Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 14:34, контрольная работа
Әлем қоғамдастығындағы алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты дамуға, қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс
Қазақстан құрамына 10 шақты заң мен 200-ден астам заңға тәуелдi нормативтiк құжаттар кiретiн дамыған экологиялық заңнамаға ие.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетiлдiру саласында ең алдымен, дамыған елдердiң экологиялық заңнамасына жақындату және халықаралық стандарттарды енгiзу бағыты алынған.
Бiрiншi кезеңде, пәрменi қоршаған ортаның жай-күйiне әсер етуi мүмкiн Қазақстан Республикасының барлық басқа да заң актiлерiне табиғат қорғау нормаларын енгiзу қажет.
2004 жылы мiндеттi
экологиялық сақтандыруды
Экологиялық аудит өз кезегiнде кәсiпорындар мен ұйымдарға қоршаған ортаны ластаудың нормативтiк көрсеткiштерiне экономикалық тұрғыдан ұтымды әдiстерiмен қол жеткiзуге көмектесуi тиiс.
4.2.2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жүйеге келтiру
Қазақстан Республикасы заңнамасының дамығандығы мен әртараптылығы оны пайдалануда белгiлi қиындықтарды да тудырады. Көптеген экологиялық заңдар өзара байланысты және бiрiн өзгерту басқаларын өзгертудi талап етедi, ол елеулi еңбек шығындарымен қатар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының жалпы жүйесiн бұзады, заңдар мен заңға тәуелдi актiлердiң қайшылықтарын тудырады.
Мұнымен қатар, аталған заңдарды iске асыру үшiн заңға тәуелдi көптеген нормативтiк құжаттар қажет болады.
Осымен байланысты,
Қазақстан Республикасының
Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық құжаттарға сiлтемесiз, тiкелей әрекеттi ережелердiң көпшiлiгiн қоршаған ортаны қорғау туралы кодексте көрсету жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын жинақтау процесi 2006 жылдың аяғына дейiн аяқталуы тиiс.
4.3. Қоғамды экологияландыру
Қоғамды экологияландыру - бұл адамның табиғатпен үйлесiмдiлiгiне қол жеткiзуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесiн қалыптастыру процесi. Оны жүзеге асыру экологиялық бiлiм беру мен тәрбиелеудi дамыту, ғылыми қамтамасыз ету, экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы жолымен жүргiзiледi.
4.3.1. Экологиялық бiлiм беру және тәрбие
Қоғамның экологиялық
мәдениетiн қалыптастырудың
бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;
мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет;
табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;
биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.
4.3.2. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету
Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету тұрақты дамуға көшудiң теориялық және технологиялық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi және iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң мынадай кешенiн қамтиды:
табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу;
биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу;
ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
Экологиялық қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi бюджеттiк бағдарламалар және халықаралық гранттар арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша ғылыми мекемелер жүргiзедi.
4.3.3. Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы
Халықтың арасында
экологиялық ақпарат таратудың
экология қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
мәселелерiн шешуде үлкен ағартушылық-үгiт-
Сонымен бiрге, берiлетiн материалдардың сапасын, жеделдiгiн және өзектiлiгiн арттыру жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттiк органдар олар бойынша ресми материалдар беру арқылы өзектi экологиялық проблемаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы тиiс. Бұл үшiн интернетте экологиялық сайттар құрып, онда ресми ақпаратты орналастыру, ғылыми мақалаларды, монографияларды жариялауды жалғастыру, экологиялық газеттер мен журналдар басып шығару қажет.
Экологиялық проблемаларды шешуде барлық мүдделi азаматтардың қатысуының тиiмдiлiгiн ескере отырып, мемлекеттiк органдар экологиялық ақпаратқа тиiстi қол жеткiзудi, қоршаған орта қорғау саласындағы шешiмдердi қабылдауды қамтамасыз етуi тиiс. Бұл әдiс сұралатын ақпаратты берумен және қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететiн iрi шаруашылық жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткiзумен қамтамасыз етiлетiн болады.
Экологиялық үгiт-насихатта және ағартушылықта табиғатпен үйлесiмдiктегi салауатты өмiр салтын насихаттауға, экологиялық туризмдi дамытуға ерекше рөл арттылуы тиiс.
Халықаралық конвенциялар бойынша мiндеттемелерге сәйкес үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың әлеуетiн қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптаманы жүргiзу арқылы экологиялық проблемаларды шешуге, қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерi бойынша қоғамдық көзқарасты қалыптастыруға қатысуға бағыттау қажет.
4.4. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.
Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс.
Осы саясаттың негiзгi бағыттары:
халықаралық келiсiмдердiң ережелерiн практикалық iске асыру;
қоршаған ортаның сапасын бағалаудың және жай-күйiн бақылаудың жалпы тәсiлдерiн, әдiстерiн, өлшемдерi мен рәсiмдерiн әзiрлеу;
үйлестiрiлген iргелi және қолданбалы экологиялық зерттеулердi жүргiзу;
экологиялық қауiпсiздiк проблемасын шешуде халықаралық тәжiрибенi пайдалану;
қоршаған ортаны
қорғау мен елдiң тұрақты дамуы
саласындағы нақты
Мұндай саясатты практикалық iске асыру Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық мемлекеттермен үйлесiмдiлiгi үшiн оған прогрессивтiк қолдау табуға ықпал етуi тиiс.
Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметiне республиканың неғұрлым кеңiрек қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзiрленетiн бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар белгiленуi тиiс.
Техникалық және өзге де көмектi алу оны тиiмдi пайдалануды талдаумен жүргiзiлуi тиiс. Тек қана ақпараттың жеткiлiктi көлемiн қамтамасыз ету және жергiлiктi жағдайларды неғұрлым тереңiрек түсiну үшiн ғана емес, сонымен бiрге, олар табиғат қорғау қызметiн басқару жөнiндегi дағдыларды игеруi үшiн бiрлескен жобаларға қатысуға жергiлiктi сарапшылар мен мекемелердi тарту қажет.
Менеджмент жүйесі
Республикада соңғы жылдар бойына кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін енгізу бойынша жұмыс белсенді жүргізіліп келеді. Тиімді дамыған халықаралық компаниялардың практикасы мен білімдеріне негізделген қазіргі заман менеджмент жүйелері қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін рынокты реттеу тетіктері мәселелерін кешенді шешуге мүмкіндік береді. Сапалы өнім (қызмет) алу бөлігінде тұтынушылардың құқығын орнықты да тұрақты сақтауға және қанағаттануын қамтамасыз етуге 9000 сериялы ISO халықаралық стандарттарына сәйкес құрылған сапаны басқарудың жүйесі көмектеседі. Меншікті қызметкерлер денсаулығын қорғау бөлігінде сенімді жағдайлар қамтамасыз етуге OHSAS 18000 халықаралық стандартына сәйкес кәсіби қауіпсіздік менеджменті жүйесі қызмет етеді. Қоршаған ортаны теріс әсерлерден жүйелі де мақсатты қорғауға арналған шарттарды компаниялар ISO 14000 стандартына сәйкес экологиялық менеджмент жүйесін құрайды.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында жаңа менеджмент жүйелерін әрі қарай дамыту және енгізу мақсатында ҚР Премьер-Министрі Е. Мәсімовтің «Қазақстандық ұйымдардың халықаралық стандарттарға әрі қарай көшуі бойынша 2010-2011 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» 2010 жылы 9 наурызда № 43-ө өкімі бекітілді. Жоғарыда аталған өкімге сәйкес менеджмент жүйелерін енгізген және сертификаттаған кәсіпорындарға, оның ішінде экспортқа бейімделген кәсіпорындарға мониторинг жүргізіледі.
Облыс, Астана және
Алматы қалалары әкімдері 2010 жылғы 01 сәуірге
берген деректері бойынша
Қазақстанда экспортқа бейімделген кәсіпорындар саны – 207, олар менеджмент жүйесін сертификаттаған кәсіпорындардың жалпы санынан 7,7 % құрайды. 2010 жылғы 01.01 деректермен салыстырғанда экспортқа бейімделген кәсіпорындардың 19 кәсіпорынға артуы бақыланады. «Қазақстандық Арал өңірінің су және экологиялық қауіпсіздігінің қазіргі мәселелері және оны