Экологиялық менеджмент жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 14:34, контрольная работа

Описание

Әлем қоғамдастығындағы алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты дамуға, қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс

Работа состоит из  1 файл

экологиялық менеджмент.doc

— 1.16 Мб (Скачать документ)

ҚР СТ 14001-2006. Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001)

Әлем қоғамдастығындағы  алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты  дамуға, қазіргі кезде халықаралық  қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс.

Экологиялық менеджмент жүйесінің артықшылықтары:

компания беделінің  өсуі

апат жағдайларын  басқару

заңнамадағы өзгерістерге жеңіл бейімделу

бақылау органдары  тарапынан айыппұлдар санын азайту

тендерлердегі басымдылық

Кәсіптік қауіпсіздік  пен денсаулық менеджменті жүйесі (OH&S) денсаулық және қауіпсіздік  қауіп-қатерін басқарады.

OH&S Кәсіптік  қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесі қызметкерлердің өздері атқаратын қызметтеріне байланысты денсаулықтарына келтірілетін қауіпті болдырмау немесе барынша азайту үшін OH&S менеджменті жүйесін құрайды.

OH&S Кәсіптік  қауіпсіздік пен денсаулық менеджменті жүйесін сертификаттау жалпы техникалық болып табылады және кез келген экономика секторында немесе кәсіпорын саласында қолданыла алады. OH&S халықаралық стандартын қолдану Сіздің кәсіпорныңыздың әлемдік саудаға анағұрлым табысты қатысуын қамтамасыз етеді, компанияңыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырады және беделін өсіреді.

Экологиялық менеджмент

2008 жылдан  бастап енгізілген және ISO 14001:2004 халықаралық стандартына сәйкес  қалыптасқан «KEGOC» АҚ экологиялық  менеджмент жүйесі (бұдан әрі-ЭМЖ)  Компанияның экологиялық саясатына сәйкес барлық экологиялық көрсеткіштер бойынша жақсартуға қол жеткізді.

ЭМЖ негізгі  нормативтік құжаттары «Экологиялық менеджмент жүйесі жөніндегі басшылық»  және «Экологиялық менеджмент жүйесін  жоспарлауды басқару» стандарты  болып табылады. Қоршаған ортаға әсер етудің алдын алу және азайту мақсатында «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған экологиялық бағдарламасы әзірленді. Бұдан басқа, бірқатар мынадай құжаттар дайындалды: сәйкестендірілген экологиялық қауіптерге қолданылатын нормативтік талаптар тізілімі, „KEGOC“ АҚ экологиялық аспектілерін сәйкестендіру. Әсер ету ауқымын бағалауды анықтау тәртібіне сәйкес маңыздылық дәрежесі бойынша саралау нәтижесінде «KEGOC» АҚ 2008 жылға арналған маңызды экологиялық акпектілері анықталды.

2008 жылы  ЭМЖ дамыту мақсатында «Өндіріс қалдықтарын басқару» ұйым стандарты әзірленді және бекітілді.

2008 жылы  экологиялық менеджмент жүйесі  шеңберінде және экологиялық  заңнама талаптарына сай ЖЭТ  филиалдарында «KEGOC» АҚ 2008 жылға  арналған экологиялық бағдарламасында  мынадай іс-шаралар орындалды:

аумақтық  қоршаған ортаны қорғау органдарымен «Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау» жобасы, ластаушы заттардың шекті  рұқсат етілген шығарындылары (ШРШ) және шекті рұқсат етілген төгінділері (ШРТ) нормативтері, қалдықтармен жұмыс істеу нормативтері келісілді;

өндірістік  қызметтің экологиялық мониторингін жүргізуге шарт жасалды;

мамандандырылған  полигондарда қатты тұрмыстық және басқа да қалдықтарды, қатты тұрмыстық  және өнеркәсіптік қалдықтарды қоймалауға және құрамында сынап бар өңделген шамдарды шығаруға шарт жасалды.

ҚР Экологиялық  кодексінің 8-тарауына сәйкес ЖЭТ филиалдары ШРШ және ШРТ әзірленген нормативтеріне сай ластаушы заттардың қоршаған ортаға эмиссиясына рұқсат алды.

2008 жылы  қоршаған ортаны қорғау жөніндегі  іс-шаралар сомасы 23,6 млн.теңгеге орындалды.

Елеулі  экологиялық аспектілердің қоршаған ортаға әсер етуін азайту үшін мынадай  міндеттер алға қойылды және орындалды: ҰЭТ жаңғырту жобасын іске асыру  барысында қосалқы станциялардың  босатылған және бөлшектелген негізгі жабдығын (1535 тонна) және май толтырылған жабдықтан құйылған рансформатор майын (227 тонна) шығару жөнінде жұмыс аяқталды. „KEGOC“ АҚ 2008 жылға арналған экологиялық бағдарламасында жоспарланған мақсатты және жоспардағы экологиялық көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар орындалды.

«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін  салу» жобасын іске асыру кезінде  ДҚДБ және ЕҚДБ қаржы институттарымен  келісілген табиғат қорғау іс-шаралары орындалды.

2008 жылдың аяғында «Сапа, экология, кәсіби қауіпсіздік және денсаулық сақтау біріктірілген менеджмент жүйесінің ішкі аудиті» стандарттарының талаптарына сәйкес экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес бағалау жүргізу үшін ішкі экологиялық аудит жүргізілді.

      3.2 Экологиялық менеджмент жүйелері

     Экологиялық менеджментінің идеясы қоғамның әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерімен баланс сақталған кезде қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның ластануын  болдырмау бойынша шараларды  қолдау. Экологиялық менеджмент жүйелері мүдделі тараптардың кең ауқымда қоршаған ортаны қорғауға қатысты қажеттіліктеріне айналды.

     2006 жылдың желтоқсанының аяғына  дейін әлемде ISO 14001:2004 бойынша 140 елде және экономикалық жүйелерде  129199 кем емес сертификаттары берілген  болатын. 

     2006 жылдың қорытындысы жалпы саны 138 елде және экономикалық жүйелерде 111 162 болған 2005 жылмен салыстырғанда 18037 (+16 %) артқанын көрсетіп отыр. 

     2-кесте  - ISO 14001:2004 Басты нәтижелер

Әлемдік

нәтижелер

2005 желтоқсан 2006 желтоқсан
  14001:2004 бойынша олардың қорытындысы
Әлемдік қорытынды 111162 56593 129199
Әлемдік өсу 21225   18037
Елдер саны / экономикалық жүйелер      
 

Экологиялық менеджмент жүйелері.

Қолдану жөніндегі  талаптар мен басшылық

Кіріспе

Әр түрлі  ұйымдар өзінің экологиялық саясаты  мен экологиялық мақсаттарын есепке ала отырып коршаған ортаға қызметінің, өнімінің және қызмет көрсетуінің нәтижелерінің әсер етуін бақылау арқылы экологиялық тиімділікке қол жеткізуге және оны көрсетуге барынша мүдделі бола бастады. Бұл заңнаманы қатаңдандыру, экономикалық саясат пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған басқа да шараларды дамыту, сондай-ақ қоршаған орта мәселелеріне мүдделі тараптардың назарының көтеріңкі болу және түрақты даму шарттарымен жүзеге асырылады.

Көптеген  ұйымдар экологиялық тиімділігін бағалау үшін экологиялық «талдау» немесе «аудиттер» жүргізеді. Дегенмен өздігінен осы «талдаулар» мен «аудиттер» ұйымның өзінің экологиялық тиімділігі заңнамада қарастырылған талаптар мен экологиялық саясатына жауап беріп қана қоймай, болашақта оларға сәйкес келетініне сенімділікпен қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Тиімділігін камтамасыз ету үшін «талдаулар» мен «аудиттер» менеджмент жүйесі аясында жүргізілуі және ұйымның жалпы экімшілік кызметімен біртұтас бірігуі тиіс.

Экологиялық менеджментке таратылатын халықаралық стандарттар экологиялық және экономикалык мақсаттарға кол жеткізуде ұйымдарға көмектесу үшін менеджменттің басқа элементтерімен біріктіріле алатын экологиялық менеджменттің тиімді жүйесінің элементтерімен ұйымдарды қамтамасыз етуге арналған.

Осы стандарттар  басқа халықаралық стандарттар  сияқты саудадағы тарифсіз кедергілерді жасау мақсатында пайдалагуға не ұйымның қүқықтық міндеттемелерін  қатаңдандыруға немесе өзгертуге арналмаған.

Осы стандарт ұйымның заңнамалық талаптарды және маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпаратты ескеретін экологиялық саясат пен мақсаттарды әзірлей және енгізе алуы үшін экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Оны географиялық жағдайы, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктері әр түрлі, барлық түрдегі және көлемдегі ұйымдар қолдана алады. Экологиялық менеджмент жүйесінің үлгісі 1-суретте берілген.

Жүйенің табысты болуы барлық деңгейдегі және ұйымның барлық бөлімдері, әсіресе, жоғарғы басшылық өзіне алған  міндеттемелеріне байланысты. Осы типті жүйе ұйымға экологиялық саясатты қалыптастыруға, экологиялық саясатта қарастырылған міндеттемелерді орындау үшін мақсаттар мен процестерді белгілеуге, сондай-ақ экологиялық менеджмент жүйесінің тиімділігін жақсарту үшін қажетті әрекеттерді қабылдауға және аталған жүйенің осы стандарт талаптарына сәйкестігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осы стандарттың негізгі мақсаты - қоршаған  ортаны қорғауды қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалык қажеттіліктермен балансты сақтау кезінде оның ласталуының алдын алу. Осы стандарт талаптарының көпшілігін кез келген уақытта қарауға немесе қайта қарауға болатыны еске сақтау керек.

Стандарттың жаңа нұсқасында бірінші басылымның түсіндірілуіне көңіл аударылды  және пайдаланушылардың мүдделеріне  байланысты екі стандарттың үйлесімділігін арттыру үшін Исо 9001 ережелеріне ерекше көңіл аударылады.

Осы стандартың 4-тарауындағы және А қосымшасындағы тараушалардың нөмірлері қарапайым  пайдалану үшін біріктірілген. Мысалы, 4.3.3 және А.3.3 тармақтары мақсаттарға, міндеттерге  және бағдарламаға(ларға) қатысты, ал А.5.5 тармақтары ішкі аудитке қатысты. Бұдан басқа, В қосымшасы ИСО 14001:2004 және ИСО 9001:2000 арасындағы байланысты белгілейді және керісінше.

Экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар жазылған және ұйымның экологиялық менеджмент жүйесін сертификаттау/тіркеу және/немесе өзі декларациялау үшін колданыла алатын осы стандарт пен сертификаттау мақсатына жарамсыз және ұйымдарға экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу немесе жетілдіру кезінде көмек көрсетуге арналған басшылық нұсқамалары арасында маңызды айырмашылық бар. Экологиялық менеджмент стратегия мен бэсекеге қабілеттілікке қатысты мәселелерді қоса, мәселелердің тұтас спектрін қамтиды. Осы стандарттың табысты енгізілуін көрсетуді мүдделі тараптардың ұйымда тиісті экологиялық жүйенің бар екеніне сенуі үшін ұйымның өзі пайдалана алады.

Экологиялық менеджмент әдістерін қамтамасыз ету  жөніндегі басшылық басқа стандарттарда, әсіресе ИСО/ТК 207 шығарылған экологиялық  менеджмент жөніндегі құжаттарда жазьшған. Басқа стандарттарға берілген кез келген сілтеме акпараттық кана болып табылады.

Ескерту- Осы стандарт Plan-Do-Check-Act (PDCA) ретінде  белгілі методологияға негізделеді. РБСА циклін мынадай тәсілмен қысқаша  сипаттауға болады:

Жоспарлау: тұтынушылардың талаптары мен уйым саясатына сәйкес нәтижелерге қол жеткізуге қажетті мақсаттар мен процестерді әзірлеңіздер. Жүзеге асыру: процестерді енгізіңіздер.

Тексеру: саясатпен, мақсаттармен және өнімге арналған талаптармен салыстыруда процестерді  және өнімді үнемі бақылаңыздар және өлшеңіздер.

Іс-әрекет: процестердің көрсеткіштерін үнемі  жақсарту жөнінде іс-әрекеттер қабылдаңыздар.Көптеген ұйымдар процестер жүйесін және олардың «процестік тәсіл» ретінде  қарастырылатын өзара әрекеттесуін қолдана отьфып, өз жұмысын жүзеге асырады. [2] процестік тәсілді қолдануға жағдай жасайды. Өйткені РБСА циклін барлық процестерге қолдануға болады, осы екі методология бірлестірілген методологиялар ретінде қарастырылады.

Осы стандарт эділ аудиторлық тексеруден өткізіле алатын талаптардан ғана түрады. Экологиялық менеджмент жүйесіне қатысты мәселелердің кең спектрі бойынша жалпы басшылықты талап ететін ұйымдардың [3] пайдалануы керек.

Осы стандарттың  қалыптасқан саясаттағы заңнамалық талаптарға және қоршаған ортаны ластаудың  алдын алуға және жүйені үнемі жетілдіруге қатысты ұйымға таратылатын басқа талаптарға сәйкестік туралы міндеттемелерден басқа экологиялық тиімділіктің асолют талаптарын белгілемейді.  Осылайша ұқсас қызмет атқаратын, бірақ әр түрлі экологиялық тиімділігі бар екі ұйымның екеуі де осы стандарт талаптарына сәйкес келе алады.

Экологиялық менеджмент жүйесіне койылатын талаптар қатарын қабылдау және жүйелі орындау  барлық мүдделі тараптар үшін оңтайлы  нәтижелермен қамтамасыз етеді. Дегенмен осы стандартты қолдану қоршаған ортаны қорғаумен байланысты оңтайлы нәтижелерге жетуге кепілдік бермейді. Экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін экологиялық менеджмент жүйесі ұйымды бір тұтастыққа, экономиялық және экологиялық тиімділікке сүйене отырып, прогрессивті технологияның енгізілуіне ынталандыруы тиіс.

Осы стандарт экологиялық менеджмент жүйесінің  элементтері басқа жүйелердің элементтерімен қиюласа немесе біріге алатынына  қарамастан, сапа менеджментінің, еңбекті, қаржыны және қауіп-катерден қорғау жүйесі сияқты басқа да менеджмент жүйелері үшін талаптар белгілемейді. Ұйым осы стандарт талаптарына сәйкес келетін экологиялық менеджмент жүйесін құру үшін өзінде бар менеджмент жүйесін(лерін) пайдалана алады. Сонда да менеджмент жүйесінің әр түлі элементтерін колдану қойылған мақсаттар мен тартылған мүдделі тараптарға байланысты айрықшалана алатынын ескеру керек.

Информация о работе Экологиялық менеджмент жүйесі