Еңбек өнімділігін жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание

Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15
2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21
3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28
Қорытынды.....................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.................

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 112.61 Кб (Скачать документ)

 
Кіріспе...............................................................................................................3 
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5 
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5 
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8 
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15 
2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17 
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17 
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21 
3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25 
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25 
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28 
Қорытынды.....................................................................................................32 
Пайдаланған әдебиеттер................................................................................33

Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру

Кіріспе

 
Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады. 
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады. 
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан, еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін көрсеткіштермен сипатталады. 
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің, біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі. Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен бейнеленеді. 
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден, олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.  
Еңбек өнімділігін жоғарылату өнім көлемінің өсуінің басты факторы болып табылады. Ал, өнім көлемінің өсу темптері бүкіл өндірістің даму темптері мен оның тиімділігінің өсуін анықтайды. 
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады. 
Қалыптасқан экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Ол мәселені шешу үшін ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты саясатты жүргізу керек, мемлекетте жиналған интеллектуалды және еңбек потенциалына қорғанышпен қарау. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ететін негізгі факторларды оқып білу және оның өсу резевтерін анықтаудың үлкен мәні бар.

 

 

Еңбек Өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.[1]

[2] Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. 
Өнімділік — осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің' шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді. 
Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар. 
Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардын өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі. 
Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті. 
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) — бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы:

ЕӨ = Өнім көлемі / Жанды еңбек шығындары

Бұның көп тараған формалары:

  • еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
  • еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы темендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = - Өнім көлемі / Негізгі капитал  шығындар

 

Материал  қайтарымы = - Өнім көлемі / Агымаагы материалдық  шығындар

Көпфакторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде мыналар болады:

  • ағымдағы шығындар (жұмысшы күшіне, шикізат, материалдар сатып алуға т.б.);
  • аралас бағалау (осы және басқалар).

Еңбек өнімділігінң көпфакторлық және жалпы көрсеткіштерін есептеудің бастапқы формуласының түрі:

МФ = Q / f(x)

 

немесе:

МФ = ΔМФ / МФ¤

Бұнда x — МФ көрсеткішін есептегенде есепке алынатын факторлар; 
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:

  • 1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
  • 2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
  • 3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
  • 4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
  • 5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.

Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру

Кешендік механизация және автоматизация. Прогресивтік технология енгізу. Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру. Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.

Басқаруда еңбекпен өндірістің ұйымдастырылуын жетілдіру

Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу. Еңбекті мөлшерлеу

Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері

Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету

Адам  факторы

Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы


Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар — жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. 
Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді. 
Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

  • тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;
  • шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;
  • НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу — әр 3 жылда жүріп отырады. 
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: «Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн». Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. [3]

Жоғары кеңейтілімдегі нұсқалары жоқ.

 

Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.  
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.  
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.  
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы.  
Экономикалық ынталандыру материалдық ынталандыруға қарағанда кең мағыналы категория. Экономикалық ынталандыру – адамдарды өнімді әрі табысты еңбекке қызықтыратын, олардың мүдделік белсенділігін арттырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қамтиды. Сонымен, экономикалық ынталандыру дегеніміз өндірістік қатынастар субъектілерінің мүмкіндіктерін толығымен пайдалану мақсатында қолданылатын, олардың экономикалық және әлеуметтік жауапкршіліктерін нықтайтын материалдық және материалдық емес тетіктердің жиынтығы.  
Нарықтық қатынастар жағдайындағы шаруашылықты тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі өнімді еңбек қызметіне талаптандырудың тағы бір тобын қарастырады, олар әкімшілік және либералды болып жіктеледі.  
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:  
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;  
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыру;  
- барынша көп тұтынудан гөрі, өмір сүру мен еңбек қызметінің әлдеқайда жоғары сапасын қамтамасыз етуге бой ұру, қазіргі заманғы жаңа ынталар жүйесіндегі өзін-өзі дамытудың басыңқылығына ден беру;  
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.  
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты.  
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.  
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.  
Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру қажеттілігі кәсіпкерлікті жедел дамыту есебінен нақты іске асырылады. Кәсіпкерлік, дербес, ізденімпаз әрекетке дайын, мол табыс көзіне ұмтылуға қабілетті, іскер адамдар қатарының көбеюін қамтамасыз етеді.  
Өндіріс тиімділігін ынталандыру механизмі тұрақты экономикалық өсімге, халықтың барлық топтарының материалдық жағдайын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікке, елдің ұлттық қауіпсіздігін сақтау ұсталымын орындауға бағытталуы қажет.  
Біздің ойымызша, өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыруды мынандай белгілермен сипаттауға болады:  
- экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны, оның сапалық сипаты;  
- өндірілген тауар сапасының артуы және оның отандық, әлемдік нарықты бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;  
- халықтың материалдық жағдайы мен әл-ауқатының жақсаруы;  
- жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық қызмет әсерінің күшеюі, адам капиталын нәтижелі қолдану;  
- басқару тиімділігін арттыру нәтижесінде өндірістік ресурстарды пайдалануды үнемдеу, еңбек өнімділігін ынталандыру.  
Қазақстан, қоғамдық өмірдің шешуші саласы – экономикада, әлеуметтік және саяси жаңару жолында сенімді қадам жасап ілгерілеп келеді. Ел экономикасы 2001 ж. бастап жылына орта есеппен 10%-ға өсіп отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің негізін құрайтын өнеркәсіп өндірісі де тұрақты даму үстінде. Егер 1995-2005 жж. аралығында өнімнің жылдық өсуі 5%-ды құраса, соңғы 5 жыл ішінде 11,8%-ға жетті (1-сурет).  
Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша

Сурет 1 - Қазақстан Республикасы өнеркәсіп өнімінің динамикасы  
(1995-2005 ж.ж.)

Салада маңызды құрылымдық өзгерістер өз жалғасын тапты. Егер 1995 ж. республика өнеркәсіп өндірісінің жарты бөлігін өңдеу өнеркәсібі иеленсе, 2005ж. мұндай үлес тау-кен өнеркәсібінің еншісінде.  
Өнеркәсіптің макродеңгейдегі тиімділігі өндірілген тауар сапасының жақсарғанының, әлемдік нарықтық бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі. Кен өндіру өнеркәсібінің қарқынды дамуы экспорт және импорт құрылымына тиісті әсерін тигізуде. Алайда, экспорттың құрылымында шикізаттық тауарлардың үлесі басым.  
Соңғы жылдары импорттық тауарлар құрылымында минералды өнімдер үлесінің өскені байқалады: 1999 ж. 11,5%-дан 2005 ж. 13%-ға дейін. Сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіп өнімінің де үлес салмағы біртіндеп артып келеді.  
Зерттеу жұмыстары атқарылған мерзімде өнеркәсіптің жекелеген секторлардың табыстарының қалыптасуында құрылымдық өзгерістер орын алды. Мәселен, ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі еңбекақының үлесі 2000 ж. 35,8%-дан 2004 ж. 33,3%-ға дейін кемісе, кәсіпкерлердің табысын құрайтын таза пайда мен аралас табыс 38,2%-дан 43,5%-ға өсті. Бұл, бірінші жағынан, өндірістің тиімділігінің өскенін сипаттаса, екінші жағынан, пайданың, көбінесе, қызмет көрсету саласынан түскенін көрсетеді.  
Қарастырылып отырған кезеңде өндіріс тиімділігінің жалпылама көрсеткіші - өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділігінің, экономикалық қызметтің басқа түріне қарағанда динамикалық қалыпты өсуі мен жоғары деңгейіне қол жеткізілді (1-кесте).

Кесте 1 - Қазақстан Республикасы экономикалық салаларының тиімділігі  
Көрсеткіш 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж. 2004 ж.  
Барлық экономиканың тиімділігі, % 21,6 14,8 18,5 21,6 25,7  
Кен өндіруші саланың тиімділігі, % 45,1 37,8 31,9 38,8 67,5  
Қайта өңдеу саласының тиімділігі, % 21,4 13,8 19,2 21,4 22,8  
Ауыл шаруашылығының тиімділігі, % 5,4 5,3 -4,4 13,8 1,7  
Құрылыс саласының тиімділігі, % 4,3 4,5 5,2 5,0 3,4  
Сауданың тиімділігі, % 4,7 3,4 5,8 9,3 4,9  
Көлік және байланыс саласының тиімділігі, % 9,4 11,8 18,7 18,1 18,9  
Қаржылық қызмет саласының тиімділігі, % 3,3 32,5 15,6 9,1 11,2  
Жылжымайтын мүлік операциясының тиімділігі, % 40,1 -3,2 13,8 4,3 8,3  
Ескертпе – ҚР статистика жөніндегі Агенттіктің деректері бойынша

1-кестеде келтірілгендей, өнеркәсіп кәсіпорындары тиімділіктің жоғары дәрежесіне ие. Кен өндіру саласы кәсіпорындарының тиімділігі мемлекет экономикасын тұтастай алғандағы пайдалылықтан жоғарырақ. Дей тұрғанмен, 2004 ж. барлық залалды кәсіпорындардың 50,7%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді, соның ішінде 11,5%-ы кен өндіру саласы, 21,4%-ы өңдеу саласы.

 
Өндіріс тімділігін ынталандыру механизмінің тағы бір маңызды шарты – инвестициялық белсенділік. Инвестициялық қызметтің соңғы 5 жыл ішіндегі динамикалық өсімі қаржылық емес активтер бойынша өте қарқынды болды, олар жыл сайын орта есеппен 20%-ға көбейді. Экспортқа бағытталған салаларға инвестициялардың өсуімен қатар, олардың ішкі нарықтағы тапшылығы байқалады.  
Тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етудің, яғни қазіргі мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырудың басым факторы – еңбек өнімділігі. Демек, еңбек өнімділігін арттыру ұлттық экономиканың әртараптануының, фирманың, саланың, экономикалық қызметтің нәтижелілігінің алғы шарты.  
Зерттеліп отырған кезеңді тұтас алғанда корпорацияның бұл бағыттағы түпкі көрсеткіштері аса нәтижесіз емес. Алайда, табыстың өсу динамикасы тұрақсыз. Корпорацияның жалпы табыстылығына негізгі өндірістің тиімділігі, яғни негізгі қызметтен түсетін пайданың мөлшері тікелей әсер етуде. Мәселен, 2001 ж. корпорацияның таза табысы 2000 ж. салыстырғанда 4,6%-ға ғана кемісе, 2003 ж. бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 30,6%-ға төмендеп кетті. 2006 ж. корпорацияның таза табысы алдыңғы 2005 ж. қарағанда 128,5%-ға арттырылса, 2000 ж. салыстырғанда шамамен 6,0 есеге өскен.  
Зерттеліп отырған кезеңде, корпорация табыстарының жалпылама өсу барысына қарамастан, өндірістің тұрақсыздығы орын алды, мұның басты себептерінің бірі әлемдік нарықтағы мыс өнімі бағасының ауытқуы. Осыған байланысты 2001-2003 жж. аралығында өндіріс көлемінің өсу қарқыны біраз төмендеді, әсіресе кәсіпорынның негізгі өнімі – катодты мыс өндіру азайды.  
2000-2004 жж. серіктестіктің өнімділігі өнімнің материалдық сиымдылығы 0,15-тен 0,12 теңгеге дейін азая тұрса да 1,4 есе арттырылды. Бұл жылдары негізгі өндірістік қордың қайтарылымы 0,73 теңгеден 0,62 теңгеге дейін, ал өндірістің жиынтық тиімділігінің деңгейі 49,1%-дан 45,5%-ға дейін кеміді. Корпорацияның негізгі экономикалық көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай оңала бастады.  
Мәселен, 2004 ж. алдыңғы 2003 ж. салыстырғанда еңбек өнімділігі 32,8%-ға өсіп, 2 млн 546 мың теңгені құрады, өнімнің материалдық сиымдылығы 33,7%-ға төмендеп, 0,12 теңгеге теңелді, негізгі өндірістік қорлардың қайтарылымы 17,0%-ға арттырылды, өнімнің пайдалылық дәрежесі 14,3 пайыздық пунктке көтерілді.  
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті меңгерген тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті металдар өндіру және сату.  
Корпорация, әлемдік деңгейде дамып келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).  
2-кестеден көрініп тұрғандай, 2000-2006 жж. аралығында корпорацияның өнім өткізуден тапқан табысы 3,7 есе, таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық тиімділік деңгейі 2005 ж. 79,3%-ды құрады, бұл 2000 ж. салыстырғанда 30,2 пайыздық пунктке жоғары.  
Нарықтық қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін реттеудің маңызы ерекше. Өйткені еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына ынталандырудың әсерін күшейте түседі.

Информация о работе Еңбек өнімділігін жоғарылату