Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 09:29, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік басқару арқылы әлеуметтік саланы тиімді де, тұрақты дамыту және дамыған, өркениетті ел қатарына қосумен бірге, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін қоғам құру және әкімшілік тарапынан барынша реттеу жұмыстарын тиімді де, нәтижелі жүргізуге жету үшін басқарудың әдістері мен тәсілдерін, тиімді даму жолдарын айқындау сәйкесінше осы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсовая готова.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

    Аталған сала бойынша халықты әлеуметтік қорғау және қазіргі әлеуметтік саясат шаралары іске асуда. Қазақстан Республикасының Контитуциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мыналар бөліп көрсетіледі: әлеуметтік көмек, балалары бар отбасына жәрдемақы, балалары бар мерзімдік қызметтің әскери қызметшілердің отбасына жәрдемақы, мүгедек балалары бар отбасыларына жәрдемақы, әкелері алимент төлеуден жалтарған балаларға уақытша жәрдемақы, тұрғын үй жәрдемақысы, отбасының жиынтық табыстарын ескере отырып тағайындалады, тұрғын үй коммуналдық қызметтерді, отынды, көлікті, соғыс және еңбек ардагерлеріне, табысы аз зейнеткерлерге және медициналық қызмет көрсету жеңілдіктерінің жүйесі, жұмыссыздарға материалдық көмек, этникалық отанына оралған қазақтарға жәрдемақы және басқа жәрдемақылар мемлекет тарапынан көрсетіледі.

    Мемлекеттің әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіру  жолдарын жетілдіруді қолдау мақсатында Үкімет табыстардың теңсіздігін  тегістеу мақсатын атқарады. Мемлекеттің  әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіруде  бағдарламаларға сәйкес еңбек рыногын  реттеу шаралары да маңызды орын алады. Жұмыс орындарын құруда – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу, бизнес-инкубаторлар құру, оралмандарды жұмысқа орналастыру және т.б. Бағдарламаларда мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құрылымдық және ғылыми-техникалық саясаттарын еліміздің ұзақ мерзімді стратегиясы «Қазақстан-2030»-ға сәйкес жүзеге асыру мақсат етіліп, нақтылы міндеттер айқындалады.

    Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік тұрақтылықты дамытудың тетіктерін басқару жолдары  мынадай: Үкімет әлеуметтік стандарттар жүйесін халықаралық стандарттарға кезеңмен жақындату, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін анықтау, халықтың өмір сүру деңгейін халықаралық стандарттарын енгізу болып табылады.

    Сондықтан да, елімізге ең өзектісі мемлекеттік  басқарудың әлеуметтік тиімділігін дамытуын қарастыру нәтижесінде әлеуметтік саланың мемлекеттік реттелуі өз деңгейінде болуы, мемлекет басшылары әлеуметтік қамтамассыз етілудің тиімді жолдарын іздеп, жұмыссыздықты жоюға ат салысу қажет. Ол ертеңгі мемлекетіміздің тұрақты экономикасына, тиімді әлеуметтік саласына үлкен маңызды әсері болады деп ойлаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

  1. Асан Д.С. Мырзалиев Б. Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты дамыту тетіктері. – Алматы: Заң әдебиеті, 2008, 158 б.
  2. Атаманчук Г.В. Теория  государственного  управления. – М:Омега-Л, 2004, 584 с.
  3. Бейісов М. Әлеуметтік ахуал әлденіп келеді // Дала мен қала, 2007. 8 наурыз.
  4. Джанбурчин К. Концептуальные основы устойчивого развития гетерогенных социально-экономических систем // Аль Пари, 2001. №4, С 9.
  5. Жакупова Г. Биліктің экономикалық табиғаты // Қаржы-қаражат, 2005. №6, Б 27.
  6. Исаева А. Мемлекеттің әлеуметтік дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері // Қаржы-қаражат, 2006. №5, Б 29.
  7. Ихданов Ж.Ө. Орманбеков Ә.О. Экономиканы  мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. – Алматы:  Экономика, 2002,  218 б.
  8. Кузембаев Б. Приоритеты социальной политки // Казахстанская правда, 2003. 15 апрель.
  9. Қазақстанның қысқаша статистикалық жылнамалығы. – Алматы, 2007, 284 б.
  10. Лящева А. Әлеуметтік тұрақтылық // Солтүстік Қазақстан, 31 мамыр, 2005.
  11. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. ҚР Президентінің  Қазақстан халқына жолдауы.  – 2007.
  12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің  Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. 48 б.
  13. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан тұрақты  экономикалық даму кеңістігіне шықты // Егемен Қазақстан, 4 қыркүйек, 2002.
  14. Назарбаев Н.Ә. ҚР Президентінің Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі, 2006.
  15. Орынбеков А. Модельная оценка развития социально-экономической системы региона. – Алматы: Ғалым, 2000, С 43 - 44.
  16. Осипов Т.М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы: Экономика, 2002, 314 б.
  17. Сүндетұлы Ж. Әлеуметтік-экономикалық болжау және жоспарлау. – Алматы: Ғылым, 2002, 104 б.
  18. Үкімет бағдарламасына қатысты // Дала мен қала, 2007. 16 ақпан.
  19. Үсенова Г. Жұмыспен қамту саясаты және экономикалық өсу // Ақиқат, 2003. №2, Б 29.
  20. Ілясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Т. Қаржы. – Алматы: Білім, 2005, 552 б.
  21. Туралин Ә.З  Мемлекеттік теорияны басқару
  22. «Жалпы экономикалық теория» Шеденов У.К, 347-349 c.Ақтөбе қ., 2004 ж.,
  23. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
  24. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.
  25. Н. К. Мамыров, «Менеджмент и рынок: Казахстанская модель», Алматы 1998ж.
  26. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.
  27. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   ҚОСЫМШАЛАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік