Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 15:34, курсовая работа
Жер бетіндегі кез-келген нәрсе оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа тақырып таңдар алдында біраз ой толғауларды бастан кешірдім. Менің ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер жасайды. Сол себепті мен де қазақ елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында өткен тақырыптармен шетемей ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді.
Кіріспе..........................................................................................................3
1-бөлім
1.1. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары..............................8
1.2. Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының құқықтарының сипаттамасы ......................................................................................9
1.3. Қазақ құқығының қалыптасуының тарихи бастамасы.................12
1.4. Дәстүрлі қазақ қоғамының сот билігінің сипаттамасы................14
2-бөлім
2.1. Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты........................................16
2.2. Тәуке хан заманындағы “Билер кеңесі”..........................................17
2.3. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”.........................................................24
2.4. “Жеті жарғы”- қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші..27
3-бөлім
3.1. Бізге жеткен “Жеті жарғының ” нұсқалары......................................28
3.2. Ғалымдардың “Жеті жарғы ” жайлы пікірлері................................31
Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты тыю үшін сонымен катар ел бас қару ісін жақсартуды күн тәртібіне койды. Бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігін құру үшін бірінші санатта түрған мәселе Шыңғыс хан ұрпағынан тараған сұлтан, төрелердің және ерекше мәртебеге ие болған қожалардың, қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларын өзгертуге ден қояды. Ондағы мақсаты мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан кабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Қазақ қоғамында Шыңғыс хан заманынан қалыптаскан дәстүр бойынша ел басқару сұлтан, төрелердің маңдайына жазылған қағида болды. Соның нәтежесінде елді билеген сұлтандар басқару ісін өнер, ақылдылық, беделдік парасатпен емес, жиі-жиі жағдайда тек тұқым куалаған атағымен алып отыратын болған. Көшпелі қазақ қоғамын зерттеуге үлкен үлес коскан көрнекті ғалым, академик С. 3. Зиманов былай деп атап көрсетеді:«Қазақстан территориясында Шыңғыс ханның және оның балаларының, немерелерінің үстемдік ету дәуірі барлық жердегідей қорқыту және халықты қарыспай бағындырумен көзге түсіп, жаңа ұрпакка мұра ретінде сол өкіметтің беделінің алдында табынуды және олардың тұқымдарының ең жоғарғы билікті іске асыруға жаралғандығын мойындатты. Және мұндай көзкарас адамдардың санасына әбден сіңгеніне байланысты бұл қағиданы бұзу шындап зардап туғызуға әкеп соқтыратыны сөзсіз еді». Төре тұқым атанған бұл топтар қазақ қоғамында элитарлық дәрежеге ие болғандықтан қарапайым халықпен неке құруды Шыңғыс хан ұрпақтарының беделін түсіру, хан ұрпағының қанын бұзу деп таныды. Тек ғана әз іштерінен қыз алыскан олар экзогамиялык табу тәртібін орындамағандықтан ұрпақтың ой-өрістік, даналық сапасының темендеуіне әкеп соқтырған ешқандай дәлелді кажет етпейді. Оны адамзаттың неке құру заңдылығы мыңдаған жылдар бойы дәлелдеді.
2.2. Тәуке заманындағы «Билер кенесі»
Тәуке хан қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалнумен халықтың, ел басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту кажеттігін сіңіруді саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды. Салыстырып байқайтын болсақ, Тәуке ханның бұл саясаты I Петр жүргізген саясатпен ұштасады. Бұл шаралар өзінің нәтежесін де берді. Қазақ қоғамының саяси аренасына осындай саясаттын негізінде халық арасынан шыққан дарынды билер мен елдің тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауда ерлік таныткан батырлар көтеріле бастайды. Мемлекеттік аппараттың құрамында үлкен өзгерістер болды. Атап айтатын болсақ, басқару процесіне бұрын беймәлім болған «Билер кенесі» енгізілді, зақ мемлекетіміздің саяси жүиесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, ішкі, сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор роль атқарды. «Билер кенесі» сайланған алқалық орган ретінде талқыланған, қаралған мәселе бойынша қайта айналып қарауды қажет етпейтін шешім қабылдау дәрежесіне дейін көтеріле алған.
«Билер кеңесі» өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқарып отырды. Үш жүз рулар арасындағы шиеленісті дауларды шешуде, сепаратистік қимыл-әрекет жасаған сұлтандарды және жалпы трайболизмді тежеуде өлшеусіз роль атқарып отырды. «Билер кеңесінің» нақтылы мәселе бойынша қаралған істерінің шешімдері заң күшіне еніп, ханның съезі оны жоққа шығара алмағандығын айта кеткен жөн. Бұл мемлекеттік органның құрамына негізінде ру, ел басшыларының (ақылгей ақсақалдардың) жиылысында бата алған, яғни сайланған от ауыз, орақ тілді шешендер, аймаққа танымал болған беделді адамдар және ұрыстарда ерлік танытқан батырлар енген. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деген сөз содан қалса керек. «Билер кеңесінің» құрамы қажет болған жағдайда кеңейтіліп отырған. Тәуке ханның тұсында «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ес- келді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды кайраткерлер мен батырлар кірген. Бұл органдардың қазақ коғамында беделінің артқаны сонша, тіпті Тәуке хан оның келісімінсіз, бекітуінсіз мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдауға құқы болмаған. «Билер кеңесі» съезінің мемлекеттік статусы бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған, көшпелі казақ қоғамының тұрмыс-тірлігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі парламент және ең жоғарғы сот органы хан- ның ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім қабылдауы «Зилер кеңесінің» кұптауын талап еткен. Біз сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның қолында шоғырланған. «Билер кеңесі» шығарған заңдар мен шешімдерді хан іс жүзіне асырып отыргані Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен кабылдағанымен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бо- йынша «Билер кенесінін» ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселе бойынша тез арада шешуді талдап етегін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл әрекеттер жасауға кұқылы.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдарымызды қорыта айтатын болсақ, қазақ мемлекеттілігінің билік жүргізу формасы алғашкы қауымдық құрылыстыц «Ақсақал- дар кеиссі» атанған басқарудың нашындарымен ұштас- кан құрылым екенін байқамасқа болмайды. Сондықтан Тоуке хан құрган мемлекеттілік алгашқы қауымдық құрылысгыц ыдырауының ең соңғы кезеңінде қалыл- таскан әскери демократия сатысы мен мазмұнына дәл- ме-дәл сәйкес келетін құрылым. Бұл кезеңде рулық кұ- рылымның достүрлері жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің нышандарымен бір қайнасып жатады.
«Билер кеңесі» Тәуке хан құрған мемлекеттілікті нығантуға өлшеусіз үлес қосты. Халық мүддесіне қыз- мет еткен, ішкі және сыртқы саясат жүргізуде тиімді, даналық қызмет атқарғанына тарихтың өзі куә. «Билер кенесі» негізінде Сырдарияның бойында орналасқан Әнгірси, Түркістан мен Сайрам жерінде орналасқан Би- төбе, Мөртөбе сияқты жерлерде шақырылыгі тұрған. Тарихтан мәлім, Тәуке ханның тұсында, әсіресе 1698— 1717 жылдар аралығында қазақ елінің территориясына жонғар феодалдары баса-көктеп кіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан көшпелі қазақ халқының кең даласын канға бояды. Дәл осындай қиын-қыстау кезеңде Тәуке ханнын ірі қолбасшылык, реформаторлық қасиеттері айкын көрінді. Ішкі әскери стратегиялық саясатта Тәуке хан қазақ даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап, тауып, жаудың карулы күштері мен жасақтарын әлсіретіп барып, ойсырата соққы беруді дағдыға айналдырды. Қазақ әскері негізінде Шыңғыс хан құрған әскери баскаруды қайта жандандырды. Әскерде қатаң тәртіп орнатылды. Әскерде басшылық ету «Он басы», «Жүз басы», «Мың басы» болып калыптасты. Мың басыны Тәуке ханның ұсынысымен «Билер кецесі» аса ерлік көрсеткен, ақылгөй батырларды бекіткен. Бас қолбасшылық Тәуке ханнын қолында болды. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың сарбазға жетіп отырған. Ал бейбіт өмір сүрген кезеңде, қысқы мерзімдерде Хан ордасында негізінде 500—1000-ға жуық тұрақты жасақтар ғана болған. Олардыц негізгі функциялары хан ордасын ішкі бүлікшіліктен қорғау және ханның кауіпсіздігін сақтаумен шектеліп отырған.
Жалпы алып қарайтын болсақ 80 мың саны бар әскер жинау қазақ хандығы кұрылған кезеңнен бері болған оқиға емес еді. Тәуке хан өлгеннен кейін билікке таласкан қазақ басшылары әскердің санын, сапасын да күрт төмендетіп жібергені тарихтан мәлім. Егер тек қана «Ұлы жүз қазақтары Әз Тәуке кезінде бірден қару-жарақтары 50 мың атты әскер шығара алатындылығы айтылып жазылса, жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейінгі жаудың екінші шапқыншылыгынан кейін Төле бидің Тәуке хан моласын құшақтап жылаған шағында қолбасшы Қойгелді жинаған жасақ 5 мың адамға да жетпеді. Мүның өзі талай жағдайды аңғарт- са керею» — деп атап көрсетті танымал тарихшы К. Нүрпейісов.
Түрақты әскердің болмағандығы Хан ордасында сыртқы шабуылдан сақтанудың арнайы шаралары да ескерілген. Тәуке ханның тікелей өзіне ғана бағынатын «Барлаушылар жасағы» атты арнайы дайындықтан өткен сарбаздар тобы құрылды. Олардың мақсаты бейбіт өмір кезінде жау баса-көктеп кіретін жолдардың маңын, айналасын барлау жасау. Жонғар шапқыншылығы жылдарда Тәуке ханның «Барлаушылар жасағының» адамдары тіпті Жонғар территориясына жасырын түрде еніп, олардың әскерінің санын, әскери дайындығы, соғысты қандай тәсілде жүргізетінін, шабуылға қай айда, аптада шығатыны туралы мәліметтерді хан ордасына жедел түрде жеткізіп отырған. Жау шабуылы туралы барлаушылардан мәлімет жеткенде ел арасына тез арада жаушы жіберіп, әскерді жинап алып отырған. Тәуке хан орнатқан тәртіп бойынша әр ру басшылары мен билер өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға аттанатын азаматтарын ер тұрмар мен, сәйгүлік атпен, қару-жарақпен қамтамасыз етуге міндетті. Мойнына қару асынған қаруы бар қазақ әр уакытта ел қорғаушысы ретінде танылумен қатар, аса қүрметтік дәрежеге көтерілгенін бізге жеткен жазбалардан байқаймыз. «Аттан!» деген хабармен қару үстай алатын азамат атқа қонып, жаушы жегкізген хабармен белгіленген жерге жиналған. Қазақ тарихы хақында кұнды еңбектер жазған Көшке Кемеңгерқлы былай деп жазды: «Еуропаның кінәсіздері сияқты халықтан оқ шауланып кетуге қазақ хандарының бөлек әскері бол- мады. Халық милициясы ретінде әр азамат қару алып жауға аттануға халуы бар еді. Шаруаға аттануға азаматты зорлау болмаса да, әлеумет кезінде қарусыз адам, әскер санатына қосылмаған адам төмен бағаланушы еді. Тәуке заңында қарулы алымның жиырмадай бірін төлейтін болған, қарусыз үлкенге карулы жас орын бермейтін болған. Қарусыз азамат алкасында дауысқа ие емес» .
Тәуке хан әскердің соғысу қабілетінін күшті болуына ерекше назар аударған. Соғыс өнерінің әр саласынан хабары бар адамдар жауынгерлерді арнайы дайындықтан өткізуді мақсат еткен. Дайындық барысында жауынгерлер ат үстінен садақпен оқ ату, шоқпарды дұрыс пайдалану, найза шаншу, мылтықпен нысананы дәлдеп ату, аттан аударып түсіру, арқан тастау сиякты соғыс өнерін жетік меңгеретін болған.
Сонымен катар Тәуке хан жоңғарлардың аяқ астынан шабуылға шығуына карсы қазақ даласында топыратан үйілген, немесе тастан қаланған биіктігі 10—15 метрге жеткен әскери мұнаралар салдырды. Бір мұнара мен екінші мүнараның арасы шамамен алғанда 5—7 шақырым болған. Егер жау тұтқиылдан шабуыл жаса- ғанда әлгі әскери мұнара үстінде қарауылда отырған сарбаздар тез арада от жағып, келесі көрінетін мұнараға жау келе жатқаны туралы белгі беретін болған. Отты немесе оның түтінін көрген екінші мұнарадағылар да от жағып, келесі мұнаралардың үстінде отырған сарбаздарға белгі беретін болған. Осындай стратегиялық тактиканы колдану нәтижесінде кұмырсқадай қаптап келе жатқан жауды бірер минут ішінде 80—100 шақырым жерден біліп, негізгі күштерді соғыска әзірлеп үлгеріп отырған.
Тәуке ханның аса көрегендігі, ақылдылығы мен парасаттылығы оның әрбір кимыл-әрекетінен де анық көрінді. Бірде Тәуке хан өзінің айналасындағы қолбасшыларына тапсырма беріп отырып, әлгілердің тапқырлығын сынамақ болады да, әңгіме барысында былай дейді: — Мен мынаны білсем деймін. Жоңғар шапқыншылығын тоқтатып, олардың ордасын күл-талқан ету үшін қазақ халқына не қажет?
Біршама ойланған серіктестері әр түрлі пікір айткан көрінеді. Сонда Тәуке хан:
— Бәрі дұрыс-ақ, тоқ етерін айтатын болсақ, қазақ алқына құдайдың кұтты күні және болашақта да ауызбірлік қажет. Ол еліміздің мәнгілік қаруы, күшқуаты және жеңістеріміздің күре тамыры, — деген екен. Ия, Тәуке ханнын сол кездегі көрегенділігі қазақ халқының бүгінгі кажетіне де анық жарағандай.
Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының
Сырдария бойындағы қалалар үшін
ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі
XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен
оның қалаларын және Шайбани әулетінің
аса ірі жері–Ташкентті Қазақ
хандығының құрамына қосумен аяқталды.
Бұл территорияларды Қазақ
Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді.
1680 жылы
хандықтың тағы Жәнгірдің
Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.
Хандық билігін күшейтуге
Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.
Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.
Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.
XVII ғасырдың
аяғында қазақ хандығының ішкі
және сыртқы саяси жағдайы
өте шиелінісе түті. Халық басына
қиын да қилы заман орнады.
Сыртқы дұшпандар жиі