Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 00:13, курсовая работа
Мелекеттік басқару - бұл кәсіпорындар, ұжымдар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдарды және басқа да басқару объектілерін өз өкілеттілігінің көлемінде тікелей қарау және басқару болып табылады.
Мелекеттік басқару процесіне келетін болсақ , онда оның құрылымы мемлекеттік басқару органдары біртіндеп жүзеге асыратын бірнеше сатылардан және түрлі тармақтардан тұратыны көрініс табады.
Ал, басқару қызметінің нысанына түсінік дегенге мемлекеттік басқару органдарының атқарушы және жарлықшы қызметі процессінде жүзеге асыралатын нақты іс-әрекетінің сыртқы тәжірбиелік көрінісін айтамыз.
Мемлекеттің басқару субъектілері сыртқы және ішкі іс - әрекеті заңды нәтиже туындауы я, болмаса туындамауы мүмкін. Мысалы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау заңды үлкен нәтижелерге әкеп соғады.
1. Мемлекеттік басқаруда зандылық пен тәртіпті қамтамасыз
етудің түсінігі. 5 – 8 беттер.
1.1. Мемлекеттік басқарудағы заңдылықты бақылау және
оның түрлері. 9 – 16 беттер.
2. Мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістері және
формалары мен сыныптары . 17 – 32 беттер.
2.1. Мемлекеттік басқару актілерінің түсінігі мен
ерекшіліктері. 33 – 42 беттер.
2.2. Мемлекеттік басқару жүйесі және қағидалары . 43 - 48
беттер.
ҚОРЫТЫНДЫ 49 – 51 беттер.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52 бет
Сонымен,
әкімшілік құқықтың
субьектілерінің өкілеттіктерін жузеге
асыру нысанының түсінігін
Өкілеттікті жүзеге асыру нысанының түсінігіне мынадай элементтер кіреді;
а) нысан дегеніміз бұл әкімшілік құқық субьектісінің қызметін сиғызытын бөлім, мысалы, мемлекеттік басқару органдарының шешім қабылдауы;
б) бұл өкілеттікті жүзеге асыру қызметінің бөлімі және
в) тәжірибе жүзінде қолдануға тұратын, көзге көрінетін, әрекет, іс, құжатта нақты көрсетілген немесе тиісті журналда азаматтардың арызы немесе басқару органдарының, нысан басқа нысандардан қызметі бойынша ажыратылады. Мысалы, азаматтың мемлекеттік мекеме мен сотқа жазған арыздары бір-біріне ұқсамайды. Әкімшілік құқық субъектілері қызметінің нысаны көп және сол себепті әкімшілік құқық субьектілерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру нысанын құқықтық және құқыктық емес деп екіге бөлуге болады. Құқықтық нысан қызметі зандылық нәтиже туындатады, яғни тұлғаға, мекемеге құқықтар мен міндеттер жүктейді. Мысалы, тұлғаны мемлекеттік мекемеге лауазымды қызметке орналастыру туралы бұйрық. Әкімшілік - құқық субъектілерінің өкілеттілігін жүзеге асырудың құқықтық нысанына мыналар жатады мемлекеттік басқару органдарының құқықтық актілері, яғни мекемелермен кәсіпорындардың олардың жеке құрамдарының жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған және олардың азаматтарға да ықпалы тиюі мүмкін. Мысалы, тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша. Құқықтық актілер нормативті болуы, яғни құқықтық нормадан тұруы мүмкін, мысалы, Үкіметпен бекітілген министірлік туралы ереже, жеке, демек, нақты орындаушға арналған..Бұл жерде айта кететін жағдай басқару актілері міндетті түрде үйымдар мен нақты тұлғарға бағытталады жәнә бұлар бастаушы объект ретінде басқару актісін қабылдаушы орган тыс жерде орналасқан; .
а) басқару органы аппаратының ішкі ұйымдастырушылық қызметіне арналған құқықтық актілері, құрылымға кіретін бөлімдерге және олардың қызметкерлеріне арналған, олар; екілеттіктерін бөлу, жұмыс уақытын анықтау, жұмысқа алу және шығару және т.б. Жоғарыда аталған актілерге қарағанда бұл әктілер құқықтық нәтиже туғызса да басқару актілеріне жатпайды.
б) Жарғыны бекіту туралы (қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың) әкімшілік құқықтың субъектілерінің өтініші. Бұл нысан қазіргі кезде өз алдына жеке бөлінген, себебі Жарғыны бекітуде сұрап жасалған өтініштердің маңызы бар болады жөне Жарғы заңға қайшы келмейтін міндетті түрде тіркелуі тиіс;
в) барлық сүрақтарға қатысты өтініштер, бұлар да қажет етеді;
г)
әкімшілік құқықтың
д) әкімшілік құқықтың субъектілерінің сотта жөне басқа құқық қорғау құрылымдарында шаруашылық-қаржылык дауды шешу мәселесі бойынша қатысуы;
е) әкімшілік қүқықтың субъектілерінің тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға қатысты толып жатқан міндеттерінін, болуы ( техникалық қауіпсіздік ережесі, санитарлық-эпидемиялық ереже, өрт қауіпсіздігін сақтау ережесі). Әкімшілік құқықтың субъектілері қызметінің аталған қүқықтық нысандары заңдылықта тиісті сұрақтарды шешу барысында ресми құжат ретінде көрсетілген. Әкімшілік қүқықтың субьектілерінің құқықтық нәтиже; туғызбайтын нысаны да өз кезегінде заңмен бекітілген, бірақ| тікелей қолданғанда олар зандылық нәтиже туғызбайтын нысандарға мыналар жатады: басқару органының төменгі тұрған ұйымдарға және жеке түлғаларға жүмыстың барысы туралы ақпарат беруі, материалдық-техникалық әрекеттерді жасау (тасымалдау, байланыс құралдарын пайдалану, үйымның қызметін арттыру мақсатында материалдық жағдайды арттыру), әр түрлі мақсаттағы тексерулер, жиналыстар, семинарлар, сабақтар жүргізу.
Әкімшілік қүқыктың субъектілерінің нысанын күнделікті өмірде қолдану барысында қүқықтық жөне құқықтық емес нысандарымен тығыз байланысты, бірақ нәтижесінде қарай бір-бірін ажыратуымыз керек
Мемлекеттік басқару әдістері жайлы түсінік және оның маңызы.
Ғылыми терминологияда, құқық салаларында және кейбір нормаларда әдіс деген ұғым кең мағынада қолданылады. Мемлекеттік басқару қызметінде де ол кеңінен қолданыс тапқан. Әкімшілік құқықтық реттеу саласында, ең бірінші кезекте мемлекеттік басқару саласында, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер қатынасында әдістің маңызын анықтау басты мәселеге жатады. Әкімшілік құқық субъектілерінің қызмет: әлеуметтік ортада жүргізіледі және құқықтық, нормаларда; көрсетілген өздерінің мазмұнына қарай әлеумепік сипатқа ие болады.
Қандай болмасын әлеуметтік қызметте әрбір қатысушы өзінің еркін келесі қатысушыға білдіреді. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілерінің қызметі туралы айтқандықтан, бұл жердс олар тарапынан әлеуметтік қуқықтық қатынастың басқа қатысушыларына өздерінің еркін білдіруін айтамыз. Бұл жағдайда әдіс әкімшілік құқықтың субьектілерінің арасын байланыстыратын кұралға айналады.
Бірақ
әдіс әкімшілік құқықтың субъектілерінің
еркін басқа қатысушыларға
Әкімшілік қүқық субъектілері қызметінің әдістерінің түрлері.
Адамзаттың қызметінде, соның ішінде қүқықпен реттелетін салада ерік білдіру сипатына қарай әр түрлі жөне көп болуы мүмкін. Сол себепті мемлекетгік басқару саласында органдармен тұлғалардың ара қатынасының әдісі де әр түрлі. Әкімшілік құқық, субьектілерінің басқа катысушылармен қарым-қатынастарының ішінде ең көп тарағап әдістеріне мыналар жатады:
а) сендіру жәнс мәжбүрлеу, қызметің барлық түріне тән болатын әдіс, яғни мемлекетгік салада жөне қоғамдық ұйымдарда, тіпті қандай болмасын ұйымдарда және лауазымды тұлғаларда қолданады;
б)
алқалық және
дара басшылық
әдістері тікелсй үйымдастырушылық
Бұл аталғандардан басқа масштабы жағынан кемдеу ынталандыру әдістері(материалдық және моральдық), экономикалық одістер және т.б. жатады. Әкімшілік құқық субьектілерінің әдістері заңдылық сипатына байланысты нысан сияқты қүқықтық жене қүқықтық емес деп екіге бөлінеді. Біріншісін қолдану барысында құқықтық нөтиже туғызады. Мысалы, екімшілік жауапксршілікке тарту, екіншілері Құқықтық нәтиже тутызбайды, мысалы,. қаулыны түсіндіру, Шешімді қабылдауға дайындық. Күнделікті өмірде қүқықтық және қуқықтық емес әдістердің дұрыс үйлесуінің маңызы. Жалпы айтар болсақ мемлекеттiң сыртқы нысаны мен iшкi мазмұнының диалектикалық бiрлiгi болады. Мемлекеттiң басқару нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар тек қана республика немесе шектелген монархия түрiнде өмiр сүредi. Ал шығыс мемлекеттер көбiне монархия болатыны жақсы мәлiм. Қытай, Үндiстан, Египет (Мысыр), Англия, АҚШ мемлекеттерiнiң философтары Аристотель, Монтескье, Локк, Вашингтон, Де Голль мемлекеттiң нысанына көп көңiл бөлген. Мемлекеттiң мазмұны оның нысанынан бөлiнбейдi, олар бiр-бiрiмен тығыз байланыста дамиды.
Тәуелсiз Қазақстанның тарихында екi Конституцияның орын алғаны белгiлi, яғни , 1993 жылғы Конституциясының орнына 1995 жылы жаңа Конституция қабылданған болатын. Осы соңғы Конституция мемлекеттiң нысанын өзгертiп, Қазақстанда президенттiк республиканың саяси жүйесi құрылды.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайда географиялық, климат, тарихи факторлар әсер еттi деп айтуға болады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екенi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзен-дермен байланысты болды: Қытайда - Хуанхэ, Египетте — Нiл, Вавилонда — Тигр және Евфрат, Үндiстанда — Ганг. Шығыс мемлекеттерде — монархия, Еуропада — шектелген монархия немесе республика кұрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жер орта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi - Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр.
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi - феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi (Ману заңдарында, Салистiк жинағында - Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында - Русская правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын жөне олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдiстер жақсы қолданатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Гер-манияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлiу керек. XIX ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Гер-манияның капитализмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия — олар федерацияға жатады1.
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -түрiктер, бергi атасы - қыпшақтар өмiр сүрген. XV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң
нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң
арасындағы қарым-қатынастар және абыройы
күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық
мемлекеттердiң басқару
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiзедi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және бас-қаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
Мемлекеттiң дамуына дiни факторлары да әсерiн тигiзедi. Мұсылман, католик, христиан, буддистiк мемлекеттердiң өздерiне тән нышандары бар. Сонымен, мемлекеттiң сыртқы формасын анықтау үшiн көп фактiлердi терең зерттеу керек.
Оқу әдебиетiнде мемлекеттiң нысаны көбiне үшке бөлiнедi — басқару нысаны, мемлекеттiң құрылымының нысаны және саяси режим. Ал, негiзiнде, мемлекеттiң нысаны тарихи кезеңмен және әрбiр мемлекеттiң ерекшелiктерiмен байланысты екенi мәлiм. Сондықтан мемлекеттiң әрбiр нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердiң дамыған кезiнде осы үш элементтерiнiң бiреуi бiрiншi орынға шығады. Қазiргi Ресейде мемлекеттiң екiншi элементi - Ресей федерациясының негiзгi принциптерiн сақтау үшiн Шешен республикасымен соғыс әдiсiн қолданғаны белгiлi. Бұл Ресей федерациясының мықтылығын көрсету, негiзгi принциптерiн сақтау үшiн iстелген саясат. Бұл мемлекеттiң құрылым нысанын бiрiншi орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстiк пен Оңтүстiктiң арасындағы соғыс кезiнде федерацияны сақтау мақсаты мемлекеттiң негiзгi нысаны болды. Фашистiк режим құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимi бiрiншi орынға шығады. Бейбiтшiлiк кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны мемлекеттiң сыртқы жағдайын белгiлейдi2.