Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:11, курсовая работа
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Кіріспе...............................................................................................................
1 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы анықтама..............
1.1. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні мен маңызы..................
1.2. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі........................................
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі және аудиті бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлері....................................
2 бөлім «ШынДар» ЖШС компаниясының қаржылық -экономикалық сипаттамасы және есеп, қаржы жұмыстарын ұйымдастыру.......................................................................................
2.1. «ШынДар» ЖШС компаниясының жалпы сипаттамасы...............
2.2. «ШынДар» ЖШС-ның қаржылық есеп жұмыстарын ұйымдастыру.....................................................................................
3 Бөлім Ақша қаражаттар қозғалысының ҚЕХС бойынша есебі................
3.1. 7 ҚЕХС бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.............................................................
3.2 Дисконтталған ақша ағымдарын есептеудің негізгі мақсаты........
3.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептіліктің нысандары......
4 бөлім Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті ...............................
4.1. Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің жүргізілу маңыздылығы.....................................................................................
4.2 Ақша қаражаттар қозғалысы есебі аудиттің тәртібі.....................
4.3 Ақша қаражаттар қозғалысы есебінің аудиті – қаржылық есеп беру аудитінің жүйесінде.................................................................
4.4 Аудитор қорытындысы.....................................................................
Қорытынды мен ұсыныстар..............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................
Қосымшалар.........................................................................................................
Консолидацияланған есеп берудің құрамына: консолидацияланған бухгалтерлік балансы, консолидацияланған қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолидацияланған ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.
№ 13 БЕС сәйкес
«Консолидацияланған есеп беру және
еншілес серіктестіктегі
Негізгі заңды тұлғалар және оның еншілес заңды тұлғалары, яғни консолидацияға кіретіндері қаржылық есеп беруді бірлесіп, белгілі бір күні жасайды, ол үшін бір тұтас есептік саясатын пайдаланып, аналитикалық операцияларын және қаржылық-шаруашылық қызметінің оқиғаларын дайындайды.
Егер де олардың
есеп беруі әр кезде жасалатын
болса, ал оның айырмасы үш айды құрса,
онда олардың мәліметін
1.3 Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есебі және аудиті бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің пікірлері
Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқару және есеп мәселелері Қазақстан ғылымы мен тәжірибесіндегі айтарлықтай жаңа тармақтардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын басқарудың теориясына байланысты мәселелер әлемінің экономикасы дамыған елдерінің танымал классик экономист ғалымдары Р.Брейли, С.Майерс, Ю.Бригхем, Л.Гапенски, Дж.К.Ван Хорн, А.Дайле, С.Майерс, Дж.О`Брайен, Ж.Ришар, М.Р.Метьюс, Э.Хельферт, Дж.Фостер, Р.С. Каплан, К.Уорд т.б., ғылыми еңбектерінің жарық көрген орыс тіліндегі аудармаларында, сондай-ақ кеңестік кеңістіктегі экономисттер т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Сондай-ақ осы мәселелерге, қазақстандық келесі экономист ғалымдар да еңбектерін арнаған, олар: Мамыров Н.К., Мархаева Б.А., Мельников В.Д., Копешов Ш.К., Жуйриков К, Ильясов К.К., Джуманов А.М., Дюсембаев К.Ш., Ертаев К., Мырзалиев Б, Сабден О.С., Отаров А.К., Зейнелгабдин А.Б., Аканаева Т.А. Касенов Қ.Р., Кантөреев М.Т. және т.б.
Ресейдің И.Т.Балабанов, В.В.Бочаров, А.М.Бирман, И.А.Бланк, А.Г.Грязнова, М.В.Докучаев, А.И.Кочеткова, В.В.Ковалев, Д.С.Моляков, В.М.Родионова, М.Н.Крейнина, В.В.Ковалев, Л.П.Павлова, Е.М.Сорокина В.К.Сенчагов, Е.С.Стоянова, Т.В.Теплова, Э.А.Уткин, М.А.Федотова, А.Д.Шеремет, Е.И.Шохин. және т.б. экономист ғалымдарының еңбектері де зерттеу тақырыбын ашуға арналған.
Аталған экономист ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстарының, қаржы-ақша ағымдарының теориясын, қоғамның ақша шаруашылығын мемлекеттік реттеу тәжірибесін және жалпы, қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесін дамытудағы маңызы өте зор екенін айта отырып, бүгінгі күні кәсіпорынның тұрақты қаржылық дамуын қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылатын талдау, жоспарлау және ақша қаражаттарының қаржылық менеджментін бір жүйеге біріктіретін ғылыми зерттеу жұмыстарының өте аз екенін сөз етуге болады.
«Қаржы-ақша ағымы» түсінігінің қарапайымдылығына қарамастан, оның мәнін анықтауда әртүрлі авторлар әртүрлі анықтамалар береді. Қазіргі уақытқа дейін жалпы қабылданған анықтама әлі жоқ. Сонымен қатар, баспа беттерінде бірыңғай терминологияда қолданылмайды. Мысалы, қаржы-ақша ағымдарының экономикалық мәніне сәйкес келетін сөз тіркестері ретінде «қаржы-ақша ағымдары», «қаржы-ақша ағымы» немесе «қаржы-ақша қаражаттарының қозғалысы» қолданылады, ал кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдарын анықтау үшін кең түсінік «қаржылық ағым» пайдаланылады, сонымен қатар орыс тіліндегі ағылшынша сөз «кэш-фло» немесе «каш-флоу» мен қатар «қаржы-ақша ағымдарының қозғалысы», немесе «қаржы-ақша қаражаттарының ағымының қозғалысы» түсініктері қолданылады. Бұл қарастырылып отырған мәселені дәл анықтауға кедергі келтіріп, теориялық ұсыныстардың тәжірибелік маңызын төмендетеді.
Біздің ойымызша, кәсіпорынның қаржылық ағымы ретінде есепті және жоспарлы кезеңді құрайтын, бір-бірімен тізбектелген уақытта кәсіпорын қызмет үрдісінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын, қаржылық салымдарды, бағалы қағаздарды, міндеттемелерді және ақшалай емес есеп айырысуларды қарастыру қажет.
Ережеге сәйкес, экономикалық әдебиеттерде қаржы-ақша ағымдары екі жолмен қарастырылады:
- белгілі бір
жобаны жүзеге асыру
- қызмет етуші кәсіпорын жағдайындағы барлық шаруашылық қызмет түрлерінің нәтижесінде құрылған қаржы-ақша ағымдары.
Зерттелген анықтамалардың ең көп бөлігі қаржы және қаржылық менеджмент бойынша ғылыми еңбектерде кездеседі.
Біздің ойымызша, ең дұрыс анықтаманы орыс ғалымы И.А.Бланк (4) ұсынған: «кәсіпорынның қаржы-ақша ағымдары деп оның шаруашылық қызметінде уақыт бойынша бөлінген ақша қаражаттарының түсімі мен төлемдерінің жиынтығын атаймыз». Мұндай анықтаманы басқа да авторлар тобы қолданады, олар белгілі бір уақыт аралығындағы ақша қаражаттарының түсімдерінің көлемі арқылы ақша ағымын сипаттады.
Біздің пікірімізше, қаржы-ақша ағымы категориясын тар және кең мағынада қарастыруға болады.
Тар мағынада, қаржы-ақша ағымы деп белгілі бір уақыт бірлігіндегі ақша арқылы өлшенетін мақсатты бағытталған қаржы-ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің қозғалысын қарастырамыз. Біз берген анықтаманың экономикалық мәні, қаржы-ақша ағымының уақыт бірлігіндегі қаржы-ақша қаражаттарының сандық және сапалық (ақпараттық) жағынан қозғалысын ашып көрсетуімен байланысты.
Қаржы-ақша ағымы түсінігінің сипаттамасын қорытындылай отырып, келесі жағдайға назар аударуға болады, берілген анықтама қаржы-ақша ағымын қаржы-ақша қаражаттарының түсімі мен шығысының айырмасы ретінде қарастырмайды, себебі түсім мен шығыс өз бетінше ағымды құрайды. Бұл жағдай біздің пікірімізше үлкен мәнге ие, егер де қаржы-ақша ағымын «жиынтық» деп анықтайтын болсақ, онда сөз тек ағыммен байланысты ғана болмайды, сонымен қатар, оның әртүрлі нысандары мен түрлерінің бар екендігін көрсетеді, себебі кез келген ағымдардың комбинациясы топтастыру сипатына қарай қаржы-ақша ағымын құрайды.
Бірақ, қаржы-ақша ағымы тек қаржы-ақша қаражаттары мен оны алмастырушыларының қозғалысы ғана емес, сонымен бірге, белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның барлық активтері мен міндеттемелерінің құндық өзгерісін сипаттайды. Бұл жағдайда қаржы-ақша ағымының элементтері ретінде пайда, табыстар мен шығыстар, запастар мен міндеттемелердің құрамындағы өзгерістер қарастырылады. Бұл қаржы-ақша ағымы категориясын кең мағынада түсіндіруді білдіреді.
Нарықтық экономиканың дамуымен қатар, отандық және шет елдік тәжірибеде осы саладағы соңғы зерттеулер көрсеткендей, қаржы-ақша қаражаттарының ағымының болжамды көрсеткшін дисконттау негізінде, кәсіпорынның ағымдық құнының өлшемін есептеу туралы ақпаратты ұсыну, кәсіпорынның қаржылық қызметінің мөлдірлігін қамтамасыз етеді және есепті пайдаланушылардың қажетілігінің өзгерісіне жауап береді.
Соған орай, капитал өсімі мен ақша ағымы арасындағы өзара байланысты бекіту маңызды. Кәсіпорынның қаржы-ақша ағымының оның капиталын құру, бөлу және пайдаланумен жоғары деңгейдегі байланысы келесілерді есепке алу қажеттігін анықтайды, олар: капитал айналымы, капитал құны, капитал құрылымы және басқалар.
Дәстүрлі және қысқартылған түрде капитал айналымы келесі түрде ұсынылады.
Капитал айналымы капитал салымына ұқсас болғандықтан, табиғи ең төменгі циклді құрайды, соған орай қаржылық нәтижені есептеуге болады.
Біздің пікірімізше, таза пайданы қаржы-ақша ағымымен теңестіру жуықталған және шын мәнісінде дұрыс емес, себебі мұнда әртүрлі тұжырымдамалар қолданылады, олар есептеу тұжырымдамасы мен ағымдар тұжырымдамасы.
Сонымен, қаржы-ақша ағымы – бұл кәсіпорынның өмір сүруін қамтамасыз ететін шынайы уақыттағы қаражаттардың қозғалысы. Пайда мен зиян туралы есепте, баланста осы қаржы-ақша ағымдары көрсетілмеген.
Осыған байланысты, кәсіпорынның қаржы-ақша ағымын басқаруды ұйымдастыру барысында ең маңызды мәселе ақша ағымының құраушылары мен оның капитал құрылымы арасындағы өзара байланыс тетіктерін анықтау болып табылады.
Шетелдік және
отандық экономист ғалымдардың
ғылыми зерттеулерін негізге ала
отырып, мақта өңдеу кәсіпорындарындағы
қаржы-ақша ағымдарын басқару жүйесіне
ғылыми ойдың жетістіктерінің
Басқару тетігінің негізгі орталығы мақсат болып табылады. Қаржы-ақша ағымдарын басқару мақсатын келесідей құрастырса болады: мақта өңдеу кәсіпорнының экономикалық құндылығын жоғарылату және қолма қол ақшаға әрдайым қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін, ақша ағымдарын реттеу. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның даму үрдісіндегі қаржы-ақша тепе теңдігін қамтамасыз ету.
Қазіргі ХҚЕС-на көшу жағдайда қаржылық есеп беру есебіне ғалымдар мен тәжірбиешілердің еңбектерінде жетілдіру жолдары мәселесінде өте көп ойлар қарастырылады.
Қазақстан
Республикасының Қаржы министі
З. Кәкімжанов (20) «Қаржылық есептілікті
беру» бухгалтерлік есеп
Қаржылық есеп беру ұйымының қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат болып табылады. Қаржылық есеп беру сол сияқты ұйымының басшылығына сеніп берілген ресурстарды басқару нәтижелерін көрсетеді. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру ұйымның мынадай көрсеткіштері: активтер, міндеттемелер, жарғылық капитал, негізгі емес қызметтен және төтенше оқиғалардан түсетін кірістер мен шығыстарды қоса алғанда кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы. Жарғылық капиталдағы өзгерістер туралы ақпарат береді. Осы ақпарат түсіндірме жазбадағы басқа ақпараттармен бірге пайдаланушыларға болашақта ұйым ақшасының қозғалысын және атап айтқанда уақыты жағынан бөлуді және ақша мен оның баламалары қозғалысының тиянақтылығын болжамдауға көмектеседі. Қаржылық есептілік ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері, ақшалай қозғалысын және жарғылық капиталындағы өзгерістерін дұрыс беруі тиіс. Қажет болған жағдайда бухгалтерлік есеп стандарттарын қосымша аша отырып, тиісінше қолдану дұрыс беруді қамтамасыз етеді. Қаржылық есептілігі бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес келетін ұйым осы фактіні ашуы тиіс. Қаржылық есептілік, егер ол әрбір қолданылған бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес келмесе бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес келетін түрінде ұсынылмауы тиіс.
Экономика Ғылым Кандидаты, доцент Ә.Ә . Әбдіманаповтің (19) пікірі бойынша үздіксіз өзгеріс үрдісінде экономикалық өмірімізге бүкіл қоғам, жеке мамандар болып, бейімделу қабілетімізді нығайтып, үздіксіз икемдене түсу баршамыздың міндетіміз.Төңірегіміздегілер мен төмендегілерімізге дұрыс ұғым, анық мәлімет, беріп шындықты бұрмалайтын жолға түсіру оңай жол емес. Экономикалық әрекеттер мен қатынастарға қатысатын мамандардың (кәсіпкерлер, бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер тағы басқалары) күнделікті өмірде қолданатын терминдері бірегей және түсінікті болуы қажет.
Бухгалтерлік есеп үрдісіндегі : баланс, табыстар мен шығындар, ақша қозғалысының қорытынды есебі, меншікті капитал өзгерісіндегі қорытынды тағы басқа қоссымшалар қаржылық есеп жүйесін құрайды. Басқада мақсаттар мен қатар қаржылық қорытынды есеп ақпараттары негізінде қаржылық басқару шешімі қабылданады. төменде бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп категориялары мен элементтерінің ең негізгілеріне түсінік берілген. Ең әуелі қаржылық есептің не екендігін, қандай элементтерден тұратындығын айтудан бастағанды жөн көрдік.
Қаржылық қорытынды есеп - деп, ұйымдар мен компанияларда тиімді экономикалық (іскерлік) шешім қабылдау үшін ыңғайлы және түсінікті түрде жасалған қаржы жағдайы есебі жөніндегі қорытынды ақпараттар жиынтығының үлгісін айтады. Қаржылық қорытынды есеп мәліметтері мен ақпараттары ішкі және сыртқы пайдаланушылар үшін жасалынады.
Қаржылық жыл - деп қандай да болмасын заңды тұлғалардың қаржы жүйесі жөніндегі қаржылық қорытынды есеп жасайтын немесе болжайтын кезеңін айтады.
Қаржылық коэфиценттер - қаржылық бір көрсеткіштің екінші көрсетткішке келетін қатынасын, яғни екі қаржылық санның бір-біріне қатынасы сипатталады. Қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын пайдалану кезінде ара қатынастық көрсеткіштер мен пайыздық өлшеулер арасында белгілі дәрежеде өзара байланыс болуы керек.
«Евразия софт» компанияның маманы Светлана Попованың (24) айтуы бойынша: «Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес 2002ж 1 қаңтардан бастап қазақстандық кәсіпорындардың кемшілігін қамтитын халықаралық қаржылық есеп стандартына өтудің үшінші кезеңі басталды. Халықаралық қаржылық есеп стандартына өту процесі оңай емес және көптеген проблемалар мен сұрақтар туғызады. Халықаралық қаржылық есеп стандартынын игеру байсалды, үлкен және қаржылы еңбекті талап етеді. Қазіргі таңда ел экономикасы күн санап өсіп келеді. Экономикалық өсу бұл сол мемлекеттің жалпы ішкі және сыртқы өнімдерінің жүйелі түрде өндіріліп, халықаралық сауда қатынастарының жүйелі түрде жұмыс жасап тұрғанын көрсетеді. Ал бұл жерде қаржылық операцияларды тексеретін бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуы маңызды орын алады. Президентіміздің 2006 жылғы халыққа жолдауында айтылғандай, негізгі мақсаты Қазақстанды болашақта бүкіл әлемдік тауарлы ұйым құрамына кіру болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының салық заңында және бухгалтерлік есеп балансында көптеген өзгерістер енгізілген.