Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 17:55, курсовая работа
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының ерекшеліктері 5
1.1 Ақша-несие саясатының қазіргі кездегі даму жағдайы
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары, мақсаты 7
1.3 Міндетті резервтер: несиелік операциялар және ақша нарығындағы операциялар 9
1.4 Ақша-несие саясатын жүргізу әдістерін және құралдарын жетілдіру 12
2 Төлем айналымы және ақша-несие саясаты 14
2.1 Төлем айналымы түсінігі
2.2 Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері 15
2.3 Ұлттық банктің алтынвалюта активтері, оның төлем балансындағы маңызы
18
3 Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары 23
3.1 Халықаралық ақша-несие саясатының қоғамда алатын орны
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Есеп
мөлшерлемесінің кемуі
Әдетте тіркелген мөлшерлеме нарықтағы банкаралық мөлшерлемеден төмен болады, бірақ Орталық банктен несие алу белгілі әкімшілік қиындықтарға тіреледі.
Қысқа мерзімдік несие коммерциялық банктердің резервін толтыру үшін беріледі. Орта және ұзақ мерзімдік несиелерді Орталық банк ерекше жағдайларда береді.
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банк қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бюджет тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен несие беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауы қарастырылған жоқ. Ұлттық банк несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
Ақша нарығындағы операциялар - Ұлттьіқ банктің айналыстағы ақша жиынының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын білдіреді.
Бұл біршама ақша жиынын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың резервтік шоттарынан тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп, керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатыңда Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.
Осы айтылғанның барлығын Орталық банк коммерциялық банктердің несиелік мүміндіктерін реттеу мақсатында жүргізеді. Егер Орталық банк алдында сатып алған бағалы қағаздарын қайта сату көлемі жаңа партия көлемінен көп болса, банктердің несие ресурстарының мөлшері шектеледі не көрісінше.
Орталық банк ақша нарығы операцияларын мұқтаждық пайда болуына немесе ақша-несие эмиссия көлемінің кеңеюіне байланысты жүйесіз жүргізеді.
Орталық банк жоғарыда аталған құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:
-
ақша жиынына белгілі бір
-
немесе пайыз мөлшерлемесін
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды жағдайына сәйкес келетін деңгейінде орналастырады. Ал икемді монетарлық саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизонталды түрде болады.
Ақша-несие
саясатының вариантын таңдау көп жағдайда
ақшаға сұраныспен байланыста болады.
1.4
Ақша-несие саясатын
жүргізу әдістерін және
құралдарын жетілдіру
Ұлттық банк ақша-несие саясатын келесі негізгі құралдардың көмегімен реттейді:
- сыйақы мөлшерлемесін белгілеу - бұл ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді.
- ең төменгі міндетті резерв сомасынан нормасын белгілеу - бұл акшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктердегі берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктердің өтімділік деңгейін реттеуде қолданылатын талаптар.
Ең төменгі резервтік талаптарды қалыптастыру және орындау тетігінің өзгеруі нәтижесінде 2010 жылғы 3-тоқсанда айтарлықтай қысқарудан кейіп кейін екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігі 2010 жылғы 4-тоқсанда біршама тұрақты деңгейде қалды. Орташа алғанда, осы кезеңде резервтік активтер резервтеудің қажетті көлемінен 17% асты. Ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің құрылымына банктің ішкі міндеттемелерінің жиынтығы кіргізіледі. Банктің ішкі міндеттемелері өтелу мерзімдеріне қарамастан, қатаң белгіленген тізбе бойынша резиденттер алдындағы міндеттемелерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Банктің өзге міндеттемелері банктің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің және резиденттік белгісіне қарамастан, борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің жиынтығы ретінде есептеледі.
Резервтік міндеттемелерді ішкі, сол сияқты өзге міндеттемелер үшін есепке алғанда, банктің негізгі борыш, олар бойынша сыйақы және мерзімі өткен берешек бойынша міндеттемелерінің сомасы есепке алынады.
Ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңі он төрт күнтізбелік күнді құрайды және аптаның бірінші сейсенбісінде басталып, ең төменгі резервтік талаптарды анықтаудың он төрт күндік кезеңінің соңғы дүйсенбісінде аяқталады.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативін орындау банктердің резервтік активтер қалыптастыруы арқылы жүзеге асырылады, оларға кассадағы қолма-қол теңге және Ұлтгық Банктегі үлттық және еркін айырбасталатын валюталардағы корреспонденттік шоттардағы ақша жатады.
Банк резервтік активтермен ақшаны резервтік активтерді қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа алынған шамасы ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңіндегі ең төменгі резервтік талаптардың орташа мөлшерінен кем болмайтындай етіп орналастырады.
Резервтік активтерді қалыптастыру кезеңі он төрт күнтізбелік күнді құрайды және ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңі басталатын аптаның бірінші бейсенбісінен басталып, ең төменгі резервтік талаптарды анықтау кезеңі аяқталатын аптаның сәрсенбісінде аяқталады.
Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері банктің ішкі міндеттемелері үшін 6% мөлшерінде және банктің өзге міндеттемелері үшін 8 % мөлшерінде белгіленді.
Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу - бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялар.
2010 жылғы 4-тоқсанда Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру тарихи тұрғыдан тоқсандық ең жоғары денгейіне жетіп, 1289,9 млрд. теңге болды, бұл өткен тоқсандағы көлемінен 28,7% көп. Ноталар 28 кұндік айна-лыс мерзімімен шығарылды. Орналастырылатын ноталар бойыпша орташа кірістілік 2010 жылғы 3-тоқсандағы 3,80%-дан 2010 жылғы 4-тоқсандағы 4,45%-ға дейін жоғарылады.
2010 жылғы 4-тоқсанда желтоқсанда қысқа мерзімді ноталарды орналастырудың негізгі көлемі - 656,0 млрд. теңге болды. Бұл көп жағдайда желтоқсанда өскен Ұлттық банктің шетел валютасын сатып алу көлемін ретгеуге байланысты болып келеді.
2010 жылдың аяғында айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың көлемі 533,1 млрд. теңге болды, бұл 2006 жылғы 3-тоқсандағы көлемінен 2,2 есе көп. Айналыстағы қысқа мерзімді ноталардың операциясы 2006 жылдың аяғында 13,35 күнге дейін жоғарылады. 2006 жылдың 4-тоқсанында Ұлттық банк 3,3 млрд. теңге сомаға мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алу бойынша мәмілелер жасады. Алайда бұл операциялар үнемі жүргізілмейді және көлемі шектеулі, сондықтан екінші деңгейдегі банктердің өтімділігіне әсерін тигізбейді.
Валюталық
нарықта интервенциялау
- бұл ұлттық валюталық бағамға әсер ету
мақсатында Орталық банктің шетел валютасын
сату және сатып алу жолымен валюталық
операцияларға араласуын айтады.
2
Төлем айналымы және
ақша-несие саясаты
2.1
Төлем айналымы түсінігі
Қазақстанда ТМД елдері
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері – банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады. Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
- ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар: мемлекеттік және жеке тұлғалардың;
- капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар - тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
- тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ, яғни халықаралық валюта қоры қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
- қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.
Халықаралық банк құқығында төлемдегі қатынастар коммерциялық келісімшарттар бойынша ақшаны төлеудің есеп айырысу міндеттемесі ретінде қарастырылады, оған мына төрт элемент қатысады: уақыт, тәсіл, орын және төлем валютасы. Бұл орайда халықаралық есеп айырысу міндеттемелері халықаралық жеке құқықтың дәстүрлі құқықтық нормаларын, мемлекет ішілік нормаларын және банктер арасында қалыптасқан тәжірибедегі ережелерін есепке алу арқылы реттеледі. Олар бойынша есеп айырысу міндеттемелеріне жататындар:
- валюталық тәуекелдердің сақтандырылу нысаны;
- халықаралық қаржы есеп айырысу нысандары;
- банктік кепілдік етудің типтері.
Есеп айырысу нысаны дегеніміз төлемнің тәртібі, қолданылатын төлем құралдарының түрлері, сондай–ақ құжат айналымын рәсімдеу болып табылады. Әлемдік банктік тәжірибеде банктік аударым, құжаттамалық инкассо және құжаттамалық аккредитивтік кеңінен таралған. Қазақстанда төлем айналымы бойынша қатынастардың және оларды реттеудің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Қазақстанда ақшалардың
Қазақстанда төлемдер мен
2.2
Ақша төлемі және аударымды
жүзеге асыру тәсілдері