Денежная политика в РК

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:55, курсовая работа

Описание

Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері 5
1.1 Ақша-несие саясатының қазіргі кездегі даму жағдайы
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты 7
1.3 Міндетті резервтер: несиелік операциялар және ақша нарығындағы операциялар 9
1.4 Ақша-несие саясатын жүргізу әдістерін және құралдарын жетілдіру 12
2 Төлем айналымы және ақша-несие саясаты 14
2.1 Төлем айналымы түсінігі
2.2 Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері 15
2.3 Ұлттық банктің алтынвалюта активтері, оның төлем балансындағы маңызы
18
3 Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары 23
3.1 Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

ҚР-ның ақша-несие саясаты (Курс.ж.doc

— 222.00 Кб (Скачать документ)

      2010 жыл ішінде Ұлттық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сату бойынша операциялар жүргізген жоқ. Сатып алу көлемі жылдық 5,02% өтеуге орташа алынған кірістілікпен 12 892,9 млрд. теңге болды.

      2010 жылғы 12 шілдеден бастап Ұлттық банк «Ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы» жаңа ережені енгізді. Мәселен, ЕРТ нормативтеріне жатқызылатын банк міндеттемелерінің құрылымына оларды өтеу мерзімдеріне қарамастан, банктің ішкі міндеттемелерінің сомасы және банктің өзге де міндеттемелерінің сомасы кіреді. Банктің ішкі міндеттемелері тізбесі қатаң айқындалған резиденттер алдындағы міндеттемелердің жиынтығы ретінде айқындалады. Банктің өзге міндеттемелері банктердің резидент еместер алдындағы және резиденттік белгісіне қарамастан, борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің жиынтығы ретінде айқындалып, айтарлықтай кеңейтілді. Бұл ретте ЕРТ нормативтері ішкі міндеттемелер үшін 6% және өзге де міндеттемелер үшін 8% деңгейінде жеке-жеке белгіленді. Көрсетілген өзгерістер ЕРТ ұлғаюына әкелді, мұның өзі резервтік активтердің өсуіне себепші болды.

      Ақша-несие саясатының құралдарын қолдану 2010 жылы 345 млрд. теңгеден 1 330 млрд. теңгеге дейін қаржы нарығының «байланыстырылған» өтімділігі көлемін 3,9 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді. Айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың көлемі, банктердің депозиттік және корреспонденттік шоттарындағы ұлттық және шетел валюталарындағы ақшаны құрады.

      2010 жылы Ұлттық банк вексельдерді қайта есепке алуды жүргізетін ресми қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің экономикалық рөлін көтеруте ықпал ететін вексельдік айналыс жүйесі дамуын жалғастырды.

      Вексельдерді қайта есепке алу туралы бас келісімдер екінші деңгейдегі банкпен жасалды. 2008 жылы бірінші класты эмитенттер тізімінде 11 кәсіпорын есепте болды. 2009 жылы қайта есепке алуға 2,5 млрд. теңгеге 17 вексель қабылданды. 2010 жылдың 1 каңтарында Ұлттық банк портфелінде вексельдер сомасы 11,9 млрд. теңгені құраған болатын. 
 

      1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты 

      Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

      - рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

      - экспанциялық ақша-несие саясаты.

      Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, соңдай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағтталатын шаралар жиынтығы.

      Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынтығының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтыльгғын қамтамасыз ету.

    Ақша  саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:

      - экономиканың өсуі;

      - толық жұмысбастылық;

      - бағаны тұрақтандыру;

      - төлем балансын тұрақтандыру.

     Аралық  мақсат:

      - ақша жиыны;

      - пайыз мөлшерлемесі;

      -  айырбас курсы.

      Құралдары:

      - несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

      - міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

      - есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;

      -  ашық нарықтағы операциялар.

      Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

      Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

      Аралық  мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

      - қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

      - ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішіңде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

      - мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

      - банктерге және үкіметке несие беру;

      -  валюталық нарықтағы басқыншылық;

      - кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

      - ресми есепке алу немесе дисконттық мөлшерлемесі.

      ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтық мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

      ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы тенге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

      Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

      Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.

      Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді. 
 

      1.3 Міндетті резервтер: несиелік операциялар және ақша нарығындағы операциялар 

      Коммерциялық  банктер Орталық банкке пайыз  мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

      Әр  мемлекетте ақшаны сақтау формалары  әр түрлі болады.

      Міндетті  резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.

      Банктер артық резервтерді сақтайды - бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.

      Ақша  нарығындағы тепе-тендікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.

      Резервтік талаптар,  ашық нарықтағы  операциялардың пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.

      Ақша-несие  саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмеңдеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспондентгік шоттағы қаражаттар сома-сын ең төменгі резервтер мөлшерінен төмен болмауьш сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.

      Әлемдік тәжірибеде міңдетті резервтердің өте  жоға-ры деңгейде болуы, банк жүйесінің  қаржы делдалы ретіндегі тиімділігін  нашарлатып, ал ең төменгі резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатыңдығын көрсетеді.

      АҚШ пен Германияда міндетті резервтік  нормалар біршама жоғары деңгейде бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктер  санатына, депозиттердің шамасы мен  түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федерациялық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды үрдістерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несиелеу қабілеті әсер ететін  федералды резервтік банктік жүйенің басқару кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтердің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады.

      Федералды резервтік жүйе экономикалық құлдырау кезеңіңде міңдетті резервтердің іскерлік белсеңділігін арттыру және ынталандыру үшін міндетті резервтің деңгейін жиі қысқартып отырған. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге келесідей екі тәсілді қолданады:

      - міндетті резервтер;

      - резервтеудің баламалы тәртібі.

      Орталық банк неғұрлым міндетті резервтердің нормасын жоғары тағайындаған сайын, коммерциялық банктердің операцияларды жүзеге асыруға пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуі ақша мультипликаторын төмендетіп, ақша жиынының азаюына алып келеді. Сонымен Орталық банк міндетті резерв нормасын өзгерте отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.

      Практикада  міндетті резервтер нормасы қайта қарастыруға сирек түседі, өйткені ондай жұмыстар өте күрделі, ал бұл құралдың күші мультипликатор арқылы жүргізгенде үлкен болады.

      Ақша-несие  саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын Орталық банк коммерциялық банктерге несие береді. Егерде есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің қарыз беру операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң, қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.

      Несиенің  азаюы және ақшаның қымбаттауы барлық жүйеге таралады. Экономикада ақша ұсынысы төмендейді.

Информация о работе Денежная политика в РК