Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:31, дипломная работа
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.
Кіріспе
1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
Негізгі бөлім
1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы.
3. Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған №2694 Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы.
Қорытынды.
Жоспар
Кіріспе
1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
Негізгі бөлім
1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы.
3. Қазақстан Республикасындағы
соттар және судьялардың
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.
Мемлекеттік аппараттың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрады. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференциация, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай принциптермен реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттік аппарат халыктың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуның демократиялық жолдары—олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құралы, олар мемлекеттік аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніңдегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референ-думға қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы: азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі.
Билік бөліну принциптері. Қазақстанның біртұтас мемлекеттік билігінің тармақтарға бөліну принципі Конституцияда белгіленген негізгі принциптердің біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас, өйткені бірден-бір бастауы - Қазақстан халқы және мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және биліктер бір-бірін шектейді.
Мемлекет аппараты өз қызметін ашық және жариялық істеуге тиісті. Мемлекеттік органдардың қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және хабардардығы өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің қызметінде бар заңдардың талабын мүлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы — қатаң тәртіпті, су-бординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік аппарат біртұтас курделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді: заң шығару, атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы күштер жүйесі. Бұл мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті, қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.
Мемлекеттік аппарат — алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдарымен қалай қатынасатыны, ішкі кұрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады: олар мемлекеттің атынан барлық субъектілерге міндетті нормативтік актілерді шығарады, немесе құқықтык нормалардың орындалуын тексереді, ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар алдыңда тұрған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесі, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметін атқарады. Бұл органдар бір бірімен байланысты. Бәрі бірге жалпы құқық қорғау жүйесіне жатады.
Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқыктар шегінде және заңды міндеттеріне сәйкес өкілеттерді жүзеге асыруға; мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындауға; өз өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.
2. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі
Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1) Мемлекеттік
билік органдары: Парламент,
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
Өкілетті органдар. Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі – төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады.
Заң шығару жұмысын тікелей халыктың өзі де атқара алады, бұл жағдай рефереңдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік рес-публикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі — атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан — Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1-тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-Министр, оның орынбасарлары. Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлігі, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы Наурыздың 4 – дегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы белгіленғен: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратынын басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті
мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.
Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Рес-публикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери (әскердің, құрамалардың, гарнизондардың) соттары болады.
Жоғарғы Соттың құрамын пленум, төралқа, азаматтық шаруашылық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. Соттар тиесілі билікті ешкімнің еркіне қарамастан ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Сот төрелігінің принциптері Конституцияда белгіленген: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды. Сотқа әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы. Жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Ешкім өзіне-өзі, жұбайына және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күмән туғызатын жағдай айыпталушының пайдасына қарастырылады. Заңсыз тәсілмен алынған айғактардың заңды күші болмайды. Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Республика соттары қызметі заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, баршаның заң және сот алдындағы теңдігі, тараптардың жарыспа-лылығы мен тең құқылығы, істерді қараудың жариялығы принциптерінің негізінде құрылады.
Жаңа Конституция бойынша сот қызметкерлері жаңа әдіспен тағайындалатын болды. Жоғарғы Соттарды тағайындау үшін Президенттің жанында Жоғарғы Сот Кеңесі құрылды. Оның қызметін Президент өзі басқарады. Бұл орган Жоғарғы Соттың төрағасын, судьяларды, облыстық соттардың төрағаларына лауызымды кандидаттарды іріктейтін және ұсынатын өкілетті орган. Ал басқа төменгі соттарға тағайындалатын қызметкерлердін Әділет министрі басқаратын әділеттілік алқасы кадр мәселелерін шешеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратында ерекше орынды Конституциялық Кеңес алады. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып, басқа : құзіреттерге ие болатын. Бұл Кеңестің ішкі құрылысы мен тағайындалу процесі өте қызық. Төрағасын және екі мүшесін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, екі мүшесін - Сенаттың, ал қалған екеуін Мәжілістің төрағалары тағайындайды. Бұл мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы», заң күші бар, Жарлығында айтылған болатын. Бұл мемлекеттік органның негізгі мақсаты - Конституциялық заңдылықты қорғау, ал сол үшін ол мынандай құзыреттерін орындайды: Парламент депутаттарының сайлауының дұрыстығын тексереді, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды, Конституцияның норма ларына ресми түсіндірме береді және кейбір сұрақтарды қарайды. Конституциялық Кеңес нормативтік қаулыларды қабылдайды.
Құқық қорғау органдары. Прокуратура ҚР Конституциясының 83 бабы. Бұл орган мемлекеттің атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі бірыңғай қолданылуын, жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының жүйесін Республиканың Бас Прокуроры басқарады, ол өзіне бағынышты орталық аппарат пен облыстық прокуратуралардан, республикалық мәні бар қалалар прокуратурасынан және Республика астанасының прокуратурасынан, облыстық, аудандық, қалалық, әрі соған теңестірілген әскери және өзге де мамандандырылған прокуратуралардан тұрады. Бас Прокурорды Сенаттың келісімімен Республика Президенті бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Оның құзыреті: Конституцияның заң актілерінің және Республика Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады. Жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Республика-ның Коңституциясы мен заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды және заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады. Прокурорлык қадағалау жалпы және ерекше қадағалауға бөлінеді. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың шығарған актілері Казақстан Республикасының Конституциясына, зандарына Президенттің жарлықтарына, Министрлер Кабинетінің қаулыларына сәйкес болуын қадағалайды және лауазымды адамдар мен азаматтардың дәлме-дәл және бірдей орындауын қадағалайды. Бұдан басқа прокурорлық қадағалау анықтама және алдын-ала тергеу органдарының заңдарды орындауында прокурорлық қадағалау өткізеді. Соттарда іс қаралған кезде заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалау өткізеді. Ұсталғандарды отырғызатын жерлерде заңның сақталуын қадағалау прокурорлық құзыреттің тағы бір түрі.
Информация о работе Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны