Ақша, несие, банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 10:31, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың міндеттері:
— Несиелеу қызметі және оның мәнін қарастыру;
— Қазақстан Республикасындағы несиелеу қызметтердің қазіргі жағдайын талдау;
— Қазақстан шаруашылығындағы несиелеу процесін қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – мемлекетіміздің экономикалық жағдайын талдау, атап айтса, несие ұғымының мәнін ашу, оны зерттеу және оған байланысты мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші-тарауда несие жүйесінің теориялық аспектілері қарастырылады;
екінші-тарауда Банк жүйесіндегі неселер түрлері талданады;
үшінші-тарауда Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму ерекшеліктері қарастырылады.

Работа состоит из  1 файл

КУРСОВАЯ САЛТА 2 КУРС.doc

— 282.00 Кб (Скачать документ)
 

      Коммерциялық  банктер несиелік саясатты жургізуде  және өз клиенттеріне әр алуан қызметтерді  көрсетуде толық дербестік алған.

      Нарықтық  экономикада банктік емес институттарды  құрмайынша кез келген елдің несие  жүйесі аяқталмаған болып саналады. Халықтың салымдарын толық тарту және өзгермелі нарықтық экономиканың сұраныстарын толық қанағаттандыру мүддесін осы институттарды құруды талап етеді, олар органикалық тұрғыда несие жүйесін толықтырады, оны байыта түседі, экономикадағы өзгерістерге өте икемді әрі сезімтал етеді.

      Экономиканы басқара отырып мемлекет ортақ ақша-несие  саясатын жүргізеді, оның маңызды құралы болып Ұлттық банк болып табылады. Бұл принцип айналымдағы ақша массасын реттеу арқылы ұлттық валютаның  ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша-несие саясаты, жалпы экономикалық саясат және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы саласында республиканың мүдделерін қорғау үшін қажет болады.

      Несие жүйесін құрудың басты принципі-несие  мекемелерінің желісін барынша  дамыту және оларға барлық ақша операцияларының шоғырландыру, яғни шаруа-шылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп айырысуларды қолма-қолсыз жолмен жүргізу.

      Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 385 бөлімшесі  мен филиалдары бар 35 банк орналасқан.

      Барлық  ақша айналымының несие жүйесінде шоғырлануы несиелік ресурстарды бір арнаға жинауға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік валюталық монополия принципіне үлкен мән беріледі. Қазақстан  Республикасының «Валюталық реттеу жөніндегі» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасы Президенті және министрлер кабинеті өз құзыреті шеңберінде осы заңның ережелеріне қарама-қайшы келмейтін валюталық реттеу саласындағы нормативтік актілерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің негізгі органы болып табылады».

      «Валюталық  реттеу» түсінігіне нормативтік  актілерді жасау, ақпаратты жинау, валюталық заңнаманың сақталуын  және оны бұзған тұлғаларға қатысты  санкция-лардың қолдануын қадағалау  кіреді. Ұлттық банк валюталық реттеу қызметтерін жүзеге асырады.

      Бұл принцип-елдің тәуелсіздігін сақтау шартының бірі, валюталық резервтер-дің  жинақталу құралы және ақша айналымын  басқа елдердің валюталарының ық-палынан  сенімді қорғаушы.

      Орталық банктің автаномиясы егеменді елдердің заңнамасымен, Қазақстанда «ҚР-ның Ұлттық банкі жөніндегі» заңымен бекітілген.

      Банктер оперативті банктік қызметпен байланысқан  шешімдерді қабылдау кезінде биліктің үкіметтік және атқарушы органдарына  тәуелсіз болады.

      Ұлттық  банк Қазақстан Республикасы Парламентіне және президентіне ғана есеп береді.

      Істің мән-жайы мынада, яғни бүкіл Республиканың ұзақ мерзімдік мүдделерін қорғаушысы ретіндегі Ұлттық банктің мүдделері үкіметтің қысқа мерзімді мүдделе-рімен сәйкес келмеуі мумкін: укімет мемлекеттік бюджеттің тапшылығы кезінде Ұлттық банктің несиелік ресурстарын тапшылықты жою үшін қолдануға тырысады (ол кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілген), ол ақша айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өрістеуіне ықпал етеді.

      Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толығымен жауап береді. Өз ретінде, ақша-несие саясаты бүкіл экономиканың мемлекеттік реттелуі-нің негізін құрайды. Сондықтан да, ақша-несие саясатын автаномды жургізуге қол жеткізбей, республикадагы тиімді нарықтық экономика жөнінде сөз болуы мүмкін емес.

      Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекеттің иелігінде, бірақ та акционер ретінде коммерциялық банктер есептеледі. Оларда да орталық банктер атқарушы органдарға тәуелсіз парламентке ғана есеп береді.

      Орталық банктердің автаномиясы Германияда, АҚШ-та заңды түрде бекітіл-ген. Германияның банк жүйесі жөніндегі заңында былай делінген, яғни Орталық банк өз саясатын үкіметпен үйлестіруі тиіс, бірақ та егер үкімет талапта-ры тұрақ-ты ақша айналымын қолдау мақсаттарына қарама-қайшы келетін болса, онда банк ол талаптарды орындауға міндетті емес. Ол канцлерге де, феде-рация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк жөніндегі Заңға бағынады.

      Біздің еліміздегі және шет елдегі несие жуйесінің автаномдығының тәуелсізді-гінің негізгі белгісі-бұл бюджетке қатысты сұрақты шешу. Мемлекеттік қаржылар және банк жүйесін заңды түрде шектеудің, яғни Ұлттық банк қаржысын үкіметтің пайдалану мүмкіндігін шектеудің маңыздылығы зор.

      Президенттің заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк жөніндегі» Жарлығында былай жазылған: «Жүргізілетін мемлекеттік ақша-несие саясатының тиімділігін және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің әрекет етуін қамтамассыз ету мақсатында осы Заңға сәйкес Ұлттық банк:

      а) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне қарыз алушының кеңілдеме-лік міндеттемелеріне сәйкес келісім жағдайында қысқа мерзімді несиелер береді;

      ә) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Қазақстанның халықаралық ұйымдарға мүшелігіне байланысты жазылу және басқа толемдеріне қатысты өзара келісілген жағдайлар негізінде қосымша несиелер береді».

      Ұлттық банктің басқа клиенттері сияқты Үкімет те сәйкес келісім негізінде әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік шарттарында ссуда алады.

      Әрбір несие бойынша Үкімет нарықтық пайыздық қойылымдары бар құнды қағаздарды шығарады. Оларды сатып алу мерзімі 6 айдан аспауы тиіс, бірақ та Қазақстан Республикасы тарапынан жыл соңына дейін созылуы мумкін.

      АҚШ-та, Жапонияда, Англияда, Канадада және тағы басқа елдерде үкіметті тікелей несиелеу іс жүзінде кездеспейді, ал Германияда, Голландияда, Францияда заңмен шектелген, Австриядағы заң үкіметтік несиенің алтын мен және конвер-сияланатын валютамен 100 пайыз көлемінде камтамасыз етілуін талап етеді. 
 
 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорытындылап айтып келетін болсам. Несие ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Кредит деген сөз, қарыз несие деген сенемін деген мағына беретін болып: латынша деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен байлап қарайтын формада: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.

     Несиенің мақсатты сипаты несие  берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдірді. Несие келісім шартындағы сәйкес бөлімде берілетін, несиенің нақты  мақсаты, сондай ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

     Несиенің тауарлық формасы шарты  жағынан алып қарағанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс тәжірибеде төмендегінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда машина мен құрал жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингіде қолданылады.

     Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған  мемлекеттік құрылыс жинақ ақша бөлінісі құрылады. Жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері млрд теңгені құрады, жылмен салыстырғанда құрады.

     Инфляция жағдайында, керісінше, қолма қол ақшамен төлеудін үлесі артады несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарлайды. Жылғы несие жүйесіндегі реформалардан кейін жинақ кассалары қызметінің негіздері қайта құрылды. Акционерлік коммерциялық банк Жинақ банкі құрылды. Нәтижесінде жинақ банктері басқа коммерциялық банктерден аса өзгешеленбейтін бөлікке мекемелерге айналды.

     Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс  процесі фазаларының бірлігі  мен өзара эсерін қамтамасыз  ететін тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі.

     Әр түрлі халық шаруашылығы  жүйелерінде кездесетін қарыз  мәмілелерінің типтерінің ресми  ұқсастығы олардың бір атауына  – «несие» («сенім») бекітіледі, бірақ әр түрлі қоғамдық – экономикалық формациялардағы несиелік қатынастар бір атауды сақтай отырып, әр тұрлі мазмұнға ие.

     Экономикалық категория ретінде  несиені қарыз мәмілесі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік қатынас ретінде анықтау керек. Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі өз өз бетінше сипаттамайды, ал жүзеге асу формасы қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды.

     Несиенің құрылымы оның субъектілері  мен объектілері болады. Несиенің  объектісі қарызға берілген құн болып табылады.

     Қарыз мәмілесінде қатынас субъектілері  кредитор және қарыз алушы  ретінде көрінеді. Банктердің құрылуымен  кредиторлардың жинақталуы қатар  жүреді. Банктер барлық басқа  кредиторлардың өкілдеріне айналады. Өарыз алушылар ретінде барлық заңды және жеке тұлғалар бола алады.

     Қарыз мәмілесінде несиелік қатынас  субъектілері (кредиторлар мен қарыз  алушылар) қалай өхгергенімен де  несиенің формасы оның экономикалық  категория ретіндегі мазмұнын  білдіреді.

     Несиелік қатынастар қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен уақытша бос капиталды (ақшалай) жинақтау мен қайта бөлу несиелік мекемелер мен әр түрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар білдіреді.

     Несие жүйесі кең мағынада  – бұл несиелік қатынастар, несие формалары мен несиелік мекемелер жиынтығы, ал тар мағынада – елдегі несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, ақша айналысын реттеуші және басқа қаржылық қызметтер көрсетуші несиелік мекемелер торабы.

     Несиелік жүйенің маңызды элеметтері: Орталық банк, коммерциялық банктер және маманданған несиелік мекемелер болып табылады.

     Банктік қызмет – бұл Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінің  лицензиясы бойынша банктік операцияларды  жүзеге асыру.

     Банк – Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің лицензиясы бойынша банктікқызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Тарихи даму барысында сегменттелген және әмбебап құрылым банктердің қызмет ету сфкралары мен функцияларын қатаң заң жүзінде бөлінуін қарастырады. Әмбебап құрылым банктік қызметтің барлық түрлерін атқарады.

     Несие жүйесін құрудың негізгі  принциптері: елдегі банк ісін  ұйымдастыруға мемлкеттік монополия,  елдегі ақша-несие саясатының  бірлігі, несиелік мекемелер торабынан  барынша дамыту, оларды қызмет  көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің автономиясы болып табылады.

     Қазіргі әлемдік несие жүйесі  біршама өзгерістерге ұшырады,  олар әр типті банктер арасында  банктер мен банктік емес мекемелер  арасындағы өзгерістердің жойылуы, несиелік институттардың әмбебаптануы, банктік қызметті бейреттеу, банк ісіне жаңа ақпараттық техниканы еңгізу, алып банктердің тез өсуі. 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. Ақша, несие, банктер.Ғ.С.Сейтқасымов.Алматы: Экономика, 2001 ж
  2. Ақша, несие, банктер  Смағұлова Р.С. Алматы, 2007
  3. Көшенова.Б.“Ақша, несие, банктер”.Алматы, 2001ж.
  4. Мақыш.С.Б.“Коммерциялық банктер операциялары”.Алматы: 2004ж.
  5. Мақыш.С.Б.“Ақша айналысы және несие” Алматы: 2004ж.
  6. Ысқақова. З.Д. “Банк ісі”Қарағанды, ж.
  7. Ысқақова. З.Д. “Бағалы қағаздар нарығы” Қарағанды, ж.
  8. Актенов.Н.Г., Пессель.М.А“Денежное обращение” кредит и банк, 1995.
  9. Я. А. Дободиной“ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999
  10. В. Колесинкова “ Банковское дело ”, “ финансы и статистика ”, 1996
  11. И. И. Повлов“ Денги, кредит, банк”, Алматы, Казакхстан, 1994 ж
  12. Г. С. Сейітқасымов“ Денги, кредит, банк ” Алматы, Экономика, 1996
  13. Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ” Алматы, 2005ж
  14.   В. Д. Мелинков“ Основа финансов ”, Алматы, 2005 ж
  15. С. С. Сахариев “ финансы ” Алматы юредическая литература, 2004ж
  16. Романовский “ финансы ” учебник для ВУЗ 2000 ж
  17. www.afn.kz
  18. www.stat.kz
  19. www.nationalbank.kz

Информация о работе Ақша, несие, банктер