Мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 00:13, курсовая работа

Описание

Мелекеттік басқару - бұл кәсіпорындар, ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей қарау және басқару болып табылады.
Мелекеттік басқару процесіне келетін болсақ , онда оның құрылымы мемлекеттік басқару органдары біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше сатылардан және түрлі тармақтардан тұратыны көрініс табады.
Ал, басқару қызметінің нысанына түсінік дегенге мемлекеттік басқару органдарының атқарушы және жарлықшы қызметі процессінде жүзеге асыралатын нақты іс-әрекетінің сыртқы тәжірбиелік көрінісін айтамыз.
Мемлекеттің басқару субъектілері сыртқы және ішкі іс - әрекеті заңды нәтиже туындауы я, болмаса туындамауы мүмкін. Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау заңды үлкен нәтижелерге әкеп соғады.

Содержание

1. Мемлекеттік басқаруда зандылық пен тәртіпті қамтамасыз
етудің түсінігі. 5 – 8 беттер.
1.1. Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты бақылау және
оның түрлері. 9 – 16 беттер.
2. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістері және
формалары мен сыныптары . 17 – 32 беттер.
2.1. Мемлекеттік басқару актілерінің түсінігі мен
ерекшіліктері. 33 – 42 беттер.
2.2. Мемлекеттік басқару жүйесі және қағидалары . 43 - 48
беттер.

ҚОРЫТЫНДЫ 49 – 51 беттер.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52 бет

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудің түсінігі және әдістері. курс.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ  

КІРІСПЕ

1. Мемлекеттік басқаруда  зандылық пен тәртіпті  қамтамасыз

     етудің түсінігі. 5 – 8 беттер.  

1.1.  Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты бақылау және 

         оның түрлері.  9 – 16 беттер.

2.  Мемлекеттік басқарудың  нысандары мен  әдістері және  

      формалары мен  сыныптары . 17 – 32 беттер.  

2.1. Мемлекеттік басқару актілерінің түсінігі мен  

       ерекшіліктері.  33 – 42 беттер.  

2.2. Мемлекеттік басқару жүйесі және қағидалары . 43 -  48

     беттер.  
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ            49 – 51 беттер.  

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ   52 бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        Мемлекеттік басқарудағы заңдылық  пен тәртіптік әдістерін жүзеге  асыратын және оларға бақылау  мен қадағалауды мемлекеттік  құқық қорғау органдары жүзеге  асырады.  

    Жалпы бұл мемлекетті  басқару нысанын лауазымды адамдар мен органдар нақты іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады.

    Басқару қызметінің нысаны деп - мемлекеттік басқару органдарының  атқарушы және жарлықшы қызметі процессінде жүзеге асыралатын нақты іс-әрекетінің  сыртқы тәжірбиелік  көрінісін айтамыз.

    Мемлекеттік басқару субъектілері сыртқы іс-әрекеті  заңды нәтиже туғызуы не болмаса  болдырмауы мүмкін мысалы, ұсақ бұзақылық  үшін ұстау – бұл басқару іс-әрекетіне  жатады, заңды нәтижеге әкеп соғады.

    Сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарының қызметінің формалары құқықтық және құқықтық емес болады. Құқықтық форма құқықтық нормаларды  белгілеумен  қабылдауға. Мемлекеттік басқаруындағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудің тәсілі.

  Басқару ұғымы адам қоғамының пайда болған кезінен бастап қалыптаса бастады. Қандай да болмасын алға қойған мақсатқа жету үшін екі адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті міндеті жүктеледі, яғни бұл жағдайда ол басқарушыға айналады, ал екінші адам бағынатын тұлға болады.

  Осыдан келіп біз білеміз, мемлекет бұл белгілі бір     адамдардың қоғамынан құрылады және сол қоғамды басқаратын міндетті түрде басшы және басқару органдары құрылады.

      Мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі.мемлекет мемлкеттік-құқықтық, техникалық-ұйымдастырушылық және басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамда басқаруды орындайды.

      Мемлееттік  басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді. Мемлекеттік басқару мемлекеттік ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс - қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамаға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет. [8. 19 – 20 б.б.] 

     Мемлекеттік басқару жүйесінің  мына әрекеттер мен  элементтерді қамтитынын көреміз:

  • басқару субъектсінің ұйымдастырылуы және қызмет    атқаруы;
  • басқарушылар мен басқаруға бағынышты адамдар арасындағы қарым-қатынас,басқарушы іс-қимылдардың жиынтығы;
  • мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам.
 

      Басқару жүйесінің негізгі  элементтері:

  • басқару субъектсі немесе оның лауазымд адамы,органы;
  • құрылған немесе жүзеге асырлатын басқарушы ықпал;
  • жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның,жеке мекемелердің қызметтері түріндегі ықпал ету объектісі;

    Басқару қоғамдағы адамдар өмірінің маңызды  жағы ретінде көрініс тапқан. Себебі, ол әлеуметтік сипатта болады. Сондықтан басқаруды әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасаң ол маңызды орын алады, маңызы өте терең, ерікті және саналы батамасыбар екенін байқаймыз.

    Іс  жүзінде басқару өзінің мәні бойынша  жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілірдің  арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әректтері мен күштерінбіріктіруге  ат салысып және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай-ақ барлық атқарылытын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады.

    Әлеуметтік  басқарудың объектісіне адамдардың тәртібі және іс-қимылдары жатады. Әлеуметтік басқарудың субъектісі адмадар болып табылады, яғни басқару дегеніміз адамдардың адамдарды басқаруын жүзеге асыру. Басқарудың нақты субъектісі болып адамдардың ұйымдастырылған ұжымдары, қоғамдық немесе мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар болып табылады.

    Сонымен басқарудың субъектісі мен объектісінің арсында белгілі бір байланыс басқару ретінде көрініс тапқан.

    Басқару тек адамдардың бірлескен іс-қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады. Басқару адамдардың бірлескен іс-қимылдарын біріктіру жене олардың жүріс - тұрыстары мен іс-қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады.

    Басқару бірлескен қызметке қатысушыларды  басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру  бастамасы ретінде жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік басқару
  • қоғамдық басқару
 

    Мемлекеттік басқару сипатына мына жағдайлар көрініс  табады:

  1. басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
  2. басқару фукцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
  3. осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
  4. оларды қажетті мемлекеттік-өктем сипатындағы өкілеттілік беріледі.

    Қорыта  айтсақ, мемлекеттік басқару дегеніміз - шаруашылық, әлеуметтік - мәдени және әкімшілік - саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік-өктем, ұйымдастырушы қызмет.

    Мемлекетік  басқару процесін құрылым тұрғысынан алып қарсақ онда басқару субъектілері мына келесідей негізгі сатыларға  белгілі бр тәртіппен жүзеге асырылады:

  • Басқару бастапқы сатысында басқару органдарының жүйесінің атқаратын қызметтері ұйымдастырылады және басқару субъектілері мен объектілерінің мәртебелері алдын-ала белгіленеді. Бұл сатыда шешімдердің, белгіленген ережелер мен нормтивтердің орындалуы оларға соттау жүргізілуі және тікелей жарлық ету жүзеге асырылады.
 

        Мелекеттік басқарудың әр түрлі бөлімдері, буындары мен қатынастардың жүйесі.

        Мелекеттік басқару - бұл кәсіпорындар мен ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей басқару болып табылады.

        Мелекеттік басқару процесін  алып қарасақ, онда оның құрылымы  мемлекеттік басқару органдары  біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше  сатылардан тұратынын көреміз:

  • басқару актілерін әзірлеу;
  • басқы объектілерін қабылдау;
  • қабылдаған қаулыларды атқару;
  • атқарылуына бақылау - қадағалау жүргізу;
 

   Біздің  мемлекетімізде, қоғамда жасалып жатқан қызметтердің жүзеге асырылып жатқан іс - қимылдардың бағдар мақсаттары және өздеріне тән салалары болғандықтан олар мемлекет тарапынан, дәлірек айтқанда мемлекет тікелей өкілеттілік берген органдардың жоғарыда аталған еңбек процестерін белгілі бір жүйеленген тәртіпке келтіруден, яғни басқаруларын қажет етеді. [10. 34 б]

   Сонымен басқару дегеніміз - қоғамдағы қандайда болмасын процестерге ұйымдастырылған түрде әсер ете отырып, оларды қоғам өміріне сай келетін белгілі бір тәртіпке келтіру.

   Басқару болғаннан кейін оның объективті түрдегі элементтері-бсқару субъектілері мен объектілері болады. Егер субъектісі басқару жөніндегі  міндеттер мен мақсаттарды қалыптастыра отырып, өзінің басшылыққа еркін білдірсе, ал басқару объектісі соған бағынышты болуы тиіс.

    Бағынышты болу - басқару субъектісінің басқару жөніндегі жарлық-бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл жағдайда басқару субъектісіне мемлекет өктем  өкілеттілік береді.

      Мемлекеттік басқарудың атқару  жағы заңдарды өмірде жүзеге  асыру болып табылады. Бірақ көп  жағдайда бұл атқару жарлық  беру қызметіне де яғни мемлкеттік  басқару органдарының мемелкеттік  мәжбүр ету шараларымен қорғалатын  өктем актілерді шығару кезінеде айқындалады.

     Мемлекеттік басқару қандай да  болмасын органның, ұйымның, лауазымды адамның, өкмет билігі өкімінің және тағы басқа кімді де болса өз еркіне басғындыру, біреудің әрекетіне жарлық беру, біреуді билік жүргізуші - басқарушы, ал басқаны билік астындағы - басқарушы деп тану жөніндегі құқық деп түсіндіріледі. Мелекет билік аясында атқару билігі ұйымдастырушы- басқарушы және атқару-жарлық беру қызметтерін жүзеге асырады.осы қызметтерді тікелей жүзеге асыруға белгілі бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар еңбек етеді.  [11. 3 б]

     Мемлекеттік басқару әлеуметтік  биліктің бір бөлігі ретінде  қарастыруға болады. Оған тән  белгілер:

  • әлеуметтік басқарудың құралы болып табылады;
  • ол адамдардың арасындағы олардың ұйымдарының өз еріктері мен сана сезімдері бар адам немесе ұжым болып табылатын субъектілірі мен объектілірі арсындағы қатынастары көрсетеді;
  • бұл өктем ерік білдіру үстемдігін қамтамасыз ететін қатынас болғандықтан субъектінің басқа адамның еркіне, тәртібіне тигізетін қабілетімен байланысты болады.
  • билік әр түрлі ерекше құралдар мен әдістердің жүйесінің күшімен жүзеге асырылады.

    

   Мемлекеттік бақаруды қорыта айтқанда, мемлекеттік  ақпаратқа, заңи нормаларға, сендіру  және мәжбүрлеу тетіктеріне арқа сүйейді. Мемлекет оны басқару құралы ретінде пайдаланады.

     Мемлекеттік басқару - мемлкеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі және бұл қызмет түрлері заңдылық тәртіптік әдістерін қолдана отырып жүзеге асыруы тиіс және байланысты болады.

    Мемлекеттік басқару формаларының сыныптары:

  • мазмұнына байланысты: - заң шығарушы,
  • заң қолданушы: реттеуші және құқық қорғаушы.
  • мақсатына байланысты: - ішкі, сыртқы.
  • жеткізуіне байланысты: - жазбаша, - ауызша, - конклюдентті.
 

    Заң шығарушы дегеніміз  басқарудың заң шығарушы қызметін, басқарудын нормативтік актілерін шығарудан көреміз.

    Басқаруды жүзеге асыратын лауазымды тұлға  мен органның іске асыру қызметін басқару субъектісінің нақты  заңды фактіні және актіні  қабылдау барысында тиісті құқықтық нормаға жатқылуынан көреміз, яғни құқықтық нормалардың негізіне сүйене отырып  басқарудың нақты сұрақтарын шешуді айтамыз. Мысалы, тіркелу. 

    Заңды жүзеге асыру қызметінің механизмі:

  • істің нақтылығын анықтау,
  • нақты жағдайға  байланысты қолдануға  болатын тиісті  құқықтық норманы таңдау,
  • талқылау, яғни норманың мазмұны мен мағынасын білу,
  • іс бойынша шешімді жеке актіні қабылдау,
  • құқықтың норманың актісін орындау.

Информация о работе Мемлекеттік басқару