Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:44, курсовая работа
Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады
Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15
2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21
3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28
Қорытынды.....................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.................
Статикалық факторлық талдау нәтижелік көрсеткішке факторлардың ықпалын белгілі бір мерзімге анықтауды көрсетсе, динамикалық талдауда себеп салдарлық байланыстар динамикада зерттеледі.
Факторлық талдаудың міндеттері :
1. зерттелетін көрсеткіштерді талдау үшін факторларды бөліп алу;
2. факторларды жіктеу мен жүйелеу;
3. нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы байланыстарды үлгілеу;
4. нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсерін есептеу және оның орнын бағалау;
5. факторлық үлгімен жұмыс жасау (оны экономикалық үрдістерді басқару үшін пайдалану).
Факторлық
талдаудың нәтижелілігі белгілі
бір деңгейде факторларды дұрыс
жіктей алуға да байланысты. Себебі
ол нәтижелік көрсеткішті
Табиғи – климаттық факторлар ауыл шаруашылығында, орман, балық шаруашылығында шаруашылық қызметінің нәтижесіне елеулі ықпал етеді. Олардың әсерін есепке алу шаруашылық субъектілерінің қызмет нәтижесіне нақты баға беруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік – экономикалық факторларға жұмыскерлердің тұрмыстық жағдайы, кәсіпорындағы мәдени – спорт шараларды ұйымдастыру деңгейі, кадрлардың білім деңгейі, т.б. жатады. Өндірістік – экономикалық факторлар кәсіпорынның орналасқан жерімен байланысты (жол, байланыс, өткізу нарығы, т.б.).
Шаруашылық қызметінің нәтижесіне әсер ету деңгейі бойынша факторлар негізгі және қосалқы болып бөлінеді. Негізгі факторлар нәтижелік көрсеткішке шешуші әсер етеді, ал қосалқы факторлар шешуші әсер етпейді. Бірақ бір фактор нақты қалыптасқан жағдайға байланысты негізгі де, кейде қосалқы да болуы мүмкін. Сол себепті көптеген факторлар арасынан негізгісін бөліп ала білуден талдау нәтижесі тәуелді болады.
Экономикалық құбылыстарды зерттеу кезінде ішкі және сыртқы, яғни кәсіпорын қызметінен тәуелді және тәуелді емес факторлаға бөлу үлкен маңызға ие. Талдау барысында негізгі назар кәсіпорын әсер ете алатын ішкі факторларға аударылуы қажет.
Дегенмен, қазіргі өндірістік қатынастардың дамуы жағдайында әр кәсіпорынның қызмет нәтижесі басқа кәсіпорындардың іс-әрекетінен де тәуелді, мысалы шикізат жеткізудің тұрақтылығы, оның сапасы, бағасы, нарық конъюнктурасы. Бұл факторлар сыртқы болып саналады. Олар зерттеліп отырған ұжымның әрекетін сипаттамағанымен, оларды зерттеу ішкі факторларды тереңірек зерттеп, өндірістің ішкі резервтерін толығырақ анықтауға мүмкіндік береді.
2.1 – Кесте. Шаруашылық қызметін талдаудағы факторлардың жіктелуі
Жіктеу белгісі |
Факторлар тобы |
Табиғаты бойынша |
Табиғи климаттық |
Әлеуметтік – экономикалық | |
Өндірістік – экономикалық | |
Нәтижеге әсер ету дәрежесі бойынша |
Негізгі |
Қосалқы | |
Зерттеу объектісіне қатысы бойынша |
Ішкі |
Сыртқы | |
Зерттеу объектісіне тәуелділігіне байланысты |
Объективті |
Субъективті | |
Әсер ету ұзақтығына байланысты |
Тұрақты |
Өзгермелі | |
Әсер ету сипаты бойынша |
Экстенсивті |
Интенсивті | |
Бейнелейтін құбылысына байланысты |
Сандық |
Сапалық | |
Құрамы бойынша |
Қарапайым |
Күрделі | |
Тәуелділік деңгейі бойынша |
Бірінші деңгейлі |
Екінші деңгейлі, т.с.с. | |
Әсері есепке алыну мүмкіндігі бойынша |
Өлшенетін (есепке алынатын) |
Есепке алынбайтын | |
Таралу деңгейі бойынша |
Жалпы |
Арнайы |
Кәсіпорын қызметіне оң баға беру үшін факторларды объективті және субъективті деп ажырату қажет. Объективті факторлар, мысалы табиғи апат, адамдардың әрекеті мен мақсатынан тәуелсіз. Ал субъективті факторлар заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетінен тәуелді.
Таралу деңгейі бойынша факторлар жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы факторлар экономиканың барлық салалары үшін ортақ, барлық салаларға тән факторлар. Арнайы факторлар экономиканың жеке саласы не бір кәсіпорын жағдайында әрекет ететін факторлар. Факторларды мұндай жіктеу жеке кәсіпорындар мен өндіріс салаларының ерекшеліктерін толығырақ ескеруге, қызмет нәтижесіне объективті баға беруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ету ұзақтығына байланысты факторлар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылысқа үнемі, үздіксіз әсер етеді. Ал өзгермелі факторлардың әсері кезең сайын, уақытша болады, мысалы жаңа техника игеру, жаңа өнім шығару, жаңа технология енгізу, т.б.
Кәсіпорын қызметіне баға беруде факторларды экстенсивті және интенсивті деп бөлу үлкен мәнге ие. Экстенсивті факторлар өндіріске пайдаланылатын ресурстар көлемін көбейтумен байланысты, мысалы өндіріс көлемін егістік ауданын, мал басын, жұмыскерлер санын өсіру жолымен арттыру. Интенсивті факторлар ресурстарды пайдалану тиімділігін жоғарылатумен, еңбек өнімділігін арттырумен байланысты, мысалы дақыл өнімділігін жоғарылату, мал өнімділігін арттыру, еңбек өнімділігін жоғарылату.
Талдау барысында нәтижелік белгіге әр фактордың әсерін сандық бейнелеу мақсаты қойылса, онда факторларды алдымен сандық және сапалық, қарапайым және күрделі, есепке алынатын не есепке алынбайтын деп бөліп алу қажет.
Сандық факторлар құбылыстардың сандық сипатын бейнелейді (жұмыскерлер, құрал-жабдық саны, егістік алқабы, т.б.), ал сапалық факторлар құбылыстың ішкі сапасын, белгілерін, ерекшеліктерін көрсетеді (еңбек өнімділігі, өнім бағасы, сапа, дақыл өнімділігі, т.б.).
Экономикадағы факторлардың көпшілігі құрамы бойынша күрделі факторлар, яғни бірнеше элементтерге жіктелетін факторлар, мысалы жылдық еңбек өнімділігі. Қарапайым факторлар құрамдас бөліктерге бөлінбейді, тек бір элементтен тұрады, мысалы жұмыскерлер саны, жылдағы жұмыс күндері, жұмыс күнінің ұзақтығы.
Кейбір факторлардың нәтижелік көрсеткішке әсері сандық бейнеленіп, есептеуге келсе, кейбір факторлардың әсері есепке алуға келмейді, мысалы жұмыскерлердің тұрғын үймен, балалар бақшасымен қамтамасыз етілуі, кадрлардың дайындық деңгейі, т.б.