Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:31, дипломная работа

Описание

Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.

Содержание

Кіріспе

1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.

Негізгі бөлім

1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.

2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы.

3. Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған №2694 Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы.


Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

ТГИП_Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.doc

— 260.00 Кб (Скачать документ)

5) заңдылык принцип - барлық мемлекет тетігін құратын бөліктердің елмен және бірімен-бірінің қарым-қатынасы, сонымен катар әр түрлі қоғамдық топтармен және ұйымдардың құқықтык бастамасы.

6) демократизм принципі, мемлекеттік органдардың кызмстін белгілегенде, азаматтардың көпшілігінің әр түрлі мүддесін олардың діни ерекшеліктеріқ ұлттық мәдениетіқ дәстүрлерін есепке алуға мүмкіндік береді.

7) федеративті  (одақтық) мемлекеттерде, мемлекеттік аппараттың кызметін белгілегендегі ең маңызды принципке, субординация және жалпыфедералдык органдардың (орталықпен) және мемлекеттік билікпен федерация мүшелерінің арасындағы бір-бірімен келіскен әрекеті жатады.

Ұлттык федерацияда, олардың өз арасындағы тұрақты міндеттерін қолайлы белудің өте үлкен маңызы бар, себебі ондай бөлу федерация мүшелерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді, олардың ішкі-сыртқы мәселелерін дұрыс шешуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің тетігі, мемлекеттік биліктің нсгізгі орындаушы субъектісі ретінде көрінеді. Мемлекеттік аппарат арқылы, оның органдары өздеріне тапсырылған міндеттерді орындайды, қоғамдык өмірдің дамуына, тұрактылығына, демократиялык ұйымдастырушылыктың елде сіңуіне, тұрғындардың гүлденіп, жақсаруына белгілі түрде ықпал етеді. Белгілі жағдайда, егер оларға мемлекет рұқсат етсе, мемлекет органдарының билігін мемлекеттік емес ұйымдар аткаруы мүмкін.

2. Мемлекеттік  органдар және олардың жіктелуі

Мемлекеттің тетігі (механизмі), арнайы құрылымдағы және өздеріне тән қызметтерді орындайтын әр түрлі бөліктерден тұрады. Механизмнің негізгі бөлігіне мемлекет органдары жатады.

Мемлекет органдары - мемлекет аппаратының бір бөлігі, заңға байланысты өзіндік құрамы бар, қоғамдық өмірдің бір жағын басқаруға қатаң түрде міндеттелген, басқа мемлекеттік тетік бөліктерімен әрекеттес, біртұтастықты құрады.

Жоғарыдағы түсініктемедсн көрінгсніндей, мемлскеттік органдардың өзіндік белгілері бар:

1)  мемлекет  тетігінің дербес бөлігі ретінде көрінеді;

2) мемлекеттік  органдар тек құқықтық актілер негізінде құрылыл әрекет жасайды (Конституция, заңдар);

3) тек өзіне тән мақсаттар мен функцияларды орындайды және соған сай нысандармен әдістерді пайдаланады;

4) билік өкілдігі  берілген және қажетті кезде мәжбүрлеу шарасын қолдана алған;

5) алдына қойған мақсатқа жету үшін, құрылған мемлекеттік қызметтермен соған сай бөлімдерден тұрады;

6)  міндетін  жүзеге асыру үшін өзіне сай құрамы материалдык негізі және қаржы құралдары бар.

Мемлекеттік қызметті іске асыру нысанымен мемлекеттік  органдар: өкілетті, атқарушы, иелік, сот, прокурорлык және тексеру-бақылау органдарына топтасады:

-  билікті бөлу принцит бойынша: заң шығарушы, атқарушы және сот:

-  ескі жолмен: федералдық, республикалық және жергілікті:

- өкілеттік уақытына қарай: тұрақты (әрекеті тежелмейтін уақытка құрылады) және уақытша (уақытша мақсатқа жету үшін құрылады);

- құзыретін іске асыру тәртібіне байланысты; алқалық және жекеше баскару;

- құқықтық нысандар қызметтеріне байланысты - құқықтық  шығармашылық, құқыққолдану және құқыққорғау құзыреттерінің сипатына қарап - жалпылама орган (үкіметі) және арнайы кұзыретті (министрлер) болып бөлінеді. Мемлекет органдары өздерінің кұрылу тәртібіне және атқаратын міндеттеріне байланысты топтарға бөлінеді. Көрсетілген белгілерге байланысты, мемлекеттік органдарды мынадай үш, негізгі топқа бөлуге болады: өкілетті органдар, орындаушы органдар, соттық (құқыққорғау) органдар, оның ішінде Конституциялық бақылау органдары бар.

3. Мемлекеттік  аппаратты ұйымдастырудың және қызметтерінің принциптері

Мемлекеттік аппарат, мемлекеттік органдардың жүйесі болғандыктан ұйымдасуында және кызметтерінің бәріне бірдей принциптермен байланысты болады. Мұндай принциптер - мемлекеттік органдарды құру және қызмет әрекеттерін (функцияларын) белгілейтін негізгі идеялардың шығу жолдары.

Ондай принциптерге мыналарды жатқызуға болады:

1) Адамның және азаматтың бостандығы мен еркіндік құқықтарынын басымдық принципі. Онда мемлекеттік қызметкерлердің соған сай міндеттілікті мойындап, сақтап және қорғайтындығы көрсетіледі;

2) Демократизм  принципі. Онда мемлекеттік органдардың қызметтерінің құрылуындағы және ұйымдастырылуындағы азаматтардың кең көлемдегі қатысуы көрсетіледі;

3) Биліктің бөліну принципі (заң шығару, атқарушы және сот), онда билік органдарымен лауазымды адамдар жағынан болатын басынушылықты азайтатын тетіктер белгіленген:

4) Заңдылык принципі дегеніміз, барлык мемлекеттік қызметкерлермен Конституцияны, зандарды және қосымша заң актілерін сақтау міндеттілігі;

5) Ашықтық принципі арқылы, мемлекеттік органдардың күнделікті әрекеттері туралы құқық субъектілерінің хабардар болуы қамтамасыз етіледі;

6)  Федерализм  принципі, мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін көрсетеді;

7)  Кәсіптік принцип, мемлекеттік аппараттың кызметіне көбірек

маманданған адамдарды тартуға қолайлы мүмкіндіктер беріп, еліміздің мүддесі үшін, жоғары деңгейдегі, негізгі мемлекеттік мәселелерді шешуге кепілдік жасайды;

8) Алқалық және жеке басқаруды үйлестіру принципі, онда мемлекет аппаратындағы демократиялық және бюрократиялык арақатынастары өз жөнінде қамтамасыз етіледі;

9) Сайлау мен  тағайындауды үйлестіру принципі, мемлекеттік басқарудағы бөлу мен бір ортаға біріктірудің (децентрализация мсн централизацияның) қолайлы арақатынасын көрсетеді;

10) Төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну (иерархиялық) принципі - органдар мемлекеттік аппаратта әр түрлі деңгейдегі орындарға иемденеді (бір орган басқасына бағынады, жоғарғы оргаңдардың шешімін төменгілерінің орындауы міндетті).

Мемлекеттік органдарды құру процесінде және қызметтерінде, жоғарыдағы көрсетілгендерді есепке алу, мемлекет пен қоғамды басқару процесін тиімді жүргізуге мүмкіндік туғызады.

 

4. Мемлекеттік  биліктің өкілетті органдары

Мемлекеттің өкілеттік органдарына, заң шығару мекемелері, жергілікті билік және өзін-өзі басқару органдары жатады. Ол тұрғындарының сайлауымен құрылады, солардың атынан қызмет: атқарып, алдарында жауапкершілік міндетте болады. Заңшы қызметін мемлекеттің ең жоғарғы өкілеттік органдары іске асырады. Заң шығару органы мемлекеттің механизмінде ең басқарушы орында болады, себебі билікті бөлу принципіне сай заң шығарушы орган ең маңыздысы. Ол бәріне бірдей мемлекетті басқарудағы міндеттері белгілейді.

Демократиялық мемлекет құрылымда, жоғарғы өкілеттік заң шығарушы органға Парламент жатады. Ол халықтың тәуелсіздігін көрсетеді және тек сол орган ғана халыктың еркін заң жүзінде белгілеп береді. «Парламент» - ағылшын тілінде сөйлейді деген мағынаны білдіреді. Англияда, Индияда, Канадада, Финляндияда, Жапонияда заң шығарушы органдар Парламент деп аталады. Басқа елдерде бұл мемлекеттік орган басқаша аталады. (Мысалы, Сейм - Польшада, Фолькетинг - Даниада, Альтинг - Исландияда, Конгресс - АҚШ-та).

Парламент екі  палатадан және бір палатадан құрылуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде парламенттер екі палатадан тұрады -төменгі және жоғарғы, олардың бірдей заңды құқықтары болады. (АҚШ-та өкілетті Палата және Сенат, Австрияда - Одақтық және Ұлттық кеңес, Индияда - Ұлттық палата және Штаттар кеңесі) Федеративтік Республика Германияда заң шығару қызметін төменгі палата Бундестаг іске асырады, ал Бундестаг әр жерлердің өкілеттігін іске асырады және Федеративтік конституциялық сотқа шағым беруі арқылы кейбір заңдардың шығуын тежей алады. Екі палаталы жүйе кейбір унитарлық мемлекеттерде кездеседі. Бұл көп жағдайда, орындаушы жәнс заң шығарушы органдардың арасындағы күштерінің бір деңгейде болуын тұрақтандыру үшін жасалған талап екендігімен тығыз байланысты. Себебі, еш нәрсемен шектелмеген бір палатаның билігі, екінші палатаның басқа негізде құрылуымен тежеледі (мысалы, Палата общин Англиядағы жәнс Португалдардың Палатасы).

Бір палаталы парламенттер, көбінесе тұрғындардың ішіндегі ұлттардың көпшілігін құрайтын, көлемі жағынан, үлкен емес мемлекеттерде болады (Венгрия, Дания, Польша  Финляндия).

Парламенттерде әр түрлі комитеттер мен комиссиялар тұракты жәнс уақытша құрылып жұмыс істейді, олар заң шығарушы органның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған. Олар парламснттің міндетіне кіретін белгілі жұмыстармен айналысады: бюджет-қаржы қызметі, халықаралық жұмыстар, денсаулық сақтау, әлеуметтік саясатты басқарады, қылмыспен күресті, елді қорғауды т.б. ұйымдастырады.

Парламент тікелей  заң шығарудан баска, ең жоғарғы қаржы қызметімен шұғылданады, орындаушы үкіметтің үстінен бақылау жасайды, сонымен бірге қоғамның мемлекеттік өміріндегі басқа да мәсслелерді шешеді.

Парламенттіц қаржы жөніндегі қызметі

Парламенттің ерекше міндеттерінің біріне қаржы мәселелерін шешумен қоса мемлексттік бюджеттің жобасын талқылау жатады.

Парламент мемлекеттік  бюджетті бекіте отырып, жалпы шығыс көлемін жалпы кіріс көлемімен салыстырады, шығысты баптарға бөледі, олардың экономикаға және қоғам өмірінің басқа жағдайына тигізетін маңызын белгілейді. Сонымен парламенттік бақылаудың жеткілікті тиімділігі, мемлекеттік қаржы жұмысындағы процестік бақылауда болатындығы.

Парламенттің атқарушы үкіметке жасайтын бақылауы

Парламент атқарушы үкіметке әр түрлі жолдармен бақылау жүргізеді.

Біріншіден, атқарушы үкіметтің мүшелігіне әр түрлі лауазымды адамдарды белгілеуге қатынасады. Атқарушы үкіметтің үстінен ең маңызды парламенттік бақылауға, парламент пен мемлекеттін басшысын тағайындау жатады. Мұндай бақылау парламенттік республикаларда толық түрде іске асады.

Президенттің басқаруындағы, яғни мемлекет басшысы жалпы сайлау арқылы сайланатын жерде, сонымен бірге сайлаушыл; коллегиясында парламенттің жоғарғы атқару үкіметінің басшысын қоюда номиналды рөл атқарады. Мысалы, АҚШ-тың Конгресі Президентті сайлағанда, тек дауысты санаумен ғана шұғылданады. Егер кандидаттардың біреуі де көпшілік дауысты жинамаса, өкілеттік Палата Президентті, ал Сенат вице Президенті сайлайды. Францияда мемлекет басшысына кандидатты сайлағанда, оған барлык Парламент мүшелері қатынасады, сонымен қатар әрбір депутат 100 адамның қолдауына ие болуы қажет, олардың ішінде Парламенттің экономикалық және әлеуметтік кеңестің мүшелері, бас кеңесші, не болмаса сайланған мэрлер болуы қажет.

Мемлскеттік басқару нысандарына байланысты Парламені түрлі деңгейде үкіметтің және кабинеттің басшысын сайлау процесіне қатынасады, сол арқылы үкіметтің құрамына, жекелеген мүшелеріне үкіметтің жұмыс сипатына ықпалын тигізеді.

Бірнеше елдерде, үкіметтің бастығы жәнс министрлер кабинетінің мүшелері парламентпен тағайындалады және олардың алдында жауапты болады. Ол мемлекеттік өкіметтің атқарушы органдарын тікелей сайлайтын мемлекеттерге тән жағдай. Осындай сайлау жүйесінде, парламент палаталардың абсолютті көпшілігімен үкіметбасшысын сайлайды, одан кейін үкімет мүшелігіне кандидаттарды парламентте бекітуге ұсынады.

Кейбір елдерде, конституцияға сай парламент үкімет басшысына кандидаттардың өзінің көзқарасын, оны тағайындайтын формалды актіге дейін білдіреді. Мысалы, Жапонияда парламент премьер-министрді өзінің мүшелерінің арасынан тағайындайды. Содан кейін барып, император оны бекітуге міндетті болған. Премьер-министр, парламенттің әр палатасынан резолюциямен ұсынылады. Егер өкілеттік Палата және кеңесшілер Палатасы кандидат туралы келісімге келмесе, он күннен кейін өкілеттік Палатаның шешімі, барлық парламснттің шешімінс айналған. Премьер-министр Кабинетті құрайтын мемлекеттік министрлерді тағайындайды. Жапонияның Конституциясы бойынша Кабинет мүшелерінің көпшілігі Парламент мүшелерінен сайлануы қажет. Бұғанға дейін, белгілі болғандай классикалык президенттік басқаруда мемлскет басшысымен үкімет басшысының міндеттері бір адамға жүктелген. Сайлау кезінде парламент тек жанамалай қатысады. Дегенмен, тіпті АҚШ-та да президенттік кабинеттің мүшелері, президенттің қалауымен ғана тағайындалмайды, оғаы Сенаттың келісімі қажет. Сондай принциппен елшілер, консулдар және Жоғарғы соттың судьялары тағайындалады.

 

 

 

 

Атқарушы  биліктің парламент алдындағы жауапкершілігі

Өркениетті елдерде жоғарғы атқарушы органдар, өзінің қызметі жөнінен Парламент алдында жауапты. Бұл мынадан көрінеді:

- біріншіден, мемлекет  басшысы жоғарғы өкілеттік органдардың шешімімен өз міндетінен босатылады;

-   екіншіден, үкімет бір мезгілде, мемлекет басшысымен бірге отставкаға кетеді;

- үшіншіден, парламент жекелеген үкімет мүшелерін мандатынан айырып, орнына басқа жаңа адамды тағайындайды;

- төртіншіден, парламент жүйесінің негізіндегі принциптерге сай, мемлекет басшысының талабы бойынша парламентті, не болмаса үкіметті парламент алдындағы жауапкершілікпен жалғастырады.

Парламенттік  бақылаудың қажеттігі, заң шығарушы өкіметтің жүргізіп жатқан,  үкімет саясатымен таныс болып, конституциялық әдістемеге сай, оның пайдалылығына және анық түрде жеке адамның еркін дамуына кепілдік жасау.

Лауазымды адамдардың сәйкес келмеушілігі

Лауазымды адамдардың сәйкес келмеушілігі дегеніміз - парламент мүшелеріне, сол қызметте отырып басқа мемлекеттік не қоғамдық қызметте істеуге тыйым салынуы. Мұндай жолдың мақсаты - парламент мүшелерінің басқа мемлекеттік өкімет органдарына не жеке адамдарға тәуелсіздігін сақтау.

Информация о работе Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны