Экологиялық менеджмент жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 14:34, контрольная работа

Описание

Әлем қоғамдастығындағы алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты дамуға, қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс

Работа состоит из  1 файл

экологиялық менеджмент.doc

— 1.16 Мб (Скачать документ)

шешу  жолдары»

Алты  алаштың анасы атанған, адамзат баласын алғаш ғарышқа аттандырған Сыр өңіріне және қазақ

елінің  тұңғыш астанасы болған Қызылорда қаласына қош келдіңіздер!

Сонымен қатар Арал өңірінің проблемалары жөніндегі  өткізілгелі отырған осы маңызды  іс-шараны

ұйымдастыруды қолдағандарыңызды және қатысып отырғандарыңыз үшін үлкен ризашылығымды

білдіремін!

Қазақстанның  тәуелсіздік алған күнінен бері мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев елдегі

басымды міндет етіп экологиялық жағдайды жақсартуды қойып отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен халықаралық қаржы институттары мен қорлары,

үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы экономикаға инвестиция тарту және көмек көрсету

мәселелері  бойынша байланысы экологиялық  дағдарыстың зардаптарын жою  үшін күшейіп отыр.

Айта  кету керек, көптеген жұмыстар Халықаралық  Арал теңізін құтқару қорының  ықпалымен жүргізіліп

отыр. Арал теңізі бассейні Бағдарламасын толығымен  және бөлек компоненттерін қаржыландыруда

бірқатар  халықаралық ұйымдар (ЮНДП, ЮНЕП, ЮНЕСКО, Дүниежүзілік банк, Араб Даму Банкі, ТАСИС),

және  Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Швеция және т. б.

мемлекеттердің  үкіметтері белсенді қатысты.

Мысалға, немістің KFW банкісі грантымен Қазалы қаласын ауыз сумен қамтамасыз ету  жобасы,

«Каттегаттан Арал теңізіне дейін» атты балық аулау кәсібін жандандыру мен камбаланы өңдеудің

Қазақстан-дат  жобасы, Қосжар қыстағында МАШАВ ұйымының ЮСАИД-пен бірлесіп «Қамбаш көліндегі

балық қорының табиғи және экономикалық әлеуетін қалпына келтіру, балықтардың бағалы түрлерін

өсіру»  және тағы басқа көптеген жобалар  жүзеге асырылды.

Арал  өңірінің проблемаларын кешенді  шешу жөніндегі кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқан

Бағдарламадан туындайтын әлем сарапшылары «Ғасырдың  ғаламат жобасы» деп айдар  таққан

Дүниежүзілік банкісі заемы қаржысының есебінен жүзеге асырылған «Сырдария өзенінің арнасын реттеу

және  Солтүстік Арал теңізінің бөлігін  сақтау - 1 кезеңі» жобасын ерекше атап өткім келеді. Бұл жобаның

екінші  кезеңін іске асыруды да Дүниежізілік банкі қаржыландыруды жалғастырады деп сенім білдіремін.

Бұдан бөлек 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму

банкісі арасында зайым туралы келісіміне сәйкес, «Республиканыңорманын сақтау және орманды

аумақтарын  көбейту» жобасын жүзеге асыру басталды. Жобаның стратегиялық бағыттарының бірі болып:

Арал  теңізі ұлтанының кеуіп қалған бөлігінде  орман егу жұмыстары, жайылымдық жерлерді қалпына

келтіру. Осы компоненттің көмегімен 79000 гектар көлеміндегі жерде сексеуіл егу  жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Арал теңізі бассейініндегі су ресурстарының ұйымдастыру, құқықтық және қаржылық

механизмдерін бірлесіп басқаруды қамтамасыз ету, экологиялық апат аймағын сауықтыру, халықты таза

ауыз  сумен қамтамасыз ету және табиғи әртүрлілүкті сақтау жұмыстары жүргізілді.

Алайда, Арал теңізі бассейініндегі жобалар  мен бағдарламалардың жүзеге асырылуы кезінде

қабылданып  отырған шараларға қарамастан Арал өңірінің әлеуметтік-экономикалық және экологиялық

дамуында  бірқатар кезек күттірмейтін мәселелер  қалып отыр. Бүгінгі күні сапалы су, денсаулық және

халықтың  жұмыспен қамтылуы, қоршаған ортаны қорғау басты басымдылықтар болып табылады.

Өңірді  сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын жақсарту және кедейшілік пен

жұмыссыздық деңгейін азайту бойынша үлкен жұмыстар жүргізу қажет. Республика үкіметімен ауқымды

қаржылар  бөлінуде. Алайда бұл қаржылар Арал теңізі бассейніндегі мемлекеттердің ортақ экологиялық

мәселелерін кешенді шешу үшін жеткіліксіз.

Осы дөңгелек үстел әрі  қарай қарым-қатынасты  және халықаралық қауымдастықтың қызметін

дамыту  үшін Арал өңірі бассейніндегі  басым әлеуметтік-экономикалық және экологиялық  міндеттерін

шешудің алғышарты болады деп сенемін.

Сіздерді  ынталарыңыз бен  дөңгелек үстел жұмысына қатысқандарыңыз  үшін тағы да алғыс  білдіруге

рұқсат  етіңіздер,жұмыстарыңыз табысты және нәтижелі болсын деп тілектестік  білдіремін.

Рзакул Нуртаев

Заместитель

Экологиялық менеджмент жүйесі

Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ) – ұйымның экологиялық  саясатын әзірлеу және жүзеге асыру  үшін және оның экологиялық аспектілерін басқару үшін пайдаланылатын ұйымның менеджмент жүйесінің бір бөлігі.

Түрлі ұйымдар  өз жұмыстары мен қызмет көрсетулері  нәтижелерінің қоршаған ортаға әсерін өздерінің экологиялық саясатын және экологиялық мақсаттарын ескере отырып бақылау арқылы өздерінің экологиялық тиімділігіне қол жеткізу және оны көпшілікке көрсету істеріне жылдан-жылға мүдделілік танытып отыр.

ИСО 14001-2006 халықаралық  стандарты ұйымдарды экологиялық  менеджменттің тиімді жүйесінің  элементтерімен қамтамасыз етуге арналған.

 СТ РК ИСО 14001-2006 талабына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесіне сйке сертификат алды. «Экологиялық менед жмент жүйесі. Талап» (сертификат № KZ.6310318.07.03.04541).

22.01.2007 / 10:05

Батыс Қазақстан  облысында 53 кәсіпорын-мекеме сапа және экологиялық менеджмент жүйесі сертификатымен жұмыс жасайды

ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 53 кәсіпорын-мекеме сапа және экологиялық менеджмент жүйесі сертификатымен жұмыс жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Соның 17-сі өндіріс орны болса, бес кәсіпорында екі және одан да көп сапа жүйесі енгізілген. «Оралсуқұрылысы» АҚ, «Омега» прибор жасау зауыты» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ, «Ариадна» ЖШС Moody International Certification ( Ұлыбритания ) сертификатын иеленсе, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ, «Ақсайгазсервис» АҚ, «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ IQNet Ресей тіркелім сертфикаттау жүйесіне енген. Облыста «Конденсат» АҚ, «Казбургаз» АҚ, «Ақсайгазсервис» АҚ сияқты тоғыз кәсіпорын ИСО 14001 экологиялық менеджмент жүйесіне сәйкестік талабын орындаса, «Казбургаз» АҚ, «Ақсайавтотранс» АҚ, «Ақсайгазсервис» АҚ, «Ариадна» ЖШС кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында OHSAS 18001 сапа менеджменті жүйесіне еніп отыр. Халықаралық стандарттарға көшіру мен облыстағы өнеркәсіп орындарында ИСО 9001 және 14001 халықаралық сапа жүйесін енгізу бағытында қызметкерлерді оқыту жұмыстары биыл да жалғаспақ.

Информация о работе Экологиялық менеджмент жүйесі