Менеджердің базалық сапасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 19:57, курсовая работа

Описание

Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл - басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқада салаларды жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түсінігінше – менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім
І.
1.1 Менеджмент, менеджер ұғымдары.............................................................4
1.2. Менеджменттің тарихы...............................................................................7
II.
2.1. Менеджмент эвалюциясы...........................................................................10
2.2. Басқару мектептері.....................................................................................11
2.3. Басқару мектептерінің өкілдері.................................................................17
ІІІ.
3.1. Менеджердің базалық сапасы......................................................................21
3.2. Менеджерге қойылатын талаптар...............................................................23
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа состоит из  1 файл

Жүзжылдық менеджерлер.doc

— 226.00 Кб (Скачать документ)
  1. өзін-өзі басқара алмау (егер басшы жан-жалдар және стресстермен күресуді білмесе, өзінің уақытын, күш-қуатын және дағдыларын тиімді пайдалануды білмесе);
  2. менеджер жеке басының қасиеттерін көрсете алмауы (күн сайын ол көптеген шешісдер қабылдау процесінде жеке басының құндылықтарына және принциптеріне негізделеді, егер оның жеке қасиеттері өзіне және қасындағы адамдарға белгісіз болса, оның әрекеттерін дұрыс түсінбеулері мүмкін, түбінде шешім қабылдау мен оны жүзеге асырудың тиімділігі төмендейді);
  3. егер менеджер өзінің мақсатын анықтай алмаса, басқару қызметінде ол табысқа жете алмайды;
  4. менеджердің жеке басының өсіп-өркендеуінің тегеуіштігі (тұрақты түрде білім алу және осы білімін тәжірибеге енгізу – маңызды мәселе);
  5. проблемаларды шеше алмауы (бұл кемшілік менеджердің дұрыс шешім қабылдай алмауына ықпал етеді; шешілмеген проблемалардың жинала беруі басшының өз қызметін атқара алмағандығын көрсетеді);
  6. жұмысты творчестволықтың болмауы (творчестволы адам белгісіздік жағдайында жұмыс жалғастыра беруге қабілеті бар, өз қызметінде ситуациялық тәсілді қолданатын менеджер өзінің әрекеттерін қалыптасқан жағдайға байланысты түзете алады);
  7. адамдарға әсер ете алмау (көптеген адамдарға әмірлік, өзін-өзі ұстау, қимылдар, адамның сыртқы әлпеті және т.б. әсер етеді);
  8. басқару қызметініңспецификасын түсінбеу (менеджер басқару саласында табысқа жету үшін жеке еңбегін ғана емес, басқа адамдардың еңбегін дұрыс пайдалануы тиіс);
  9. ұйымдастырулық қабілетінің нашарлығы (ұжым мүшелерінің энергиясын қуаттауды және еңбек процесін оптималды ұйымдастыруды білуі қажет);
  10. үйретуді білмеу (жақсы басшы оқытушы ретінде бола алады, сондықтан квалификациясының деңгейін көтеру – басқару тиімділігінің негізгі элементі);
  11. адамдардың басын қосып ұжым ұйымдастыра алмау (ұжымды қалыптастыру – күрделі процесс, бұл жағдайда ұжым мүшелерінің мақсаттарын ұйымның мақсаттарымен үйлестіру қажет).

   Осы айтылған кемшіліктерді ескере отырып, қазіргі таңдағы стратегиялық басқаруды жүзеге асыратын менеджерлер мынадай қабілеттерге назар аударуы тиіс:

  • ситуацияны модельдеуді білу қабілеттілігі;
  • өзгерістердің қажеттігін анықтау қабілеттілігі;
  • өзгерістерді жүзеге асыру барысында сенімді әдістерді қолдану қабілеттілігі;
  • стратегияны жүзеге асыру қабілеттілігі;

 менеджерге  қойылатын талаптардың маңыздылары: ұйымдастыру қабілеті, психологиялық  жетіктілігі және саяси мәдениеті.

      Ұйымдастыру қабілеті деп адамның жеке психологиялық  ерекшеліктерін айтады, олар адамға ұйымдастыру қызметінің әдістерін меңгеріп, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ұйымдастыру қабілетіне жататындар:

      Адаптациялық  қабілет, яғни қызметтің творчестволық  нысандарына талпыну, білімін тереңдету, бастамашылық, консерватизмға жол бермеу, дәлелді тәуекелге дайын болу, жаңа енгізулерге талпыну, өзін-өзі ұстай білу, іскерлік және т.б.

      Контактылық, яғни тіл табыса білу, адамдарды  өзіне қарата білу, тыңдай білу, адамдарды  түсіну және түсіндіре білу, сондай-ақ жан-жалдық жағдайға әңгімелесушінің  көзімен қарай білу (өзін соның орнына қойып, мәселені шешуге тырысу);

      Стресстермен күресе білу, яғни күрделі жағдайларда интелектуалдық және эмоционалдық қорғаушылық, шешімдерді қабылдауға пікір парасаттылығы;

      Доминанттық, яғни әмірлік, атақ құмарлық, жеке тәуелсіздікке талпыну, лидерлік, өзін-өзі сыйлау, жігерлік;

      Қазіргі экономиаклық жағдайда басшылар тек  іскерлік шаруа жүргізушілер емес, сонымен қатар, саяси қайраткерлер болуы тиіс, бұл үшін олар адамның  мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған  саяси мәдениетке ие болулары қажет. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, басшылардың үштен екісі өздерін саяси лидерлер деп есептейді. Қоғамдағы әлеуметтік жауаптылық басшылардың 28% ғана толғандырады, ал олардың 18% мемлекеттің әлеуметтік саясатын шындап білгісі келеді. Сонымен, басшылардың саяси мәдениетінің деңгейі белгілі болып, бұның белгілі масштабтағы проблема екені анықталады.

      1988 жылы өткізілген зерттеудің барысында  европалық компаниялардың 1500 менеджер  басшының лидерлік қасиеттерінің  маңызды көрсеткіштері мыналар  деп атады: 96% - тиімді топты қалыптастыру қабілеті, 93% - әріптері мен бағынушылардың пікірін тыңдай білу, 87% - шешімдерді қабылдау қабілеті, 86% басқаларды жұмысты жүзеге асыруға тарту.

      Басқаруды жүзеге асыру саласында лидердің статусын, әсер етушілікті және билікті тиімді пайдалану қажет. ХҮІІ-ші ғасырда Николай Макиавелли өзінің «Принц» атты еңбегінде билік және оны пайдалануды мемлекетті басқарудың құралдары деп көрсеткен.    [1,81] 
 
 

Қорытынды 

        Осы курстық жұмыстың тақырыбы мен мазмұнын аша отырып, мен менеджмент пен менеджер ұғымын, сапасын және қоғамдағы мәнін түсіндім. Осы тақырыпты қарастыру жолында менеджмент тарихын және ондағы басқару мектептерін білдім. Сол арқылы менеджердің пайда болуын және оның қоғамдағы ролін түсіндім. Менеджердің қызметі табысты болу үшін оның қандай талаптары, міндеттері және мақсаты болу керектігін білдім.

       Осы қоғамда, нарықта кәсіпорындар  мен фирмаладың алға басу мақсатында  менеджердің қызметі өте зор  мәнге ие болғандықтан, оларды  дайындау ең бірінші қадам.  Осы дайындау барысында ең бірінші жолдар оларға ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілетін арттыру, қандай жағдай болмасын олардың қиындықтарды жеңе білуді үйрету. Менеджердің профессионализмі оның арнаулы білімдері және өндірісті коммерцияны әрі басқаруды ұйымдастыру саласында дағдыларының болуында, ол түрлі салаларда адамдармен жұмыс істеуді білуі қажет. Егер бұрын ұйымды басқару үшін технология мен басқару техникасын біліп, адамдармен жұмыс істей білуді талап ететін болса, қазіргі таңда қоғамдық өндірістің дамуына байланысты менеджерлерге қойылатын талаптар кеңейтіледі. 

     Шешетін міндеттің артықшылығы көбінесе басқару еңбегінің творчестволық ой-мінезін алдын ала анықтау болып табылады. Менеджер адам, финанс және басқа да ресурстарын көп өнімділікке жеткізеді. Менеджерлік әрекеттің қорытындысы алға қойылған мақсатқа жетумен бағаланады. Қандай да салада жұмыс істемесін әрбір менеджердің жұмысында бес базалық операция болады. Олар бірінші мақсатты белгілейді, екінші жұмысты ұйымдастырады, үшінші мотивация мен коммуникацияны қолдайды, төртінші менеджер қызметіндігі өлшеу яғни барлық көрсеткіштердің дұрыс болуын қадағалайды, бесінші еңбек өмірінің сапасы және өзімен бірге адамдардың өсуіне жағдай жасайды. Олардың нәтижелілігін, тіршілікке қабілеттілігін және ұйымдастырушылығын қолдауда интеграциялық ресурстар басты рөл атқарады.

     Әрбір менеджерге өзінің басқару міндетіне  жатпайтын көптеген істерді атқаруына  тура келеді. Алайда, барлық менеджерлер  үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

      Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ой ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп, бөледі, қажетті ұйымдық құрамын іріктейді т.б.

      Үшіншіден, менеджер көтермелеу  шараларын  қамтамасыз етіп, адамдамен тығыз  байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне  жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін бар барлық мүмкіндікті  – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

      Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында  жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды.

      Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан  кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі де, қызмет жағынан жоғарылап, не төмендеуі  де ұжым бірлігінің нығаюы, не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

      Әрбір менеджер жоғарыда аталған қызметтерді  міндетті түрде атқаруы тиіс. Мұндағы  бір ескеретін жәйт, осы аталған  функциялардың әрқайсысы жеке элементтерден  құралған жиынтық форма болып  саналады.

      Менеджер  жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қытысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол өз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пікірінше айқындай алуы тиіс.

      Сонымен қазіргі таңдағы менеджерлердің үлесі орасын зор болып табылады. Олар қоғамда кәсіпорындармен фирмалардың дамуындағы үлкен рөл атқаратын басқарушылық қызмет атқаратын кәсіпкер маман. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. «Менеджмент негіздері». Оқу құралы – Жаркенова С.Б.

2. «Маркетинг және Менеджмент негіздері» – С.Сатыбалдыұлы, Б.Байтанаева

3. «Кәсіпорын экономикасы». Оқу құралы – А.Қ.Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов

4. «Менеджмент». Оқу құралы – А.Б.Рахымбаев, Б.О.Сабатаева

5. «Субъектілердің қаржы шаруашылық қызметін жүргізудегі бухгалтерлік есеп шоттарының бас жоспары» 18-қараша 1996 ж. №10, 6-қаңтар 1997 ж. №8 Ұлттық комиссия бекітілген.

6. «Кәсіпорын шығындарының есебі» – Афанасьева Л.Я. 2000 ж.

7. «Басқару есебі» – В.Л.Назарова, М.С.Жапарханова, Д.А.Фусов, С.Д.Фусова Алматы 2005ж.

8. «Менеджмент негіздері» – Ахметов К.Е.       Алматы, 1993.

9. ҚР  Президентінің 1995 ж. №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы жарлығы»

10. «Кәсіпорындағы  шығындар» Красов А.П. М-1998

11. «Бухгалтерлік  есеп теориясы» - Укашев Б.Е. Алматы 1991ж.

12. «Бухгалтерлік  есеп принциптері» Винес А.Р.  М-1998

13. «Менеджмент». Оқу құралы – Байтанаева Б.А. Алматы 2001ж.

14. «Қаржы-есеп»  Тасмағанбетов Т.А. Алматы 1998ж. 

15. «Кәсіпорынның  қаржылық есептілігін талдау»  Санк-Петербург 1999ж. 

  
 
 
 
 
 
 
 

     

  
 

Информация о работе Менеджердің базалық сапасы