Ақша қаражаттар қозғалысының аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:11, курсовая работа

Описание

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................
1 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама..............
1.1. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы..................
1.2. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі және аудиті бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлері....................................

2 бөлім «ШынДар» ЖШС компаниясының қаржылық -экономикалық сипаттамасы және есеп, қаржы жұмыстарын ұйымдастыру.......................................................................................
2.1. «ШынДар» ЖШС компаниясының жалпы сипаттамасы...............
2.2. «ШынДар» ЖШС-ның қаржылық есеп жұмыстарын ұйымдастыру.....................................................................................

3 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі................
3.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.............................................................
3.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты........
3.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары......

4 бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті ...............................
4.1. Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің жүргізілу маңыздылығы.....................................................................................
4.2 Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің тәртібі.....................
4.3 Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті – қаржылық есеп беру аудитінің жүйесінде.................................................................
4.4 Аудитор қорытындысы.....................................................................

Қорытынды мен ұсыныстар..............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Қосымшалар.........................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

6.doc

— 585.00 Кб (Скачать документ)

Кәсіпорынның  таңдаған бухгалтерлік есептегі  шаруашылық іс- әрекетінің ағымдағы топтастырылуы мен жалпылама қызметін жүргізу кәсіпорынның есеп  саласында көрнуі керек.

Есеп саясатын қалыптастыру - бухгалтерлік есепті  жүргізудің белгілі бір тәсілін  нақты бір шаруашылық жағдайында пайдаланудың тәртібін белгілеу.

Бухгалтерлік  есеп жүйесінің жалпы ұстамдарын кәсіпорынның есеп саясатында іске асырған кезде  мыналарды есепке алады:

    • кәсіпорынның мүліктік жағдайы;
    • кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі;
    • есеп саясатын жүргізген кезде шаруашылық операциясын көрсетудің қабылданған әдісінің мүлік бағасының және міндеттемелердің есепті жыл ішінде өзгермеуі.

Есеп саясатының басты тапсырмасы – шаруашылық қызметін жоғары деңгейін көрсету, бұл әрекетті тиімді реттеу мақсаты үшін шаруашылық жөніндегі толық объективті ақпартты қалыптастыру.

“Дәнқамту” ААҚ-ның қаржылық қызметінің алдындағы тұрған  басты тапсырмалары болып төмендегілер табылады:

    • кірісті өсірумен рентабельділікті көтерудің жолдарын іздестіру;
    • кәсіпорын органдарымен кредиторлардың алдындағы міндеттемелерді толық және уақытында  орындау.
    • қаржыландыру, несиелендіру мақсатында  алынған қаражаттарды мақсатты пайдалану.
    • айналым қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

 

3 Бөлім. Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі

 

3.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері

7 ҚЕХС «Ақша  қаражаттар қозғалысы» туралы  есептілік дүниежүзілік банкпен  дайындалған.

ҚЕХС-ң 7 бөлімшесінің негізгі мақсаты – операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметтерінің нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттар қозғалысының өзгерісі туралы мәліметтерді беруді талап ету.

Ақша  қаражаттар қозғалысы туралы есептілік – қаржылық есептіліктің төртіншісі болып табылады. Есептіліктің мақсаты – компанияның белгілі бір мерзімдегі ақшаның түсімі мен төлемдері туралы ақпараттарды ұсыну болып табылады.

Ақша қаражаттар қозғалысының негізгі көрсеткіштері  болып – ‘ақша қаражаттары  және олардың эквиваленттері’ қолданылады.   

Ақша  қаражаттар қозғалысы туралы ақпарат – компанияның ақша қаражаттарын алу қабілетін және олардың эквивалентін және ақша ағымын болжауға көмектеседі.

Ақша  қаражаттары – компанияның атындағы және кассадағы ақшалары.

Ақша  эквиваленті – қысқа мерзімді, тез өтімді салымдар (өтеу мерзімі 3 ай немесе оданда аз), тез айналысқа түсетін ақшалар.

Ақша қаражаттар қозғалысының жіктелуі:

Ақша қаражаттардың  түсуі немесе төленуі ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінде келесі қызметтермен байланыста болды.

а) Операциондық қызмет – компаниядағы ақша қозғалысының негізгі қызметі болып табылады. Оның негізінде таза табыс немесе шығыстарды анықтаған кездегі компанияның табыстары мен шығыстарын ескереді. (Мысалы: тауарларды өткізуден, көрсеткен қызмет немесе орындаған жұмыстан түскен түсім, жабдықтаушыларға немесе қызметкерлерге төленетін төлемдер)

б) Инвестициялық қызмет – инвестициялық және ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алуды, несиелерді беру мен несиеге берілген заттарды қайтару қызметтерін өзіне біріктіреді. (Мысалы негізгі құралдарды, үлестік және займдық құралдарды, қатыстыру үлесін сату және сатып алу, вексель, акция)

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың қозғалысы компанияның ресурстарын қалыптастыру, болашақ табыстарын болжай алу және ақша қаражаттарын алу мүмкіндігін сипаттайды.

в) Қаржылық қызмет – компанияның капиталы мен қарыздық құралдардың көлемі мен құрамының өзгерісін көрсетеді.

Қаржылық қызметтен  түскен ақша қаражаттарының қозғалысы  – ақшалардың баланстағы түсімдерін болжау үшін анықталады.

Қаржылық қызмет міндеттемелер мен капитал баптарына  әсер етеді:

  • ұзақ мерзімді құралдарды шығаруға және қарыздық құралдарды өтеумен байланысты алынатын ақша қаражаттары
  • эмиссиондық акциялардан немесе басқа да үлестік құралдардан алынатын ақша қаражаттары жатады. (Мысалы, шығарылған акция, облигация, займдар, вексельдерден түскен түсімдер, несиелік сомаларды өтеу т.б. жатады)

«Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есеп – ақша қаражаттар қозғалысы туралы ақпараттарды, ақша қозғалысын операциондық, инвестициялық, қаржылық қызметтер негузунде жіктеп, белгілі бір мерзімде берілуі  тиіс.

Бір операция әр түрлі жіктелуі мүмкін. Мысалы несиені өтеу кезіндегі төленетін пайыздар – операциондық қызмет ретінде, ал қалған негізгі бөлігі – қаржылық қызмет ретінде жіктеледі.

Нақты опреациялар, ақша қаражаттарын қолданумен байланысты болмайтын операцияларды (облигациялар мен акцияларға айырбасталатын активтерді шығару және жай акцияға облигацияларды конвертациялау) “ақша қаражаттар қозғалысы” есептілігінен алынып тасталуы тиіс. Мұндай операциялар, өздері жеке немесе ақша қаражаттар қозғалысы есептілігінің соңғы бөлімінде көрсетіліп немесе қаржы есепкерлігіндегі қосымшаларда көрсетілуі тиіс.

Есептіліктің  құрамында қызметтің 3 түрі анық белгіленеді, олар келесідей тәртіппен орындалады:

  • операциондық
  • инвестициялық
  • қаржылық

1) Алдымен, есепті  мерзімдегі ақша қаражаттардың  өсімі (азаюы) анықталады. Ол әр қызмет түріндегі таза ақша қаражаттардың қосындысымен анықталады.

2) Содан кейін,  есепті мерзімдегі таза ақша  қаражаттардың өзгерісі, мерзімнің  басындағы ақша қаражаттардың  қалдығына қосылады (немесе алынып  тасталынады). Шыққан сома, мерзімнің  соңындағы ақша қаражаттар қалдығына тең болады.

3) Есептіліктің  соңғы бөлімінде жеке-дара ақша  қаражаттарын қолданумен байланысты  емес нақты операциялар мен  қаржылық операциялар көрсетіледі.

Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктегі  ақша ағымын қызмет түрлері бойынша жіктеу инвесторларға келесілерді бағалауға көмектеседі:

а) компанияның  ақша ағымын реттеудің потенциалды  мүмкіндігін;

б) компания өзінің міндеттемелерін орындау мен  дивидендтерді төлеудің потенциалды  мүмкіндігін;

в) Операциондық қызметтегі таза табыс пен тпза ақша ағымы арасындағы айырмашылықтарының себептерін;

г) Ақша қаражаттарын пайдаланумен байланысты есепті мерзімде көрсетілген инвестициялық және қаржылық операциялардың қызметтерін.     

Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік түзетілген айналым ведомосі негізінде құрылмайды. Осы есептілікті ұйымдастырудың қажетті ақпараттарын негізінен келесідей ақпарат көздерінен алуға болады:

а) белгілі бір  мерзімге құрылған бухгалтерлік баланстан;

б) ағымдағы мерзімдегі табыстар мен шығындар есептілігінен;

в) басқа да құралдардан

Есептілікті ұйымдастырудың негізгі сатылары:

Бірінші сатыда а) таза өсімшені анықтау / ақша қорларының азаюы

Бұл өте қарапайым  әрекет болып табылады. Себебі, белгілі  бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстан  алынған ақша қаражаттар қалдығын мерзімнің басы мен соңының арасындағы айырмашылықты өте оңай есептеуге болады.

б) операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттарын анықтау. Бұл сатыда тек ағымдағы мерзімдегі табыстар мен шығындар туралы есептілігіндегі көрсеткіштерге талдау жасалынып қоймай, сонымен қоса белгілі бір мерзімдегі бухгалтерлік баланстың және басқа көздердің ақпараттарға да талдау жасалынады.

с) Инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарын анықтау. Бұл талдауда бухгалтерлік баланстағы басқа көрсеткіштердің өзгеруі нәтижесінде олардың ақша қаражаттарының көлеміне әсерін анықтайды.

Екінші  сатыда есептеу тәсілімен айқындалған операциондық қызметтің көрсеткіштерін кассалық тәсілдердің көрсеткіштерімен қайта есептеуді қажет етеді. Мұндай қайта есептеуді тікелей және жанама әдісті қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

 а) Екі  әдісті қолданған кезде бір  нәтижелік көрсеткіш – операциондық  қызметтің таза ақша қаражаттары  көрсетіледі, дегенмен де, есептеу  кезінде қолданылатын тікелей  және жанама әдістері әртүрлі ашу жолымен есептеледі.

б) 7 ҚЕХС-де көбінесе тікелей әдісті қолдануға мән  береді.

Жанама  әдіс. Бұл әдіс бірнеше сатылардан өтеді.

1 саты. Бірінші сатыда ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті ұйымдастыруда ақша қаражаттарының таза өсімі мен азаюы анықталады. Негізінен бұл ақша қаражатының жыл басы мен жыл аяғының арасындағы айырмашылық.

2 саты. Екінші сатыда операциондық қызметтегі таза ақша қаражаттары анықталады:

а) 7 ҚЕХС байланысты есептеу тәсілін қолдану қажет. Ол шығындармен табыстардың пайда болуы мен көлеміне байланысты қарастырылады.

б) Операциондық қызметтен түскен ақша қаражаттардың  табыстары мен шығындарын кассалық әдіс арқылы анықтау қажет. Бұл әдістің  мақсаты таза табыс операциялары әсерінің есебімен түзетіледі, ол ақша қаражаты қозғалысының дамуымен байланысты болмайды.

Операциондық  қызметтегі таза ақша қаражатын анықтау  үшін:

а) қысқа мерзімді активтердің өсімшесін (ақша қаражатын  қоспағанда) таза табыстан алынып, ал азаюы  таза табысқа қосылады.

б) қысқа мерзімді міндеттердің өсімшесі таза табыстан қосылып, ал оның азаюы таза табыстан алынады.

с) амортизациялық шығындар мен негізгі құрамы сатудан  пайда болған шығындар таза табысқа  қосылып, ал негізгі құрамы сатудан  түскен түсім таза табыстан алынып тасталынады.

3 саты. Үшінші сатыда инвестициялық және қаржылық қызметтегі таза ақша қаражаттары анықталады. Ең бастысы олар, ұзақ мерзімді активтер мен міндеттемелерге қатысты бухгалтерлік баланстың салыстырмалы баптарының негізінде және тағы да басқадай мәліметтерге сүйену негізінде анықталады.           

А) егер шоттың сальдосы «Жер» 50000 $-ға өссе және (келісім-шарттың  мәліметтерінде көрсетілгендей) жерді  сатып алу құны ақшамен алынған  болса, инвестициялық қызметтер  ішінде ақша қаражаттарының төленуі  белгіленеді.  

Б) егер шоттың сальдосы «Жай акциялар» 100000 $-ға өссе және (келісім-шарттың мәліметтерінде көрсетілгендей) акцияларды шығару ақша қаражаттарын төлеумен жүргізілсе, онда ол қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттары болып табылады.

Қарызды өтеу, өзіндік  акцияларды сатып алу немесе келісімдерді бұзу – қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарымен белгіленеді.

Тікелей әдіс. Бұл әдіс бірнеше сатыдан өтеді.

1)саты. Бірінші сатыда таза ақша қаражаттарының өсуі мен төмендеуі

анықталады, яғни ақша қаражаттарының жыл басы мен  жыл аяғының арасындағы айырмашылықты көрсетеді.

2)саты. Екінші сатыда табыстар мен шығындардың есебін есептеу тәсілі бойынша айқындалатын операциондық қызметтен түскен таза ақша қаражаттарды қайта есептеудің әрбір көрсеткішін кассалық әдіс бойынша есептеуді көрсетеді:

  • егер «табыстар мен шығындар» туралы есептілікте түсімнің көлемі-120000$ болса, ал жыл бойындағы дебиторлық қарыздық өсімі-20000$-ды құраса, онда алынған ақша қаражаттарының түсімі-100000$-ды құрайды (120000$-20000$).
  • егер «табыстар мен шығындар» туралы есептілікте операциондық шығындардың көлемі-60000$, ал жыл бойындағы есептелген қарыздық өсімі-12000$ құраса, онда операциондық шығындар ақшалай түрде- 48000$ құрайды (60000$-12000$).

«Операциондық қызмет» бөлімшесінде ақшаның түсімі мен шығысы тек негізгі топтар арқылы анықталады:  

  • тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен түсімдер және пайыздар, инвестициялар мен ссудалардағы дивидендтерден түскен түсімдер арқылы;
  • жабдықтаушылармен және қызметкерлермен есептесу бойынша, операциондық шығындар бойынша, пайыздар бойынша және салықтар бойынша төленетін ақшалай шығындар арқылы;

Сатып алушылар мен тапсырысшылардан түскен ақшалардың есебі келесідей формуламен көрсетіледі:

                                               + дебиторлық қарыздардың азаюы

Өткізуден түскен түсім                                   немесе 

                                                 - дебиторлық қарыздардың көбеюі

Жабдықтаушылармен есеп – айырысу мына формуламен есептеледі:

Информация о работе Ақша қаражаттар қозғалысының аудиті