Бәсекенің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 22:00, курсовая работа

Описание

Бәсекелестік- бұл нарық шуаруашылығына катысушулардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.
Бәсекелестік- экономикалық күрес, оқшауланған өндірушіредің өнім, жұмыс, қызмет көрсеті үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен жұмыстадағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындаумен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетуменбайланысты.

Содержание

1. Бәсекелестіктің теориялық негіздері
1.1. Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы
1.2. Бәсекенің түрлері
1.3. Бәсекелестікке қабілеттілік
2. ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері
2.1. Кәсіпорынның қысқаша экономикалық міңездемесі
2.2. Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау
3. Антимонополиялық саясат Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Работа состоит из  1 файл

Туризм нарығындағы бәсекелестік.doc

— 217.00 Кб (Скачать документ)

 

Айтылғанды көрнекі түрде көрсету үшін кәсіпорындарды саралайық, яғни оларды аддитивтік әдіс бойынша анықталған бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткішінің мағынасына орай орындарға орналастырайық
(8-кесте).

Осылай көрсетілген ақпараттан кәсіпорындар мен олардың интегралдық көрсеткіш бойынша құрылған рейтингтегі жақын қарсыластарының жалпы деңгейі жөнінде пікір қалыптастыруға да, сонымен бірге бәсекеге қабілеттіліктің әрбір параметрі бойынша құрылған рейтингті талдау негізінде бәсекелестікке қабілеттіліктің «нашар жақтарын», сондай-ақ резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

8-кесте. ҚР кондитерлік саласы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігінің 2009 жылғы рейтингі

 

Параметр

«Баян сұлу» АҚ

«Рахат» АҚ

«Қарағанды кәмпиттері» АҚ

«Ақтөбе тәттілері» АҚ

Шаруашылық қызметтен түскен пайда

3

1

4

3

 

Басқарудың тиімділігі

4

1

3

2

Іскерлік белсенділік

1

2

3

4

Өтімділік және нарық­тағы тұрақтылық

 

4

 

2

 

1

 

3

Өндірістің көлемі мен шоғырлануы

4

1

2

3

Төлемге қабілеттілік

3

2

1

4

Бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші

 

4

 

1

 

2

 

3

 

Бәсекелестік стратегиясының тұрпаттамасын (типологиясын) пайдалана отырып, кондитерлік кәсіпорындар пайдалана алатын бәсекелестік стратегиясының келесі түрлерін жеке атауға болады:

1) төмен шығынның есебінен нарықта көшбасшы болу стратегиясы;

2) өндірісті әртараптандыру стратегиясы;

3) жергілікті нарықты саралау стратегиясы;

4) нарықтың шағын сегменттеріне қызмет көрсету стратегиясы;

5) интеграция мен коо­перациялану стратегиясы. Осы саладағы бәсекелестік ортасы мен тауар нарығының ерекшеліктерін және кәсіпорынның экономикалық мүмкін­діктерін саралай келе атап өтілген стратегияның бірін қолдануға болады.

Сөйтіп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастығы тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа өңірлік кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемесі мен механизмін әзірлеудің елеулі ұйымдастыру-экономикалық маңызы бар ғылыми міндет қалыптастырып шешілді.

Өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмін әзірлеу ұзақ уақыт бойы (3-5 жылға) бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру-экономикалық механизмін пайдаланып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, оның келешектегі жай-күйін болжап, осы өнім ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне қалай ықпал ететінін білуге болады. Ұйымның өсу стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді.

Осы жұмыста кондитерлік өнім нарығындағы бәсекелік ортаны талдау орта және ірі өңірлік өндірушілер; жергілікті шағын кәсіпорындар; ірі ресейлік өндірушілер, сондай-ақ Украинаның кәсіпорындар деп аталатын шартты түрде үш негізгі топқа бөлінетін кәсіпорындардың арасында бәсекелестік қарқынның өршігенін растады. Сондай-ақ талдау шағын өндірушілер ұннан жасалған кондитерлік өнім, әсіресе бисквит-крем өнімі сегментінде өздерінің қатысуын арттырғанын байқатты. Ірі ресейлік және шетелдік өндірушілердің өңірлік нарықтарды басып алуы жалғасқан жағдайда ірі жергілікті өндірушілердің нарықтағы үлесінің одан сайын кемуіне әкеп соқтырып отыр.

Жұмыста кондитерлік нарықтың күннен-күнге өршіп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп орта және ірі кәсіпорындардың дамуының екі жолы бар екені анықталды.

Әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі «Рахат» АҚ-ның практикасында пайдаланылды. Осы фабрикада тікелей интеграция стратегиясын іске асыру өнім өткізуді айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштерін өсуіне мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Нәтижесінде келесідей тұжы­рымдама жасауға болады.

1.              Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңдегі даму процесінде бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу қиындық туғызады.

2.              Елімізде қалыптасқан жағдай дәстүрлі нарық елдерінен ерекшеленуіне байланысты қазақстандық тұтынушылық тауарлар нарығын талдау қажеттілігі туындайды.

3.              Бәсекелестік артықшылықтар – бұл ұйым қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастыру саласында бәсекелестерден экономикалық көрсет­кіштермен (қосымша пайда, жоғары пайдалылық, нарықтағы үлесі, сату көлемі) өлшеуге болатын артықшылықтың барлық жағынан асып түсуін білдіреді.

4.              Бәсекелестік стратегиясы өндірістік-шаруашылық ұйымның бәсекелік жайғасымын сақтауға не болмаса оны өзгертуге бағытталады.

5.              Бәсекеге қабілеттілікті талдау мен бағалау әдістерінде көп жағдайда жекелеген нарықтардың ерекшеліктері ескерілмейді.

6.              Кондитерлік саланың бәсекелік ортасының біз жүргізген мониторингі осы ерекшеліктің нарықтағы өзгерістердің ықпалынан туындаған әр түрлі макроэкономикалық және әлеуметтік-саяси факторлардың, яғни экономикалық дағдарыстың салдарының, нарықтың инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуының, инвестициялық белсенділіктің төмендігінің және т.б. ықпалымен қалыптасқанын көрсетті.

7.              Кондитерлік саланың бәсекелестік мүмкіндіктерін бағалау үшін рейтингтік тәсілдемеге негізделген әдістеме әзірленді.

8.              Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық және шетелдік өндірушілерді, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ғылыми мәселесі қалыптастырылып шешілді.

9.              Жұмыста кондитерлік өнімнің, сондай-ақ кондитерлік кәсіпорын-дардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда бәсекелік ортаның өзгеруіне орай көрсеткіштер ескерілді.

10. Жұмыста орта және ірі өндірушілердің кондитерлік нарықтың және үдеп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп дамуының екі жолы ұсынылды.

11. Әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі «Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ның практикасында пайдаланылды.

Курстық жұмыста кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ұйымдастыру-экономикалық маңызы белгіленді.

12. Курстық жұмыстың негізгі нәтижелері:

Кондитерлік өнеркәсіптің отандық кәсіпорындары жұмыс істейтін кондитерлік сала мен кондитерлік ортаның дамуының негізгі үрдістерін экономикалық талдау нәтижесінде кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарында бәсекелестік өршіген жағдайда Қазақстанның кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары айқындалды.

Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарының құрылымын, кондитерлік өнеркәсіптің өңірлік ірі және орта кәсіпорындарының сыртқы және ішкі ортасының ерекшеліктерін ескеруге және ұлттық және шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-экономикалық механизмі әзірленді.

Жұмыста кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі мен кон­дитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемесін ұлттық және шетелдік өндірушілердің, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік өршіген жағдайда ірі және орта кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім әзірлегенде пайдалануға болатыны атап көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

1.               Проблемные вопросы современной экономики Казахстана // Жас ғалымдар – Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына. Халықаралық конференциясының еңбектері. ҚазҰТУ. – Алматы, 2001.– 30-35 б.-0,3 б.т.

2.               Развития конкуренции в кондитерской промышленности Казахстана // Материалы международной конференции Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан: современная методология промышленного маркетинга, финансировании и управления». – Алматы, 2007. – №1. – 150-154 б. -0,4 б.т.

3.               Формирования государственный инновационной политики в зарубежных странах и в Республике Казахстан // Материалы международной конференции: Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан: современная методология промышленного мар-кетинга, финансировании и управления». – Алматы, 2007. – №2. – 143-145 б.
-0,3 б.т.

4.               Республикадағы кондитерлік сала кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігінің ерекшеліктері // Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция. «Көлік коммуникациялық кешені дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». – Алматы, 2008. 231-233 б. -0,2 б.т.

5.               Кондитерлік тауарларды жылжытуға тауарлық саясатпен стратегияны қалыптастыру // Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция. «Көлік коммуникациялық кешені дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». – Алматы, 2008. – 229-231 б. -0,2 б.т.

6.               Методика оценки конкурентоспособности хозяйствующих субъектов // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 75-летию КазНУ им. аль-Фараби. «Конкурентоспособность экономики Казахстана: ускоренная модернизация национальной экономики и развития корпоративных структур». – Алматы, 2008. – №2. – 176-182 б.
-0,7 б.т.

7.               Кондитерлік саладағы кәсіпорындардың бәсеке қабілеттігін көтеру // Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы, 2008. – №2. 86-88 б.
-0,3 б.т.

8.               О комплексной оценке конкурентоспособности предприятия //
Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы, 2008. – №6. – 247-253 б.
-0,8 б.т.

9. Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекелік қабілеттілігін бағалауға арналған көрсеткіштер жүйесін дамыту //АльПари экономикалық журналы.- Алматы, 2009.–  №4. 183-188 б. – 0,7 б.т.

 

 

 

 

22

 



Информация о работе Бәсекенің теориялық негіздері