінің элементтерін ашып көрсету қол жеткен нәтижелерді түсінуге және алдағы нәтижелерді бағалауға көмектеседі.

Кірістер мен шығыстар туралы есепке қосымша баптар енгізіледі, ал баптардың атауы мен орналасу тәртібі, қажет болған жағдайда қызмет нәтижелерін түсіндіру үшін өзгертіледі.

Ұйым кірістер мен  шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме хатта кірістер мен шығыстардың  талдауын табыс етуі тиіс.

Ұйым кірістер мен  шығыстар туралы есепте немесе түсіндірме хатта, хабарланған немесе кезең ішінде ұсынылған, қаржылық есептілікпен қамтылған, акцияға дивидендтер сомасы ашып көрсетілуі тиіс.

Халықаралық қаржылық есептілік  стандартына сәйкес, ұйымдар кірістер мен шығыстар туралы есепте немесе оған қосымшалар мен ескертпелерде  шығыстар талдауын немесе кәсіпорын шеңберіндегі олардың функцияларын қоса табыс етуі тиіс.

Талдаудың бірінші әдісі  шығындар сипаты әдісі болып аталады. Шығыстар олардың сипатына сәйкес (мысалы, тозуы және амортизациясы, материалдар  сатып алу, көлік шығыстары, еңбекақы, жарнама шығындары) есепте біріктіріледі және ұйым ішінде әртүрлі функционалдық бағыттар арасында қайта бөлінбейді. Бұл әдіс, функционалдық жіктеулерге сәйкес операциялық шығыстарды бөлу талап етілмейтін көптеген шағын кәсіпорындарда қолдануға оңай.

 

 

 

5 – кесте. Шығындар сипаты әдісінің көмегімен жіктеу мысалы

 

Өткізуден алған кіріс

7 468 037

 

Өзге де кіріс

57 070

 

Дайын өнімдер қорларындағы және аяқталмаған өндірістегі өзгеріс

 

0

Пайдаланылған шикізат  және шығыс материалдары

3 309 645

 

Еңбекақы

 

4 012 434

Тозу және амортизация  шығыстары

 

935 692

Өзге де шығыстар

464 519

 

Барлық шығыстар

   

Кезеңдегі пайда (залал)

77 472

 

 

Кезең ішіндегі дайын  өнімдердегі және аяқталмаған өндірістегі  өзгеріс, өндірістің қорлар деңгейін ұлғайтқанын  немесе өндіруден сауданың (сатудан) асып кетуі қорлар деңгейін айтқанын көрсетуге шақырылған өндірістік шығыстарға түзетулер енгізуді білдіреді. Кейбір жағдайларда кезең ішіндегі дайын өнімдердің және аяқталмаған өндірістің ұлғаюы жоғарыда келтірілген талдаудағы тікелей түрде түсім арқылы көрінеді. Сонымен бірге пайдаланылған тәсіл, осындай сомалардың кірісті білдіретініне күмәнденбеу қажет[10,65-67].

Талдаудың екінші әдісі  шығындар функциясы немесе «өткізілген  өнімдердің өзіндік құны» әдісі  деп аталады және шығыстар өткізілген өнімдердің өзіндік құнының бір бөлігі, бөлу немесе әкімшілік қызмет ретінде олардың функциясына сәйкес жіктеледі. Мұндай түсінік пайдаланушыларға олардың сипаты бойынша шығыстарды жіктеуге қарағанда, неғұрлым орынды ақпарат береді, бірақ та функциялар бойынша шығындарды бөлу даулы болуы мүмкін.

 

6 – кесте. Шығындарды функциялар әдісінің көмегімен жіктеу мысалы.

 

Өткізуден алған кіріс

74 680 331

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны

68 427 301

Жалпы пайда (залал)

 

Өзге кірістер

57 070

Өткізу шығыстары

10 835 680

Әкімшілік шыстары

0

Өзге шығыстар

464 519

Кезеңдегі пайда (залал)

77 472


 

Бұл ретте, шығыстарды функциялар бойынша жіктейтін ұйымдар шығыстардың  сипаты туралы қосымша ақпаратты  ашып көрсетуі тиіс.

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны әдісі мен шығындар сипаты әдісі арасындағы талдау әдісін таңдау тарихи, сол сияқты салалық факторлар және ұйымның өзіндік ерекшелігіне қатысты болады.

Негізгі және негізгі  емес қызметтерден алынған  кіріс  жылдық жиынтық табысты  құрайды  және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Кіріс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздар және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Кіріс дайын өнімдерден, сатып алынған  тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім - шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын кіріс сомасын бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олырдың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларында көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатыскен кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда. Мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төяейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келісімшарт сатушыдан  сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін  сақтаған болса, онда ол сатылған болып  табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

Көрсетілген қызметтен  және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды  сатқаннан алынатын табыс ретінде  танылады:

  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жүмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субьект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем  жағдайы мен тәсіліне, күтілетін  компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді[18,63-64].

Өнім  өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары  болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа  ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар-материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Бұл шығыстар тауар-материалдық қорлардың  қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды. 

Жалпы және әкімшілік  шығыстары, шығыстың бұл түріне бүкіл және өндірістік - шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады.

Үстеме шығыстары. Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың  жұмыс ұйымдастрымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.

Үстеме  шығыстарға, әдетте, біршама жалпы  сипатқа ие болады:

      - кешендік  сипаты 

     - шығыстар  құрамында барлық экономикалық  элементтер шығындары.

Үстеме  шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып келеді. Негізінен ол шаруашылық есеп саясытына сәйкес көрініс табады.

  • өндіріс жұмысшыларынң еңбек ақысына пара-пар етіп таратылады,
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіліп таратылады;
  • цех құнына пара-пар етіп немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп таратылады;
  • алдын-ала берілген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
  • басқа да таратылу базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т.б.).

    Барлық  кірістер  кредитінде есептеліп, дебетінде   жабылады. Ал шығыстар дебетінде  есептеліп  кредитінде жабылады.

 

 

 

 

 

 

       3 Кәсіпорын  кірістерінің  талдауы  және  аудиті

 

3.1   Кәсіпорынның ақашалай кірістерінің аудиті

 

 

Бүгінгі таңда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы міндетті істермен қамтамасыз етуді жүзеге асыру барысында еңбекті саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр. Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті – сәйкестікке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және т.б. бөлу. Бұл бухгалтерлік есептің, қаржылық-экономикалық талдаудың, аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен озық тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындайды. Қызметті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Деректерді уақытылы бағалау, саралап баға беруге мүмкіндік береді және әртүрлі қатысушылардың, атап айтқанда, инвесторлардың, қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы тиімділікті арттырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

 Экономикалық талдауды  қаржылыққа және басқарушылыққа  бөлу бухгалтерлік есеп пен  аудит бойынша халықаралық және  қазақстандық стандарттардың талаптарына толық жауап береді. Мұнда қаржылық есептің деректері қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде қызмет етеді, ал басқарушылық қызметтің көрсеткіштері басқарушылық талдаудың аясында қызмет етеді. Қаржылық-экономикалық талдауды ұйымдастырудың мұндай ұтымдылығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Сонымен бірге сыртқы қаржылық талдау мен ішкі немесе басқарушылық талдаудың арасында белгілі бір шеңбермен шектелген шекара жоқ, өйткені ішкі талдау сыртқы талдаудың жалғасы ретінде қарастырылады немесе оған керсінше.

Шаруашылық ішіндегі кешендік аудит бастапқы құжаттардың  ақпарат көздері, бухгалтерлік тіркемелермен  есеп, техникалық дайындық мәліметтері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің тиімділігін тексеру, нормалар мен жоспарлар ретінде пайдаланылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуы түпкілікті қаржылық нәтижиелеріне  қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы  шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын  кәсіпорын қызметін аудиттеу мен  талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне де, сыртқы жағдайларға да, оның ішінде маңыздылары болып табылатын нарық конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

Информация о работе Өнімдерді сату мен қызмет көрсетуден алынатын кірістер есебі