Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:31, дипломная работа

Описание

Мемлекеттік аппарат - қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның екінші бабында: «Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.

Содержание

Кіріспе

1. Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.

Негізгі бөлім

1. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары.

2. Қазақстан Республикасының Прокуратурасы.

3. Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы. 1995 жылғы 20 желтоқсанда қабылданған №2694 Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы.


Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

ТГИП_Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны.doc

— 260.00 Кб (Скачать документ)

Құрамы жағынан, қарулы күштер-армиядан және соғыс-теңіз флотынан тұрады. Армия - құрлықтағы әскерлер, ракеталы стратегиялық бағыттағы әскерлер, әуе қорғанысы және әскери -әуе күштері болып бөлінеді. АҚШ-та, Англияда, ГФР-де, Францияда, Жапонияда қарулы күштер үш түрден тұрады: армия (құрлықтағы әскер), әскери - әуе және әскери – теңіз күштері.  АҚШ-тың қарулы күштер құрамына теңіз – техникалық корпусы кіреді, ал ракеталы стратегиялық бағыттағы әскер және әскери - әуе қорғанысы (ПВО) әскери-әуе күшіне кіреді.

Қарулы күштердің түрлерінің өзі, бірнеше бөліктерден тұрады, ұйымдасу жағынан үлкен, кіші әскери бөлімшелерден тұрады. Құрғактағы көп тараған әскерлер бөліміне: мотострелковые, танк, артиллерия т.б. жатады. Әскери-әуе күштері мына әскери бөлімдерден тұрады: истребительдік, бомба тастайтын ұшактар, әскери—теңіз флоты, су устіндегі корабльдерден сүңгуір қайықтардан, теңіз авиациясынан  теңіз жаяу әскерінен тұрады. Сонымен  қатар, әскери бөлімдерге арнайы әскерлер кіреді: инженерлік, байланыс, автокөліктік және басқа.

Қарулы күштердің қатарын толтыру, әскерлік борышты орындау негізінде ерікті не болмаса аралас принципте жүргізіледі.

Қазіргі мемлекеттердің қарулы күштері үлкен кәсібилікпен, жоғары тиімділікті соғыс құралымен жабдықталған онымен бірге ядорлык қаруы бар биік деңгейдегі дайындығымен соғыса алатын мүмкіндігімен сипатталады. Біраз мемлекеттерде бейбітшілік кезеңге сай қарулы күштері азайтылған мөлшерде ұсталуда. Соғыс басталған жағдайда, шақыруға жататын жастағы азаматтарды мобилизациямен шұғыл түрде жинайды.

Дүниежүзілік Біріккен Ұлттар Ұйымының ұлттық қарулы күштерін халықаралык келіспеушілікті шешуге пайдалану, халық-аралық келісімдердің не болмаса Б¥¥-ның және арнайы органдарының шешімдері негізінде іске асырылады. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық қарулы қақтығыстар әр уақытта бейбіт халықаралық ұйымдармен құқықтық негізде, қарсы елдердің және халықтардың жағдайларын ескере отырып шешіледі.

Қазіргі кезде көпшілік елдерде қарулы күштердің мақсаттары өзгеріп, бейбітшілікті қолдайтын бағытта. Олардың алдындағы ең маңызды мақсаты - мемлекет көлемінің бірлігін, тәуелсіздігін, партиялармен саяси ағымдардың мүддслеріне қарамай қорғау болып табылады.

Сонымен, мемлекет кызметі - объективті түрдегі мемлекеттің өз азаматтарының әр түрлі мүдделерін қамтамасыз ететін қажетті жұмыстар және бір мезгілде, көптеген елдердің күшін біріктіріп, халықтың әл – ауқатын көтеретін жалпылама мәселелерді шешуге бағытталған.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Мемлекеттік аппарат  – қоғамдағы басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары:мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материялдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтарының заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті.    Мемлекеттік қызметтің принциптері: заңдылық; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдаған шешімдердің төменгі мемлекеттік органдар қызметшілердің кәсіпқойлығы мен жоғары биліктілігі. Мемлекеттік аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік аппараттың құрылуы мен конституциялық актілерде көрсетіледі. 

    Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері:

ҚР Конституциясы мен  заңдардың, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделердің қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар жөнінде қажетті шаралар қолдануға; қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстан 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  1. Ағдарбеков Ќ. Мемлекет жєне құқық теориясы. Ќарағанды, 2001.
  2. Байжанова Г.Т., Әділбекова Ќ.Ќ. Мемлекет жєне құқық теориясы пєні бойынша мемлекет біліміне арналған дєрістер жинағы. Ќарағанды, 2003.
  1. Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996
  1. Жоламан Ќ.Д., Мұќтарова А.К., Тєуекелов А.Н. Мемлекет және құық теориясы. Алматы, 1999.
  1. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құық теориясы. Алматы, 1998.
  1. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.
  2. Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.
  3. Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.
  4. Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.
  5. Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.
  6. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва,1996, 1998.

 

Нормативтік құқықтық актілердің тізімі.

 

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
  2. ЌР Ќылмыстыќ кодексі. 24 шілде 1997. Алматы, 1997.
  3. ЌР Азаматтыќ кодексі. 31 шілде 1997. Алматы, 1997.
  4. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егеменділік туралы Декларациясы // Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы. 1990.№44.
  5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» // Жаршы. 1991.№51.
  6. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 1995. №10; 1999. №5.
  7. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
  8. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995.№12; 1999.№5.
  9. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны