Мемлекет және құқық теорияcы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 15:34, курсовая работа

Описание

Жер бетіндегі кез-келген нәрсе оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа тақырып таңдар алдында біраз ой толғауларды бастан кешірдім. Менің ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер жасайды. Сол себепті мен де қазақ елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында өткен тақырыптармен шетемей ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1-бөлім
1.1. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары..............................8
1.2. Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының құқықтарының сипаттамасы ......................................................................................9
1.3. Қазақ құқығының қалыптасуының тарихи бастамасы.................12
1.4. Дәстүрлі қазақ қоғамының сот билігінің сипаттамасы................14
2-бөлім
2.1. Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты........................................16
2.2. Тәуке хан заманындағы “Билер кеңесі”..........................................17
2.3. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”.........................................................24
2.4. “Жеті жарғы”- қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші..27
3-бөлім
3.1. Бізге жеткен “Жеті жарғының ” нұсқалары......................................28
3.2. Ғалымдардың “Жеті жарғы ” жайлы пікірлері................................31

Работа состоит из  1 файл

Ж.docx

— 74.72 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым  министрлігі

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

 

Ұлттық  құқық жоғары мектебі

Мемлекет  және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: «Жеті жарғы қазақ  құқығының тарихи құқықтық ескерткіші»

Пәні: «Мемлекет және құқық теорияcы»

 

                                  Орындаған: 

                                                                                               1- курс студенті

 

                                                                  Ғылыми жетекшісі:  

                                                                                       аға  оқытушы Молдашева Ж.Қ.

                                                                                              Курстық жұмысты тапсыру уақыты:

                                                   қорғау күні:

                                             бағасы:

 

 

 

Жоспар:

Кіріспе..........................................................................................................3

1-бөлім

    1. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары..............................8
    2. Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының құқықтарының сипаттамасы ......................................................................................9
    3. Қазақ құқығының қалыптасуының тарихи бастамасы.................12
    4. Дәстүрлі қазақ қоғамының сот билігінің сипаттамасы................14

2-бөлім

2.1.    Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты........................................16

2.2.    Тәуке хан заманындағы “Билер кеңесі”..........................................17

2.3.    Тәуке ханның “Жеті жарғысы”.........................................................24

2.4.  “Жеті жарғы”- қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші..27

3-бөлім

3.1. Бізге жеткен “Жеті жарғының ” нұсқалары......................................28

3.2.   Ғалымдардың “Жеті жарғы ” жайлы пікірлері................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тәуке болып  ханымыз,

Рахат тауып  жанымыз,

Он сан  алаш бірігіп,

Ойран болды  жауымыз.

(Халық  өлеңі).

Жер бетіндегі кез-келген нәрсе  оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа  тақырып таңдар алдында біраз  ой толғауларды бастан кешірдім. Менің  ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер  жасайды. Сол себепті мен де қазақ  елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында  өткен тақырыптармен шетемей  ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді. Осыған байланысты деректерді қарастыру барысында  үлкен қызығушылық тудырған Тәуке  ханның «Жеті жарғысы» болды. Қызығушылықпен сүйсіне отырып жазылған ғылыми жұмысымда  бірнеше кітаптардан жистырған  материалдарды қолдана отырып, тақырыбтың мәнін ашып кең ауқымды зерттеуге  тырыстым.

 

 

  «Жеті жарғы»-қазақ халқының құқықтық жүйесіндегі әдет-ғұрып құқықтары. Ол қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы алғаш рет мемлекеттік құрылым ретінде әлемдік тарихта танымал болды.  Мұхамед Хайдар Дулати Қасым ханды жеке дара рухани байлығы жоғары адам ретінде сипаттайды.  Оның заңдар жинағында мынандай ережелер болған:

1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу мәселелері);

2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза);

3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндетті, қара қазан,ердің құны, тұлпар ат);

4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайлық , әдептілік);

5. Жұртшылық заңы ( шүлден тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер міндетті).

   Қасым ханнан кейін «Жеті жарғыны» толықтыра түсеін жүйеленеген «Есім ханның ескі жолы» заңы. Осы заң жүйесінің ескі заң аталу себебі  ертеден келе жатқан құқық ережелерінің сақталуында болып отыр. Бұл заңның ерекшелігі құн төлеу мөлшері қараша сұлтан, бай кедей бөлмей барлық топ өкілдері үшін бірдей болған. Сонымен қатар осы «Жеті жарғыда»  кездесетін өнер құны және сүйек құны осы Есім хан тұсынан бастау алды.

   Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.

 

   Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «Жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.

Жеті  жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында  қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырда  қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты  билік пен бірлікті қамтамасыз ете  алатын жаңа заңдар жүйесін қажет  етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып  заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың  тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру  арқылы жаңа заң жүйесін жасауға  тырысты. Үш жүздің игі жақсылары  мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Кұлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді (мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.

Мазмұны:

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті  қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы  үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші  жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай  қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші  жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде  мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің  артына байлаған ат теуіп өлтірсе  тек айып тартады.

Төртінші  жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған  ата-анасына тіл тигізіп сөккені  үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр  жескеннен соң – ақ баталы жесір  басқаға кетсе, оған берілген қалың  мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір  қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

Ғылми жұмыстыстың өзектілігі – қазіргі таңдағы еліміздің заңдар жинағының ежелден келе жатқан қайнар көзі ретінде «Жеті жарғыны» алып зерттеу нәтижесінде оны айқындау.

Ғылыми жұмыстың мақсаты- қазақ заң жүйесінің тарихи ескерткіштің мәнін ашып көрсету, зерттеу.

 Ғылми жұмыстыстың міндеті- тақырыпты толық қамтып, ғылыми жұмыстың мақсатын іске асыру.

   Ғылми жұмыстыстың құрылымы- кіріспеден, үш бөлімнен, он тақырыбшадан, қорытындыдан құралған. Жалпы көлемі отыз үш бет.

 

Жер бетіндегі  кез-келген нәрсе оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа тақырып таңдар алдында біраз ой толғауларды бастан кешірдім. Менің ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер жасайды. Сол себепті мен де қазақ елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында өткен тақырыптармен шетемей ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді. Осыған байланысты деректерді қарастыру барысында үлкен қызығушылық тудырған Тәуке ханның «Жеті жарғысы» болды. Қызығушылықпен сүйсіне отырып жазылған ғылыми жұмысымда бірнеше кітаптардан жистырған материалдарды қолдана отырып, тақырыбтың мәнін ашып кең ауқымды зерттеуге тырыстым.

 

 

 

1-бөлім

    1. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары.

Әлемде, оның мәдени  арналарында  тарихи өлшем бойынша айтарлықтай  маңызды бірақ соған қарамастан адамзат үшін әлі де жұмбақ болып, қалып отырған, лайықты деңгейде бағаланбаған құбылыстар көп. Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң қатпарларында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарынан түрлі себептермен  тыс қалып қойды.

Көшпелі өркениет адамзат тарихында  болған десек, онда оның өзіндік ерекшеліктерімен  толастай түскен байтақ аймағы Ұлы  Дала аталатын , жер шарының Орталық-Азиялық бөлігі саналмақ. Сол кездегі осы аймақтағы елдердің этникалық құрамын негізінен түрік тектес  халықтар құрады, сондықтан да, бұл даланы  мәдени этникалық мағынада Тұран, Түркістан деп атаған. Қазақтың көне құқығы , ұлан-ғайыр “ еркін ”  аймақта орналасқан, түркі тілді көшпелі өркениеттің төл туындысы, әрі мәдени жемісі, әрі мұрасы.

Қазіргі Қазақстан территориясын  мекендеген халықтар өмірінде көптеген ғасырлар бойы астан-кестен оқиғалар және өзгерістер болды. Осындай қилы тарих шырмауынан көне дәуірдің мұрасы ретінде ұрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі құндылықты сақтап қалды – ол Сөз Құдіреті мен Заң Құдіреті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ескі Әнұранында жазылғандай:

«Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,

Азаттық  жолында жалыңдап жаныппыз.

Тағдырдың тезінен, тозықтың өзінен

Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз».

Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген Қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін XIX ғасырға дейін, кейбір жағдайларда XX ғасырдың басына дейін жоғалтпай сақтап келді. Қазақ құқығының бұлай ұзақ өмір сүруін екі негізгі жағдаймен түсіндіруге болады: біріншіден, кқшпелі өркениеттің шаруашылық-тұрмыстық  дүниетанымдық негіздері Қазақтың кең даласында жаңа дәуірге дейін сақталады. Екіншіден, қазақ құқығы халықтың өзіне жақын-тәндес, жалпы адам баласының мәңгілік рухани бітім-болмысына , талабына сай болатын.

Қазақ құқығы-қазақ халқының және барлық көшпелі өркениетінің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршендігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі өркениеттің негізін құрған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің  ерте құлдырауы , тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің мен ролінің құлдырауына соқтырмағандығы  таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың “еркіндік ” қабілітінің сақталуымен, “оқшау” орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырдағы қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқырауының белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына  да әсерін тигізбей қоймайды. Ұлан байтақ Орталық –Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып  тасталды да , ұзақ уақыт бойына үміт қалды. Жат елдердің  көшпелілер даласын отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты. [6-2бет]

Информация о работе Мемлекет және құқық теорияcы