Мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 00:13, курсовая работа

Описание

Мелекеттік басқару - бұл кәсіпорындар, ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей қарау және басқару болып табылады.
Мелекеттік басқару процесіне келетін болсақ , онда оның құрылымы мемлекеттік басқару органдары біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше сатылардан және түрлі тармақтардан тұратыны көрініс табады.
Ал, басқару қызметінің нысанына түсінік дегенге мемлекеттік басқару органдарының атқарушы және жарлықшы қызметі процессінде жүзеге асыралатын нақты іс-әрекетінің сыртқы тәжірбиелік көрінісін айтамыз.
Мемлекеттің басқару субъектілері сыртқы және ішкі іс - әрекеті заңды нәтиже туындауы я, болмаса туындамауы мүмкін. Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау заңды үлкен нәтижелерге әкеп соғады.

Содержание

1. Мемлекеттік басқаруда зандылық пен тәртіпті қамтамасыз
етудің түсінігі. 5 – 8 беттер.
1.1. Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты бақылау және
оның түрлері. 9 – 16 беттер.
2. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістері және
формалары мен сыныптары . 17 – 32 беттер.
2.1. Мемлекеттік басқару актілерінің түсінігі мен
ерекшіліктері. 33 – 42 беттер.
2.2. Мемлекеттік басқару жүйесі және қағидалары . 43 - 48
беттер.

ҚОРЫТЫНДЫ 49 – 51 беттер.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52 бет

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудің түсінігі және әдістері. курс.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

      Республиканың белгiлерiне:

      - өкiметтiң сайлануы;

      - белгiлi уақытқа ғана сайлау;

      - сайлаушылардың еркше тәуелдiлiк.

      Кiм  үкiметтi құрады, ол кiмнiң бақылауында және кiмге есеп бередi, осыған байланысты республикалар президенттiк, парламенттiң және аралас болып бөлiнедi9.

      Президенттiк  республикаларда (АҚШ, Бразилия, Аргентина.)

            Президенттiк  республикада, Президент  парламенттен   тәуелсiз    сайланады,  не  сайлаушылар   коллегиясымен,  не  тiкелей халықпен  сайланады және  ол  бiр   мезгiлде    мемлекеттiң және   үкiметтiң басшысы   қызметiн атқарады.    Ол   өзi   үкiметтi   тағайындайды  және  оның   жұмысын   өзi   басқарады.    Бұл    мемлекетте   Парламент   үкiметке   сенiмсiздiк   вотумын   жариялай   алмайды,  ал  Президент -   Парламенттi   таратпайды.   Дегенмен   Парламент   қабылданатын   заңдардың   көмегiмен    Президент   пен   Үкiметтiң    жұмыстарын   шектеуге   мүмкiншiлiгi   бар   және   бюджеттi   құрғанда,  тағы   сондай   жағдайларда Президенттi   жұмысынан   аластауы  мүмкiн (әсiресе   ол  конституцияны   бұзып   қылмыс  жасаса).   Президенттiң өз     жағынан,    заң   шығарушы  органның   шешiмiне   тоқтату ветосын қолдануға  құқығы бар (латын  тiлiнен – «тиым салу»).

      Қазақстан  Республикасының   Президентi (Конститутының  63-  бабы)  мына   жағдайларда:   Парламент    Үкiметке сенiмсiздiк   бiлдiргенде,  Парламент   Премьер –Министiрдi   тағайындауға   екi   мәрте келiсiм  бермегенде,   Парламенттiң  Палаталары  арасындағы   немесе   Парламент   пен  мемлекеттiк  өкiметтiң  басқа  тармақтары   арасындағы   еңсерiлмейтiн    келiспеушiлiк   салдарынан  саяси    дағдарыс    болғанда   Парламенттi   тарата    алады.

      Парламенттiк   республикада -   үкiмет    заң   шығарушы    органмен   құрылады   және     ол  соның      алдында   жауапты.  Парламен     дауыс рақылы   сенiмдiлiк   не    сенiмсiздiк вотумды   тұтасымен   үкiметтiң   қызметiне,   үкiметтiң    басшысына (министiрлер,  кеңсесiнiң   төрағасына, премьер-министiрге,  канцлерге)    нақты   министiрдiң    өзiне   жариялауға   құқығы   бар.    Президент,   мемлекеттiк өкiмет органдарының    жүйесiнде,  ол   өте    қарапайым   орында:   оның   мiндеттiлiгi,  әдетте  өкiлеттi  органдардың қызметiмен тежеледi.   Яғни,    конституциялық   монархиядағы   мемлекет   басшысының     қызметiмен айырмашылығы   өте аз.   Шын   мәнiндегi,   мемлекет басшысы   болып   үкiмет    басшысы есептеледi.

      Аралас  (жарты   президенттiк,  жарты  парламенттiк)  республиканың   сыйпатына   үкiметтiң екiжақты жауапкершiлiгi жатады – президенттiң   алдында   және  парламенттiң алдында.   Мұндай     республикада  президент және   парламент   тiкелей    халықпен   сайланады.   Мемлекеттiң басшысы Президент   болып   есептеледi.   Ол   үкiметтiң   басшысын   және  министрдi   саяси   күштердiң   парламенттегi   бөлiнуiне    байланысты    тағайындайды.   Мемлекет  басшысы,   әдеттегiдей    министрлер  кабинетiнiң   отырысында   төрелiк   құрып,   оның   шешiмiн   бекiтедi10.

      Парламент,  үкiметтi    жылдағы    бюджеттi  бекiту   жолымен   тексеруге   мүмкiндiгi   бар  оған   қосымша   үкiметке    сенiмсiздiк   вогумын   жарялауға  да   болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Мемлекетімізде  егемендікті алғанан соң оны жүзеге асыруға байланысты жүргізілген соңғы жылдардағы қызу саяси процесстер мемлекеттік билік жүйесін көптеген өзгерістерге ұшырату нәтижесіндс бақылау қызметінің жүйсін қиындатып және көптеп  төмендетіп жіберді.

     Осыған  байланысты біздің республикамызда саяси және экономикалық демократия жағдайында тиімді қызмет атқара алатын жаңа бақылау жүйесін құру мәселесі аса қажет болды.

     Біздің  қоғамымыздың тез арада жылдам дамуына  байланысты және жаңа қоғадық қатынастардың  пайда болуына байланысты заңдылықта сонымен бірге өзгерістеге ұшырап отырады.

     Алдымен біртұтастық билік болу үшін қатаң  заңдылық қажет екені белгілі. Біздің ұлттық – ата заңымыздан бастап,  қазіргі күнгі ең соңғы нормативтік  құқықтық актілерге дейін,  бағынып, бағалап,  олардың әр бірін білуге және сыйлауға Қазақстан Республикамыздың әр бір азаматы міндеттенеді.

     Бүгінгі кездегі көптеген саладағы биліксіздік  және басқарусыз қалушылық заңдылық қағидаларын орындамағанның және құқықтық нигилизмнің салдары. Құқықтық тәртіппен  және заңдылықты сақтаудың негізі болып , заңды бұзғаны  үшін әрбір лауазымды адам мен азаматтардың жеке жауапкершілігі жатады. Бұл жерде сөз бостандығының маңызы зор, егерде ол Конституциялық және басқа да заңдарға сәйкес қолданылса,  онда заңдылықта басқа да демократизмге сай болар еді.

   Жалпы мемлекеттік басқару деп - мемлкеттің, оның органдары мен мекемелерінің, кәсіпорындарының қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі және бұл қызмет түрлері заңдылық тәртіптік әдістерін қолдана отырып жүзеге асыруы тиіс және байланысты болады.

   Халықты жалпы құқықтық деңгейде басқару  оның барлығы  атқару органдарына  байланысты. Ал, атқару органдырының  қызметін заңды және өз өкілеттік  шеңберлерінде жүзеге асыру ол әрине, билік етуші органдардан, жоғары лауазымдық тұлғалардан және үкімет басшылығының байланысы өте тығыз болып келеді .

   Олардың мемлекеттік заңдылықты қамтамасыз етудегі қызметі халыққа заң түсіндіруден бастап, азаматтардың құқықтар мен бастандықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып  саналады.

    Яғни, мемлекеттің басқарудағы өзіндік  мақсатттары мен міндеттері болады.  Басқару ол тек қана демократты  түрде билік ету емес ол  жалпы  белгілі бір мақсатқа  жету үшін және белгілі бір  мақсаттрады орындауды жүзеге  асыратын адамдардың  ұйымдасқан қызметі .

    Мемлкеттік заңдылықты қамтамасыз  етудегі басқарудың мақсаттары   жүйені реттеу, жұмысын қамтамасыз  ету. 

    Басқаруда басқару субъектісі және  басқару  объектісі болады және олардың арасында тура және кері байланыс болады.

    Заңдылықты қамтамсыз ету және оның қандай да әдіс – тәсілдері болса да, заңдылықтың дамуы немесе жақсы орнатылуы ол көз алдымыздан өткен жай ғана бейне сияқты. Бірнеше жылдар бұрын Қазақстанның заңдылық жағдайы қандай болса, қазіргі жағдайы ол әр бірімізге  мәлім. Басқа мемлекеттерге қарағанда қазіргі еліміздің заңдылықты қамтамасыз ету жағдайы әлде қайда алда және қолайлы. Дегенменде, барлығы жақсы деп баға бергенмен оның ішіндеде айтарлықтай кемшіліктер болып отырады.

    Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қажетті түрде қамтамасыз  ету және оны жүзеге асыру үлкен саясат болып табылады. Қазіргі шығып жатқан кейбір заңнамаларда бір - біріне қарама қайшылықтар да кездесіп жатады.

   Аталып  отырған тақырыпты қорытындылай келе мемлкеттік заңдылық - ол жалпы Қазақстан Республикасының болашақта дамуына үлкен өзінің үлесін қосатын, дамыған мемлекеттер қатарына енуге жол беретін, толықтай құқықтық және демократиялық, зайырлы мемлекттер қатарына жатуға жол беретін мемлекеттік саясаттың бір құбылысы болып табылады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

       1. «Әкімшілік құқық» О. Қ. Ақымбеков, М.А. Алпысбаева   

          Алматы   2003 ж . 123 – 124 б.б. 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.95 ж.

         15 – 16     б.б.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.95 ж.

         36 – 37 б.б

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.95 ж.43 б
  2. Қазақстан Республикасының Заңы «ҚР прокуратурасы туралы» 21.12.95ж. 26 – 27 б.б.
  3. ҚР Әкімшілік құқық пәнінен практикум. Жалпы бөлім. С. М. Сапаралиева , Н.З. Сұлтанова. Алматы 2007 ж. 35 7 б.б. 
  4. ҚР Әкімшілік құқық пәнінен практикум. Жалпы бөлім. С. М. Сапаралиева , Н.З. Сұлтанова. Алматы 2007 ж. 37 б
  5. ҚР Әкімшілік құқық . Баянов Е. Алматы 2007 ж. 19 – 20 б.б.
  6. ҚР Әкімшілік құқығы . Академиялық курс. А.А. Таранов Алматы 2003 ж. 75 – 77 б.б.
  7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы» Ереже. 34 б
  8. ҚР Мемлекеттік қызмет № 453 – 1 Заңы. 23. 07. 1999 ж. 3 бет.
  9. ҚР Әкімшілік құқық пәнінен практикум. Жалпы бөлім. С. М. Сапаралиева , Н.З. Сұлтанова. Алматы 2007 ж. 36 б 
  10. ҚР Әкімшілік құқығы . Академиялық курс. А.А. Таранов Алматы 2003 ж.  82 бет.
  11. Нормативтік құқықтық актілер жиынтығы. 9 – 11 б.б
  12. «ҚР сот жүйеіс мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР Заңы 25.12.2000 ж. 14 – 17 б.б.  
  13. ҚР Президентінің 19.06.95 ж. «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығы  5 - 7 б.б 
  14. ҚР Егемен Қазақстан 2007 ж . 13 б
  15. Ұлттық газет. Ана тілі. 2007 ж. 6 бет.

Информация о работе Мемлекеттік басқару