Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:31, дипломная работа
Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.
Кіріспе
1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.
Негізгі бөлім
1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы.
3. Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған №2694 Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы.
Қорытынды.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгі прокурорлар жоғарғы тұрған прокурорларға және ҚР Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мекемелердің біртұтас жүйесін құрайды.Ол өзінің қызметін тәуелсіз жүзеге асырады. Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Заңда белгіленген негіз бен тәртіп бойынша шығарылған прокурорлық қадағалау актілері барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен аза-маттар үшін міндетті. Прокуратураның құқықтық актілері былай бөлінеді: қадағалау актілері (наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, ұсыным, заңға түсіндірме); ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер (бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер) және прокурордың бұйрықтары, ережелері мен нұсқауларды бекітеді.
1995 жылы Конституция ауқымында және Қазақстан Респуб-ликасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құқықтық реттеудің жетілдіру мен жедел іздестіру қызметтерін реформалау жүргізілді. Қазақстан Республикасында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар - ішкі істер органдары; ұлттық қауіпсіздік органдары; Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органы; Қаржы министрлігінің салық қызметінің органы және Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет комитеті болып табылады. 25 желтоқсан 1995 жылғы Президенттің жарлығымен бұл органдардың қатарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Кеден комитеті толықтырды.
Азаматтардың құқықтарын қорғау органдарына ішкі істер органдары мен Республиканың қауіпсіздік органдары кіреді. Олардың да құқықтық жағдай-ларын Президенттің Жарлығымен бекітілген 1995 жылдың 21 желтоқсанында алынған актілер бекітеді. Ұлттык қауіпсіздік Комитетінің қарауына жеке адамдардың, қоғам және мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты зерделеу мен жүзеге асыруға қатысу, ұлттык кауіпсіздік органдарының қарауына жататын қылмыстарды анықтау, тыю ашу және тергеу істері жатады.
Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.
Бұлар мемлекеттің тиісті аумағындағы істің жай-күйіне жауапты, жергілікті және атқарушы органдар жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бірыңғай мемлекеттік биліктің түрі. Олардың функциялары: халықтың жергілікті істерге қатысуын қамтамасыз ету, жергілікті жерлерде мемлекеттік меншікті, бюджеттің құрылуын, бекітілуін және орындалуын басқару, жергілікті салықтар мен жиналымдарды белгілеу, жасалған жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар негізінде тиісті аумақтың дамуын қамтамасыз ету, халықгың әлеуметтік-мәдени, коммуналдық-тұрмыстық және өзге де қызмет қажетін өтеу. Жергілікті мемлекеттік басқару органдар жергілікті өкілетті органдарды, маслихаттарды қамтиды, олар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халыктың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оның жүзеге асырылуын бақылайды. Жергілікті атқарушы органдарын басқаратын әкімдер, бұларға Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесі енеді, тиісті аумақтардағы мүдделер мен қажеттіліктерді үйлестіре отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді. Бұл органдардың ұйымы және қызмет бабы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы» қолданылып отырған заңында белгіленген. Мәслихаттарға өткен сайлауға 18 жасқа толған азаматтар қатысады, олар 4 жылға сайланады. Облыстық әкімдерді Президент тағайындайды, ал одан төмен әкімдерді облыстық әкімдердің өздері тағайындайды. Мәслихаттар өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша шешімдер, ал әкімдер шешімдер мен өкімдер қабылдайды.
Қазақстан Республикасының егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштері жүзеге асырады. Мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік пен құқык тәртібін қорғау ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарына және республикалық ұланға жүктеледі. Олардың мәртебесі және қызметі заңмен белгіленеді.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару және сот биліктерінің органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және жоғарғы органдарға бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы, орталық және жергілікті органдарға бөлінеді.
Мемлекет тетігінің түсінігі және құрамы
Мемлекет тетігі - мемлекеттің функциясын (қызметін), алдына қойған мақсатын іске асыруға арналған мемлекет органдарының жүйесі.
Заң ғылымында "мемлекет тетігі" және "мемлекеттік аппарат" түсініктері синоним ретінде қолданылады. Бірақ, кейбір көзқарастар бойынша мемлекеттік аппаратқа, тікелей басқару ісімен шұғылданатын сол үшін өкілеттілік берілген органдарды жатқызады, ал "мемлекет тетігі" түсінігіне мемлекеттік аппараттың "материалдық қосылымдары кіреді және (қарулы күштер, ішкі істер органдары. түзету мекемелері), себебі мемлекеттік аппарат өзінің қызметін соларға сүйеніп атқарады.
Мемлекет тетігінің, коғамның өркениетті даму кезеңдерінде әр түрлі құрылымдары және кызметтері болған. Адам баласының қоғамы, прогресс жолымен жылжи отырып, мемлекеттік органдар құрғақ мемлекеттің қызметін өз мәнінде қамтамасыз еткен. Мемлекет тетігінің кұрамдық және қызметінің әр түрлілігі, оның жалпылама және көптеген бұрынғы және қазіргі мемлекеттерге тән сипаттағы маңызды белгілерін бөліп көрсетуте мүмкіндік береді.
Мемлекет тетігіне қоғамды мемлексттік баскару және оның негізгі мүдделерін корғау жатады және арнайы органдардың мекемелердің жүйесі арқылы іске асырылады.
Мемлекеттік тетіктің жалпы сипаттағы белгілері мынадан көрінеді:
Біріншіден, мемлекет тетігі арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік тетік органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық кызметтері ұйымдастыру және қаржы (финанс) құралдарымен камтамасыз етіледі, ал керек жағдайда мәжбүрлеу арқылы іске асырылады.
Төртіншіден, мемлекет тетігі азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтарын қорғауға арналған. Мемлекеттік органдардың өктемдік міндеттері құқықпен шектеледі, ол жағдай мемлекет пен жеке адамдардың арасындағы адалдық қатынасты толығымен қамтамасыз етеді.
Адам баласы қоғамының дамуындағы әр түрлі кезеңдеріндегі мемлекеттетіктерінің өздеріне тән, ерекшеліктері және құрылымдары болды. Бұны экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттің ұлттық құрамдарына, жер көлемдеріне, географиялық жағдайларына, тағы басқа себептерге байланысты түсіндіругс болады.
Ертедегі шығыс және алғашқы Еуропа елдеріңде мемлекеттердің тетіктері көбінесе тұракты жүйеде болды. Олар мемлекеттің басшысынан (монарх не болмаса коллегиялды орган), орталық мекемелерден, лауазымды адамдардан, жергілікті органдардан, чиновниктерден, армиядан, соттан, полициядан және басқа да мемлекеттік құрылымдардан тұрган. Мысалға, Рим республикасының негізгі мемлекеттік органдарына Сенат, Ұлттык жиналыс, магистраттар жаткан.
1.Сенат - Рим мемлекетінің ең жоғарғы өкімет органы болған. Заң шығару жағынан, Сенат центриаттармен трибундардын қабылдаған заңдарын бекіткен. Сенатта жайластыру және қоғамдық қауіпсіздікке сәйкес жалпыға бірдей қаулы қабылдаған. Финанс жағынан сенат мемлекеттік бюджетті жасап, салықты белгілеген. Сыртқы саясат жағынан басқа мемлекеттермен келісімдер жасаған не болмаса ондай келісімдердің жүргізілуін қадағалай отырып, бейбітшілік келісімдерді жасауға қатысқан. Әскери құрылым жағынақ Сенат мынадай маңызды мәселелермен шұғылданған: ол армияға шақырылатын адамдардың мөлшерін белгілеген, әскер басшыларына армиялармен провинцияларды бөлген, соғыс жүргізуге қаражат бөлген, төтенше жағдайды хабарлаған, тағы сондай көптеген міндеттерді орындаған.
2.Ұлттык жиналыс (комицин) жоғарғы заң қабылдаған және басқару қызметтерімен шұғылданған. Оның міндетіне заң жобаларын қабылдау не болмаса қайтарудан басқа мемлекеттің лауазымды (магистраттарды) сайлау, шағымдарды шешу кірген.
3.Магистраттар, басқару функциясын орындаған, оның ішінде армияны басқарған. Заң жүзінде, Рим мемлекетінің кез келген азаматы магистрат болуға құқығы болғақ бірақ шын мәнісінде ол орынға, тек үлкен жер иеленушілердің өкілдері сайланған. Магистрат бір жылға сайланған және ол талас орынға бірнеше адам сайланып. ал басқаруды әрбір магистрат жеке жүргізген. Өздерінің орындаған лауазымды міндеттері үшін, магистраттар жалақы алмаған. Магистраттардың міндетіне мына қызметтер кірген: жоғарғы әскер басқарушылығы, келісімге келуді шешу, Сенатты және Халык жиналысын жинап, оны басқаруға, соттың жаза белгілеуге, ұйғарымды орындамағаны үшін айып салуға құқығы болған.
Магистраттар - өздерінің белгілі басқару міндеттеріне байланысты: консулдарға, диктаторларға, прсторларға, цензорларға, квесторларға бөлінеді.
Консулдар - ең жоғарғы магистраттарға жатқан. Солар ғана әскер басқарған. Сенат пен Халық жиналысын жинаған ішкі басқаруды жүргізген.
Диктатор - төтенше магистрат. Ол ерекше жағдайда, Сенаттың ұсынысы бойынша консулдардың арасынан біреуі ғана алты айға сайланған. Диктаторлар елге соғыс қаупі туғанда, көтеріліс болғанда және тағы сондай төтенше жағдайларға байланысты құрылған.
Преторлар - алғашқы кезде, консулдардың көмекшісі одан кейін мүлік туралы жұмыстарды шешуге, сот функциясын тұрақты атқаруға көшкен.
Цензорлар - лауазым иесі ретінде сенаторлардың тізімін жасап, Рим республикасынын азаматтарын соғыс және аумақтық жерлерге бөлген, бір мез- гілде азаматтардың дүние - мүлкін бағалаған және "адамгершілік" жөнінде бақылау қызметін жүргізген.
Квесторлар - әр түрлі міндеттерді орындаған: біреулері кейбір қылмыстық істер туралы жұмысты баскарған, басқасы байлықты сақтаған төлемдер қабылдаған және ақша төлеген. Сонымен бірге, магистраттар сауда - саттықты тексерген ақша шығарған, құрылыс және жолды пайдаланумен шұғылданған.
Феодалдық (ортағасырлық) мемлекеттің тетігі өздерінің даму кезеңдеріндегі ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады: ертефеодалдық, сословиелік - өкілеттік жәнк абсолюттік монархия. Ертефеодалдық монархия кезінде мемлекеттің құрамы аса қиын болмады. Ол - мемлекеттің басы (король, князь), сарай маңындағы ақсүйектер, әскери дружиналар, салық жинаушылар. Кейіннен сословиелік - өкілетті, орындаушы және басқа мемлскеттік билік органдары пайда бола бастайды.
Ортағасырлық мемлекеттердің шоғырлануына байланысты оның тетігі қиындай түседі. Бірнеше салаға бөлінген басқару аппараты пайда болады: әр түрлі министрліктер, орталық ведомстволар, арнайы сот мекемелері, полиция аппараты барлау және басқа мемлекеттік органдар жетіле түседі. Жекелеген феодалдардың әскери дружиналары бір жерден басқарылатын тұрақты армияға айналады. Сонымен бірге, мемлекеттің алдында тұрған көп мәселелерді шешуге шіркеу мекемелерімен діни ұйымдардың үлкен маңызы болды.
XVIІ-ХVIII ғасырларда, әсіресе Еуропадағы буржуазиялык революция кезеңдерінде мемлекеттік аппараттың құрылымына жаңа жөндеулер және функционалдық қызмет істеу тәртібі кіргізіледі.
АҚШ-та мемлекет тетігі (механизмі) өкіметтің бөлінуінің классикалық жолымен құрылған. Заң шығарушы өкімет 1787 жылғы Конституция бойынша екі палатадан тұратын Конгреске тапсырылады: Өкілдік палатасы және Сенат. Мемлскеттің және үкіметтің басы болып АҚШ-тыц Президенті белгіленген. Ең Жоғарғы сот ретінде Жогарғы Федералды сот белгіленгсн, ол Конституцияға сәйкес келмейтін заңдарды қайта карауға құкығы болған. Мемлекеттік аппарат штаттарда да құрылған: заң шығарушы жиналыс, үкімет, жергілікті органдар, полиция, сот, олардың өздеріне тән азаматтық, қылмыстық және процессуалды заңдары болған.
Францияда мемлекеттік тетіктің жаңа элементтері - Ұлттық конвент, Директория, Наполеон кезіндегі Консулство, Париж коммунасы т.с.с. пайда болды.
Ресейде Мемлекеттік кеңес құрылып, жоғарғы заң талқылайтын органға айналған азаматтық, рухани, өндіріс, ғылым, сауда және әскери департаменттер құрылған. Кейіннен Министрлер кабинеті пайда болған. Мемлекеттік Дума құрылып, заңдарды шығаруға әрекет жасайтын құқыққа ие болған. Александр II патшалық құрған кезде жер-жерде губерниялық басқару земствосы, уездік және губерниялық земство жиналысы құрылған.
Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты мемлекет аппаратында ескілері жойылып, жаңа кұрылымдар пайда бола бастайды. Дегенмен де, барлық тарихи кезеңдерде мемлекеттік аппарат - қоғамның саяси жүйесінің құрылуындағы негізгі, алғашқы бастама.
Мемлекет тетігін құру және қызметін белгілеу объективтік сипаттағы белгілі принциптердің негізінде іске асырылады. Мемлекеттік органдарды құруда және жұмыс процесінде жан жақты есепке алу, қоғамды мемлекеттік басқаруда толық тиімділікті қамтамасыз етеді.
Осыған дейінгі кеңес үкіметі кезінде, мемлекеттік аппаратгы құрудағы негізгі принциптерге заң ғылымдары мына принциптерді ұсынды: мемлекетті баскарудағы халықтың толық қатынасу принципі, демократиялык централизм, пролетарлық интернационализм. социалистік заңдылык, социалистік жоспарлылық, есеп және тексер; мемлекет аппараты бөлімдерінің қызметінде партиялық басшылықты күшейту.
Қоғам өміріндегі саяси, экономикалық тағы баска салалардагы үлкен өзгерістер, мемлекеттік органдардың құрылымына, мазмұнына және қызметтерінін сипатына айтарлыктай өзгерістер енгізді. Оларға мыналарды жатқызуга болады:
1) мемлекеттік аппараттардың барлық бөліктеріне азаматтардың мүдделерін жоғары қою принципі тән. Ол демократиялык сайлау жүйесімен, әлеуметтік-экономикалық, саяси, жеке адамдардың құқықтарына, азаматтардың бостандығына кепілдік (гарантия) жасауы, мемлекеттік органдардың әр түрлі кызметтерімен қамтамасыз етілуі.
2) өкіметті бөлу принципі (заң шығаратын, орындайтын, соттық сол арқылы өкімет органдары және лауазымды адамдар жағынан болатын бассыздықты жоятын тетіктер құрылады.
3) мемлекеттік аппараттың жұмысындағы жариялылық және ашықтық принципі. Мысалы, мемлекет азаматтарының жалпы халықтық дауыс беру негізінде (референдум), халықтың мүдделеріне қарсы, мемлекеттің қай органдары болмасын өз шешімдерін жояды сонымен бірге, бұған халықаралық қатынастардағы да мәселелер кіреді.
4) жоғарғы мамандық және мемлекеттік органдардың құзыреттілігі, олардың жоғарғы ғылыми деңгейде мемлекет өміріндегі мәселслерді халыктың мүддесіне сай шешуінде. Кәсіби принцип, мемлекеттік басқаруда ең алдымен, білімді адамдарды пайдалану, яғни басқару кызметі сондай адамдардың негізгі мамандығына сай болуы қажеттігі. Басқаруды білмейтін адамдарды мемлекеттік жұмыска шақыру, отандық тәжірибе көрсеткендей жарамсыз жағдайларға әкеліп соққаны белгілі. Ондай адамдардың басқа, өндіріс не болмаса, ауыл-шаруашылығының жақсы мамандары бола тұрып, мемлекеттік қызметте (кеңесте, олардың комиссиясында, комитеттерінде) өздеріне жүктелген міндеттерді тікелей толығымен кәсіби жағынан орындай алмайтындығы.
Информация о работе Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны