Ақша, несие, банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 10:31, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
— Несиелеу қызметі және оның мәнін қарастыру;
— Қазақстан Республикасындағы несиелеу қызметтердің қазіргі жағдайын талдау;
— Қазақстан шаруашылығындағы несиелеу процесін қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – мемлекетіміздің экономикалық жағдайын талдау, атап айтса, несие ұғымының мәнін ашу, оны зерттеу және оған байланысты мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші-тарауда несие жүйесінің теориялық аспектілері қарастырылады;
екінші-тарауда Банк жүйесіндегі неселер түрлері талданады;
үшінші-тарауда Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму ерекшеліктері қарастырылады.

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ САЛТА 2 КУРС.doc

— 282.00 Кб (Скачать документ)

      Мамандандырылған  несие  мекемелері ( оларды  парабанктік  деп  атайды) нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын  болып  табылады. Бұл мекемелерсіз  экономиканың  әр  түрлі   салаларында  және  тұрғындарға  көрсетілетін  несие  жүйесінің  қызметтері  толық  болмас  еді.

       Парабанктік мекемелер көбінесе  белгілі бір клиенттер типіне  немесе  бірер негізгі қызмет  түрлерін  көрсетуге бағытталады.  Олардың қызметтері  нарықтың  кішігірім  сегменттеріне  ғана   қызмет   көрсетуге жұмылдырылады.

      Мұндай  мекемелер  екі  жақты     бағыныштылықта  болады:  бір жағынан ,  олар несиелік  және  есеп  айыру  қызыметтерін  да  Орталық  банктің  соған  сәйкес  талаптарын  басшылыққа  алады.  Екінші  жағынан  олар,  қандай  да  бір қаржы,  сақтандыру,  инвестициялық  немесе  басқа  да  операцияларға  мамандана  отырып,  тиісті  ведомстволардың  реттеу  әрекеттеріне  ұшырайды.  

      
    1. Несиелеу  объектілері мен субъектілері
 

           Несиенің мәнін анықтаған кезде  бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

     Несие мәселесі тұтасымен алғанда  несенің мәнін ашуы керек. Егер  бір мәселеде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын  қасиетін жоғалтатының білдіреді;

     Несиенің мәнін талдауда несенің  құрылымын, қозғалас сатыларын,  несиенің негізін қарастырған  жөн.

     Несиеде өзгермейтін, тұрақты  болып қалатын жәйіт – құрылым.  Өзге экномикалық категориялар  сияқты несиеде бір – бірімен  өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатанастың барлық субъектілері, сондай – ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

     Несие беруші – несиелік  мәміленің  қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске  асыру үшін онда ақшалай қаражаттың  белгілі бір қоры болуы керек.  Ол ақша өзінікі болуы немесе  басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

     Қазіргі уақытта қарызға ақша  ұсынатын негізгі несие беруші  – банк  болып табылады. Ол  кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер  мен халықтын уақытша бос қаражаттарын  шоғырландырып, оларды қарызға  алушыға уақытша пайдалану үшін  несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай – ақ  соңғысы да меншік иесіне тартылған ресурстарды қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда – қарыз алушы болып көрінеді.[1]

     Қарызға алушы – несиелік  қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттын меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қор таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

     Несиелік мәміледе қарызға алушы  несие берушіге тәуелді, оған  несие беруші өз талаптарын  қояды. Алайда, қарызға алушы мен  несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші – қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және дипозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама – қайшылықтың бірлігі

сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама – қарсы  жақтарында тұрады. Олардың мүдделері  де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

     Несие берушілер мен қарызға  алушылардан басқа несие қатынасы  құрылымының элементі алыс –  берістің объектісі – құнның  негізгі бөлігі сияқты өзіндік өтелмеген құн – несиеленген құн болып табылады.

     Несиенің қайтарылуы – уақытша  пайдаланған несиеленген құнды  несие берушіге қайтару процесі.  Ол өзінен - өзі туындамайды. Ол  құнның ауыспалы айналымында  аяқталатын материалдық процестерге  негіделеді.

Алайда, бұл тек қайтарымның негізін  жасайды. Уақытша пайдалануға алған  ақшалай қаражатты қайтаруға  босаған қаражаттар қарыз алушыға  мүмкіндік берген кезде ғана несиені  қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарылудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

     Несиелеу объектісі бойынша Қазақстанда  тұтыну несиесі мыналарға: кезек  күттірмейтін қажеттілік ( шұғыл  мұқтаж ) несиесіне, құрылыс салу  және тұрғын үй сатып алу несиесінде, ұзақ пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несиеге және шаруашылықты ұйымдастырып, жүргізуге арналған несиеге бөлінеді.

     Несиенің әлеуметтік – экономикалық  негізі оның қоғамдық сипатқа  тән екендігінде.

     Несиеге толық анықтама берейік.  Несие – кеңейтілген қайта  өндіру мақсатында жеделдік, төлемдік, қайтару талаптарына сай оларды  ақшаны бөлу және халықтың, экномиканың  бос ақшалай  қаражаттардың  жұмылдырылуын қамтитын несие  капиталының қозғалысы себепті экномикалық қарым – қатынасты көрсетеді.

     Несие мәні қатынастардың несиенің  – қайтару, төлемдік, мерзімдік,  қолма – қол ақша, мақсатты  сипат сияқты маңызды принциптерімен  анықталады.

     Белгіленген мерзімді бұзу –  несие беруші үшін қарыз алушыға  өндіріп алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экномикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экномикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

     Несиенің объективті қажеттілігі  табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірістік шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалай түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлар  және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни  A - T - Ө - T - A капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндірісі

қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т.б.) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндірістік процестерді – дайын өнім (тауар) жасалады, өндірістік тауарларға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорын және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы – оның тек ауыспалы айналымы емес, сондай ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қаталанатын ауыспалы түсіндіріледі.

     Капитал түрінің ауысуы бір  шаруашылық субъектілерінде ақша  қаржысының уақытша босатылып  және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектілерде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капитал болады.

     Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы  және оларға деген өажеттілік  тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай – ақ халықта да болуы мүмкін.

     Қаражатқа деген қажеттілік пен  оның босатылуы арасында туындаған  қарама – қайшылық шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

     Жеткіліксіз шамада несиенің  объективті қажеттілігі несие  қатынастарын жүзеге асыратын  капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен түсіндіріледі.

     Несиелік қатынастар пайда болатын  және дамитын нақты экономикалық  негізде қаражат айналымы мен  ауыспалы айналым, яғни несиелік  қатынастың материалдық негізі  болып құн қозғалысы саналатын  болады. 

      
    1. Несие түрлері 

     

      Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық ұйымдастырушылық белгілері бойынша  ең детальданған сипаттамасы, яғни, несиенің іс - тәсірибедегі нақты қосымшасы.

     а) Қазақстанда несие түрлері  былайша жіктеледі: несиелену объектінің экономикалық белгілірі бойынша:

      - айналым қаражатын қалыптастыруға  берілетін несие;

      - негізгі құрал жабдықты қалыптастыруға  берілетін несие;

      - ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай – ақ, нормативтен тыс қорлардың аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;

      - өндірістің маусымдық шығыны  аясында берілетін несие;

      - жол үстіндегі (жолдағы) есеп  айырысу құжаттары аясында берілетін  несие, аккредитивтер;

      - төлем несиелері;

      ә) қамтамасыз етілуі бойынша:

      - жылжымалы және жылжымайтын  мүлікпен, ТМҚ – пен, кепілдікпен,  сақтандыру келісімшартымен толық  қамтамасыз етілген;

      - ішінара қамтамасыз етілген;

      - қамтамасыз етілуі болмайтын  банкілік .

      б) қайтарылу мерзімі бойынша:

      - қысқа мерзімді;

      - орта мерзімді;

      - ұзақ мерзімді;

      в) өтелу тәртібі бойынша:

       - бөліп бөліп төлеу (мерзімінің  ұзарту);

       - бір жолғы өтеу

       - кезең сайын бір қалыпты(бір  қалыпты емес) өтеу.

       г) тәуелді деңгейі бойынша:

      - субстандартты;

      - стандартты;

      - күмәнді;

      - сенімді;

      - cенімсіз;

       - ұзартпалы.

       ғ) ақылығы бойынша:

       - қалыпты пайыздық мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі қалыпты);

       - жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі (пайыз мөлшерлемесі жоғары);

       - төмен пайыздың мөлшерлемесі (пайыз  мөлшерлемесі төмен);

       - пайызсыз.

     д) салалық бағыты бойынша:

      - сауда - саттық несиесі;

      - өнеркәсіп несиесі;

      - ауыл шаруашылық несиесі;

      - құрылыс несиесі;

      ж) ашылатын шот түрлері бойынша:

      - жай ссудалық шот бойынша несие;

      - арнайы ссуда шоты бойынша несие;

      - контокорренттік шот бойынша несие;

      - овердрафт бойынша несие;

      - несие желісі бойынша несие.

     Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе құқықпен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі сауда мөлшері бойынша тіркелетін ломбардтық несие жатады.

Информация о работе Ақша, несие, банктер