Ақша, несие, банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 10:31, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
— Несиелеу қызметі және оның мәнін қарастыру;
— Қазақстан Республикасындағы несиелеу қызметтердің қазіргі жағдайын талдау;
— Қазақстан шаруашылығындағы несиелеу процесін қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – мемлекетіміздің экономикалық жағдайын талдау, атап айтса, несие ұғымының мәнін ашу, оны зерттеу және оған байланысты мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші-тарауда несие жүйесінің теориялық аспектілері қарастырылады;
екінші-тарауда Банк жүйесіндегі неселер түрлері талданады;
үшінші-тарауда Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму ерекшеліктері қарастырылады.

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ САЛТА 2 КУРС.doc

— 282.00 Кб (Скачать документ)

     Ломбардтық несиені негізгі әр  алуан түрлеріне құнды қағаз  кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен (жинақ ақша салымы, сақтандыру келісімшарты, ипотека және т.б.) берілетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана алады.

     Жаңартпалы несие ( ағылшынша  revolve – айналыста болу, кезең сайын ауысып отыру) – сауда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті шегінде және өтеу мерзімі шегінде несие келісіміне қатысушы елдер арасында қосымша келісімсөзсіз автоматты түрде беріледі.

     Несие желісі қарыз алушының  алдындағы несие ұйымының оған  несие келісімшартының белгіленген  әрекет ету кезеңі ішінде белгілі  бір мақсатқа және келісілген  мөлшерде несиені беру жөніндегі  заң тұрғысынан ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтмақтастығын білдіреді.

     Овердрафт (ағымдағы банк шотының  келісімшарты аясинда несиелеу) несие ұйымының шот иесіне, оның  ағымдағы банк шотына қойылатын  талап ақшалай қаражат болмаса,  шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт шегіне беріледі.

     Коммерциялық несие. Несиенің  басқа формаларына қарағанда  коммерциялық несие олардан бұрын  пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол тауарлақ формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең алдымен  оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге субъект коммерциялық несиені өзінің

ақшалай капиталының шегінде ғана бере алады.Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

     Осы несие формасының құралына  вексель жатады. Вексель қолма  – қол  ақшасыз есеп айырысудың  көлемін арттыруға және айналыс  шығынан кемітуге жағдай тудырады.[2]

     Вексель – бұл  сатып алушы  –қарызгердің жабдықтаушының алдындағы  заңмен қатаң белгіленген борыштық  міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін алынатын пайыз,  өтеудің мерзімі мен шарты  көрсетіледі. Вексель несиелерге  тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде пайдаланылады.

     Вексельдің қолдан оған өтуі  барысында табыстау жазбасы–индоссамент   жасалады. Вексельде индоссамент  неғұрлым көп болса, оның айналыс  ортасы соғұрлым кең әрі оның  төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.

     Коммерциялық несиенің басты  мақсаты – тауарлардың  сатылу  процесін жеделдету және пайданың  жылдам алынуын қамтамасыз ету.

     Оған тән белгіге оны пайдаланғаны  үшін сатылған тауарлардың немесе  қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төмен болатын пайыздың қосылуы жатады.

     Банк несиесі. Нарықтық экономикада  несиенің негізгі формасы банк  несиесі. Бұл жағдайда несие  қатынасының объектісіне сауданы  ақшалай қаражатпен беру процесі  жатады. Мұндай несие уақытша  қаржылай көмекке мұқтаж мамандандырылған қаржы несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекеттерге беріледі.

      Банк несиесінің бірінші ерекшелігі  – банк өз қарыз алушыларына  несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20% - ті құрайды, ал, қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

     Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған уақытша бос қаражатын банк саудаға береді.

     Банк несиенің үшінші ерекшелігі  – банк  ақшалай қаражатты  саудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін пайда аладыәрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар, өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені коммерциялық несие – несие мәмілесінің бағытымен, мерзімімен, және сомасымен шектеліп қалған.

     Тұтыну несиесі. Несие қатынасы  банктер мен кәсіпорындардың,  ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай – ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатысты тұтыну несиенің мазмұны құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарапта болуы мүмкін, мысалы, тауарларды

несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда  ұйымдарын айтуға болады.[1]

     Тұтыну несиесі халыққа оның  ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін  қанағаттандыру үшін беріледі. Оның  ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

     Халықты несиелеу халықтың өмір  деңгейін арттыруға бағытталған  мемлекеттік несие саясатының  маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар (халық) өзінің жыл сайынғы табысының 10 – 12 % - ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қолды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 – 18 % - ды құрайды.

     Несие халыққа тауарлы формада  және ақшалай формада берілу  мүмкін. Тауарлық форма халыққа  тауарларды оның төлем мерзімін  ұзартумен сатуда қолданылады,  яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі.

     Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі  бар: бір жағынан, тауар айналымы  артатын болса, несие мөлшері  де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым несиеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады. 

Кесте 1 

Банктердің халыққа тұтыну мақсатына берген кредиттері 

  2004 ж 2005 ж 2006 ж 2007 ж 01.09 ж
Барлық  кредиттер 63306 144422 320501 777027 784186
Оның  ішінде
Қысқа мерзімді 16914 35024 60578 86849 83749
Ұзақ  мерзімді 46391 109398 259923 690178 700437
Жеке  тұлғаларға берілген кредиттер 61311 139965 309519 74790 753554
Оның  ішінде
Қысқа мерзімді 16360 34459 59808 85309 82207
Ұзақ  мерзімді 44951 105507 249710 662481 671346
Жеке  тұлғаларға-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттер 1994 4456 10983 29237 30632
Оның  ішінде
Қысқа мерзімді 554 565 769 1539 1542
Ұзақ  мерзімді 1440 3891 1013 27698 29091
 

      Ипотекалық несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие. Ипотеқалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:

      - ипотекалық несие бұл қатаң  анықталған кепілзатпен берілетін  ссуда. Несие қайтарылмаған жағдайда  кепілге салынған жылжымайтын  мүлік сатылады және одан түскен  қаражатпен несиеегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де ипотека несиесі несиегер үшін ең сенімді несие ретінде саналады:

    - ипотекалық ссуданың көбісі  қатаң мақсатты тағайындауға  ие, өйткені, ол тұрғын үй мен  өндірістік үй жағдайлары қаржыландыру, сатып алу, тұрғын үшін және  жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;

    - ипотекалық несие, әдетте,10 –  30 жылға дейін ұзақ мерзімге  беріледі. Несие алдын ала жасалған  кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін  болады.

     Ипотекалық несиелеудің жүйесі  икемді болуы үшін ұдайы жетілдіріп  отырады. Мәселен, дамыған елдерде мыналар болады:

  • өлемдері кезең сайын өсетін ссуда: алғашқы бес немесе ол жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады;
  • төлам сомасы өзгеріп отыратын ссуда: жеңілдікті кезеңнің болуын ұйғарыды, мұнда борышқор тек пайыздарды ғана төлейді. Жүктемені бөлудің мұндай тәсілі борышқорға үлкен пайда береді;
  • пайыз мөлшерлемесі өзгермелі ипотека пайыз мөлшерлемесінің деңгейі келісімшартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты көрсеткішке немесе ирдекске байланатын болады. Мөлшерлемелер жарты жылды бір рет қарастырылады.
 

Кесте 2 

Банктердің  халыққа ипотекалық кредит беруі (млн. тенге, кезеңнің сонына) 

  2005 ж 2006 ж 2007 ж 2008 ж 2009 ж
Барлық  кредит 7632 29509 99366 220504 396119
Оның  ішінде
Ұлттық  валютада 1517 6728 11439 45181 120820
Қысқа мерзімді 39 347 305 105 819
Ұзақ  мерзімді 1479 6381 11135 45076 120000
Шетел валютасында 6144 22782 87927 175323 275300
Қысқа мерзімді 142 91 290 198 335
Ұзақ  мерзімді 5972 22691 87637 17525 274964
 

      2005-2009 жылдар аралығында банктердің халыққа ипотекалыө кредит беруі күрт өседі. Ипотекалық кредиттер ұлттық жіне шетел валютасында берілген. 2005 жылы банктердің халыққа барлық ипотекалық кредиттердің берілуі 2009 жылмен салыстырғанда 52 есе өскен.

                           

 

  1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
 
      
    1. Қазақстан Республикасындағы банктік несие және оның экономикадағы рөлі.
 

      Банктік несие – ол банкте  шоғырланған қаражат қорынан  клиенттерге қайтарым мерзімін  белгілеп, ақшалай түрінде берілетін  несие.

      Банктік несиенің келесі ерекшеліктері бар:

      1. Несие беру үшін банктер қзінің  қаржысын емес банкке депозит  тартылған, заңды және жеке  тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын  пайдаланады.

      2. Қарызгер қарызға алған ақшадан  тапқан табысы, сол несиенің өзін және оның пайызын өтеуге жеткілікті пайдалануы керек.

     Несиенiң рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп соқтыратын нәтижесiмен анықтауға болады. Несиеөзiнiңқызметi арқылыұдайыөндiрiспроцесiнеәсеретедi. Жоғарыдааталыпөткендей, несиенiңөзқызметсаласыбар, олқозғалыстыңбарлыққұндылықтарыменемес, шаруашылықайналымдапайдаланылмайтұраған, қайтаайналыпқұйылудыңбастапқыкезiндеқайтабөлiнумүмкiнбөлгiменғанабайланысты. Несиенiңкөмегiменшешiлетiнмiндеттерқогамдық  дамудыңәртүрлi кезеңдерiндеөзгерiпотыруымүмкiн.

      Жаңа өндiрiс ашумен оларды  кеңейту iсiнде де несиенiң атқаратын  рөлі зор. Несиенiң көмегiмен  айтарлықтай қаржы ресурстарын  шоғырландыру мен орталықтандыру  жаңа өндiрiстердiң  iрi жобаларын iске асыруга, жаңа техникалық  ендiруге,  жоғары қосымша құны бар өнімдердi өндiрудi қайта жарақтауга байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

      Қазақстанда экокомиканың шикiзаттық  бағытынан арылып, жоғары дамыған  өңдеу секторын құру мақсатын  көздейтiн КР-ның 2003—2015 жылдарға арналган индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзiнiң несиелiк қаржыларын осы багдарламаны жүзеге асыруга багыттайтын несие жүйесiне үлкен умiттер артылуда. Несиенi капиталдық салымдар есебiнде пайдаланудың бюджеттiк қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның  тиiмдiлiгiн осы шаралардың пайда есебiнен қарызды өтеудiң мүмкiндiктерiн анықтаумен әрi несие шараларының өтелу мерзiмi шегiнде қарызды өтеудiң мерзiмiн белгiлеуменi жүйелi бақылауга мүмкiндiк бередi.

Информация о работе Ақша, несие, банктер