Еңбек өнімділігін жоғарылату

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:44, курсовая работа

Описание

Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.
Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15
2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21
3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28
Қорытынды.....................................................................................................32
Пайдаланған әдебиеттер.................

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 112.61 Кб (Скачать документ)

Кесте 2 - «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері  
Көрсеткіштер Жылдар  
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006  
Сатудан түскен табыс,  
мың теңге 112699401 116625405 125221331 124219953 170492574 228817260 411176304  
Өткізілген өнімнің өзіндік құны,  
мың теңге 47093088 54165092 57217269 55782536 58737406 83691000 118303824  
Жалпы табыс,  
мың теңге 65606313 62460313 68004062 68437417 111755168 145126260 292872480  
Осы кезеңдегі шығын,  
мың теңге 19135686 19675843 17818541 26396187 44666565 23660417 30079588  
Негізгі қызмет табысы,  
мың теңге 46470627 42784470 50185521 42041230 67088609 121465843 262792892  
Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге 3685266 3286309 4350080 832402 6833626 1629564 11979561  
Салық салуға дейінгі табыс,  
мың теңге 50155893 46070779 54535601 42873632 73922235 123095407 274772453  
Табыс салығы,  
мың теңге 17627442 15465492 16502175 17243086 26926038 37927399 80125488  
Таза табыс,  
мың теңге 32528451 31016011 36880320 25600012 46996197 85168008 194646965  
Негізгі өндірістің тиімділік  
деңгейі, % 70,2 57,9 66,9 51,2 64,9 82,4 104,7  
Корпорацияның тиімділік  
деңгейі, % 49,1 42,0 49,2 41,2 45,5  
50,3  
55,3  
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор.

Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың  жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол  жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш рөлін де айқындауға болады.  
Корпорация кәсіпорындарында 2000-2006 жж. аралығында жалақының 1 теңгесіне келетін тауарлы өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ. Мұның кем дегенде екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы мөлшерінің өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы төлеуге бөлінген қаржының орынды жұмсалуы. Сонымен қатар, 2006 ж. жалақы төлеудің мөлшері 2005 ж. салыстырғанда 26,6%-ға көтерілді. Бұл тауарлық өнімдер өндірудің жалақы қорына қарағанда жоғары өсу қарқындылығының әсері (3-кесте).

Кесте 3 - «Қазақмыс корпорациясы»  шығындар мен тауар өнімдерінің  жалпы сомасындағы жалақының  үлес салмағы

Көрсеткіштер Жылдар  
2000 2001 2002 2003 2004  
2005  
2006

Тауар өнімі,  
мың теңге 70932717 70140555 73052511 74573932 168879478 230084292 437830139  
Жалақы қоры,  
мың теңге 8522051,5 9176852,4 9412695,1 9651465,2 19775114,5 23495989 29744199,1  
Өндірістік өзіндік құны, мың теңге 44708784,2 49259064 36532212 37031530 38257349 51557817 208890514  
Шығындардың жалпы сомасын-дағы жалақы үлесі, % 19,06 18,63 25,77 26,06 51,7 45,6 14,25  
Тауар өнімі мөлшеріндегі жалақы үлесі, % 12,01 13,1 12,88 12,94 11,7 10,2 6,79  
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор

2000-2006 жж., яғни 2006 ж. дейінгі  кезеңде «Қазақмыс» корпорациясы  кәсіпорындарында жалақының өндірістік шығындардың жалпы көлеміндегі үлесі үнемі өсіп отырды (2000 ж. – 19,1%, 2005 ж. 25,4%).  
Ал, оның тауарлы өнім мөлшеріндегі үлес салмағы керісінше, біршама төмендеді. Мұндай жағдай мына төмендегілермен түсіндіріледі:  
- салыстырылып отырған кезеңде өндірістік өзіндік құнның мөлшері 15,3%-ға өссе, жалақы қоры 2,7 есе, ал тауарлы өнім көлемі 3,2 есе арттырылды;  
- жалақы төлемдерінің салыстырмалы көтеріңкі өсімі осы мақсатта жұмсалған қаржының тиімділік деңгейінің төмен екенін көрсетеді.  
«Қазақмыс корпорациясы» құрамына енетін кәсіпорындарындағы жалақының үнемі өсіп отыруы өзін-өзі қаншалықты ақтап отыр, басқаша айтқанда, оның ынталандырғыш рөлі қандай? Мұны жұмысшылардың орташа жалақы мөлшерін, олардың еңбек өнімділігімен салыстыру әдісімен, яғни басып озу коэффициентін анықтау жолымен анықтауға болады (4-кесте).  
4-кесте деректерінен көрініп тұрғандай, корпорация жұмысшыларының еңбек өнімділігі мен олардың орташа айлық жалақысының арасындағы байланыс тым әлсіз. Бұл «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-і қызмет көлемінің өсуінде жалақының ынталандырушы рөлінің төмен екендігін көрсетеді.  
Демек, еліміздің табысы мол, іріленген өнеркәсіптік құрылымдарының алдында, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі таңда дұрыс қойылған мәселе.

Кесте 4 - «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС-і жұмысшыларының орташа жалақылары мен еңбек өнімділігінің динамикасы  
Көрсеткіштер 2001 ж 2000 ж. салыст. 2002 ж. 2001 ж.  
салыст. 2003 ж. 2002 ж.  
салыст. 2004 ж. 2003 ж.  
салыст. 2005 ж.  
2004 ж.  
салыст. 2006 ж.  
2005 ж.  
салыст.  
Орташы жалақының өзгеру динамикасы, % 103,4 101,9 107,6 108,4 111,2 125,8  
Еңбек өнімділігінің өзгеру динамикасы, % 95,5 105,75 104,52 132,86 143,37 189,16  
Басып озу коэффициенті, % 108,3 96,4 102,9 81,6 77,6 66,5  
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор

Жалақының жалпы көлемінің  өсуі, оның өндірістік шығындардағы үлесінің өзгеріссіздігі, еңбек өнімділігінің жұмысшылардың орташа жалақыларының мөлшеріне, тиімділіктің табыс әкелуші ретіндегі маңызына кері әсерін тигізіп отыр (5-кесте).

Кесте 5 - «Қазақмыс корпорациясы»  жалақы пайдалылығының динамикасы  
Көрсеткіштер Жылдар  
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006  
Негізгі қызметтен түскен таза табыс,  
мың теңге 32528451 31016011 36880320 25600012 46996197 85168008 194646965  
Жалақы қоры,  
мың теңге 8522051,5 9176852,4 9412695,1 9651465,2 19775114,5 23495989 29744199,1  
Жалақының 1 теңгесіне келетін табыс мөлшері,  
теңге/теңге 3,82 3,38 3,92 2,65 2,38 3,62 6,54  
Ескертпе – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң жылдық есептері бойынша есептеген автор

5-кесте материалдарынан  көріп отырғанымыздай, корпорация кәсіпорындарында жалақы үлесінің өндірістің жалпы шығындарындағы тұрақтылығынан, еңбек ақыға бөлінген қаржының әрбір өлшеміне келетін табыс мөлшері 2000-2006 ж.ж. аралығында үнемі төмендеп отырған (2006 ж. басқасы). Мұндағы басты себептер, біріншіден, еңбек өнімділігінің пропорционалды өспей отырғандығы, екіншіден, корпорация жұмысшыларының орташа жалақыларының төмен деңгейі. Бұл өз кезегінде, еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдірудің, өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық қызметін жақсартудың кезек күттірмейтін, бірінші қатардағы мәселелер екендігін дәлелдейді.  
Еліміздің экономикасы мен әлеуметтік әлеуетінің қазіргі даму барысында жұмысшылар мен қызметкерлерді өнімді еңбекке ынталандыру жүйесін күшейтуге бағытталған кешенді шешімдер қабылдануы қажет. Мұндай тұжырымның объективтік себептерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады:  
- ең аз және орташа жалақы мөлшері мен тұтынудағы сұраныстың өскендігіне байланысты еңбекке ақы рөлінің жоғарылауы;  
- өнеркәсіптік ұжымдарда «шаруашылық серіктестігін» дамытудың қажеттілігі, яғни жұмысшының әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша да тиісті шешім қабылдай алатындығын қамтамасыз ету.  
Постиндустриалды, әлемдік технологияның прогресшіл жаңа талаптарына сай дамып отырған өндіріс жағдайында еңбеккерлердің шығармашылық мүмкіндігі толығырақ жүзеге асырылуы қажет. Басқару ісіне нақты кірісу, ортақ құндылыққа өзінің қатысы бар екенін сезіну, жұмысшының еңбекке деген құлшынысын жоғарылатады, өндірістің резервтерін бұрынғыдан гөрі толығырақ пайдалануға ынталандырады. Ұжым мүшелерінің жеке меншіктік, яғни иелену құқы, басқаруға тікелей араласу сәті (өндіріс қаражатын жұмсау өкілеттілігі, өндірістік процесті ұйымдастыру және оның нәтижесін әділ бөлу) сайып келгенде ең төменгі деңгейдегі әлеуметтік келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында (6 ақпан 2008 ж.) «қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді шешудің бірінші бағыты - өндіруші сектор» - деп көрсетеді. «Самұрық» холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс». Олай болса, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігін арттыруда экономикалық өсімнің факторлары мен шарттары айқындалып, ынталандыру механизмінің ең ұтымды жолдары негізделуі қажет.  
Ынталандыру жүйесінің дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары экономикалық ынталандыру жүйесінің келешегінде еңбекке ақы төлеуді жетілдірудің қажеттілігін ерекше бөліп атауға болады.  
Қазіргі кезде отандық өнеркәсіп кәсіпорындардың көпшілігі шетелдік өндірушілердің тәжірибесін ескере бермейді. Мысалы, тарифтік жүйе мерзімдік және кесімді еңбекақының үйлесімділігіне негізделген. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінде бұл жүйенің қолданылу аясы кең, бірақ оған қол жеткізу өндірістің технологиялық және қуаттылық деңгейіне байланысты.  
Еңбекақыны мерзімдік төлегенде еңбекті мөлшерлеу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ тапсырмалардың мөлшерленуі де іске асады. Қазіргі кезде, кейбір экономистер кәсіпорындардағы тарифтік жүйені мемлекеттік емес меншіктен алып тастау, немесе, жалақының бүкіл қорын әр жұмысшының жұмсаған еңбегінің түпкі нәтижесіне қарай бөлу қажет деген пікір айтады. Бірақ, біздің ойымызша, тарифтік жүйенің басты артықшылығы – ол жұмысшының біліктілігіне әсер етеді. Нарықтық ғылыми-техникалық прогресс жағдайында, сериялық өндіріс технологиясы жұмысшылардың жоғары біліктілігін қажет етеді және бұл кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының, еңбек ресурстарының әлемдік бәсекелестікке лайықты төтеп беруінің негізгі шарты. Тарифтік жүйенің тағы бір артықшылығы, жұмысшы оны әлеуметтік әділдік ретінде қабылдайды, өйткені ол жұмыстың қиыншылығын, оның жауапкершілігін бағалайды. Тарифтің экономикалық ұтымдылығы – кәсіпорындар өздері өз бетінше жұмыс «бағасының» көрсеткішін анықтай алады, техникалық саясатқа сай шұғыл бақылап отыруды қажетсінеді.  
Біз жүргізген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей, кеніш жұмысшылары негізінен разрядтарға ие, ал І, ІІ білікті разрядты жұмысшылар жоқтың қасы. Кейбір жұмысшылар жеткілікті білікті емес, разрядқа сай жұмыстың бар түрін атқара алмайды. Басқалары, керісінше, төмен біліктілікті қажет ететін жұмыстарды атқарады. Осының нәтижесінде еңбек төлемінде жоғары және төмен білікті мамандар теңестіріліп кетіп жатады. Қалыптасқан жағдайда, жұмысшылар жоғары білікті разрядқа ие болып отырғанда, өз кәсіби шеберлігін көтеруге деген ынтасы болмайды.  
Міне, осыларды ескере отырып, біліктілік разрядының тарифтік кестесін 6-дан 10-ға дейін көтеруді ұтымды деп санаймыз. Бұл жұмысшылар біліктілігін объективті түрде бағалауға және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибе ынталандырмасының өсе түсуіне оң әсер етер еді. Сондай-ақ, жұмысшылар разрядын автоматты түрде өсірмей, жалпы білім алатын және кәсіби дайындық деңгейіне жоғары талаптардың арнайы ретін ойластыру қажет, бұл шығарылатын өнім және жұмыс сапасын арттыра түсуге, қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғауға, технологияны жетік білуге және пайдалы қазбаларды үнемдеуге ықпалын тигізеді.  
Жұмысшының біліктілік разрядын анықтауда мына формуланы қолдануға болады:  
Рб = К1 х К2 х К3 х К4 ,

мұндағы Рб – жұмысшының біліктілік разряды;  
К1 – жұмысшының жалпы білімін, кәсіби деңгейін және оны өсірудегі еңбектің қажетсінуін анықтайтын коэффициент;  
К2 – берілген мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін анықтайтын коэффициент;  
К3 – орындалатын жұмыстың жауапкершілігі мен ауырлығын анықтайтын коэффициент;  
К4 - еңбектік және өндірістік тәртіпті ескеретін коэффиицент.  
Жұмысшының біліктілік разрядын айқындауда негізінен 3 фактор ескеріледі, ал әрбір фактор тиісті балмен бағаланады. Коэффициенттер алдын-ала анықталған жіктеме бойынша анықталады.  
Экономикалық ынталандырудың келешегі зор бағыты – ерекше сыйақы беру. Жұмысшыларды сыйақыландыру жоғары өнімді және жоғары сапалы еңбекке ынталандыру, іс-әрекеттің түпкі нәтижесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмір сапасын көтеру мақсатында жүргізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін алған ақыдан ерекше. Ол қолпаштау сипатында болып, төмендегідей принциптерге негізделеді:  
- сыйақы беру даралық сипатта болуы тиіс: жұмысшының аймақ, цех, кәсіпорын жұмысы көрсеткішін жақсартуы үшін өзінің қосқан үлесі үшін беріледі;  
- сыйақы беру нақты, белгіленген мөлшерлеме мен нормативті орындағаны үшін емес, еңбектегі ерекше жетістіктері үшін берілуі тиіс;  
- сыйақы беру – ағымдағы (ай сайын) және жыл қорытындысы бойынша тағайындалады;  
- сыйақы беру жүйесі қарапайым, әрбір жұмысшыға түсінікті болуы керек.  
Мұнымен қатар сыйақы беру шарттарын шектейтін жәйттерге қауіпсіздік ережелерін сақтау, еңбекті қорғау, жарақаттану болдырмау, бақытсыз жағдай және еңбек тәртібінің бұзылуын болдырмаулар жатады.  
Қазақстанның ұлттық кен-металлургиялық өнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 9,4-10,5%. Сектордың басты міндеті – бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің жоғары қарқынды өсуін қамтамасыз ету. Бұл үшін дәуірдегі құрылғылар мен тиімді технологияларды пайдалану қажет. Шикізат көздерінің дәстүрлі емес түрлерін пайдалы өңдеу, қолданыстағы кәсіпорындары техникалық және технологиялық жаңғырту, жаңа кәсіпорындар салумен тығыз байланысты. Мұндай жағдайда, қолданыстағы кен-металлургиялық кешен тиімділігінің өсуі тек ғылым мен өндірістің бірігуі арқылы, ғылыми жетістіктерді кең қолданумен, жаңа технологиялар мен техниканы жедел қолданысқа енгізу арқылы ғана жүзеге аспақ. Инновациялық және инвестициялық қызметтің жандануы кәсіпорынның дамуын шектеп отырған факторлардың зиянды әсерін әлсіретіп, өндірістік әлеуеттің түбегейлі жаңаруын қамтамасыз етеді, барлық ресурстар шығынын азайтып, қоршаған ортаны қорғау шарттарын мүлтіксіз орындауға өнімнің дәстүрлі және жаңа түрлерін шығаруға ықпалын тигізеді. Инновациялық үрдістің бұлайша қалыптасуы үшін дайындығы жетік, жоғары білікті мамандар қажет.  
Өйткені жаңа технологиялық жетістіктер, ресурс үнемдейтін технологиялар, еңбек өнімінің жоғары сапасы, барған сайын, адамның творчестволық қабілетіне тәуелді болып барады. Олардың деңгейі қаншалық жоғары болса, өндіріс нәтижелері соншалық маңызды. Әлемнің жетекші мемлекеттерінде интеллектуалдық әлеует экономикалық өсімнің іргелі көзіне айналған. Демек, экономиканың тиімді дамуын ынталандырудың экономикалық механизмі ғылымға, жаңа технологияға, жаңа білімге, адам капиталын нәтижелі қолдануға негізделуі қажет.  
Сапалық өзгерістердің көрінісі мынадай: аралық өніммен салыстырғанда түпкілікті өнімнің әлдеқайда алда болуы; өндірілетін өнім сапасының тез өзгеруі мен түрлерінің жаңаруы; ғылыми-техникалық прогресс жылдамдығын анықтайтын өндіріс салаларының өсуі. Сондықтан, экономикалық өсімнің жекелеген факторы заттық факторға қарағанда экономикалық өсудің жаңа сапасына қажетті басты шарты болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, адам капиталына жұмсалған инвестиция мен экономикалық өсім сабақтас құбылыстар. Сондықтан, экономикалық өсудің басты құралы адам капиталына жұмсалатын инвестиция.  
Міне осы баяндалған тиімділік критерилерін негізге ала отырып, экономика тиімділігін ынталандырудың механизмінің мына моделін ұсынамыз (2-сурет).

Ескертпе – автормен құрастырылған

Сурет 2 - Экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің моделі

Модельден экономикалық өсімді ынталандыру механизмінің экономикалық тиімділіктің өсуіне бағытталып тұрғанын аңғаруға болады. Механизм тиімділігінің критерилері экономикалық өсімнің сапалық анықтамсын көрсетеді, яғни экономикалық өсім үнемі экономикалық дамуды қамтамасыз ету қабілетіне байланысты. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі қызметінің нәтижелері тек сандық емес, әсіресе сапалық өсімде де көрінеді, бұл өз кезегінде, адамдардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне, өмір сапасының жақсаруына, халықтың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуінің анағұрлым азаюына серпінді ықпалын тигізеді.  
Экономикалық өсімді ынталандыру механизмін қалыптастыруда бірінші кезекте ғылымды мемлекеттің есебінен қаржыландыру мәселесі тұр. Мұнымен қатар, ғылыми-техникалық прогрестің дамуында шаруашылық субъектілерінің шығындарын арттыру қажет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына бюджеттен қаржыландыру 2001-2003 жж. 40% деңгейінде болса, 2004 ж. ол 50,3%-ға көтерілді. Қаржыландыру көздеріндегі өзіндік қаражаттың үлесі 18,3% шамасында.  
Пайда болған қиындылықтарға қарамастан, тұтастай алғанда, отандық ғылым жоғары әлеуетке ие, бұл орта мерзімді міндеттерді басым бағыттарда шешудің, өндіруші сектормен қатар, экономиканың шикізаттық емес салаларын іс жүзінде үдіретудің кепілі.  
Ғылымның жоғары технологиялық өрістеріне негізделген өндіріс, өнім нарығының дамуына, интеллектуалдық меншіктің қорғалуына тікелей әсер етеді, инвестицияның ғылыми зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жобалармен байланыстылығын күшейте түседі.  
Экономикалық өсімді ынталандырудың тиімді механизмін қалыптастырудың маңызды бағыттары – жоғары деңгейдегі инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету, қаржылық қызметті реттеу, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру, қысқа және орта мерзімді болжамдар жасау.  
Мұндай бағыттардың іске асырылуы төмендегі шаралардың нақты орындалуын қажет етеді:  
- экономиканың, жоғары технологиялық үрдістері басым құрылымына көшу;  
- іргелі және қолданбалы зерттеулері мемлекет және жеке меншік тарапынан қолдау;  
- ғылыми зерттеулерді бюджеттік қаржыландырудың тұрақты, заңдық нормативтермен қамтамасыз ету;  
- қаржы ресурстарын тиімді пайдалана отырып, адам әлеуетін инвестициялауды жетілдіру.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жүргізілген зерттеу мына төмендегі тұжырымдар мен ұсыныстар  жасауға мүмкіндік берді:  
1. Жұмыста «экономикалық мүдде», «ынталандырма», «уәж», «уәждеме», «ынталандыру» категориялары нақтыланды. «Ынталандырма» категориясының екі жақты екені анықталды: біріншіден, объективті (материалды заттық) жағы, оның негізінде экономикалық мүдде қалыптасады; екіншіден, субъективті жағы, аз уәж және ынталандырманың өзара байланыстарын сипаттайды. Экономикалық ынталандыру дегеніміз адамдарды өнімді еңбекке құлшындыратын, олардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер мен тетіктердің жиынтығы.  
2. Тұтынушының жоғары стандарты мен техноло¬гиялық дамуы, адамдардан шаруашылық процесінде, тек ғылыми (біліктілік) дайындығы ғана емес шығармашылық басқару қызметтеріне араласуын да талап етеді.  
Жұмыскердің еңбек белсенділігін ынталандыру үшін уәждемелер мен ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік принциптеріне мыналар жатады:  
– өндірісте материалды ынталандырудан, тұлғаның өзін-өзі жетілдіру уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды әлеуеттілікті өсіру;  
– еңбек және тұрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;  
– материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту;  
– материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпы-ландыру.  
3. Постиндустриалды парадигма жағдайында еңбекке ынталандыру жүйесі кешенді түрде қарастыруды қажет етеді. Ол үшін мыналар жүзеге асуы тиіс:  
- жалақының рөлін ең аз және орта жалақыны өсіре отырып арттыру;  
- келешегі бар ынталандырмалар ретінде «шаруашылықты бірге жүргізу», ынталандыруды дамыту, яғни жұмыскердің басқару қызметіне шешім қабылдауға қатынасуы, еңбек және өндіріс көлемінде ғана емес, жалпы әлеуметтік маңызы бар істерге араласуы;  
- жаңа технологиялық талаптарға сай еңбек саласын түрлендіру.  
4. Өндіріс тиімділігін экономикалық ынталандыру механизмінің негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық өсімнің тұрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған өнімнің отандық және әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмы-сының әсерін күшейту, адам капиталын нәтижелі пайдалану.  
5. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндіріс тиімділігін талдау мына жағдайларды анықтап берді:  
– өндіріс өсімі және корпорация табысының артқанына қарамастан зерттелген кезеңде өндіріс тұрақсыздығы байқалған, бұл әлемдік нарықтағы баға тұрақсыздығына байланысты болды;  
– кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру саясаты жүргізілді, нәтижесінде өнімнің өзіндік құны біршама төмендеді;  
– зерттелген кезеңде еңбек өнімділігінің біршама тұрақты өскені байқалды;  
Сонымен қатар, 2004 ж. бастап, корпорация қызметінде мына тенден-циялар орын алды:  
– өнімнің материалды қажетсінуі 1,12 теңгеге төмендеуі;  
– еңбек өнімділігі алдыңғы кезге қарағанда 33%-ға өсіп, 2005 ж. 2546,5 мың теңгені құрады.  
– негізгі өндірістік қор қайтарылымы 0,62 теңгеге тең;  
– өндіріс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің өсуі өнімділік пайда-лылығының 45%-ға өсуінің әсері.  
6. Еңбекақы төлеуге бөлінген қаражатты қолдану тиімділігін талдау «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де жалақының өндіріс көлеміне пропорционалды өсіп отырғанын көрсетеді. Сонымен қоса, жалақы үлесі жалпы корпорация өндірісі шығынының көлемінде де өсіп отырды, нәтижесінде жалақы өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан басым болды, сөйтіп, жалақының тиімділік көрсеткіші төмендеді. Жалақы жүйесінің басты кемшілігі – қызметкер жалақысының еңбектің түпкі нәтижесіне байланысты еместігі.  
7. Қазіргі нарықтық экономикада, жалдамалы еңбекке негізделу, еңбек бағасын және жалақыны анықтауда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің еңбек саласының өзінде түрлендірулерге жол беріліп отыр. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары: а) корпорация кәсіпорындарының техникалық жаңғырту барысында жұмыс орындарын түрлендіру; б) ұдайы өндірістің постиндустриалды типіне сай жұмысшыны қалыптастыру, жұмысшының білімі және кәсіби біліктілігін өсіру негізінде еңбек белсенділігінің артуына қолайлы жағдайлар жасау; в) өндірістің жеке және материалды-заттық факторларының өзара әсерінің тиімді жүргізілуі.  
8. Еңбекке сыйақы төлеуде мына принциптер сипатталуы қажет:  
– сыйақыландыру даралық сипатта болуы, яғни жұмысшылардың жұмыс орны, цех, кәсіпорын жұмыс жақсартуға қосқан үлесі үшін;  
– сыйақыландыру нақты болуы, яғни белгілерін нормативтер мен мөлшерді орындағаны үшін емес, еңбектегі жетістігі үшін;  
– сыйақының максималды көлемінің шектелмеуі;  
– сыйақыландыру әркімге түсінікті және қарапайым болуы керек.  
9. Ынталандыру механизмінің ұсынылып отырған моделі экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған. Тиімділік механизмінің критерийлері экономикалық өсімнің сапалық анықтамасын көрсе¬теді, ол әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты қарқын беру қабілетіне тікелей байланысты. Экономикалық дамудың тиімділігін ынталандыру механизмінің басты бағыттары мыналар:  
– экспортқа бағдарланған шикізат секторының өңдеу өнеркәсібі және импорт алмастыру процестеріне ауысуы;  
– ғылыми-техникалық прогреске және жоғары технологиялық өндіріске ынталандыру, өнім сапасына білімнің әсерін күшейту.  
– инновациялық процестерді және жаңа техника мен технологияларды енгізу, адам капиталына инвестицияларды белсендіру;  
– экономикалық тиімділікті еңбек өнімділігін өсіру есебінен қамтамасыз ету;  
– макроэкономикалық болжаудың, елдің экономикалық дамуын ынталан-дыру процесіндегі рөлін арттыру;  
– халықтың әл-ауқатының жақсаруы, тұрғындардың тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін мейлінше төмендету.

Информация о работе Еңбек өнімділігін жоғарылату