Ақша қаражаттар қозғалысының аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:11, курсовая работа

Описание

Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................
1 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама..............
1.1. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы..................
1.2. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі және аудиті бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлері....................................

2 бөлім «ШынДар» ЖШС компаниясының қаржылық -экономикалық сипаттамасы және есеп, қаржы жұмыстарын ұйымдастыру.......................................................................................
2.1. «ШынДар» ЖШС компаниясының жалпы сипаттамасы...............
2.2. «ШынДар» ЖШС-ның қаржылық есеп жұмыстарын ұйымдастыру.....................................................................................

3 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі................
3.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.............................................................
3.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты........
3.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары......

4 бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті ...............................
4.1. Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің жүргізілу маңыздылығы.....................................................................................
4.2 Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің тәртібі.....................
4.3 Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті – қаржылық есеп беру аудитінің жүйесінде.................................................................
4.4 Аудитор қорытындысы.....................................................................

Қорытынды мен ұсыныстар..............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Қосымшалар.........................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

6.doc

— 585.00 Кб (Скачать документ)

Баланс өтімділігін  талдаудың мәні – активтегі өтімділік  дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері  келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез  өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының  мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа  мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты  міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін  анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің  әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген  жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы  төртін-ші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен  пассив бо-йынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды  орын алады. Төр-тінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономика-лық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарт-тарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының ба-рын дәлелдейді. 

Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету орынды бола-ды.

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)

Біздің кәсіпорын  үшін оның мәні:

2010 ж. – 1,3;

2011 ж. – 1,07;

Бұл көрсеткіштің қолайлы мәні 0,9 болып табылады.

Алайда бұл  көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі  мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қа-тар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиы-нымен  ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданыла-ды.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы  мүмкін, себебі ағымдағы активтердің  құрамына әртекті төлем қаражаттары  кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.

 

  Кесте 4

«ШынДар» ЖШС  компаниясының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

 

Актив

Сомасы, мың тг.

Пассив

Сомасы, ,мың тг.

Төлеу артықтығы (+),

жетіспеушілігі (-)

2010 ж.

2011 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1. Ең өтімді  активтер

1505

6140

1. Иеғүрлым тезірек  төленетін міндеттемелер

44325

41835

-42820

-35695

2. Тез өткізілетін  активете

97885

53240

2.Қысқа мерзімді  міндеттемелер

24450

18520

73435

34720

3. Баяу өткізілетін  активтер

76370

72180

3. ұзақ мерзімді  міндеттемелер

-

-

76370

72190

4. Қиын өткізілетін  активтер

193095

227540

4. Тұрақты міндеттемелер

300080

298755

-106985

-71215

Жиыны

368855

359110

Жиыны

368855

359110

-

-


 

Кәсіпорынның  перспективті төлем қабілеттігін анықтау  анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.

Үш көрсеткіш  жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік  коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздар-дың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің  дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө  0,2 0,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел  өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

2010 ж. – 0,02;

2011 ж. – 0,1;

Аралық  өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі  шегін бағалау былайша өрнектеледі:

Кар.ө  1

Біздің кәсіпорын  үшін оның мәні:

2010 ж. – 1,5;

2011 ж. – 0,98;

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа  мерзімді міндеттемелердің сомасын  өтейтінін белгілеуге мүмкіндік  береді және сонымен баланс құрылымының  тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары  бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Берілген көрсеткіш  үшін мына шектеу қалыпты мән болып  табылады:

Кағ.ө  2

Біздің кәсіпорын  үшін оның мәні:

2010 ж. – 2,6;

2011 ж. – 2,2;

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден  2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.   

Жалпы алғанда соңғы екі  өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап  бергенімен, 2011 ж. олардың мәндері  азайып отыр. Сондықтан алдағы уақытта  бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның се-бептерін анықтаған жөн.

 

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде  кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құ-рылуы  да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға  алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көр-сетеді.                                                                                                                        

Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы  көбі-не өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл  кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін  өзінің кейбір кезең-дерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-ғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиеле-рімен жабылады.                                                                                                            

Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған  капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өз-геру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капи-талға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.                                      

Меншікті капиталдың көлемін  ғана анықтап қоймай, сонымен бірге  капитал-дың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсет-кіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, ав-тономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффи-циентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтай-ды:

Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік  коэффициенті;                                                                        

Мк - меншікті капитал;                                                                                                                       

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).                                                                                                               

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін  көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көр-сетеді.                                                                                                                            

Каржылық есеп берудің  активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей  талдау 5-кестесі құрылады.

5-кестеден кәсіпорынның  есеп беру жылындағы активтерінің  қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге  немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп  тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден  0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке  өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық  жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                           

Қк -   қатыстырылған  капитал;                                                                                              

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

Ктс- тәуелсіздік  коэффициенті.                                                                                           

Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы  сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.                                                                                                                               

Кесте 5

«ШынДар» ЖШС  компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.

Информация о работе Ақша қаражаттар қозғалысының аудиті