Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 19:57, курсовая работа
Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І.
1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары.............................................................4
1.2. Менеджменттің тарихы...............................................................................7
II.
2.1. Менеджмент эвалюциясы...........................................................................10
2.2. Басқару мектептері.....................................................................................11
2.3. Басқару мектептерінің өкілдері.................................................................17
ІІІ.
3.1. Менеджердің базалық сапасы......................................................................21
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар...............................................................23
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Басқарудың қазіргі теориялары немесе көлемдік қадам,
1950 жылдан қазіргі уақытқа дейін
Іс-әрекет мектебінің көлемдік өсуі 1960 жылы сапалы серпін пайда болғанға дейін жүргізіліп келді. Мейо мен оның ізін басушылардың көзқарастары Дуглас Макгрегордың еңбектерінде ары қарай дамыды.
Макгрегор орындаушының қызметін жұмыс орнында талдап, келесіні анықтады, басқарушы орындаушының қозғалыстарын анықтайтын келесі параметрлерді бақылай алады:
Математиканың, статистиканың, инженерлі ғылымның дамуы басқару теориясына елеулі салым жасайды. Көлемді әдістер операцияларды зерттеу атымен топтанды.
Операцияларды
зерттеу – бұл ұйымның
Көлемдік амалдың әдістемесі мыналарға негізделеді:
Фредерик Тейлордың ғылыми менеджменті, Вебердің бюрократиясы, Анри Файольдің функционалды амалы менеджменттің дамуы негізін қалаушы амалы – іскер әкімшілеуді анықтады.
Э.Мэйо,
М.Фоллеттің өндірістегі
20 жылдардың басында
Дюпон компаниясында Пьер
Менеджменттің
қазіргі төртінші даму кезеңі (1970 жылдан
қазіргі уақытқа дейін) - әлеуметтік
менеджмент кезеңі питер Ф.Драккер
атымен байланысты, әрбір кәсіпорын
пайда алудан тыс өзінің қоғам
алдындағы әлеуметтік жауапкершілік
мөлшерін анықтауы қажет. Менеджмент дамуның
қазіргі кезеңі қоғамның үйлесімді дамуы
үшін тиімді іскерлік әкімшілдеуді, адамдық
ресурстар менеджментін, бизнес менеджментін
біріктіреді. [8,16]
2.3.
Басқару мектептерінің
өкілдері
Анри Файоль
Американдық менеджмент тарихшыларының пікірше, Анри Файоль (1841-1925) Еуропаға ХХ ғ. Бірінші жартысында басқару ғылымын берген маңызды тұлға болып табылады. Лицей мен кенші мектебін бітіргеннен кейін ол кенші және ірі металлургиялық компания «Комменири Фурмамболь-Деказвильде» 1860 жылдан 1918 жылға дейін қызмет етті. Бастапқы кезде Файоль тек қана геология және кеніш істерінің мәселелерімен шұғылданды. Алайда, оның 1872 жылға кеншілер тобының басты басқарушысы болып тағайындалуы Файольдың экономика мен басқару мәселелеріне назар аударуына әсер етті.
1888
жылы ол банкротта тұрған
Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан кітаптың шығуының тоқтап қалуы француздардың сол кезде кеңінен таралған Тейлор теориясын қолдануларына себеп болды және басында өз отандастарының ойларын қабылдамады. Бірақ тез арада олардың Файоль еңбектеріне назар аударуларына сол кездегі, дүниежүзілік соғыс жылдарындағы «Комамболь» ұйымының алға шығуы себеп болды. Файольдің өзі оның теориясы мен Тейлордың теориясы арасында ешқандай қарама-қайшылық жоқ, олар өндірісті ұйымдастырудың әр түрлі деңгейде қарастырғандарын аз көрсеткен жоқ: Тейлор цехтық басқаруды талдаса, Файоль жоғарғы әкімшілдікті қарастырған.
Файоль 1918 жылы жұмыстан босап өзі құрған әкімшілдік зерттеулер орталығын басқарды (бұл орталық Тейлордың француздық ұйым зерттеушілерінің келісімімен бірлесу арқылы құрылған). Ол өзі ашқан басқару принциптері тек қана экономикада ғана емес, сонымен бірге флот армиясында, құрылтайлар мен басқарма қызметтерінде де қолданылатын дәлелді, яғни жан-жақтылық сипаты бар. Осы орталықпен орындалған ең бір ірі тапсырмаларының бірі пошта-телеграфтық ведомствалардың жұмысының ұйымдастырылуын зерттеу болды. Осы және мемлекеттік басқарулар, қоғамдық құрылтайлар және білім жүйелері мәселелерінің қайта құрылуына Файольдің көптеген жұмыстары арналды, ол алғашқы болып менеджмент пен басқаруды ұйымдастыру мәселесін қойды.
Атақ,
танымдық, байлық – оның барлығы
Файольде болды. Ол мадақтық легионның
офицер ордені мен басқа да мемлекеттік
мадақтаулар мен ғылыми атақтарға ие болды.
Алайда, ол өзіне-өзі өмірде ескерткіш
орнатуды армандады. Ол ұзақ өмір сүрді
және сол өмірде қуана білді: тез тіл табыса
алатын, қозғалыстағы адам болды, немерелері
мен алатын, қозғалыстағы адам болды, немерелері
мен олардың балаларын тәрбиелеуге қатысты,
өз теориясын шаршамай дәлелдеуді, тіпті
өзінің өмірінің ақырғы жылында да зерттеулерін
тоқтатқан жоқ – бұл жылы француздық табак
өнеркәсібінің жұмысын ұйымдастыруды
зерттеді. [8,21]
Гаррингтон Эмерсон
Гаррингтон Эмерсон өзіне интеллектуалдық талғампаздығын, кәсіпкердің құмарпаздығын, алаяқтың бір-беткейлігін жинаған. Ол 1853 жылы 2 тамызда американың Трентон қаласының Нью-Джерси штатында дүниеге келді. Оның әкесі ағылшын әдебиетінің маманы, университет профессоры болды. Гаррингтон Франция, Германия, Италия, Грецияда оқып тамаша білім алды және 23 жасында Небраск университетінің лингвистикалық бөлімін басқарды.
Тек алты жылдан кейін Эмерсон ғылыми мансабын тастап, барлық жан-тәнімен банктік операциялар мен жылжымайтын мүлік саудасына кірісті. Тынымсыз, әр түрлі іске толы өмір басталды. Алты жыл, 1885 жылдан 1891 жылға дейін Эмерсон теміржолдың экономикалық және инженерлік істерін орындады. Содан кейін АҚШ, Мексика,Канадаға көптеген зауыттар мен кеніштерді біріктіру арқылы британдық синдикат қызығушылықтарын ұсынды. Бірнеше уақыт ол шыны шығаратын компанияны басқарды.
Ғылыми жұмыстың дағдылары мен талдаушының таланты Эмерсонға өз тәжірибесінде жинаған бай білім қолдануға көмектесті. Ол біртіндеп өз қағидасын тапты – «тиімділік» немесе «өнімділік». Бұл терминдерге ол жинақталған шығыстар мен экономикалық нәтижелердің қатынасын көрсетті. 1990 жылы оның «Өнімділік басқару мен еңбекақының негізгі ретінде» кітабы шықты. Ал 1912 жылы оның өміріндегі басты еңбек «Өнімділіктің он екі принциптері» дүнеге келді.
1901
жылы Эмерсонның менеджмент
Эмерсон Тейлормен, оның оқулықтарымен тығыз байланыста болғанмен, олардың тобына жатқан жоқ. 1907 жылдан 1923 жылға дейін ол тиімділік бойынша эмерсондік инженерлер компаниясын басқарды (терминді олар өздері ойлап тапқан). Ол алғашқы болып ғылыми іріктеу принциптері мәселелеріне және қызметшілердің оқытуға назар аударды, тіпті 1913 жылы осы тақырыпқа кітап шығарды.
Эмерсонның
сануынша, «Тиянақты жұмыс істеу-іске
минималды күш жұмсау деген сөз».
Осы принципке бағына отырып, ол
қартайған шағына дейін кездесе
бермейтін жұмысқа
Фредерик Уинслоу Тейлор
Спорттық деректер көпке дейін есте сақталмайды, бұған Фредерик Уинслоу Тейлордың мысалы дәлел бола алады. Қазіргі уақытта АҚШ-та 1881 жылы теннис бойынша жарыстарда кімнің чемпион және менеджмент классигі бір адам екендігі келеді?
Тейлор юрист жанұясында американың Филодельфия қаласында 20 наурыз 1856 жылы дүниеге келген. Ол мінез-құлқына таң қалалықтай болып әкесінің жұмсақтығы мен ұяңдығы, шешісінің тапқырлығы мен қуаттылығы және олардың ортақ қасиеттірі – тәуелсіздік, принципке тұрақтылық, борышқа адалдықтарын сақтаған, біріктірген. Тейлордың ата-анасы ұлына жан-жақты білім беруге тырысты, сол үшін де Тейлорды Еуропаға оқуға жіберді. Ол әкесінің ізін басып юрист болуға үміттеніп, 1872 жылы Нью-Темплирдегі Филипп Экзетер Академиясына оқуға түседі. Бұл оқу мекемесінде Тейлор қатаң тәртіппен, күні бойы оқумен шұғылданып көзін нашарлатады. Юрист сабағынан бас тартуға мәжбүр болды.
1875
жылы Тейлор үлгілеу мен
Тейлор әйгілі құрастырушы болып, өмір бойы 100-ден астам патенттер алады. Ең атақты Уайтпен бірге ашқан жаңалығы – тез кесуші құрыш.
Тейлор Лидвейлде жұмыс істей жүріп «ғылыми менеджмент» жүйесіне кіретіндерді ендіре бастады: ұтымсыз еңбек шығындары және уақытты бос өткізулермен күресті, хронометраж енгізді. Оның пікірінше, «ғылыми басқару еңбекті үнемдейтін құрал ретінде» 1890 жылдан бастап Тейлор қағаз шығаратын компанияда басқарушы болып қызмет жасады, ал 1893 жылы бірден бірнеше кәсіпорындарда менеджмент бойынша инженер-конструктор болды. 1898 жыл мен 1901 жыл аралығында Тейлор өзінің жаңалықтарын енгізген Бетмхендік сталелитті компанияда ғана жұмыс істеді. 1895 жылы ол менеджмент бойынша өзінің алғашқы мақаларын шығарды.
45 жасынан Тейлор ақша үшін қызмет жасауын тоқтатуды (бір жағынан денсаулық жағдайымен) шешті. Ол жары және үш баласымен Филодельфияға қоныс тепті, раушан гүлдерін өсірумен, гольфпен белсенді шұғылданды. Ол университеттер мен техникалық қоғамдарда дәрістер оқу арқылы өзінің «ғылыми менеджмент» жүйесін қарқынды жалғастырды. 1903 жылы оның «Цехтық менеджмент» кітабы шықты, 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің принциптері мен әдістері» кітабы шықты. 1906 жылы Тейлор инженер механиктердің американдық қоғамына президент болып сайланды.
Тейлорға
атақ, әйгілік 1912 жылы оның цехтық менеджмент
жүйесін игеру бойынша
Тейлор 21 наурызда 1915 жылы ауыр және тез өрбіген өкпе қабынуынан (пневмония) қайтыс болды. Оның мола тасында жазылған сөз: «Ғылыми менеджмент әкесі». [8,24]
Генри Форд
Егер кімде-кім ХХ ғасырда символ болып саналған он есімнің тізімін құрағысы келсе, сөз жоқ оның ішіне Генри Форд есімі кіреді.
Форд Американың автомобиль патшасы ғана емес, ең алдымен ол массалық тұтыну мен әлеуметтік кепілдемелердің қоғамын ұйымдастыру символы, яғни қазіргі капитализмнің бет пердесін құрайды. Ол туралы көп еңбектер жазылған. Бірақ біздің көзқарасымыз бойынша қызығушылық тудыратын – Форд автобиографиясы.
Өнеркәсіптік империясының болашақтағы негізін қалаушы Ирландия эмигранты, мичигандық фермер жанұясында 30 шілде 1863 жылы дүниеге келген. Генри Форд 15 жасында мектеп тастап Детройт механигінің оқушысы болды. Механика мен өнертапқыштыққа икемділігі өте ерте айқындалды. Бос уақыттарында Форд өмір бойы айналысқан сағаттық іспен шұғылданды.