Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 09:29, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік басқару арқылы әлеуметтік саланы тиімді де, тұрақты дамыту және дамыған, өркениетті ел қатарына қосумен бірге, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін қоғам құру және әкімшілік тарапынан барынша реттеу жұмыстарын тиімді де, нәтижелі жүргізуге жету үшін басқарудың әдістері мен тәсілдерін, тиімді даму жолдарын айқындау сәйкесінше осы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсовая готова.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

    Жекешелендіру, яғни әлеуметтік сала кәсіпорындарын жеке меншікке беру, әдетте шектелген.

    Мақсатты  бағдарламалар – «Қант диабеті», «Мигрант», «Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес» сияқты ең өткір әлеуметтік проблемалар бойынша әлеуметтік бағытталған бағдарламалар. Олар да мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

    Әлеуметтік  саясат құралдары – әлеуметтік –  кепілдіктер, стандарттар, тұтыну бюджеттері, еңбекақының ең төмен мөлшері  және табалдырықтық әлеуметтік шектеулер.

    Әлеуметтік  кепілдіктерде  мемлекеттің азаматтардың алдындағы да, азаматтардың мемлекеттің алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі де бекітілген: мысалы, мемлекеттік бюджеттен отбасы мен балаларды қолдау бағдарламасын іске асыруға, білім беру мен мәдениет қызметтерін дамытуға қаржы басымдық тәртіппен бөлінеді.

    Әлеуметтік  стандарттар – Конституцияда тегін берілуге кепілдік  берілген әлеуметтік қызметтердің нысандары мен мөлшерлерін әзірлеу. Әлеуметтік стандарттар қаржы нормативтерін белгілеу үшін қажет, мысалы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулысымен халық басына шаққанда күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері белгіленеді.

    Ең  төменгі тұтыну бюджеті – әлеуметтік саясаттың маңызды элементі. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі  бағаланады, кірістер реттеледі, ол әлеуметтік төлемдерде есептеледі.

    1. Халықты әлеуметтік қорғау және мемлекеттің қазіргі әлеуметтік саясаты
 

    Мемлекет, егер ол әлеуметтік болып табылса, әлеуметтік саясатты жүргізуге тиіс. Әлеуметтік саясаттың мәніне және оның негізгі бағыттарына анықтама берейік.

    Ең  алдымен, әлеуметтік саясат мемлекеттің  ішкі саясатының әлеуметтік және ұлтаралық саясат кіретін бағыттарының бірі болып табылады.

    Әлеуметтік  саясаттың мақсаты қоғам мүшелерінің  қажетін бұдан да толық қанағаттандыру, олардың өмір сүру деңгейі мен  сапасын арттыруды қамтамасыз ету  болып табылады.

    Әлеуметтік  саясат – мемлекеттің халықтың өмір сүру деңгейін өзгертуге, қоғамдағы әділдікті қолдауға, нарықтық экономиканың жағымсыз салдарын бейтараптандыруға; халықты әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталған іс-шараларының жиынтығы.

    Мемлекеттің әлеуметтік саясаты азаматтардың барлық дерлік қажетін емес, олардың өздері объективтік жағдайлар салдарынан қамтамасыз ете алмайтындарын ғана қамтамасыз етуді көздейтініне назар аудару қажет.

    Әлеуметтік  саясаттың маңызы адамдардың өз проблемаларын  өздері шешу үшін ғана оларға жағдай жасауға негізделеді.

    Дені  сау және еңбекке жарамды адамдардың негізгі көпшілігі өздерінің  негізгі тіршілік ету қажеттерін өздері қамтамасыз етуге тиіс. Қоғам, мемлекет және оның институттары тарапынан  осы адамдардың бөлігіне жұмысқа  орналасу, олардың еңбек және конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауда көмек көрсетілуі мүмкін.

    Осылайша, әлеуметтік саясат тек еңбекке жарамды  азаматтардың өзін-өзі қамтамасыз ету  және сонымен қатар еңбек жасына жетпеген немесе еңбекке жарамсыз жасқа  жеткен және қоғам мен мемлекеттің қамқорлығын қажет ететіндерді нысаналы қамтамасыз етудің тиісті үдерісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

    Мемлекеттің мақсаттары жөнінде мәселе қаралатын  теориялардың ішінен біздің мемлекеттік  құрылымның тәжірибесі мен қоғам  менталитетіне толық шамада жауап беретін әлеуметтік мемлекет теориясы баса назар аудартады. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және құқық бұзу оқиғаларын қоспағанда, («мемлекет – түнгі күзетші» теориясы) мемлекет қоғамдық өмірге араласпауы тиіс деп айтылатын бұрын болған тұжырымдамаға қарама-қарсы болып табылады.

    Әлеуметтік  мемлекет теориясының мәні мемлекет таптан тыс болады, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіреді, олардың  лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы теорияға сәйкес қазіргі заманғы құқықтық мемлекет мемлекеттіліктің дамуының жаңа кезеңі болып табылады. «Классикалық либерализм» дәуірінің құқықтық мемлекеті жеке адамның мүдделерін қоғам мүдделерінен жоғары, экономикаға араласпау идеологиясына негізделген және құқықтық тәртіпті қорғау қызметін ғана атқарған. Мемлекетті бірте-бірте әлеуметтендіру адамның лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын қамтамасыз етуді әлеуметтік мемлекеттің бағдарламалық мақсаты деп таныған жаңа тұжырымдаманың бекітілуіне арқау болды.

    Қазақстан Республикасының Ата заңы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.

    Алайда халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына «әлеуметтік қамсыздандыру» мен «әлеуметтік сақтандыру» терминдері сипаты болғанымен  бұлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік  қамсыздандыру – халықты әлеуметтік қорғау процесі, ал әлеуметтік сақтандыруды – осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсіну керек.

    Әлеуметтік  қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы  жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты  тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамассыз етуге  арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Ең төменгі әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізгі орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның  еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектірін қамтиды.

    Әлеуметтік  сақтандыру өзінің экономикалық табиғаты жағынан адамның еңбек қызметімен және бұл қызметтің нәтижесіне байланысты болып келетін тиісті төлемақыларға  арналған қорларды қалыптастырумен  байланыстырылады. Тұрмысы төмендегілерге әлеуметтік көмек негізінен кедейлік шегінен арғы халықтың көптеген санаттарына таралады және мемлекет немесе қайырымдық – қоғамдық, мақсатты, жеке меншіктегі қорлардың есебінен болатын «қайыр көрсету» сипаты болады және мақсаты –  «кедейлерге қамқор болу».

    Зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарның қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес  Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек өтілі болғанда, әйелдерге 20 жыл еңбек өтілі болған жағдайда тағайындалады. Төтенше және барынша қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың  салдарынан зардап шекен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес еркектер – жалпы еңбек өтілі – 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде, әйелдер жалпы өтілі – 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

    Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар  бөліп көрсетіледі:

    1. Әлеуметтік көмек, ол бойынша  төлемақылар мыналарды кіріктіреді:  балалары бар отбасына жәрдемақы,  ол отбасының жиынтық табысын  ескере отырып тағайындалады (18 жасқа дейінгі балаларға), балалары бар мерзімдік қызметтің әскери қызметшілердің отбасына жәрдемақы, мүгедек балалары бар отбасыларына жәрдемақы, ВИЧ-инфекциясын жұқтырған баларға немесе  ересектерге жәрдемақы, әкелері алимент төлеуден жалтарған балаларға уақытша жәрдемақы.

    2. Тұрғын үй жәрдемақысы, отбасының  жиынтық табыстарын ескере отырып  тағайындалады, тұрғын үй коммуналдық  қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс  және еңбек ардагерлеріне, табысы  аз зейнеткерлерге  және медициналық  қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі.

    4. Жұмыссыздарға материалдық көмек.

    5. Этникалық отанына оралған қазақтарға  жәрдемақы және басқа жәрдемақылар.

    Қазіргі әлеуметтік саясат саласында тараптар, яғни әкімшілік, жұмыс берушілер, кәсіподақтар мынадай шараларды қарастырады:

  • жалақы төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорына жарналарды аудару жөніндегі есептеулерді уақытылы және толық көлемде жүргізу
  • Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігін және оны қорғауды қамтамасыз етудің бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды жүзеге асыру
  • «Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын іске асыруға байланысты шығыстар үшін бюджеттік ұйымдарға қаржылық қаражат бөлуді қарастыру міндеттемелерін мойнына алады
  • аз қамтамасыз етілген азаматтарды қайта оқытуға, жаңа кәсіп алуға ынталандыруға бағытталған атаулы әлеуметтік көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру болып табылады.
  1. 2007-2009 ЖЫЛДАРЫ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК  САЛАНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
    1. 2007-2009 ж.ж. Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайының көрсеткіштері
 

    Қазақстан Республикасының Контитуциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.

    Алайда  халықты әлеуметтік қорғаудың сферасына  «әлеуметтік қамсыздандыру» мен  «әлеуметтік сақтандыру» терминдері сипаты болғанымен  бұлар бара-бар ұғымдар емес. Әлеуметтік қамсыздандыру – халықты әлеуметтік қорғау процесі, ал әлеуметтік сақтандыруды – осы процесті жүзеге асыру нысандарының бірі деп түсіну керек.

    Әлеуметтік  қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы  жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты  тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамассыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Ең төменгі әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізгі орта есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек, отын бойынша, отбасына қажет қызметтер жиынының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп шығарылады. Әлеуметтік қамсыздандыру қоғамның еңбекке жарамсыз және жұмыс істемейтін мүшелерін материалдық қолдау жөніндегі қатынастардың кең спектірін қамтиды.

    2007 жылы негізгі әлеуметтік төлемдер  мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің  ең төмен деңгейінің мөлшері  8861 теңгені; ең төмен мөлшері  – 7236 теңгені; еңбекақының ең төмен мөлшері – 9752 теңгені құрады. 2007 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 45699 теңгені құрады және өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 25,3%-ға, іс жүзінде 16,1%-ға өсті. Атаулы еңбекақының өсуі экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 49,9%-ға, білім беруде – 27,8%-ға, өнеркәсіпте – 24,7%-ға, ауыл шаруашылығында – 23,9%-ға, құрылыста - 22%-ға, мемлекеттік басқаруда – 18,7%-ға өсті. Бала туу жөніндегі біржолғы жәрдемақыдан басқа (15АЕК) тұрмысы нашар отбасындағы 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын 1 жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі ай сайынғы төлемдер енгізілуде.

    Әлеуметтік  саясаттың басты мақсаты әлемнің  дамыған елдерінің деңгейіне  ықпал ететін өмір сапасының ұлттық стандартын қамтамасыз ету болып табылады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес (2008 жылғы ақпан) зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай және сәби бір жасқа толғанғадейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны (2010-2012 жылдары) 2,5 есеге арттыру қамтамасыз етілуге тиіс.

    Жүктілік  пен бала туу жөнінде міндетті сақтандыру енгізіліп, әйелдер сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін декреттік демалыста  болатын кезеңде олардың зейнетақы  жинақтауларына қосылады. 2010 жылдан бастап төрт және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері өсірілетін болады, тұрғын үй мәселесін шешуге жәрдем көрсетіледі.

    Қазақстанда әлеуметтік қорғалмаған халықтың ең көп үлесін зейнеткерлер алады. 2007 жылы зейнетақыны 1637062 адам алса, 2008 жылы 1635033 адамға төмендеді. Және де 2009 жылы зейнетақыны алушылар саны 1640498 адам болды.(Қосымша А)

    Қазақстан Республикасында осы қиын қыстау кезеңінде бұл әлеуметтік қорғалмаған  топты қолдау мақсатымен зейнетақының орташа айлық мөлшерін жыл сайын өсіруде. Яғни 2007 жылы тағайындалған зейнетақының мөлшері 10654 теңге құраса, кезекті жылы бұл көрсеткіш 21%-ға өсіп, 13418теңге болды. Ал 2009 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 25%-ға артып, 16084 теңгені қамтыды.(Қосымша Б)

    Жұмыстағы уақытша үзіліс кезінде, сондай-ақ белгілі  бір жағдайларда пайда болатын  көтеріңкі шығындарды өтеуге арналған кепілдендірілген ақшалай өтемақысы  жәрдемақы болып табылады. Мүгедек  адамдарға зейнетақы төлеу тағайындалған  кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталық пен Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік