Еңбек өнімділігін жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание

Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15
2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21
3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28
Қорытынды.....................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.................

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 112.61 Кб (Скачать документ)

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Гаврилов «Производительность труда: показатели планирования и методы измерения». Москва: Экономика, 1985г. 
2. Костин Л.А., Костин С.Л. «Кардинальное повышение производительности труда». Москва, 1986г. 
3. Маркин Ю.П. «Анализ внутрихозяйственных резервов». Москва: Финансы и статистика, 1991г. 
4. Скоморохов Р.В. «Производительность труда: резервы роста». Москва, 1989г. 
5. «Производительность труда и ыакторы ее роста» под ред. Ф.И.Гилицкого. Минск: Наука и техника, 1982г. 
6. «Производительность труда-важнейший фактор повышения эффективности производства». Москва: Наука, 1982г. 
7. «Резервы ускорения роста производительности труда» под ред. Д.Н.Карпухина. Москва, 1987г. 
8. «Роль финансов и кредита в повышении производительности труда» под ред. Грязновой. Москва: Финансы и статистика, 1990г. 
9. Брылев В. «о методике выявления и реализации внутренних резервов повышения производительности труда».// Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. 2001год №8. 
10. Коробейников А., Катков А. «Повышение производительности возможно при условии».// Казахстан: экономика и жизнь. 1996год №3. 
11. Рожкова В. «Производительность труда».// Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии. 2003год №7.

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек өнімділігін  талдау  

 

Еңбек өнімділігі – бұл жұмыс күшінің уақыт бірлігінде пайдалы өнім көлемін өндіру қабілеті. Еңбек ресурстарын пайдаланудың интенсивтілігіне баға беру үшін еңбек өнімділігінің жалпылаушы, жеке және қосымша көрсеткіштері есептеледі.

Еңбек өнімділігінің жалпылаушы көрсеткіштеріне орташа жылдық, тәуліктік және сағаттық еңбек өнімділігі жатады.

Жеке көрсеткіштер  - жеке өнім түрлері бойынша есептелініп, 1 адам-күнде не 1 адам-сағатта натуралды шамада қанша өнім өндірілгендігін не өнім бірлігін өндіру үшін қанша уақыт жұмсалғандығын (еңбек сыйымдылығы) сипаттайды.

Өнеркәсіп кәсіпорындарында  еңбек өнімділігінің негізгі жалпылаушы көрсеткіші болып  – 1 жұмыскердің жыл ішінде өндірген өнім көлемі (жылдық еңбек өнімділігі)  саналады. Орташа жылдық еңбек өнімділігін келесідей факторлық үлгімен бейнелеуге болады:  

 

ЕЖЫЛДЫҚ =  К * t  * q 

 

Мұндағы: - жылдық еңбек өнімділігі; К - 1 жұмыскер орындаған адам-күндер саны; t - жұмыс күнінің ұзақтығы; q - сағаттық еңбек өнімділігі.         

 Жылдық еңбек өнімділігінің  өзгерісіне осы факторлардың  әсері 6.5-кестеде келтірілген.   

 

6.5-Кесте. Жылдық  еңбек өнімділігінің өзгерісіне  факторлардың әсері  

 

 

Есептеу

Факторлар

Жылдық

еңбек

өнімділігі, тг

Алдыңғы есептеуден ауытқу,

тг.

 

Ауытқу

себебі

К,

адам-күн 

t,

сағат

q,

тг.

жоспар

225

7,0

370

582750

-

-

шартты1

215

7,0

370

556850

-25900

жұмыс күндерінің кемуі

шартты2

215

7,2

370

572760

+15910

жұмыс күнінің ұзақтығының  өсуі

нақты

215

7,2

390

603720

+30960

сағаттық еңбек өнімділігінің  өсуі

 Барлығы: 603720-582750 = + 20970

+20970

-


 

         

6.5-кесте мәліметтері  бойынша жылдық еңбек өнімділігінің  нақты деңгейі  жоспарлы деңгейден 20970 мың теңгеге не 3,7 % ға жоғары. Оның ішінде сағаттық еңбек өнімділігінің жоспары 20 теңгеге асыра орындалуына байланысты жылдық еңбек өнімділігі  30960 теңгеге жоғарылады. Бұл сапалық көрсеткіштің деңгейі көптеген факторлардан тәуелді: өндіріс үрдісінің механикаландырылуы, жұмыскерлердің біліктілігі, еңбек өтілі мен жасы, еңбектің  ұйымдастырылуы мен жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру, технология, т.б.         Орташа сағаттық еңбек өнімділігінің деңгейіне аталған факторлардың әсері қаншалықты екендігін анықтауда корреляциялық-регрессиялық талдау үлкен мәнге ие.   Көп факторлы корреляциялық үлгіде сағаттық еңбек өнімділігі мен қормен қарулануды, тарифтік дәрежені, еңбек өтілін, негізгі құралдардың қызмет ету мерзімін байланыстыруға болады. Соның нәтижесінде әр фактордың 1 бірлікке өзгеруі еңбек өнімділігініне қалайша ықпал  ететіндігін байқауға болады.          

 Сағаттық еңбек өнімділігі  деңгейінің белгілі бір техникалық-экономикалық  шаралардың әсерінен өзгеру шамасын  (∆q%) келесідей есептеуге болады:  

 

∆q% =

 

 

Мұндағы: ∆ Ф% - белгілі бір шараны енгізуден кейінгі уақыт қорының салыстырмалы кемуі.         

 Мысалы, жұмыскерлерді жаңа құралмен қамтамасыз ету нәтижесінде өнім өндіруге жұмсалатын уақыт шығыны 10 % ға кемитін болса, сағаттық еңбек өнімділігі 11,1 % ға жоғарылайды:

∆q% =

= 11,1 %        

 Осылайша, еңбек өнімділігін  жоғарылату деңгейін  басқа факторлар бойынша да анықтауға болады.

 

 

 

 

Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін арттыру  резервтері 

 

 

         Негізгі құралдарды пайдалану  тиімділігін арттыру өндіріске  жаңа құрал-жабдық енгізу, ауысымдық  және тәулік бойы бос тұруларды  қысқарту, ауысымдық коэффициентін  жоғарылату жолымен жүзеге асырылуы  мүмкін.         

 Өндіріске жаңа құрал-жабдықтар  енгізу жолымен өндіріс көлемін  арттыру резерві (Р↑Qқ) өндіріске тартылатын қосымша құралдардың санын (Р↑Ф) олардың жылдық өнімділігіне (qж) көбейту жолымен анықталады:  

 

Р↑Qқ = Р↑Ф* qж 

 

 

         Күні бойы бос тұрулар  санын қысқарту әр құралдың  жұмыс істеген күндерін көбейтеді  (Р↑К) . Бұл өсімді (Р↑К) құралдың  тәуліктік өнімділігі (qт) мен құралдар санына (Ф) көбейту арқылы бос тұрулар санын кеміту жолымен өндіріс көлемін арттыру резервін (Р↑Qб.т.) анықтауға болады:  

 

Р↑Qб.т. = Р↑К* qт *Ф 

 

 

         Өндіріс көлемін ауысымдық  коэффициентін жоғарылату жолымен  өсіру резервін (Р↑Qа.) анықтау үшін өндірісті ұтымды ұйымдастыру жолымен алынған  ауысымдылық коэффициентін өсіру резервін (Р↑Ак) қолданылуы мүмкін құралдар санына (Ф), мүмкін жұмыс күндері (К) мен құралдардың ауысымдық өнімділігіне (qа) көбейту қажет : 

 

Р↑Qа. = Р↑Ак*Ф *К* qа 

 

 

         Өндіріс көлемін жабдықтың  сағаттық өнімділігін арттыру  жолымен өсіру резервін (Р↑Qс)  анықтау үшін,  құрал-жабдықтарды жаңарту, еңбек үрдісін ұтымды ұйымдастыру жолымен қол жеткізілген сағаттық еңбек өнімділігінің өсімін (Р↑qс) құрал-жабдықтардың жұмыс істеу сағатына (∑t) көбейту қажет:  

 

Р↑Qc. = Р↑qс * ∑t 

 

 

         Осылайша, барлық бағыттар бойынша  өндіріс көлемін арттыру резервтері  анықталғаннан кейін,  қор қайтарымын арттыру резерві (Р↑Н) есептеледі:  

 

Р↑Н =

 -  
= Нмүмкін  - Ннақты 

 

Мұндағы: Qн – нақты өндіріс көлемі;  - өндіріс көлемін арттыру резерві; Фн – негізгі қорлардың нақты құны; Фқ - өндіріске қосымша тартылған қорлар құны; Р↓Ф- қорлар көлемін азайту резервтері (қажетсіз қорларды сату, жалға беру, есептен шығару, т.б.);

Қорлардың рентабельділігін арттыру резервін анықтау үшін қор  қайтарымын арттыру резервін (Р↑Н) өнімнің нақты рентабельділігіне (RӨ) көбейту керек:  

 

Р↑Rф= Р↑Н * RӨ 

 

 

         Талдау нәтижелері бойынша  кәсіпорын басшылығы анықталған  резервтерді игеру мен олардың  жүзеге асырылуын бақылаудың  нақты шараларын дайындауы керек. 

 

Өнім өндірісін арттыру  факторлары мен  резервтерін талдау 

 

 

         Өнім өндірісі мен оны  өткізу көлемін анықтаушы факторларды  үш топқа біріктіруге болады.         

 1. Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі және оларды пайдалану тиімділігі:   

 

Q = Т * q

Р = Т * q * d 

 

Мұндағы: Q –жалпы өнім көлемі; Р –сатылған өнім көлемі; Т- орташа жылдық жұмыскерлер саны; q – жылдық еңбек өнімділігі; d – жалпы өнімдегі түсімнің үлесі.

2. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамтамасыз етілуі және оларды пайдалану тиімділігі:  

 

Q = Ф* Н

Р = Ф * Н * d 

 

Ф – негізі өндірістік қорлардың  орташа жылдық құны; Н –қор қайтарымы.         

 3. Кәсіпорынның материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі  және оларды пайдалану тиімділігі:  

 

Q = М* n

Р = М* n * d 

 

М- материалдық шығындар сомасы; n – материал қайтарымы.         

 Жоғарыдағы факторлардың  өнім өндірісі мен сату көлеміне  әсерін детерминирленген факторлық  талдау әдістерінің бірімен есептеуге  болады, мысалы, еңбек өнімділігін  арттыру шамасы нақты жұмыскерлер  санына көбейтіледі немесе жұмыскерлер  санын көбейту саны базисті  еңбек өнімділігіне көбейтіледі,  т.б. Осылайша, ресурстардың барлық  түрлері бойынша резервтер шамасы  анықталып жинақталады. Бірақ,  өнім өндірісін арттыру резервтері  ресурстардың үш түрі бойынша  балансталуы керек. Ресурстардың  бір түрі бойынша анықталған  максималды резерв  басқа ресурстар бойынша да осындай резерв көлемі анықталмайынша игеріле алмайды. Өнім өндірісі мен оны өткізудің көлемін арттыру резервтерінің жалпы үлгісін 5.2-суреттен көруге болады.

 

Факторлық талдау әдістемесі және факторлардың жіктелуі  

 

Кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің барлық құбылыстары  мен үрдістері өзара  байланыс пен тәуелділіктен тұрады. Олардың біреулері өзара тікелей байланыста болса, екіншілері оларға жанама ықпал етеді.

Талданатын әрбір құбылысты  себеп ретінде де, нәтиже ретінде  де қарастыруға болады. Мысалы, жылдық еңбек өнімділігін өндіріс көлемін  өзгертудің себебі ретінде қарауға  болады, ал екінші жағынан, оны еңбекті  ұйымдастыруды жетілдірудің, еңбек үрдісін  автоматтандырудың нәтижесі ретінде де бағалауға болады. Егер белгілі бір көрсеткіш бір не бірнеше себептердің салдары ретінде бағаланса, онда байланыстарды оқу кезінде оны нәтижелік көрсеткіш деп алады. Ал нәтижелік көрсеткішті анықтаушы белгілер факторлық көрсеткіштер деп аталады.

Әрбір нәтижелік көрсеткіш  сан алуан факторлардан тәуелді. Нәтижелік көрсеткіш деңгейіне  факторлардың әсері терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі де нақты болады. Осы себепті шаруашылық қызметін талдаудың маңызды әдістемелік сұрағы – экономикалық құбылыстардың деңгейіне факторлардың әсерін оқу мен анықтау болып табылады. Факторларды терең, әрі жан-жақты зерттеусіз қызмет нәтижесі туралы негізделген қорытындылар жасап, өндірістік резервтерді анықтап, басқарушылық шешімдерін қабылдау мүмкін емес.

Факторлық талдау дегеніміз  – нәтижелік көрсеткіштер деңгейіне  факторлардың әсерін кешенді және жүйелі зерттеудің әдістемесі.

Факторлық талдаудың келесідей  түрлері ажыратылады:

·        детерминирленген (функционалдық) және стохастикалық (корреляциялық);

·        тікелей (дедуктивтік) және кері (индуктивті);

·        бір сатылы және көп сатылы;

·        статикалық және динамикалық;

·        ретроперспективалық және перспективалық.  

 Детерминирленген факторлық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы функционалды, яғни факторлар нәтижеге тікелей әсер ететін жағдайларда қолданылады.

Стохастикалық талдау факторлардың нәтижелік көрсеткішпен байланысы толық емес, мүмкін, ықтималды жағдайларда қолданылады.

Тікелей факторлық талдауда зерттеу дедуктивті әдіспен –  жалпыдан жекеге, ол кері факторлық  талдауда зерттеу логикалық индукция әдісімен – жеке факторлардан жалпылаушы факторларға қарай жүргізіледі.

Факторлық талдау бір сатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Бір сатылы талдау кезінде факторлар жіктелмейді, мысалы, у = а * в. Көп сатылы факторлық талдау барысында а мен в факторлары құрамдас бөліктерге жіктелуі мүмкін, мысалы, а = с *d,  сонда  y = c * d * b.

Информация о работе Еңбек өнімділігін жоғарылату