Менеджмент жүйесіндамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2010 в 00:40, курсовая работа

Описание

Индустриалды дамыған елдерде бұрыннан қарқынды бәсеке және өндірістің технологиялық күрделенуі қазіргі заманғы менеджмент жүйелеріін енгізуді және қолдауды жасады.

Тұжырымдаманы әзірлеудің бастапқы алғы шарт мыналар болып табылады:

1) қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі;

2) Қазақстан экономикасын әлемдік экономикаға біріктіру үшін жағдай жасау;

3) мемлекеттік органдар, өндірушілер, қоғамдық ұйымдар және ұтқыр нарық жағдайындағы тұтынушылар мүдделерінің балансын қамтамасыз ету.

Содержание

Кіріспе 3
1. Миссия 3
2. Стратегиялық міндеттер 3
3. Менеджмент Жүйелерін енгізудің әлемдік тәжірибесі 4
3.1 ИСО 9000 сериялы стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйелері 5
3.2 Экологиялық менеджмент жүйелері 5
3.3 Өзге менеджмент жүйелері 6
4. Қазақстан Республикасындағы сапа менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстардың жағдайын бағалау 8
4.1 Ағымдағы жағдайды талдау 8
4.2 SWOT – ТАЛДАУ 12
5. Іс-әрекет стратегиясы 13
5.1 Қазақстан Республикасында сапа менеджменті жүйелерін дамыту 13
5.2 Жекелеген менеджмент жүйелерін енгізу 13
5.3 Біріккен менеджмент жүйелері 14
5.3.1 Біріккен менеджмент жүйелері 14
5.3.2 Біріккен менеджмент жүйелерінің мәні 16
5.3.3 Біріккен менеджмент жүйелерін енгізу 16
5.3.4 Кәсіпорынның (ұйымның) біріккен менеджмент жүйесі тұжырымдамасының негізгі ережелері 17
6. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары 19
Қорытынды 20

Работа состоит из  1 файл

МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ .doc

— 180.50 Кб (Скачать документ)
 
 

Қазақстан Республикасы Индустрия  және сауда министрлігінің

Техникалық  реттеу және метрология комитеті 

«Қазақстан  стандарттау және сертификаттау институты» РМК 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 

2015 жылға дейін

МЕНЕДЖМЕНТ  ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Астана

2008 
 

Мазмұны  

  Кіріспе        3
1. Миссия    3
2. Стратегиялық  міндеттер 3
3. Менеджмент  Жүйелерін енгізудің әлемдік  тәжірибесі      4
3.1 ИСО 9000 сериялы  стандарттарға сәйкес сапа менеджменті  жүйелері  5
3.2 Экологиялық менеджмент жүйелері      5
3.3 Өзге менеджмент жүйелері      6
4. Қазақстан Республикасындағы  сапа менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі  жұмыстардың жағдайын бағалау        8
4.1 Ағымдағы жағдайды талдау       8
4.2 SWOT – ТАЛДАУ 12
5. Іс-әрекет стратегиясы  13
5.1 Қазақстан Республикасында  сапа менеджменті жүйелерін дамыту      13
5.2 Жекелеген менеджмент жүйелерін енгізу      13
5.3 Біріккен менеджмент жүйелері 14
5.3.1 Біріккен менеджмент жүйелері   14
5.3.2 Біріккен менеджмент жүйелерінің мәні 16
5.3.3 Біріккен менеджмент жүйелерін енгізу 16
5.3.4 Кәсіпорынның (ұйымның) біріккен менеджмент жүйесі тұжырымдамасының негізгі ережелері 17
6. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары 19
  Қорытынды    20
 
 
 

     Кіріспе 

     Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркәсіптен қайта өңдеуші кәсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру.

     Осыған  байланысты жоғарыда аталған міндеттерді шешуге жаңа тәсілді пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін, отандық өнімнің қауіпсіздігін, қазақстандық өнімнің шетел рыногына шығаруды кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешу өнім сапасын жоғары деңгейге жеткізуге, қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін енгізуге шоғырландырды.

     Индустриалды  дамыған елдерде бұрыннан қарқынды бәсеке және өндірістің технологиялық күрделенуі қазіргі заманғы менеджмент жүйелеріін енгізуді және қолдауды жасады.

     Тұжырымдаманы әзірлеудің бастапқы алғы шарт мыналар болып табылады:

     1) қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігі;

     2) Қазақстан экономикасын әлемдік экономикаға біріктіру үшін жағдай жасау;

     3) мемлекеттік органдар, өндірушілер, қоғамдық ұйымдар және ұтқыр нарық жағдайындағы тұтынушылар мүдделерінің балансын қамтамасыз ету.  

     
  1. Миссия
 

     Билік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық, сондай-ақ отандық өнімнің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі және қызмет көрсету саласындағы міндеттерді шешуге көмектесу, халықаралық стандарттардың тиісті талаптарына Менеджмент Жүйелерін құру және қолдану жөніндегі қызметті қарқындату, 2015 жылға дейін кезеңде осы қызметті үнемі жетілдіру үшін азаматтардың күшін біріктіру. 

     
  1. Стратегиялық  міндеттер
 

     1) Қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін, оның ішінде біріккен жүйелерін енгізудің әлемдік тәжірибесін пайдаланатын Қазақстан Республикасы кәсіпорындар мен ұйымдарының санын арттыру.

     2) Кәсіпорындарға қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізуге көмек көрсету;

     3) Менеджмент жүйелері бойынша  сарапшы – аудиторларды даярлау  және аттестаттау жүйесін жетілдіру.

     4) Отандық өнімнің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі саласындағы жетістіктерді мадақтау механизмдерін дамыту және жетілдіру.  

     3. Менеджмент жүйесін енгізудің әлемдік тәжірибесі 

     Қазіргі заманғы менеджмент проблемасын  түсінуге менеджмент жүйесінің жаңа буындағы стандарттары үлкен рөлі атқарады.

           Бүгінгі таңда кез келген қызмет түрлері мен меншік нысанындағы ұйымдарда қазіргі заманғы менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізуге қатысты халықаралық стандарттардың тұтас бір жиынтығы бар – ХС ISO 9001:2000 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар», ХС ISO 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйелері. Талаптар мен қолдану жөніндегі нұсқау», OHSAS 18001:2007 «Кәсіби қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйелері»,  ХС ISO 22000:2005 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. Өнім саласындағы кез келген ұйымдарға қойылатын талаптар», ХС SA 8000:2001 «Әлеуметтік жауапкершілік», ХС ISO 17025: 1999 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттігіне қойылатын жалпы талаптар», ХС ISO/TS 16949:2002 «Сапа менеджменті жүйесі. Тиісті қосалқы бөлшектерді өндіретін автомобиль кәсіпорындарда және ұйымдарда ISO 9001:2000 қолдану жөніндегі ерекше талаптар», ХС ISO/TS 29001:2003 «Сапа менеджменті жүйесі. Мұнай, мұнайхимия және газ өнеркәсібі салалары».

           Сапа менеджмент жүйесін сертификаттау туралы ISO орталық хатшылығының есебі СМЖ сертификациясы ХС ISO 9001 сәйкестігіне бұрынғыдай барлық әлемге талап етілетінін көрсетті және сертификатталған компаниялар саны ұдайы артып келеді.  

           3.1 ISO 9000 сериялы стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйелері

           ISO 9000 сериялы стандарттар талаптарына сәйкес келетін сапа менеджменті жүйесі әлемде барынша белгілі және танымал. Осы стандарттың алғашқы нұсқасы 1987 жылы қабылданған болатын, осы уақыттан бері ISO 9000 сериялы стандарттар сапа менеджменті жүйесіндегі әлемдегі ең енгізілетін стандарт.

           Сапа менеджментінің идеологиясы компания өнімін (қызмет көрсетудің) өндірудің барлық процестерін үнемі және жүйелі түрде басқару болып табылады, оның негізгі мақсаты компанияның барлық  қызметкерлерінің және компанияның сапа менеджментіндегі басшылығында жетекші роль атқаратындардың қатысуымен тұтынушылардың қолданыстағы және күтілетін қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

           ХС ISO 9001 бойынша  берілген сертификаттардың саны туралы салыстырмалы деректер 1-кестеде берілген. 
 
 

      1-кесте 

Әлемдік нәтижелер 2002

желтоқсан

2003

желтоқсан

2004

желтоқсан

2005

желтоқсан

2006

желтоқсан

Әлемдік қорытынды 167124 497919 660132 773867 997866
Әлемдік өсу 122736 330795 162213 113735 123999
Елдер саны / экономикалық жүйелер 133 149 154 161 170
 

     Алыс  шет елдерде сапа менеджмент жүйесін шағын кәсіпорындарда кенінен енгізеді. Мысалы, Австралияда ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес 17 мың сертификат тіркелді, олардың көбі шағын кәсіпорындар: өндіріс, қызмет көрсету саласы, мемлекеттік және муниципальдық басқару органдары. Қытайда ISO 9001 стандарты талаптарына сәйкес сертификаттар тіпті мектепке дейінгі мекемелерде де бар. 

     3.2 Экологиялық менеджмент жүйелері

     Экологиялық менеджментінің идеясы қоғамның әлеуметтік - экономикалық қажеттіліктерімен баланс сақталған кезде қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның ластануын болдырмау бойынша шараларды қолдау. Экологиялық менеджмент жүйелері мүдделі тараптардың кең ауқымда қоршаған ортаны қорғауға қатысты қажеттіліктеріне айналды.

     2006 жылдың желтоқсанының аяғына  дейін әлемде ISO 14001:2004 бойынша 140 елде және экономикалық жүйелерде 129199 кем емес сертификаттары берілген болатын.

     2006 жылдың қорытындысы жалпы саны 138 елде және экономикалық жүйелерде  111 162 болған 2005 жылмен салыстырғанда 18037 (+16 %) артқанын көрсетіп отыр. 

     2-кесте  - ISO 14001:2004 Басты нәтижелер

Әлемдік

нәтижелер

2005 желтоқсан 2006 желтоқсан
  14001:2004 бойынша олардың қорытындысы
Әлемдік қорытынды 111162 56593 129199
Әлемдік өсу 21225   18037
Елдер саны / экономикалық жүйелер      
 

      3.3 Өзге менеджмент  жүйелері

      Еңбекті қорғау және кәсіби сырқаттарды ескерту  менеджменті саласында OHSAS 18001:2007 –  «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті  қорғау саласындағы менеджмент жүйесі», MOT-CУОТ 2001 ILO-OSH 2001 және ГОСТ 12.0.230-2007 ЕҚСЖ Еңбекті қорғауды басқару жүйелері. Жалпы талаптар ILO-OSH 2001 еңбекті қорғауды басқару жүйелері жөніндегі нұсқау». Аталған жүйеде басқару нысаны жұмыс орындарында, өндірістік бөлімшелер мен ұйымдарды жалпы алғанда, қауіпсіз және пайдалы еңбек шарттарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер мен кәсіпорын бөлімшелерінің қызметі болып табылады.

      Әлеуметтік  жауапкершілік саласындағы басқару  жүйелерінің негізгі ережелері SA 8000-2001 – «Әлеуметтік жауапкершілік» стандартында белгіленген.

      Қазіргі заманғы менеджменттің әлеуметтік аспектісі ұлттық азшылыққа және әйелдер құқығына шек қою, балалар  еңбегін пайдалану, жергілікті ұлттық қоғамдық саясатты қалыптастыруға тарту, кәсіподақтармен қатынасты мәселелер, сондай-ақ жалақы мәселесі және еңбек, жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы шарттары сияқты факторларды анықтайды.

      Тамақ кәсіпорны үшін әлемдік практикада қауіпті және өте қиын бақылау  нүктелерін талдау жүйесінде (НАССР), ISO 22000-2005 халықаралық стандартында белгіленген негізгі ережелер қолданылады.

      НАССР жүйесін енгізу тамақ өнімінің қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды  басқаруға, жүйелік бірегейлеуге, бағалауға  негізделген және тамақ өнімдерін  өндіру және тұтыну тізбегіндегі ұйымдардың барлығына қойылатын талаптарды белгілейді. Оған мал азығы және шикізат өндірушілер, тамақ өнімдерін дайындаушылар, тағамдық өнімдерді тасымалдаушылар мен сақтаушылар, бөлшек сауда дүкендері мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына дейінгі қосалқы мердігерлерден бастап, осылар сияқты өзара байланысты жабдықтарды, буып-түю материалдарын, жуғыш заттарды, тағамдық қоспалар мен ингредиенттерді өндіретін ұйымдармен бірге кәсіпорындар жатады.

Информация о работе Менеджмент жүйесіндамыту