Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 15:34, курсовая работа
Жер бетіндегі кез-келген нәрсе оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа тақырып таңдар алдында біраз ой толғауларды бастан кешірдім. Менің ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер жасайды. Сол себепті мен де қазақ елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында өткен тақырыптармен шетемей ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді.
Кіріспе..........................................................................................................3
1-бөлім
1.1. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары..............................8
1.2. Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының құқықтарының сипаттамасы ......................................................................................9
1.3. Қазақ құқығының қалыптасуының тарихи бастамасы.................12
1.4. Дәстүрлі қазақ қоғамының сот билігінің сипаттамасы................14
2-бөлім
2.1. Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты........................................16
2.2. Тәуке хан заманындағы “Билер кеңесі”..........................................17
2.3. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”.........................................................24
2.4. “Жеті жарғы”- қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші..27
3-бөлім
3.1. Бізге жеткен “Жеті жарғының ” нұсқалары......................................28
3.2. Ғалымдардың “Жеті жарғы ” жайлы пікірлері................................31
2.3. ТӘУКЕ ХАННЫҢ «ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ»
Тәуке ханның реформаторлық кызметінің тарапынан ерекше орын алатын мәселе — қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамсыз етілетін заңдар жүйесі болуы шарт. Бұл кағиданы Тәуке хан аса көрегенділікпен түсінген. Құқық жүйесін жасау кызметіне казақ қоғамынан өздерінің қара қылды қақ жарған әділ шешімдерімен елге танымал болған билерді тарта білді. Олардың негізгі өзегін «Үш. пайғамбар» атанған Төле би, Қаз дауысты Қазбек және Әйтеке би құрады. Соның негізінде дүниеге қазақ қоғамының ұлттық Хартиясы —«Жеті Жарғы» дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетін құқықтық құжат емес. Оның мәні және мазмұны жағынан көшпелі қазақ халқының этикалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктерге сай қабылданғаны аса құнды құқықтық ескерткіш болып табылады. «Жеті Жарғының» әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің данагөйлігінің қорытындысы. «Билер кеңесі» бекіткеннен кейін ауызша түрде ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде «Жеті Жарғы» қай жылы қабылданғаны туралы мәліметтер жоқ. «Жеті Жарғыны» тұңғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н. Өсеров оны 1680 жылы қабылдады деген пікір айтады. Басқа әдебиеттерде қабылдаған жыл көрсетілмейді. Біздің ойымызша, «Жеті Жарғы» 1684—1685 жылдағы қабылданған құқықтық документ. Олай дейтін себеміз қазақ қоғамына аса маңызы бар бұл заңдарды бір жылдық аралық ішінде қабылдау ешқандай ақиқатқа сай келмейді. «Есім ханнын ескі жолын», «Қасым ханның қасқа жолы» сияқты қазақ халқының заңдарын бір жүйеге салу, жаңа нормалар енгізу, ескі заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа шығару жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы таққа отыра салып жасап үлгерді деуіміз ғылыми шындыққа сай келмекші. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар қажет, пікірталас болуы шарт. Үш жүздің өздеріне тән болған, партикулярлық мазмұндағы әдет-ғұрыптық құқық жүйесін бір арнаға тоғыстыру уақытты, кеңесті, данагөйлілікті талап ететін ұзақ мерзімнің шаруасы. «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген сөз сол мағынаны берсе керек.
XVII ғасырдың
аяқ шенінде қазақтардың
«Тәуке
хан ережесінің» негіздері
«Жеті жарғыны»
жасау қолданылып келген әдеттегі правоның
нормаларын қазақтың феодалдық қоғамының
жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда
ол нормалардың феодал ақсүйектердің
мүдделеріне сай келетіндерін ғана
сақтау мақсатын көздеді. Сөйтіп, Тәуке
ханның «Жеті жарғы заңдары» қазақ
қоғамының сол замандағы
«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.
Мазмұны жағынан «Жеті жарғы» үш болімнен турады: біріншіден, қазақтың ежелгі әдет –ғұрып заңдарын қамтыған «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолына» негізделсе, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне , саясатына сай енгізілген жаңалықтар. «Жеті жарғы» жеті заңнан құралды :
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)
Сөйтіп, «Жеті жарғының» біздің заманымызға дейін жеткен заңдар осындай еді. [5-50бет]
2.4. “Жеті жарғы” - қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші.
«Жеті жарғы» біріншіден, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып құқықтары, екіншіден, қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе керек. Қасым ханның тұсында қазақ хандығы алғаш рет мемлекеттік жерінің географиялық жағдайына, жер байлығы мен шаруашылығына қатысты мағлұматтардан тұрды. Екіншісі – тұрмыс-салт дәстүрі тіршілігіне, фольклерлық мағлұматтар жинастыруға, әдет-ғұрып заң нормалары жүйелеріне аса көңіл бөлген еңбектер. «Жеті жарғыны» және қазақ халқының әдет-ғұрыптық құқықтарын жинауда А.И.Левшин, Л.Ф.Баллюзек, П.Е.Маковецкий, Н.И.Гродеков, Д.Я.Самоквасов, Г.Спасский, Я.И.Гурлянд еңбектерін атауға болады.
«Жеті жарғы» заңының мазмұны жағынан екі нұсқасы белгілі. Алғашқысын 1804 жылы Г.Спасский жаппас руының ақсақалы Көбек Шүкірәлиевтен жазып алып, 1820 жылы «Сібір хабаршысына» мақала етіп жариялады. Г.Спасский он бір фрагменттен тұратын «Жеті жарғыны» келтіре отырып, қазақ халқының тұрмыс салты жөнінде 1816 жылы өзі қатықан экспедицияға сипаттама береді. Екінші нұсқасы А.И.Левшиннің еңбегінде берілген. Онда «Жеті жарғының» отыз төрт фрагменттік нұсқасы берілген. Әрине, бұл нұсқаны А.И.Левшин жарғы қабылданғаннан кейін жүз жылдан соң қағаз бетіне түсірді. Бұл жағдай оның нақты тарихи құндылығын төмендетеді десек те, әдеттік-құқықтық нормаларының ерекшелігі ғасырлар өтсе де оның негізгі мазмұны өзгеріссіз қалып отырады.
Қазақ халқының арасында болған әдет-ғұрыпқа еніп кеткен құқықтар жүйелері Кеңес өкіметі тұсында этнографиялық экспедициялар шығару арқылы жинақталды. Кейінгі халық арасындағы осы құқықтық ескерткіштің мазмұнын толықтыратын материялдарды жинастырып, ғылыми айналымға енгізген заңгер Нұралы Өсерұлы. Халық арасындағы «Жеті жарғының» нұсқаларын сақтаушылардың бірі – Шантайұлы Молдиман (1846-1927) . Ол атақты шежіреші, ақын әрі шешен. Одан кейінгі бұл дәстүрді сақтаған ақын шежірешілер Көлдейбекұлы Ерінбет (1844-1916)мен Орманұлы Тақболат (1861-1931) болған. Осы тарихты сақтап қалушылардың деректерін жинап, оны халыққа жеткізген шежіреші- Әлқуат Қайнарбайұлы. Ол Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының тұрғыны, қазақтың әдет-ғұрып,салт-дәстүрін, тарихын толық білетін, ескіше сауаты бар кісі болған.
«Жеті жарғының» ең көне нұсқасы қызылордалық Ералы Саққұлақ (1846-1932) шешеннің жазбаларынан табылған. «Жеті жарғының» бұл нұсқалары ҚР ғылым академиясының кітапханасындағы қолжазбалар қорында сақтаулы. Мұнда берілген нұсқалар дәл Тәуке ханның «Жеті жарғысының» түпнұсқасы деп айту артық болар еді. Өйткені бертін келе оларға өзгеріс енгендігі оның баптарынан анық көрінеді. Бұл нұсқалардағы ортақтық құрылымы жағынан жеті мәселені қамтығаны.
«Жеті жарғы» әдеттік-құқық заңының біршама толғырақ сақталған мағлұматтық жақтарын қарастыра отырып, халық арасында сақталған баптарын жинақтап, оның мазмұны үлкен жеті тарауға бөліп берген заңгер ғалым Нұралы Өсеров болды.
[3-55бет]
3-бөлім
3.1 Бізге жеткен «Жеті жарғының» нұсқалары.
«Жеті жарғының» негізін құрайтын бабтары:
1-бап. Мемлекет билігіне
2-бап. Әрбір қазақ түтіні ханның, бидің жасағы мен шабарманын жазда да, қыста да қабылдап, ат-көлік, азық-тү лікпен қамдауға міндетті болды.
3-бап. Дауларды шешу ханға немесе билерге жүктелді.
4-бап. Арнайы тегіс барлық мал-мүлікке таңба белгіленуге тиіс болады және салық түрлері белгіленеді.
5-бап. Жеті ата ішінде қан алмастыру өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға тағайындалады.
6-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл тигізгендігі дәлелдесе, тас лақтырып өлтіреді.
7-бап. Өзге дінге кіріп, кәпір боған адам мал-мүлкінен айырылады.
8-бап. Өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді.
9-бап. Егер әйелі ерін өлтірсе, ол өлім жазасына кесіледі және ешқандай құн төлеумен ауыстыру мүмкін емес.
10-бап. Егер күйеуі әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді.
11-бап. Егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетсе, одан өлі бала түссе 5 айлық бала үшін – 5 ат, одан әрі бір түйе төлейді (1түйе - 3 ат немесе 10 қой).
12-бап. Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі. Өзі зорлаған қызға қалың мал төлеп үйленсе, жазадан босатылады.
13-бап. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері өлтіруге хақылы.
14-бап. Біреудің әйелін алып қашса.
15-бап. Ата анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйінде қара сиырға теріс мінгізіп , өзін қамшымен сабап, ауылды айналдырып шығады. Ал қыз болса, аяқ-қолын байлап анасының билігіне береді.
16-бап. Ерінің ұрлығын білі тұра хабардамаса, әйелі мен баласы жазаға тартылмайды . Өйткені үлкеннің үстінен мәлім айту әбестік болып саналады.
17-бап. Қанға қан алу принципі жұмсартылып, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құны төленеді (ер адамға 1000 қой, әйелге 500 қой)
18-бап. Ұрлық, қарақшылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі.
19-бап. Денеге біреудің әсерінен зақым келтірілсе соның құны төленуі тиіс (бас бармақ-100 қой, шынашақ-20 қой).
20-бап. Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.
21-бап. Ұрлық жасаған адам үштоғызымен қайтаруы тиіс.
22-бап. Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екібірдей жазаға тартылады.
23-бап. Барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуы тиіс.
24-бап. Сарбаз атын ұрлаған адам өлім жазасына кесіледі.
25-бап. Өлтірілген аңшы иті немесе бүркіті үшін иесінің құл немесе күң беруді талап етуге қақысы бар.
26-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз өлген болса, онда оның қожалығы өз әкесіне беріледі.
27-бап. Әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауы тиіс, әйтпесе айып салынады.
28-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген болса немесе азғындыққа зорлықпен әйелді итермелесе, сол адам 200 қой төлейді.
29-бап. Төре мен Қожаның құны қарадан 7 есе артық.
30-бап. Құлдардың иелері олардың өмірлерінің қожайны болып есептеледі.
31-бап. Үлкен дау-дамайды хан шешеді немесе билер, ақсақалдар кеңесі шешеді.
32-бап. Куәлікке екі немесе үш адам жүреді.
33-бап. Куәлікке екі немесе үш адам жүреді.
34-бап. Өсиет ағайындар мен молдалардың қатысуы арқылы жасалады.
Қарастырылған ісіне қарай жеті ірі тараудан тұратын “Жеті жарғы” қағазға түсірілген мағлұматтарына қарай осындай 34 баптан тұрды.
[1-29 бет]
3.2. Ғалымдардың «Жеті жарғы» жайлы пікірлері.
«Жеті жарғы» атауының ұғымына түсінік беретін болсақ, «жарғы» сөзі әлділдік шешім деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз түркі, парсы тілінде, монғол сөздігінде де билік, шешім деген мағынада. Зерттеушілер бұл заңның «Жеті жарғы» аталуына түсіндірме береді. Н.И.Гродеков пікірінше: «Тәуке хан тұсында жеті би жеті іс бітірген қызметкерлер жиналысы»,-деген. Л.А.Словохотов: «Жеті бидің туындысы»,-деп көрсетеді. Ол жеті бидің қатысуынан «Жеті жарғы» атауы шықты деген қорытынды жасайды. «Жеті жарғы» жеті бидің шешімі болған соң ел арасыеда сақталған. Ал енді дәстүрлі ауызша тарихтағы мағлұматтарға сүйінетін болсақ, «Жеті жарғының» қабылдануында болған көрнекті билердің аты тегіс аталады. Олардың саны барлық жерлерде бесеуден аспайды, бұл кеңесте әр рудан жиналған билердің жалпы саны одан да асып кетеді. Соныме бірге, егер шындығында да бұл нақты жеті бидің қабылдаған заңы болатын болса, бұл заң баптарын жадында сақтаған халық бұл жеті бидің атын атап, ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырар еді. Тағы осындай пікірледің бірі, қазақ халқ үшін “жеті” киелі болғандықтан солай аталуы мүмкін. Бұл ойды дамытар болсақ, қазақтар арасында тек жеті саны ғана емес, басқа да мысалы тоғыз, сегіз сандарына ерекше мән беріледі.Әуелден мақалдап, мәнерлеп сөйлеуге құмар қазақ халқының әдет-ғұрып жүйелерінің негізі мақалдар мен афоризмдерден құралғаны белгілі. «Жеті жарғының» сақталған баптарын салыстыра отрып, онда басты жеті мәселенің төңірегіндегі істерді шешу бағытына байланысты деп қорытындылаған дұрыс. [1-31бет]