Мемлекеттік басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 00:13, курсовая работа

Описание

Мелекеттік басқару - бұл кәсіпорындар, ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей қарау және басқару болып табылады.
Мелекеттік басқару процесіне келетін болсақ , онда оның құрылымы мемлекеттік басқару органдары біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше сатылардан және түрлі тармақтардан тұратыны көрініс табады.
Ал, басқару қызметінің нысанына түсінік дегенге мемлекеттік басқару органдарының атқарушы және жарлықшы қызметі процессінде жүзеге асыралатын нақты іс-әрекетінің сыртқы тәжірбиелік көрінісін айтамыз.
Мемлекеттің басқару субъектілері сыртқы және ішкі іс - әрекеті заңды нәтиже туындауы я, болмаса туындамауы мүмкін. Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау заңды үлкен нәтижелерге әкеп соғады.

Содержание

1. Мемлекеттік басқаруда зандылық пен тәртіпті қамтамасыз
етудің түсінігі. 5 – 8 беттер.
1.1. Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты бақылау және
оның түрлері. 9 – 16 беттер.
2. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістері және
формалары мен сыныптары . 17 – 32 беттер.
2.1. Мемлекеттік басқару актілерінің түсінігі мен
ерекшіліктері. 33 – 42 беттер.
2.2. Мемлекеттік басқару жүйесі және қағидалары . 43 - 48
беттер.

ҚОРЫТЫНДЫ 49 – 51 беттер.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52 бет

Работа состоит из  1 файл

Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудің түсінігі және әдістері. курс.doc

— 244.00 Кб (Скачать документ)

    Жалпы НҚА -    ол Конституция және өзге де заңдар негізінде атқару билігінің құрылысын анықтайды және атқарушылармен  билік субъектісінің жүріс - тұрысын анықтайды.

    Жалпы актілердің ішінде Президенттің актісі ерекше орын алады:

  • Құрылтайшы (учредительный) акт – ол ҚР Үкіметімен басқа да атқару билігінің органдарымен  құрылуын құқықтық негізімен қызметінің тәртібі туралы.  Мысалы,   ҚР Президентінің Жарлығы (Үкімет туралы)
  • Жүйе құрушы – атап өткен органдардың жүйелерін құру туралы.
  • Реттеуші (координирующий) - ол билік өкілеттігінің  координациясы бойынша және мемлекеттік басқару органдардың  өзара  қарым-қатынасын іске асыру үшін қажет. [14. 9 – 11 б.б]
 
 
 

  Мемлекеттік басқару  актілеріне қойылатын  талаптар.

    Қойлатын  талаптар:

  • басқару актісі өкілеттігі бар органдармен және оның өзінің құқығы  шегінде ғана шығарылуы тиіс
  • басқару актісі белгіленген  тәртіппен ғана қабылдануы  тиіс . мысалы, коллегиялық орган қабылдаған акті сол орган жиналысында белгіленген тәртіп бойынша талқылануы тиіс.
  • мемлекеттік басқару актісі белгіленген түрде шығарылуы және тиісті лауазымды адаммен тексеріліп, қолы қойылуы керек.
 

    Нормативтік құқықтық актілер сатысы:

  • ҚР Конституциясы жоғарғы заң күші бар
  • Конституцияны қоспағанда  өзге НҚА  заң күші ара қатынасы  мынадай төмендей беретін  деңгейлерге сәйкес болады:
  • Конс. өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар,
  • ҚР конституциялық заңдар,
  • Заңдар, ҚР-ның кодекстері, Президенттің заң күші бар жарлықтар,
  • ҚР Парламенттің нормативті қаулылары.
  • ҚР Президенттің нормативті актілер /жарлықтар, үкімдер/
  • ҚР Үкіметінін  нормативті қаулылары
  • Министірліктердің нормативтік бұйрықтар, өзге де орталық мемлекеттік басқару органдарының қаулылары, бұйрықтары
  • Маслихаттар мен әкімшіліктердің нормативтік шешімдері.
 

    Мемлекеттік басқару актіде келесі белгілі құралдары яғни реквизиттері болуы керек:

  1. нысанның ресми аты үкім, бұйрық, жарлық және т.б.
  2. заголовкісі, аты – қандай тақырып бойынша шығарылған қысқаша түрде анықтайды;
  3. қабылдауының уаықыты  және орыны;
  4. өкілетті тұлғаның қолы;
  5. күшіне енуінің уақыты және кейбір жағдайларда заң күшін сақталуын мерзімі;
 

    Мемлекеттік басқару актінің заң күші бітетін  себептер:

    • мерзімі өткендіктен,
    • актідегі қарастырған міндетті орындағаннан кейін мысалы, айып төлегеннен кейін;
    • өкілетті орган шешім шығарып актіні күшін жоғалтқан деп таныса, немесе осы мәселелер бойынша жаңа акт шықса;
    • құқықтық оқиға болысымен.
 

     Бюджеттің орындалуы туралы жылсайынғы баяндамасын  тыңдайды. Жергілікті өкілетті органдары сонымен қатар әкімшіліктің заңдылықтың , заңдар мен өздері қабылдаған нормативтік актілердің орындалуын тыңдауға құқылы.

     ҚР  Конституциясына сәйкес ҚР Президентіне мемлкетіміздің ішкі және сыртқы саясаты  болып  табылатын бақылауды жүргізу өкілеттігі берілген. Заң бойынша сонымен қатар президент, үкіметтің және атқару билігінің басқа органдарының құрылуында, лауазымды адамдарын тағайындауда бақылау өкілеттігін жүзеге асырады. Президенттің және үкімет пен атқару билігі органдарының қызметін күнделікті бақылап отыруға мүмкіндігі бар және ол атқару органдарының шығарған номативтік актілерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады

    Бақылау қызметі үкімет пен оның министірліктері мен комитеттеріне де жүктелген. Бұл аталған органдардың ішінде кейбіреулеріне арнайы бақылау қызметі жүктелген, мысалға кеден агенттігі, салық комитеті.

    Әкімшілік қадағалау – түрлі ведомстволармен, ведомстволық қызметтермен, органдармен жүргізіледі. Мысалы:

  • мемлекеттік кеден органдары,
  • санитарлық-эпидемиялық  қадағалау органдары,
  • салық қызметі,
  • сақтандыру  қызметін қадағалау  инспекциясы.
 

    Әкімшілік қадағалаудың басты тапсырмалары:

  • азаматтардың, қоғамның, мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  • өнім мен өндірістің сапасын тексеру.

    Әкімшілік қадағалауды ІІО-дар да жүзеге асырады. Мысалы, төлқұжаттық режимінің қадағалауы, бас бостандығынан айыру орындарынан  бостаылған адамдарды қадағалау.

    Мәжбүрлеу . Мәжбүрлеудің негізгі түрлері – тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және  қылмыстық. Бұлар негіздері және  қолдануы бойынша бөлінеді.

    Азаматтар құқықтарын қорғау үшін  әкімшілікке мемлекеттік атқарушы органдарға  немесе сотқа шағымданады.

    Әкімшілікке жалпы конституциялық және арнайы нормалар бойынша арыздануға болады.

    Сотқа әкімшілік шешімдері дұры емес деп, басқару актілері бойынша, кассациялық, жеке айыптау ісі бойынша  шағымдануға  немесе арыздануға болады.

    Сотқа шағымданудың түрлері:

  • тек сот қадағалайтын  іс заңдылықты  тек сот шешеді;
  • альтернативтік арызды жоғары  мемлекеттік органға немесе сотқа  беруге болады;
  • сатылы кезекті  жоғары атқару органға шағымданған соң, шешім шықпаса сотқа шағымданады; [15. 14 – 17 б.б]
 

    Әкімшілік шағымдану.

    ҚР  Президентінің 19.06.95 ж. «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес өтініштер келесі түрлерге бөлінеді:

  • Ұсыныс – оның мақсаты – аталған мемлекеттік органдардың қызметін жоғары сатыға  көтеру керегіне назарды аудару, органдардың жұмыс тапсырмаларын дұрыс шешу үшін нақты жолдары мен тәсілдері туралы кеңес беру.
  • Арыз – азаматтардың мемлекеттік органдарға, олардың басшыларына, лауазымды тұлғаларына субъективтік құқықтарын жүзеге асыру үшін берілген ресми үндеулер. Осында құқықтар мен заңды мүдделерінің бұзылуымен ешқандай байланыс жоқ.
  • Шағым -  азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны немесе лауазымды адамдардың қаулыларын орындалмағаны туралы үндеулер.
  • Сұрау салу, мекемеден сұрату (запрос) - оның мақсаты мемлекеттік органнан азаматқа керекті, жеке немесе қоғамдық сипаттағы мәселелер жөнінде мәліметтерді алу.
  • Үн қосу – азаматтар сол арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ қоғамдық мәні бар өзге де құбылыстар  мен уақиғаларға өз көзқарасын білдіретін  өтініштің түрі. [16. 5 - 7 б.б]
 

    Әкімшілік арызды қарастыру  сатылары:

  1. бірінші қабылдау , арызды қабылдап, тіркеу және қараушы органға жіберу;
  2. арызды тексеру.
  3. шешім  қабылдау.
  4. шешім орындау.
 

    Аталған Жарлықтың 4 бабына сәйкес, азаматтың аты-жөні көрсетілмеген үндеулер қарастырылуға жатпайды.

    Өздерінің жоғары тұрған органдары жоқ мемлекеттік  органдар мен ұйымдардың әрекеттері жөніндегі азаматтардың өтініштері сот тәртібімен шешіледі.

    Қосымша тексеру керек жоқ кезде үндеулер  15 күн ішінде қарауға жатады. Қосымша тексеру қажет болған жағдайда тиісті ұйымның басшысы өтініштің қаралу мерзімін ұзартуы мүмкін,  бірақ ол 1 айдан аспауға тиіс.

    Азамат  өзінің үндеу бойынша дәлелденген  ауызша немесе жазбаша жауапты алуға құқылы.

    Марапаттау. Адам өмірі материалдық және рухани  қанағаттандыруды көрсетеді. Қажеттіліксіз адам әрекетке стимулы болмас еді. 

    Бұл стимулдар – адамның мүмкіншілігін шығаратын, адамның әрекеттеріне әсер ету құралы.

    Стимулдау - әрекетке  жасауға бағыттау, адамның  қажеттілігін, мүдделерін қанағаттандырумен  жүзеге асырылады.

    Бұл марапаттауға келеді.

  • мемлекеттік басқарудың түсінігі, маңызы және қағидалары;
  • мемлекеттік басқарудың қызметі:

      Заң жүзінде билік  дегеніміз субъектінің басқа біреуді өзінің еркіне бағындыру үшін өкілеттілігінің, мүмкіндігінің және құқығының болуын, біреудің жүріс тұрысын реттеуін бір жағын басқарушы, билік жүргізуші ретінде тануды, ал екінші жағын оған бағынушы, билікке бағынушы ретінде тануды айтамыз.

    Мемлекеттік биліктің маңызы мен құрылымы заң бойынша Конституция мен заңдарды бекітеді.

  1. Мемлекеттi  басқару  нысандарының түсінігі әдістері және түрлері 
 

     Атқару билігін жүзеге асыру  ұшін жөне оның міндетгері  мен қызметін атқару үшін оған  белгілі бір механизм керек.  Атқару билігі органдары әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатынасып әрекет жасауы тиіс. Сондықтан ол өзінің бағыты мен мазмұнын білдіретін сипаты жағынан әр түрлі әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл әрекеттерді атқару органдары (лауазымды адамдар) күнде жасайды. Осылайша атқару органдарыньң нысаны деген ғылыми категория пайда болады. Атқару билігі органдарының нысаны өз кезегінде мемлекеттік-қүқықтық мазмұнын білдіру әдісі болып табылады. Нысан арқылы біз атқару органдары не үшін  құрылатынын жәнс басқару міндеттері мен қызметін жүзеге асыру үшін не істейтінін білеміз,

Атқару  органдарында (лауазымды адамда) өз өкілеттіктері шегінде нақты  басқару жағдайларында өр түрлі  әрекеттің бірін жасау мүмкіндігі бар. Мысалы, заңды шешім қабылдайды,  азаматтың өтінішін қарастырады, шешеді, тіркейтін, бақылайтын және  қадағалайтын қызмет атқарады. Міне осындай  әрекеттерден басқару субьектісінің құзіреті, яғни міндеттері мен өкілеттіктері  көрінеді. Ең бастысы олардың жасаған басқару өрексттері сыртқы көрінісін табуьі тиіс. Сыртқы көрінісін таппаса онда оның белгілері  нетиже бермегені.

      Сондықтан   басқару   нысаны  дегеніміз  атқару  органдарының (лауазымды  адамның) өз құзіреті шегінде және белгілі  бір нәтиже сыртқы көрінісі бар әрекетін айтамыз.  Егер басқару нәтижесінің  заңдылық сипаты бар болса немесе белгілі заңлық маңызы бар болса, онда оларды әкімшілік қүқықтық деп біріктіріп дәрежелеуге болады. Бірақ атқару органдарысубьектілерінің әрекеттері  өздерінің     сипаты  мен мақсаттары) байланысты әр түрлі. Бұдан біз олардың сыртқы көрінісінің әртүрлі екенін көреміз.

      Басқару нысандары мынадай екі топқа  бөлінеді:

 а)  атқару билігін жүзеге асырудың  нысаны;                            

ә)ішкі ұйымастыру   жұмыстарының  нысаны. Атқару   билігін   жүзеге   асыру   арқылы   атқару   органдары  заңдылық   биліктік   өкілеттіктіктің   сыртқы   көрінісін   қамтиды, Демек, сыртқы заңдылық әсер ол басқару нысанының бір белгісіне  жатады.

      Басқару нысандары (басқару қызметі) әр түрлі  бұдан біз оларды жіктеу мүмкіндігінің  бар екенін көреміз, бірақ ол үшін әртүрлі крйтерилерді пайдалануға болады. Әкімшілік құқықтың субъектілері өздерінің құзіреті шегінде әрекет ету кезінде әр түрлі құралдарды пайдаланады, соның ішінде

техникалық        (мысалы,        компьютерлерді),        экономикалық, (материалдық ынталандыру),   ұйымдастырушылық  (мамандар ісі, органның  құрылысын құру), моральдық (мадақтаудың моральдық шаралары),     эстетикалық     (дизайн),      психологиялык,     (еңбек ұжымындағы ынта),   құқықтық  құралдар (қаулылар,  бұйрықтар және басқалары).   Аталған көптеген шаралар мен құралдарды қолданудың белгілі бір тәртібі болады, яғни олар белгілі бір нысандар мен әдістерді сақтап қолданылады.

Бул екі категория  нысан мен әдіс әкімшілік субъектілерінің  өкілеттілігін жүзеге асырудың барлық құралдары мен әдістерін қамтиды және осылар кұқық шығару және құқық қолдану тәжірибесінде кеңінен қолданылады.

Информация о работе Мемлекеттік басқару