Мемлекет және құқық теорияcы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2012 в 15:34, курсовая работа

Описание

Жер бетіндегі кез-келген нәрсе оның пайда болу тарихынан басталады. Осы жайтты ескере отырып, ғылыми жұмысқа тақырып таңдар алдында біраз ой толғауларды бастан кешірдім. Менің ойымша, кез келген заң ғылымдарының маманы сол заңның түп-төркінінен бастап оқып, зерттейді, өз санасында нәтижелер жасайды. Сол себепті мен де қазақ елінің заңдарының тарихын мектеп бағдарламасында өткен тақырыптармен шетемей ЖОО-да тереңірек зерттеп, өз білімімнің ауқымын кеңейткім келді.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................3
1-бөлім
1.1. Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары..............................8
1.2. Патриархалдық-феодалдық қазақ қоғамының құқықтарының сипаттамасы ......................................................................................9
1.3. Қазақ құқығының қалыптасуының тарихи бастамасы.................12
1.4. Дәстүрлі қазақ қоғамының сот билігінің сипаттамасы................14
2-бөлім
2.1. Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты........................................16
2.2. Тәуке хан заманындағы “Билер кеңесі”..........................................17
2.3. Тәуке ханның “Жеті жарғысы”.........................................................24
2.4. “Жеті жарғы”- қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші..27
3-бөлім
3.1. Бізге жеткен “Жеті жарғының ” нұсқалары......................................28
3.2. Ғалымдардың “Жеті жарғы ” жайлы пікірлері................................31

Работа состоит из  1 файл

Ж.docx

— 74.72 Кб (Скачать документ)

Қорытынды.

Жеті  жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында  қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырда  қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты  билік пен бірлікті қамтамасыз ете  алатын жаңа заңдар жүйесін қажет  етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып  заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың  тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру  арқылы жаңа заң жүйесін жасауға  тырысты. Үш жүздің игі жақсылары  мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Кұлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді (мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.

Мазмұны:

Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті  қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы  үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».

Екінші  жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай  қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына (ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».

Үшінші  жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде  мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің  артына байлаған ат теуіп өлтірсе  тек айып тартады.

Төртінші  жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».

Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған  ата-анасына тіл тигізіп сөккені  үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».

Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр  жескеннен соң – ақ баталы жесір  басқаға кетсе, оған берілген қалың  мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір  қыздың қалың малы төленсін».

Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».

 

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1. “Дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи ескеткіштері”, Э.Т.Телеуова;

2.”Жеті жарғы”, Сәкен Созақбаев;

3.” XVIII-XIX ғасырладағы қазақтардың әдет-ғұрып заңдары”, Н.С.Ахметова;

4.” Қазақ әдет-ғұрып материалдары”, С.З.Зиманов;

5. “Жеті жарғы ”, Ж.О. Артықбаев.;

5.” Мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия”, Н.Дулатбеков, Ж.Артықбаев, З.Тойшыбаев. Алматы 1998ж.;

6.” Қазақтың ата заңдары”, С.З.Зиманов. Алматы 2002жыл.;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекет және құқық теорияcы