Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2011 в 14:34, контрольная работа
Әлем қоғамдастығындағы алдыңғы елдермен қатарлас деңгейге шығуға ынталана отырып Қазақстан орнықты дамуға, қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық жылы қабылдайтын және кәсіпорындардың өзінің және олардың өнімдерінің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы экологиялық менеджмент технологиясына көшуге ұмтылуы тиіс
Экологиялық менеджмент жүйесінің күрделілігі және оны бөлшектеу деңгейі, құжаттама мен жүмсалатын ресурстардың көлемі жүйені колдану саласы, ұйымның өлшемі және оның қызметінің, өнімінің және қызмет көрсетуінің сипаты сияқты факторлар катарына байланысты. Бұны, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындарға қолдануға болады.
1 Қолдану саласы
Осы стандарт ұйымға таратылатын заңнамалық талаптар мен басқа да талаптарды және маңызды экологиялық аспектілер туралы ақпараттарды есепке ала отырып, ұйымдарға экологиялық саясаты мен мақсаттарын әзірлеуде және іске асыруда көмек көрсету мақсатында экологиялық менеджмент жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді. Ол ұйымның өзі бақылай алатын және оларға әсер ете алатын аспектілер ретінде анықтайтын экологиялық аспектілерге қолданылады. Стандарт экологиялық тиімділігінің нақты критерийлерін белгілемейді.
Осы стандартты:
а) экологиялық менеджмент жүйесін әзірлегісі, енгізгісі, жұмыс жағдайында үстағысы және жақсартқысы;
b) белгіленген экологиялық саясатқа өзінің сәйкестігін растағысы;
c) осы стандартқа сәйкестігін:
1) өзін-өзі
бағалау және өз-өзін
2) берілген
ұйымның қызметіне мүдделі
3) сыртқы
тараптың оның өзін-өзі
1. Жалпы ережелер
2. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаты, негiзгi мiндеттерi мен қағидаттары
3.
Экологиялық қауiпсiздiк
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi
5.
Экологиялық қауiпсiздiк
4. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бағыттары мен негiзгi тетiктерi
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары экономиканы, заңнаманы және қоғамды экологияландыру болып табылады.
4.1. Экономиканы экологияландыру
Экономиканы экологияландыру
өндiрiстiң табиғат
Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшiн pecуpc үнемдейтiн технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндiрiстiң үлесiн азайту, табиғат пайдаланудың, мемлекеттiк экологиялық бақылаудың, экологиялық мониторингтiң және статистиканың табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландырудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру арқылы барлық әзiрленетiн мемлекеттiк, өңiрлiк және салалық бағдарламаларға экологиялық шарттар мен талаптарды енгiзу қажет.
4.1.1. Табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру
Табиғат пайдаланудағы жаңа экономикалық тетiктер баға белгiлеу жүйесiне экологиялық сипаттамаларды енгiзудi, табиғат пайдаланудың ақылылық жүйесiн жетiлдiрудi және мiндеттi экологиялық сақтандыруды көздейдi.
Табиғат пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметiнiң тиiмдiлiгi қаржы ынталандыруын құрумен, сондай-ақ табиғат қорғау-қызметiндегi қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық құралдарын енгiзумен айқындалады. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау iс-шараларын жүргiзуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынталандыру экологиялық төлемдер жүйесiн көздейтiн табиғат пайдаланудың экономикалық тетiгi көмегiмен жүргiзiлуi тиiс.
Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдер ресурстарды нормативтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгiндiлерi үшiн ставкаларды арттырудың тетiгi арқылы қоршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалық ынталандыруды қамтамасыз етедi.
2004 жылы қоршаған
ортаны ластағаны үшiн төлем
ставкасы қайта қаралатын
Экономикалық құралдар инновацияларды енгiзу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, неғұрлым тиiмдi және аз қалдықты технологияларды дамыту мен енгiзу мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне қатаң нормалар мен стандарттардың белгiленуiне ықпал етуi тиiс.
Табиғат қорғау заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген зиян ластану деңгейi мен келтiрiлген залалды (зиянды), қалпына келтiруге, ұдайы өндiрiске кеткен шығындарды және өзге де шығыстар мен ысыраптарды ескере отырып, толық көлемде өтеуге жатады.
4.1.2. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың тиiмдiлiгiн арттыруды бақылау мен құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезiнде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесiнде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетiгiн құру жолымен мемлекеттiк бақылау органдарын күшейтудi көздейдi.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары инспекциялар өткiзумен немесе құқық қолдану iс-қимылдарын жүзеге асырумен байланысты кез келген мәселелерге қатысты тәуелсiз және әдiл шешiмдер қабылдау үшiн барлық өкiлеттiктерге ие болуы тиiс.
Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн дамыту:
құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиiмдi жүйесiнiң негiзгi сипаттамасын табуға мемлекеттiк органдарға көмектесетiн және ұзақ мерзiмдi перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттiк бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргiзуге ықпал ететiн модельдi құруға;
мемлекеттiк органдарды, өнеркәсiп кәсiпорындарын, үкiметтiк емес ұйымдарды және қалың жұртшылықты қоса алғанда, экологиялық, заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметке барлық қатысушылардың арасындағы ынтымақтастыққа және ақпарат алмасуға жәрдемдесуге;
экологиялық менеджмент жүйесiнiң маңызды құралы ретiнде өндiрiстiк бақылауды мiндеттi жүзеге асыруға;
табиғат қорғау
iс-шараларының орындалуына
қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға құқықтық және әлеуметтiк кепiлдiктер беруге бағытталуы тиiс.
4.1.3. Табиғат пайдалану мен экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыру
Әлемнiң дамыған елдерiнде қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалау негiзiнде кешендi жүзеге асырылады. Бұл қағидаттың бiр құқықтық көрiнiсi әлемнiң көптеген елдерiнiң экологиялық заңнамасына енгiзiлген қоршаған ортаға әсердi бағалау тәртiбi болып табылады. Осындай елдер қатарына Қазақстан Республикасы да кiредi.
Қазақстанда, әдетте, ТМД-ның басқа елдерiндегiдей, қоршаған ортаға әсердi мiндеттi бағалаумен қатар, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзiледi. Мемлекеттiк экологиялық сараптамамен ажырағысыз болатын қоршаған ортаға әсердi бағалау (ҚОӘБ) шаруашылық қызметтi алдын ала экологиялық бақылаудың тетiгi болып табылады.
Қоршаған ортаны превентивтiк қорғау немесе қоршаған табиғи ортаға терiс антропогендiк әсердiң алдын алу қағидаты әлемнiң көптеген елдерiнде кең қолдау тапқан.
Бұл орайда өңiрдегi экологиялық ахуалды, қоршаған ортаның аялық жай-күйiн ескере отырып, ластаушы заттар эмиссиясының рұқсат етiлген көлемдерiн ғылыми негiздеу, табиғат пайдаланудың ерекше жағдайларын белгiлеу қамтамасыз етiледi. Қоршаған ортаның ластануын нормалау халықтың денсаулығына және қоршаған ортаның жай-күйiне зиянды әсер етудiң салдарларын барынша ескере отырып жүргiзiледi, сондай-ақ жоспарланатын қызметтiң әлеуметтiк-экономикалық салдарлары да ескерiледi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындылары негiзiнде кәсiпорындар жыл сайын қоршаған ортаны ластауға рұқсат алады.
2004 жылы халықаралық тәжiрибенi пайдалана отырып, табиғат пайдаланушылар қызметiнiң жобалық шарттарының ықтимал өзгерiстерiн ескере отырып, рұқсаттардың қолданылу мерзiмiн оларды ұлғайту жағына қайта қарау арқылы рұқсат беру жүйесiн оңтайландыру көзделуде. Бұл кәсiпорындар санының тұрақты өсуiн ecкepe отырып, түсетiн құжаттамаға талдау жасауға үстiрт көзқарас болмауы үшiн қажет.
Бұдан басқа, Қазақстанда
жаңа нарықтық жағдайларда табиғат
пайдалануды реттеу процесiне жұртшылықты
тартуға мүмкiндiк беретiн
Бұл мақсатта, үкiметтiк емес ұйымдарды (YЕҰ) табиғат қорғау қызметiне неғұрлым белсендiрек тарту, олардың ғылыми және шығармашылық әлеуетiн, үкiметтiк емес ұйымдардың мүмкiндiктерi мен ресурстарын қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге, оның iшiнде заңнамалық актiлердi әзiрлегенде, экологиялық жобаларды қалыптастырғанда, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық ахуалдың мониторингiн өткiзгенде кеңiрек пайдалану қажет. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 наурыздағы N 253 қаулысымен бекiтiлген Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының қабылдануын ескере отырып, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс арқылы YEҰ-ны экологиялық жобаларды iске асыруға, қоғамдық экологиялық сараптама өткiзуге қатысуға тартуға нақты мүмкiндiк ашылды.
4.1.4. Экологиялық мониторинг жүйесiн жетiлдiру
Қазiргi уақытта
Қазақстан Республикасындағы
Өлшеу аппаратурасымен жарақтануы қажеттi деңгейдiң 40-тан 80%-iнe дейiн бола отырып, бақылау пункттерiнiң мемлекеттiк желiсi олардың оңтайлы санының 20%-iн ғана құрайды. Бақылау және өлшеу техникалық құралдарының тозуы алынатын ақпараттың көлемi мен растығының азаюына әкеледi.
Түрлi министрлiктер
мен ведомстволар мониторингiнiң
жүйесiн жеткiлiксiз
Ведомстволық мониторингтiң барлық кәсiпорындары мен мекемелерiн, сондай-ақ өндiрiстiк мониторинг жүйелерiн енгiзе отырып, геоақпараттық жүйелер негiзiнде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың экологиялық мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн құру жөнiндегi шараларды шұғыл түрде қабылдау талап етiледi.
Оның жұмыс iстеуi үшiн ақпаратты жинау, жүйелеу, сақтау және тарату үшiн экологиялық ақпарат қорын құру, бақылау және өлшеу жүйелерiнiң қазiргi материалдық-техникалық базасын жаңғырту, барлық мүдделi мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын ұйымдастыру үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау қажет.
4.1.5. Экологиялық статистика
Экологиялық статистика стратегиялық және индикативтiк жоспарлардың, мемлекеттiк бағдарламалар мен басқа да бағдарламалық құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, Қазақстанның даму деңгейiн, оның әлемдiк қауымдастықтағы орнын айқындауға, мемлекеттiк органдар мен жұртшылық қызметiнiң басым бағыттарын бөле көрсетуге ықпал етедi.
Алайда, көрсеткiштердi қалыптастыруда жүйелi негiздiң болмауы, сондай-ақ олардың аздығы қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйiнiң өзгеру серпiнiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк бермейдi.
Осы мақсаттарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштердiң ғылыми негiзделген жүйесiн әзiрлеу қажет.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы индикаторлар мен көрсеткiштердiң жүйесi индикативтi әлеуметтiк-экономикалық жоспарлау мен мемлекеттiк статистика практикасына енгiзiлуi тиiс.
4.2. Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру
Қазақстан Республикасының заңнамасын экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегi экожүйе қағидатын ескеру болып табылады және оған Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру және жүйеге келтiру жолымен қол жеткiзiледi.
4.2.1. Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру