Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:31, дипломная работа

Описание

Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.

Содержание

Кіріспе

1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.

Негізгі бөлім

1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.

2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы.

3. Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған №2694 Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы.


Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

ТГИП_Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.doc

— 260.00 Кб (Скачать документ)

Көптеген парламенттердің жұмысындағы маңызды факторға, депуттардың аздаған бөлігінен тұратын оппозиция жатады, оларға белгілі мәселелер бойынша депутаттардың көпшілігін құрайтын парламент және үкімет саясатымен келіспейтіндер жатады.

 

 

 

5. Мемлекеттің жергілікті жердегі өкілетті органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары

Бұл мемлекеттік органдар әдеттегідей, өкілетті сипатта болалы және белгілі әкімшілік-аумақтар көлемінде қызмет етеді (муниципалдык кеңестер, префекторлык жиналыстар, халық депутаттарының кеңесі, ұлттык кеңестер, ұжымдық кеңестер). Жергілікті өкілетті органдар, тікелей әкімшілік-аумақтар тұрғындарымен сайланады. Оларға, заңда белгілснген мөлшердегі жергілікті кәсіпорындар, жергілікті бюджет, көлік, сумен жабдықтау, жергілікті тұрғышдардың тұрмыс қажетін өтеу, халық білімі, денсаулық, құкықтық тәртіпті сақтау, азаматтық корғаныс т.б. жатады.

Жерғілікті жерде, мемлекеттік билікті құрудың тарихи екі нысаны пайда болды. Жерғілікті үкіметтің демократияға көп жакындығы, билікке сай болатыны. Барлық жергілікті жұмыстар, сайланған әр түрлі деңгейдегі органдардың колында болуы кажет. Мысалы, Жапонияда барлык негізгі ішкі мәселелерді префектурада, қалаларда, поселкелерде және ауылдарда (деревняларда - жергілікті жерлерде) сайланған органдар шешеді. Біздің елде де, жергілікті мемлекеттік өкімет органдары әкімшілік-көлемдік (поселок, ауыл, қала, аудан,облыс) бөлімдерде әр түрлі ішкі өмір мәселелерін өздері тәуелсіз шешуге толық мүмкіншіліктері және құқықтары бар.

Кейбір елдерде, жергілікті өзін-өзі билейтін органдар өзінің жұмысында белгілі деңгейде орталық өкіметпен тежеледі. Олар жергілікті шаруашылықты, қаржыны, денсаулық сақтауды, жол салумен жәнс баска маңызды мәселелермен шұғылданып басқарса да, тәртіп сақтау, орталыкпен тағайындалған адамға жүктеледі. Ондай сипаттағы жағдайға Франциядағы жергілікті өкіметтің ұйым-дастырылуы мысал бола алады. Оның департаменттеріндегі ортаңғы өкімет. президентпен тағайындалған префект арқылы жүргізіледі. Префектіге барлык ведомствалық қызметкерлер бағынады, ал муниципалды қызметтің үстінен жүргізілетін бақылауды полиция баскарады. Генералды кеңес, өзін-өзі билейтін орган ретінде, барлык қалған маңызы бар жергілікті мәселелерді шешеді, муниципиалды кеңес коммуналарда кызметте жүріп, орталықтың өкілі, жергілікті полицияны, мэрді сайлайды.

 

Мемлекеттік биліктің атқарушы және билеу органдары

Мемлекет  басшысы

Көп елдерде мемлекет басшысы атқарушы органды баскарады. Конституциялық монархияда, мемлекет басшысы формалды түрде монарх болып есептеледі. Конституцияньщ негізінде, қалыптасып қалған әдет бойынша парламент туралы монархтың мынадай құқықтары бар: сессия шақыру, төменгі палатаны тарқату, жоғарғы палатаның мүшелерін тағайындау, заңдарды бекітіп жариялау, кейбір жағдайда "вето" құқығы бар. Жапонияда Конституция негізінде император парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді бекітеді, үкіметтің ұсынысымен - жоғарғы соттын төрағасын және мүшелерін бекітеді, үкіметтің мүшелерін босатады және тағайындайды, амнистия және кешірім жасауға келісім береді. Әдетте монарх ел әскерінің бас қолбасшысы, халыкаралык қарым-қатынасты реттейді. Шын мәнісінде, барлығын монархтың атынан үкімет орындайды. Жапонияның Сот Конституциясы бойынша импера-тордың мемлекет жөніндегі қимылы үкіметтің кеңесімен келісімімен жасалады жәнс оған өзі жауапты.

Республикалык басқарудағы мемлекеттерде, мемлекет басшысы

әдеттегідей Президент болады. Президенттің міндетіне мына жұмыстар кіреді:

  • Президент шет елдердің елшілерін қабылдайды, елшілерді тағайындайды;
  • халықаралық келісім-шарттарды растайды;
  • мемлекеттің қарулы күштерінің бас қолбасшысы.
  • Талай елдерде президенттің конституциялық заңдарға сәйкес мынадай құқығы бар:
  • Парламентті таратуға, сессияның жүмысын шақыруға, не болма-са баска күндерге ауыстыруға құқықты;
  • заң жобаларын қабылдамай, екінші рет Парламентке жіберуі  құқықты.

Президенттік  республикаларда мемлскет басшысы өтс үлкен өктемдік құқықтармен пайдаланады. Жоғарыда айтқандай, мұндай жағдай АҚШ сияқты елдерге тән. Онда президент жоғарыдағы көрсетілген міндеттсрден басқа министрлерді, хатшыларды ауыстыруға, барлық жоғарғы, жәй азаматтарды жәнс әскери чиновниктерді тағайындайды. Президент жоғарғы атқару өкіметінің актісі ретінде қаулы шығарып, мемлекетгік өмірдің әр түрлі жақтарын реттейді. Парламентаралык республикаларда президенттің рөлі төменде болады. Мемлекеттің басшысы бола тұра, жоғарғы аткарушы билікті формалды түрде жүргізеді, шын мәнісінде, ол жұмысты үкім басшысы орындайды. Ондай мемлекеттерде парламентті тарату президенттің қаулысымен болса да, үкіметтің шешімімен іске асырылады. Президенттің қаулылары, үкімет басшысы қол қоймай  заңды күшіне кірмейді.

Үкімет - жоғаргы атқарушы және билеуші мемлекеттік әр тікелей елді басқарады. Әр елде үкімет аты әр түрлі аталады: мысалы. Министрлер кабинеті, Министрлер кеңесі.

Үкімет оның басшысымен басқарылады және премьер-министр кеңестің төрағасы не министрлер кабинеті, бірінші министр, канцлер деп әр түрлі аттармен аталады. Үкіметтің құрамына әр түрлі орталық ведомстволарды (министрліктерді, департаменттерді) басқаратын министрлер, хатшылар, статус-хатшылар - деп аталатын мүшелсрі кіреді. Үкіметке, үкімет басшысының орынбасарлары жәнс министрлердің көмекшілері кіреді.Үкімет өзінің міндетіне сай барлық мәселелер бойынша, шешім шығарады, құқықты актілер шығарады және оны өз атынан не болмаса үкімет басшысының атынан жариялайды. Унитарлық мемлекеттерде бір ғана үкімет, федеративтік мемлекеттерде - жалпы федералдық үкімет жәнс федерация мүшелерінің үкіметтері болады.

Үкіметтер коалициялық және бір партиялы болады. Бірінші жағдайда, оның мүшелігіне екі және одан да көп партиялар кіреді, екіншіде - тек бір ғана партия болады. Коалициялық партиялар, әдеттегідей парламентаралық басқару формасы бар мемлекеттерде құрылады.

Министрліктер, ведомстволар басқа орталық мекемелер

Әр түрлі елдерде мемлекеттердің орталык органдарының, министрліктердің және мекемелерінің саны да әр түрлі болған. Онысына қарамай, олардың барлығы да елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті қолдауға, қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын тиімді және үйлесімді басқару үшін құрылған: экономикалық, әлеуметтік құрылым.

Министрліктер мен ведомстволар, алдарына қойылатын мақсаттарына байланысты құрылған. Мысалы, АҚШ-тың Министрлер кабинетінде, америка қоғамын өз мәнінде мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету үшін 14 министрлік жұмыс істейді: мемлекеттік департамент, (Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігі, Қорғаныс, Әділет, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылық, Сауда, Еңбек, Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қызмет, Тұрғын үй, Қала салу, Көлік министрлігі т.б.). Үкіметте басқа да орталық ведомстволар құрылуы мүмкін. Мысалы, Сыртқы экономикалық қатынастар министрлігі, Діни жұмыстар туралы. Атқарушы үкіметтің арнайы органдарымен мекемелеріне: тәртіпті қорғау (милиция, полиция), мсмлекеттік автоинспекция, қарулы күштер жатады. Олар басқа атқару органдарына қарағанда, өздерінің құрамдарымен мазмұнымен және қызметіндегі ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мемлекеттің қауіпсіздігін, заңды тәртіпті сақтауға, басқа атқарушы органдарға тән емес сыртқы жаудың шабуылынан қорғануға, соғысқа арналған қару-жарақты пайдаланып мәжбүрлеу шарасын қолдана алған.

Мемлекеттің жергілікті жердегі атқару-билеу органдары

Жергілікті  атқару үкіметі, басқару билігін өзін-өзі билейтін органдары арқылы, не болмаса орталықтан тағайындалған лауазымды адамдар арқылы, не болмаса әрқайсысы өз міндеттерін бөліп алып, бірігіп жүргізеді. Егер Жапонияда атқару билігі жергілікті жерде толығымен өзін-өзі билейтін органдармен жүргізілсе, Италияда ол комиссионерлермен шектеледі, өйткені олар орталық үкіметпсн тағайындалып, облыстық үкіметтің Джунт жұмысын реттейді. Провинцияларда және коммуналарда өздерінің кеңестерінен басқа, басқару функциясын президентпен тағайындалған префект және префектураның кеңесі жүргізеді. Австрияның жергілікті басқару органдары өз жұмыстарында еркіндікпен пайдаланады. Барлык жергілікті өмірдің негізгі мәселелерін жер үкіметі - жергілікті басқару орны, облыстык община, жерлердің және олардың әкімшілік-аймақтық бөліктерінің өкілеттік органдарымен бірігіп шешеді.

Мемлекеттік биліктің сот (құқыққорғау) органдары

Сот – заңда белгіленген процессуалдық тәртіппен азаматтық қылмыстық және әкімшілік жұмыстарды шешетін мемлекет органы.

Қазіргі кездегі елдерде, соттардың жұмыстары көбінесе конституциядағы азаматтардың және ұйымдардың заңды құқықтарымен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Мемлекеттік жүйеде сот билігі, заң шығарушы және аткарушы өкіметтің қызметін тиімді түрде құқықтық қалыпқа түсіретін маңызды тепе – теңдікті ұстайтып тетік ретінде көрінеді. Сот жүйесіне неше түрлі арнайы сот мекемелері кіреді: азаматтық, әскери, көлік  және басқа соттар.

Басқа өкімет органдарынан тәуелсіз сот, тек заңға сүйенеді және оған бағынады. Өз кызметін атқарғанда мынандай демократиялык принциптерді басшылыққа алады: барлығының заң және сот алдындағы тең құқықтағы, заседательдердің қатынасуы, айыпкердің қорғануға құқықтығы, сот жұмысының ашықтылығы.

Барлық сот жүйесі, жоғарғы сот органдарымен басқарылады және олар кейбір елдерде конституциялық соттың да функциясын аткарады. Кейбір елдерде конституциялық соттар, сот жүйесіне кіргізілмейді. Конституциялық соттың мүшелері парламентпен сайланады, неболмаса президентпен тағайындалады, бұл процесс кейде басқа жоғарғы өкімет және юстиция органдарымен бір мезгілде жүргізіледі.

АҚШ-тың сот жүйесі федералдық соттан, штаттың соттарынан және жергілікті соттардан тұрады. Федералдық сот жүйесі аудандық, аймақтық (апелляциялық) соттардан және АҚШ-тың Жоғарғы сотынан тұрады. Бұл жүйенің барлық соттары жекеленіп Сенаттың келісімімен Президент тағайындайды. АҚШ-тың Жоғарғы соты, бірінші инстанция соты сссбінде, төменгі соттардың жүмысына бақылау жасайды, сол сияқты маңызды жүмыстарымен шүғылданады. АҚШ-тың Жоғарғы соты бір мезгілде конституциялык соттың міндетін атқарады.

Италияда сот  жүйесіне Жоғарғы кассациялық сот, азаматтық, қылмыстық істер бойынша соттар, тағы сол сиякты аппеляциялық соттар кіреді.

Англияда барлық соттарды монарх тағайындайды. Ресей Федерациясында Конституциялык соттың мүшелерін парламентпен бекітеді. Басқа елдерде басқа жолдармен сот органдары құрылады. Соттың сайланбай өмірлік тағайындалуы көп орын алады, бірак ол жағдай соттын тәуелсіздігінің өкімет органдарынан, лауазымды адамдардан сақталатындығына кепілдік бермейді.

Прокуратура

Кейбір мемлекеттерде  соттың құрамында олардың бір бөлігі болса, басқаларында өз алдына жеке бөлінген. Прокуратураның функциясы әдеттегідей қылмысты тергейді, тәртіп бұзушыларға қарсы шара қолданады, тұтқынға алуга санкция (келісім) береді. Прокуратура соттарда айыптауды қолдайды жәңе елдегі зандылықты сақтаудағы бақылау функциясын атқарады.

Нотариат

Құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай – ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Мемлекеттік органдар жүйесіне жатады. Олардың міндетінс заттық келісімдерді растайды, мүрагерлік туралы құқықты іске асырады, адамдардың жеке бастарына байланысты құжаттардың заңдылығын растайды. Нотариатты құрудың әр түрлі түрлері бар. Бірнеше елдерде (Мысалы Италияда, Францияда, ГФР) нотариаттың міндеттерін тек

мемлекеттік нотариаттар  орындайды, ал басқаларында мемлекеттік және шіркеу нотариаттары (Англия) жүргізеді. АҚШ-та нотариалдық функциялар мемлекеттік нотариустарға, штаттың заң шығаратын органдармен муниципиалдық кеңес тағайындаған фактілерді белгілеу мәселесімен шұғылданатын комиссарларға жүктелген. Нотариалдык жұмыс әр түрлі анық жағдайларды сскеріп, қоғамдык өмірдегі күқықтық тәртіпті бекітуге әсерін тигізсді.

Мемлекет  механизміндегі қарулы күштер

Мемлекеттің болуы оның қарулы күштерінің (әскер, армия) болуына тығыз байланысты. Олар, әр кезде мемлексттің ішкі және сыртқы мәселелерін шешуде маңызды рөл атқарған және қазіргі кезде оның аппаратының бір бөлігі.

Бұрынғы және кейінгі адам баласы қоғамының даму кезінде армия мемлекетпен жаңа аймақтарды жаулап алу үшін және өз халкының жүргізіп отырған мемлекет саясатына қарсы көтсрілістерді басуға пайдаланылған. Еске түсірсек Еуропадағы Александр Македонскийдің әскери жорықтары, Шыңғысханның баскыншылығы, Спартак көтерілісі, шаруалар көтерілістері, Ақ және Қызыл Розалардың соғысы, Қырым соғыстары, 1812 жылғы Отан соғысы жәнс екінші дүниежүзілік соғыстар, тағы баска көптеген кағысуларда карулы күштер мемлекеттің экономикалық, саяси және баска мәселелерін шешуде ең маңызды рөл атқарды.

Дүниежүзілік қауымдастықтағы, мемлекеттік өмірдеі құқықтық бастаманын құрылуына байланысты өркениетті елдердегі қарулы күштердің қызметтері таза қорғаныс мәселесін шешуге көше бастады. Яғни қарулы күштердің ішкі функциялары жойылып, олардың негізгі мақсатына, елін сыртқы мүмкін болатын агрессиядан қорғау калды. Қазіргі кезде, көптеген елдердің қарулы күштерінің функциялары құрамдары, олардың конституцияларымен және арнайы заңдарымен бекітіледі (қорғаныс туралы заң, қарулы күштер туралы заң, әскер қатарына шақыру туралы заң т.б.).

Қарулы күштерді басқару жоғарғы биліктегі мемлекеттік органға, мемлекет басшысына не болмаса үкімет басшысына беріледі.

Конституциялық монархияда бұл міндет нақтылы түрде Монархқа -корольге, королеваға, императорға тапсырылады. Қарулы күштердің Жоғарғы қолбасшысы әдеттегідей, мемлекет басшысы, оның жанында арнайы органдар жұмыс істейді: қорғаныс комитеті, ұлттық қауіпсіздік сақтау кеңесі.

Қарулы күштерді басқару сыртқы істер министрлігінің күшімен іске асырылады. Сыртқы істер министрлігінің құрамына, көп елдерде бас штаб, бас қолбасшысының әр түрлі қарулы күштерді басқару орны, соғыс жоқ жерді басқаратын орын бас және орталық басқару орындары кіреді. Қорғаныс министріне, бас штаб, округ және флот колбасшылары бағынады. Олар әскерлерді, бөлімшелерін күнделікті басқарумен шұғылданады.

Информация о работе Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны