Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 09:29, курсовая работа
Мемлекеттік басқару арқылы әлеуметтік саланы тиімді де, тұрақты дамыту және дамыған, өркениетті ел қатарына қосумен бірге, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін қоғам құру және әкімшілік тарапынан барынша реттеу жұмыстарын тиімді де, нәтижелі жүргізуге жету үшін басқарудың әдістері мен тәсілдерін, тиімді даму жолдарын айқындау сәйкесінше осы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік жәрдемақыны алушылар санын қарастырсақ, 2007 жылы 764553 адам болса, 2008 жылы 2,4%-ға кеміп, 748378 адамды қамтыды. Ал 2009 жылы өткен жылмен салыстырғанда керісінше әлеуметтік жәрдемақыны алушылар саны 1%-ға өсі. Бұл бірқатар мәселелерге байланысты болды. Соның бірі қаржы дағдарысының салдарынан халықтың әлеуметтік әл-ауқатының төмендеуімен байланысты болуы екенін атап өтуге болады. (Қосымша В, сурет 1.1)
Сол себепті әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері де өсті. Мәселен, 2007 жылы 6360 теңге болса, 2008 жылы 8366 теңгеге (32%-ға) дейін өсті. 2009 жылы алдыңғы жылға қарағанда 35%-ға артып, 11319 теңгені құрады. Бұл біршама болса да халықтың әлеуметтік жағдайын тұрақтандырады. (Қосымша В, сурет 1.2)
Жұмыспен қамту саясатында 2007-2009 жылдарда тұрақты жұмыспен, әлеуметтік жұмыспен қамту, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарында оқыту жұмыстары жүйелі жүргізілді. Аудандағы экономикалық белсенді халық саны 2007 жылғы 38,6 мың адамнан 2009 жылы 40,5 мыңға дейін өсті, соған сәйкес жұмыспен қамтылғандар саны 35,9 мыңнан 38,0 мыңға дейін өсіп отыр№ Жалпы жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 8,2 пайызы болса, ол көрсеткіш 2009 жылы 6,0 пайызға дейін төмендеді. Аудан бойынша жаңа жұмыс орындарын ашу 2007-2009 жылдары сәйкес 2415, 2640, 2648-ге жеткізілді. Осы ашылған жаңа жұмыс орындары және жоспарлы өткізіліп келе жатқан ірі және кіші бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу нәтижесінде 2007 жылы-2314, 2008 жылы -2599, 2009 жылы 3327 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты№ Тіркелген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылу деңгейінің пайыздық үлесі 93,3-тен, 98,9-ға дейін өсті. Ақылы қоғамдық жұмыстарға соңғы үш жылда әр жыл сайын мыңнан астам жұмыссыз жіберіліп, бөлінген қаражаттар толық игерілді. Қоғамдық жұмыстар қоғамдық тәртіпті сақтау сақшылары, консерьждер, жоғары және арнаулы оқу орындарын бітірген жастарды пайдалы еңбекпен қамту мақсатында «Жастар тәжірибесі» тағы басқа түрлерімен кеңейтілді.
Ел Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы „Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарын (Жол картасын) ауданда іске асыру мақсатында ауқымды шаралар жүзеге асты. Осы шаралар аясында өндірістік процестерді тұрақтандыру және қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері жөнінде 103 мекемемен ынтымақтастық Меморандумы жасалып, онда көрсетілген міндеттемелер толықтай жүзеге асты. 2009 жылға Жол картасы бойынша 225 жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, 18,2 млн. теңге игеру жоспарланса, оған 395 адам орналасып, қаралған қаржы толықтай игерілді. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 100 жасты жұмыспен қамту мақсатында 9,1 млн. теңге қаражат бөлініп, оған 152 жас орналастырылып, қаралған қаржы толықтай игерілді. Жұмыссыздарды экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес мамандықтарға кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарында оқытуды ұйымдастыру өз дәрежесінде жүргізіліп келеді. Жол картасы бойынша үш бағытта-шетел жұмыс күшін жергілікті мамандармен алмастыруға-331, бос жұмыс орындарына сұранысқа сәйкес-693, халықтың нысаналы топтарынан-595 жұмыссыз аудандық №9 кәсіптік лицейде, «Жылыой аудандық оқу орталығы» және «ТеООР» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде оқытылды. 2007-2009 жылдары орта есеппен оқытылған жұмыссыздардың 85 пайызы жұмысқа орналастырылды.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйелі іске асуда. 2007 жылдан бастап мүгедектер саны жыл сайын 40 адамға қысқарып келеді. 2009 жылы 1432 мүгедек есепте болды. Облыстық медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы арқылы 2009-2009 жылдары сәйкес: 153, 149, 180 мүгедек мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтылды. Осы жылдары 118 Ұлы Отан соғысы ардагері мен мүгедек сауықтыру орындарында болып қайтты, 459 мүгедек көмекші және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді, Алматы қаласындағы протез-ортопедиялық орталығына 34 мүгедекке, Атырау қаласындағы сурдотехникалық шеберханаға 46 мүгедекке жолджама берілді. 2009 жылы жаңадан ашылған Атыраудағы мүгедектерді оңалту орталығына 32 мүгедек жіберілді. Мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылымдарға кедергісіз қатынауы үшін халыққа қызмет көрсету мақсатында 2009 жылы-135, 2009 жылы-159 ғимаратқа пандус салуға қол жеткізілді.
2007-2009 жылдар аралығында табысы
күнкөріс деңгейінен төмен
Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу Ережесі 2007 жылы аудандық мәслихатта бекітілді. Тұрғын үй көмегі коммуналдық төлемдер отбасы жиынтық табысының 10 пайызынан асқанда төленеді, оны алушылар саны 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 102 отбасына көбейіп, 209-ға жетті.
2007-2009 жылдары 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушылардың саны 2007 жылы-2024, 2008 жылы-2770, 2009 жылы-2911 баланы құрады.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп ұсынған бағдарламаның мақсаты жауапкершіліктің мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің арасында бөлінуі, қаржылық жағынан тұрақты, экономикалық тиімді, сонымен бірге әлеуметтік жағынан әділетті әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін құру болды. Реформалау жоспарын сараптауды БҮҰ ДБ-ның, ДДҰ-ның және Әлемдік банктің өкілдері жүргізді.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру әлеуметтік саясат жүргізудегі жаңа тәсіл деп танылады.
Бірінші
деңгейге негізгі әлеуметтік төлемдер
(қарттыққа байланысты мемлекеттік
зейнетақы төлемдері; мүгедектерге немесе
асыраушысынан айырылғандарға төленетін
жәрдемақылар; жерлеуге төленетін мемлекеттік
жәрдемақылар) жатады. Бұл төлемдер әлеуметтік
қолдаудың ең төменгі
деңгейін қамтамасыз етеді және еңбек өтілі мен еңбекақыға қарамастан төленетін болады.
Екінші деңгей 2005 жылы міндетті әлеуметтік сақтандырудың (МӘС) енгізілуімен байланысты. МӘС жүйесіне қатысушылар негізгі әлеуметтік қауіп-қатерлер (еңбек ету қабілетінен, асырушыдан, жұмыстан айрылу) туындағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алатын болады.
Үшінші деңгейде жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігі қарастырылады.
Ең
төменгі есептік көрсеткіш
Күнкөрістің ең төмен деңгейі – бұл бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең төмен тұтынушы қоржынының құнына тең.
Қазіргі уақытта тұтынушы жиынтығының сұрыпталымы 20-дан 43 атауға дейін кеңейтілді. Сондай-ақ «өнім-қызметтер» арақатынасы да өзгерді. Алғашқылардың үлесі 60%-ға дейін төмендеді, енді басқа тауарлар мен қызметтердің үлесі 30-дан 40%-ға дейінді құрайды.
Соңғы жылдары халықтың кірісі өсті, бұл тұтынушылар шығынының мөлшері мен құрылымының да өзгеруіне әкеп соқтырды. Қоржын ет, өсімдік және сүт тағамдары, сондай-ақ көкөніс және жеміс сияқты түрлі пайдалы өнімдермен толықты.
Халықтың жан басына шаққанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тұтынудың арақатынасы орташа 50%-ға 50%-ды, ал табысы аз үй шаруашылықтарында - 60%-ды 40%-ға құрайды. Бұл күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшерін анықтау әдістемесін қайта қарау үшін негіз болды. Азық-түлік емес бөлік 1617-ден 2680 теңгеге дейін едәуір артты (2004 жылдың қыркүйегінің бағалары бойынша). 2005 жылы жаңа әдістеме бойынша күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 7000 теңгеден асты, ал 2006 жылы – 7,5 мыңды (немесе 7525, дағдарысқа түзету қосылады) құрады.
2006
жылдан бастап негізгі
2007
жылы қарттыққа байланысты
Келешекте үлестірмелі жүйедегі зейнетақыларды арттыру саясатын жалғастыру жоспарлануда.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің екінші деңгейі – зейнетақы жинақтаушы қорлардан төлем төлеу, ал үшіншісі ерікті және кәсіби зейнетақы сұлбаларының дамуымен байланысты.
Әлеуметтік саланы басқару үшін шешімдер мен жоспарлар, нақты мәліметтер мен соған сәйкес қорытындылар керек. Саланың жағдайын анық білу мақсатында, алдымен оның статистикалық көрсеткішіне назар салған жөн.
Қазіргі қаржы дағдарысының салдарынан Қазақстанда ең өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық болып табылады. Осыған орай бірқатар шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Мемлекет басшысының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауына сәйкес Үкімет құрған «Жол картасы» бағдарламасының нақты атқарылуына жауапты мекемелердің бірі - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қолға алынғанына көп уақыт өте қоймаса да, бағдарлама қазірдің өзінде жемісін беріп отыр.
Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында еңбек нарығын тұрақтандыру, өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлауды қамтамасыз ету үшін Үкімет Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрған болатын. Ал ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өз кезегінде жергілікті атқарушы органдардың дағдарысқа қарсы бағдарламалары негізінде жұмыспен қамту және қызметкерлердің босауының ықтималдық картасын әзірлеген еді. Аталған карта «Жол картасын» іске асыру және оны қаржыландырудың ұтымды да тиімді жолдарын таңдауға негіз болды.
Жол картасын қаржыландырудың жалпы лимиті жұмысынан айрылу қаупі туған және жұмысқа орналасуда жәрдемге мұқтаж адамдардың болжамды қосымша санына қарай айқындалып отыр. Соның нәтижесінде, Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 2008 жылы 140,0 млрд. теңге, ал жергілікті бюджет қаржысынан қоса қаржыландыруды ескергенде, барлығы 191,3 млрд. теңге бөлінді. Ал әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және «жастар тәжірибесін» ұлғайтуға республикалық бюджеттен 8,6 млрд. теңге қарастырылған, бұл шамамен 96 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге, оның ішінде 34 мың жас түлекті жастар тәжірибесіне тартуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама шеңберінде кадрларды даярлау және қайта даярлауды ұйымдастыруға 14,4 млрд. теңге көзделген.
Жол картасын іске асыру аясында мамандарды даярлауға және қайта даярлауға 2008 жылы 14,4 млрд. теңге бөлініп отыр. Мамандарды жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, даярлауды қамтамасыз ететін, азаматтарды кәсіби даярлауды, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды интеграцияланған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізу арқылы ұйымдастыру тәжірибелік бағытқа ие болуда. Осы орайда, жұмыстан босатылатын қызметкерлер қатарынан макроөңірлердің, сондай-ақ, экспорттық мамандануын іске асыру, бос жұмыс орындарын толықтыру және шетелдік жұмыс күшін алмастыру үшін 100 мыңнан астам адамды қайта оқыту жоспарланып отыр.
2008
жылы республика бойынша Жол
картасы шеңберіндегі жұмыстар 4773
жобада жүргізілуде, ол
«Жол картасы» бағдарламасын құраған 2009 жылғы 139 инвестициялық жобалардың барлығы аяқталды. Бұл туралы ақпарат Қостанай облысы әкімінің ресми сайтында таратылды.
Атап айтқанда, инвестициялық бағыттарды іске асыруға - 6,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен - 5,2 млрд. теңге, жергілікті бюжеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді.
2009 жылдың
қорытындысы бойынша, 6 392,5 млн. теңге
(жылдық жоспардың 99,1 пайызы) игерілді.
139 инвестициялық жобаларды іске асыру
барысында 10 216 жұмыс орны құрылды (жоспардың
100 пайызы). Еңбекпен қамту органдары жолдамасы
бойынша 4 201 адам жұмысқа орналасты.
Әлеуметтік тиімділікті дамудың әр түрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттік қуатты әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда, оны қалыптастыруда және орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүреді. Осыған байланысты кез келген индикативтік жоспарлар мынадай бөлімдерден тұру керек: тұжырымдамалық, болжау, жоспарлы реттеуші бөлім. Мұнда алғашқы екеуі ұсыныс сипатында, ал үшіншісі – міндетті талап болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып, әлеуметтік дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған.
Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік саланы дамытуда мынадай негізгі мақсаттар алға қойылды:
- жалпы ішкі өнімнің көлемін кем дегенде екі есеге көбейту
- халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттыру
-
ұлттық капиталдың үлесін
Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар – экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді. Екінші кезеңде ұзақ мерзімді мақсаттарға – экономика мен халықтың тұрмыс деңгейі құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады. Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар – елімізде экономиканың, әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайды тұрақты дамытуға көшуі белгіленген.
Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік