Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 09:29, курсовая работа

Описание

Мемлекеттік басқару арқылы әлеуметтік саланы тиімді де, тұрақты дамыту және дамыған, өркениетті ел қатарына қосумен бірге, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді қоғамдық қамқорлыққа бөлейтін қоғам құру және әкімшілік тарапынан барынша реттеу жұмыстарын тиімді де, нәтижелі жүргізуге жету үшін басқарудың әдістері мен тәсілдерін, тиімді даму жолдарын айқындау сәйкесінше осы курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.

Работа состоит из  1 файл

курсовая готова.doc

— 192.50 Кб (Скачать документ)

    Осыған  сәйкес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған индикативтік жоспарында әлеуметтік салада мынадай мақсаттар мен басымдықтарды мысалға алып, атап өткен жөн: кедейлік деңгейін қысқарту, адам ресурстарын дамыту, адамдардың қалыпты тіршілігін қамтамассыз ету, тұрмыс деңгейін жоғарылату, моральдік және әдептілік сапаларын тәрбиелеу.

    Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған индикативтік жоспарының негізігі бағыттары мен көрсекіштері 17 тараудан тұрады. Онда кедейлікпен күрес және халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын халық демографиясы, жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын дамыту, әйелдердің экономиканы дамытуға қатынасуы, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, мәдениеттті, туризм мен спортты, инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар қамтылған болатын. Тұрғын халықтың өсімі, оларды жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын болжау кезінде тұрғын халықтың жас бойынша құрылымы, олардың туу, өлім және көші-қон кезіндегі өзгерістері, еңбек ресурстарының саны, олардың әрбір әкімшілік – аумақтық аймақтардағы орналасу жағдайы есептелінеді. Сонымен қатар еңбек нарығының көрсеткіштері қажетті жұмыс орнының және жұмыссыз жүрген адамдардың санын, олардың әр түрлі құрылымын, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс мөлшерін, жұмысқа орналасқан және босаған адамдардың санын мезгілімен және дұрыс есептеу, еңбекақы төлеу мөлшері және т.б. негізінде анықталады.

    Халықты әлеуметтік қорғау жоспары жасалғанда еңбекақының, зейнетақының және ең төмеңгі  өмір сүру деңгейнің мөлшері, зейнеткерлер мен мүгедектердің саны, халықты  әлеуметтік қорғауды күшейтудегі нақтылы  мүмкіндіктер мен жұмсалатын ресурстар анықталады. Болжам кезінде әлеуметтік қамсыздандыру реформасын жүргізу, табысы аз азаматтарға (көп балалы отбасылар, мүгедектер) әлеуметтік көмек көрсету жүйесін дұрыс жолға қою, әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар құрамын жетілдіру, тікелей көмекті күшейту т.б. мәселелер қамтылады. Сонымен бірге, халықты әлеуметтік қорғауда мемлекет тарапынан құқықтық қамту, салалық реттеу, әр түрлі жеңілдіктер жасау жұмыстары да атқарылады.

    Индикативтік  жоспар дұрыс орындалуы үшін әр түрлі  мемлекеттік және салалық бағдарламалар жасалады. Оларда қажетті ресурстар көлемі, негізгі орындаушылар және орындалу мерзімдері нақтылы көрсетіледі. Мемлекеттік бағдарламалар Республика Президенті бекіткен заңдар бойынша қабылданады.

    ҚР  Президентінің Жарлығымен бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі (әлеуметтік салаға тиісті):

  1. Білім беру (2006-2010)
  2. Орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы (2006-2008)
  3. Халықтың денсаулығы туралы (2007-2009)
  4. Жұмыссыздық және кедейлікпен күрес туралы (2005-2010)
  5. Өмірді салауаттандыру туралы (1999-2010)
  6. Мемлекеттік демографиялық саясат туралы (2001-2010)

    Бұл бағдарламаларда мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құрылымдық және ғылыми-техникалық саясаттарын еліміздің ұзақ мерзімді стратегиясы  «Қазақстан-2030»-ға сәйкес жүзеге асыру мақсат етіліп, нақтылы міндеттер айқындалады [17].

    1. Мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіру
 

    Әлеуметтік  көмек көрсетуді жетілдіруді  қолдау мақсатында Үкімет табыстардың  теңсіздігін тегістеу мақсатын атқарады. Табыстарды бөлу барысында мемлекеттің нарықтық процестерге араласуының тікелей әдістерінің алатын орны ерекше болғанымен, кемшіліктері де жоқ емес. Өйткені, біріншіден, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тікелей шараларын, олардың маңызды бағыт екеніне қарамастан, тек қана әлеуметтік жәрдемақылар беру арқылы жүзеге асыру мүмкін емес. Мұнда, әлеуметтік инфрақұрылым ұйымдастыру тәсілдері де маңызды шаралардың бірі болып табылады.

    Мемлекеттің әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіруде  еңбек рыногын реттеу шаралары да маңызды орын алады. Жұмыс орындарын құрудың бір пошымы – бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізу. Бүгінгі күні оларды ұйымдастыру мен өткізудің тәжірибесі қарағанды, Ақмола, Атырау, Павлодар облыстарының, Алматы және Астана қалаларының жұмыспен қамту жөніндегі өкілетті органдарында бар. Германияның ғылыми-техникалық қоғамымен бірлесіп атқарып жатқан «Еңбек базарының саясаты және жұмысбастылық» техникалық жоба аясында елімізде еңбек және жұмыспен қамту саласындағы қызметті жақсартуға көмегін тигізіп, елеулі нәтиже беруде.

    Бағдарлама  бойынша жаңа жұмыс орындарын  құру 2006 жылы 146,2 мың жұмыс орнын  құру болжамдалған-ды, 2007 жылы 264,9 мың  жұмыс орны құрылды, оның 204,6 мыңы (77%) – тұрақты жұмыс орындары. Сөйтіп, республика бойынша бағдарламада белгіленген  жоспар 181,2 пайыз орындалды.

    Бұл көрсеткіштер қаржы жұмсау мүмкіндігінің  және тұтас алғанда, экономиканың жандана  бастағанының куәсі бола алады. Алайда, жұмыс орындарын құрудың қарқыны  еңбек базарындағы жұмыссыздықтың жалпы деңгейін толық мөлшерде қанағаттандырмайды.

    Жұмыс күшінің электронды рыногының құрылуы  ақпараттық қызметке (анықтама қызметтері, ақпараттық жүйелер, ақпараттық іздеу  технологиясы), электрондық саудаға, байланыс құралдарының көмегімен оқытуға  деген сұраныстармен тығыз байланысты.

    Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Халықтық жұмыспен қамту туралы» Заңында халықтың еңбекке орналасуда қиыншылық көріп отырған атаулы топтарын әлеуметтік қорғауды күшейту белгіленген. Ол топтар: жеткілікті қамтамасыз етілмегендер; 21 жасқа дейінгі жастар; балалар үйінде тәрбиеленген 23 жасқа дейінгі азаматтар, жетім балалар және ата-ананың көмегінсіз қалған балалар; кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жеке басты және көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес қарамағында үшін көрсетілетін күтімге, көмек пен бақылауға мұқтаж деп танылған адамдары бар азаматтар; зейнеткерлікке шығар алдындағы жастағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығарға екі жыл қалған), мүгедектер; Қазақстан қарулы күштері қатарынан босатылған адамдар; бас бостандығынан айыратын жерлерден және ықтиярсыз емдеуден босатылған адамдар; оралмандар.

    Бағдарламаны  орындау мақсатында Еңбек және халықты  әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон  және демография агенттігімен бірлесе  отырып, оралмандарды еңбекке орналастыру шараларының жоспарын жасады. Онда оралғысы келетіндердің кәсіптік-біліктілік мінездемесін алдын ала зерттеу және оларды республика аумағына аймақтық еңбек базарындағы жұмыспен қамту мүмкіндігін ескере отырып орналастыру көзделген.

    Әлеуметтік саланының дамуы тарихи ұғым. Қоғамның дамуы барысындағы кезеңдерде бірнеше экономистердің қөзқарастары бар.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  біздің елде он жыл ішінде қол жеткен реформаландыру қорытындыларын талдай келе: «Бұл айтылғандар республика реформалар кезеңінің көптеген қиындықтарын ойдағыдай еңсеріп, тұрақты экономикалық даму траекториясына шыққанын көрсетеді» деп ойын түйіндеген [13].

    Тұрақты даму концепциясы БҰҰ-ның 1992 жылғы  Рио-де-Жанейрода өткен «ХХІ ғасырдың күн тәртібі» конференциясында азамат қауымының алдына алғаш рет ұсынылды. Бұл конференцияда тұрақты дамудың мәні қазіргі кезеңдегі қажеттіліктерді қанағаттырумен қатар, болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына мүмкіндік жасау деп танылды. Бірақ, оның бәрі басқарушылық шешімдердің дұрыс және тиімді реттелуіне байланысты.

    Болашақ ұрпаққа, олардың өмір сүру ортасына қамқорлық ету, қажеттіліктерін  қанағаттандыру тұрақты даму концепциясының негізгі идеясы болып табылады. Концепцияда  әлеуметтік аспектілерге баса назар аударған.

    Тұрақты даму концепциясы әлеуметтік процестерді  зерттеудің жаңа әдістерін, қазіргі  деңгейдегі тәсілдерін, басқа бағалау  құралдарын қолдануды қажет етеді.

    Тұрақты дамудың бұл концепциясының негізгі  мақсаттары: 

    - басқару әдістерін тиімді пайдалану, барлық қоғамның тұрмыс жағдайын көтеру, адамның тіршілік әрекетінің табыс, тұтыну, білім алу, денсаулық, қауіпсіздік, бостандық секілді сипаттарын қанағаттандыру;

    - елдің қауіпсіздігінің ұзақ мерзімдік  әлеуметтік және экономикалық  аспектілерін есепке ала отырып, табиғи ресурстарды үйлесімді пайдалану;

    - даму және табиғатты пайдаланудың  маңызды мәселелері туралы шешім  қабылдауда әлеуметтік серіктестік  жүйесін құру болып табылады.

    Белгілі бір облыс, аудан мен қалалар, елді мекендердің тұрақты әлеуметтік дамуына белгілі статистикалық көрсеткіштермен салыстырылып баға беріледі. Бірақ, барлық дамудағы әлеуметтік, экономикалық, статистикалық көрсеткіштердің жиынтығынан тұрақты дамуды қорытындылау арқылы баға беру жолын таңдап, әртүрлі шешімдер қабылдануы тиіс. Әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықтарды анықтау жан-жақтылығы (Қосымша Е) қарастырылған. Оның негізгі мазмұндық желісі экономиканың қозғаушы күштерінің бағыттарын екі жақты қарастыру. Олар: тұрақты дамудың обьективті және субьективті жақтары. Мысалы, экономиканы тұрақты түрде дамытып әлеуметтікті кеміте беру толыққанды тұрақтылықты анықтамайды.

    Экономиканы тұрақтандырудың негізгі төрт көзі болады. Олар: еңбек ресурстары мен  қаржы-қаражат ресурстарындағы капитал, негізгі қорлар ресурстарындағы капитал және де айналым қор капиталын дұрыс басқару. Осы капиталдардың ішіндегі ең өзектісі – еңбек ресурстарындағы адам капиталы. Сондықтан, қоғамның ең күрделі даму мәселесі – әлеуметтікті көтерудегі еңбек ресурстарындағы жұмыссыздықты жою арқылы экономиканы көтеру. Экономиканы тұрақтандырудың басты мәселесінің бірі – халықтың жұмыспен қамтылуы.

    Қоғамдық  тұрақтылықтың даму қозғаушы көздері: мемлекеттік басқару, әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, құқықтық қатынастарды реттеп, жетілдіру.

    Солардың  ең алғашқысы, мемлекеттік басқаруға тоқталсақ. Мемлекеттік басқарудың бар болуы мен дамуы, мазмұны мен нысаны, бағыттары мен жетілдіру мағынасы, оның барлық өзге қырлары мен іс әрекеттерінің мақсатты бағытталған ұйымдастырушы реттегіш белсенді әрекет етуші ұжымдардың өзара байланысы мен реттеуін қамтамассыз етуге деген қоғамның обьективті қажеттіліктерімен анықталады. Әлеуметтік саяси әдіс арқылы адамның еңбек ету, тұрмыс, демалыс жағдайымен оларға әлеуметтік қызмет көрсетумен билік қатынасы үрдісіне тартумен қоғамдық және саяси белсенділіктің дамуымен байланысты. Олар адамның әлеуметтік саяси мүдделеріне оларды қоғамдағы мәртебесіне еркін, өзін өзі көрсете білу мүмкіндіктеріне ықпал ету болып табылады.

    Сонымен, әлеуметтік тұрақсыздықты тудыратын  көрсеткіштерді талдау арқылы тұрақтылық жолдарын іздестіру. Олар:

    - бюджет қорының дамуындағы әлеуметтіктің  дамуына тиетін тиімділік өлшемін  зерттеп, оның кем-кемістіктерін  жөндеу жолдарын көрсету;

    - қаражат қорларын (инвесторлар, зейнетақы  қорлары, сақтандыру қорлары, құнды қағаздар қорлары т.б.) құру мүмкіндігін жақсарту арқылы тұрақтылықты ұйымдастыру. 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігін  дамыту тетіктерін қарастыру нәтижесінде  төменде келесідей қорытындылар жасауға болады.

    Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігін дамыту атты курстық жұмыстың барысы: мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік механизміне теориялық сипаттама, анықтама берілді. Мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және іске асырудың әлеуметтік механизмі деп мемлекеттік басқару субъектісі мемлекеттік билікке сүйеніп, басқару әрекеттестіктегі қоғамның мұқтаждарын, мүдделерін және мақсаттарын біле қоятын, өз басқару шешімдері мен әрекеттерінде бекітетін және өмірге практикалық өткізетін әлеуметтік элементтердің, процестердің және заңдылықтардың жиынтығы мен логикалық өзара байланысы болып табылады. Әлеуметтік саланың элементтерін баяндағанда, бұл сала зейнетақыны, жұмысбастылықты, демографияны, халық санын, жәрдемақылар және айлық жалақы мөлшерін бақылайды және реттейді. Сондықтан оның ішінде ең негізгісін жұмыссыздық, демографияны сипаттадым.

    Ал  екінші тарауды, яғни Қазақстан Республикасының әлеуметтік саланың көрсеткіштерін, соның ішінде халық санының біртіндеп өскенін және жұмыссыздықтың жыл сайын төмендеп келгенін, сонымен қатар жұмысбастылықтың жоғарылағанын, қызметкерлердің орташа айлық атаулы жалақысы өскен жағдайын статистикасын атап көрсетуге болады. Оның бәрі басқару және өзге салалардың тиімді, өзара байланыса жұмыс істеуінің арқасында.

Информация о работе Мемлекеттік басқарудағы әлеуметтік тиімділік